Тұрлаш Қ.М магистрант, «Қаржы» мамандығы

«Қаржы академиясы» АҚ, Астана қ., ҚР

 

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІНЕ ШОЛУ

 

Түйінді сөздер: мемлекеттік аудит, қаржылық аудит, сәйкестік аудиті, тиімділік аудиті, бюджет, бюджеттік үдеріс.

Keywords: government audit, financial audit, compliance audit, efficiency audit, budget, budget process.

Аңдатпа 

Дамыған елдердің мемлекеттік аудит жүйесін талдау негізінде автор мемлекеттік аудиттің жүзеге асыру мақсаттары мен әдістерін анықтаумен бірге оның негізгі түрлерін бөліп көрсетеді. Тиімділік аудитін мемлекеттік салада жүргізудің ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады.

Annotation

On the basis of analysis of the system of government audit in developed countries, the author identifies the main types of government audit with definition of objectives and methods of their conduct. Special attention is paid to the peculiarities of audit of effectiveness in the public sphere.

 

ИНТОСАИ-дың (Жоғары қаржы бақылау органдарының халықаралық ұйымы) жетекші ұстанымдарына және ВОФК-тың (Жоғары қаржы бақылауының органдары) тәуелсіз жағдайымен байланысты ең озық тәжірибелерге сәйкес, ВОФК үкімет немесе мемлекеттік мекемелердің әрекеттерінің үнемділігін, тиімділігін және нәтижелілігін тексеруді жүргізуге уәкілетті болуы тиіс. Осылайша, ИНТОСАИ мемлекеттік аудиттің құрамында «сәйкестік аудиті» және «тиімділік аудиті» болуын ескереді. 

Тиімділік аудиті – бұл көпшілік билігінің материалдық және қаржы ресурстарын пайдалану қызметін сырттай, тәуелсіз көпшілік бақылауының жүйесі. Тиімділік аудитінің бақылаудың жаңа түрі ретінде пайда болуы ИНТОСАИ Конгресінің 1977 жылы қабылдаған «Бақылаудың жетекші ұстанымдарының Лима декларациясында» алғаш рет тіркелген.  

Екі терминологиялық түсіндірме бар:

- «ақша құнын тексеру немесе ақшаны пайдаланудан түсетін пайданың аудиті» (value for money audit (VFM)) термині жиі қолданылады, оны сонымен қатар, 3Е аудиті (economy, efficiency, effectiveness), яғни үнемділік, экономикалық тиімділік және нәтижелілік аудиті деп атайды. [1]

- «тиімділік аудитінің» терминологиялық түсіндірмесін мемлекеттік органдардың қаржылық ресурстарды  пайдалануын тексеруге қатысты пайдаланады және кейде қаржылық ресурстарды шығындаумен байланысты VFM мәселелер шегінен тыс жататын, мысалы, сапа және техникалық мәселелер деп түсіндіріледі.    

Көптеген аудиторлардың пікірінше, бұл терминдер өзара ауыстырылатын терминдер.

Тиімділік аудиті аудиторлық тексерістің нақты жағдайларына қарай келесідей  тәсілдерді (1-кесте) біріктіре алады.

1-кесте

Тиімділік аудитінің негізгі бағыттары [3, 180 б.]

Тиімділік аудитінің бағыты

Аудит фокусы

Тиімділік

Кіру, шығу, нәтижелері мен ықпалы

 

Жүйелерді басқару аудиті

Нәтижелілікті алға жылжыту, мониторинг жасау және бағалау үшін менеджерлердің жүзеге асыратын саясаты мен рәсімдерінің баламалылығы

 

Талап етілетін жұмыс сапасын қамтамасыз ету барысында қандай да бір мақсатқа арналған шығындарды барынша азайту үнемділік деп түсіндіріледі. Өнімділік «кіру-шығу» тәсімі бойынша - ұйым қызметінің нәтижелері мен оларды өндіруге пайдаланылған ресурстардың қатынасы ретінде қарастырылады. [4, 16 б.]

Нәтижелілік ұйымның қызметінің жоспарланған және нақты нәтижелерінің арасындағы қатынасы ретінде оның қойылған мақсаттарын жүзеге асыру деңгейімен сипатталады.  

Осылайша, жоғарыда айтылғандардың негізінде, тиімділік аудиті - бұл бюджеттік құрылымдардың функцияларын жүзеге асыруға және қойылған міндеттерді шешуге арналған бюджеттік қаражатты пайдаланудың үнемділігі, тиімділігі және нәтижелілігінің анықтамасына тәуелді қаржы бақылауы деп болжауға болады.

Тиімділік аудитінің әкелетін артықшылықтары жөнінде хабардарлықтың ұлғаюына қарай, қазіргі уақытта шетелде мемлекеттік және жеке секторларда тиімділік аудитін жүргізуге деген сұраныс өсуде. Қазіргі уақытта әлемнің көпшілік елдерінің жоғары қаржы бақылау органдары өздерінің қызметінде тиімділік аудитінінің әр түрлі түрлерін белсенді түрде пайдалануда.   

Дәстүрлі қаржылық аудитті және, сондай-ақ, ішкі бақылау жүйелерінің аудитін қамтитын сәйкестік немесе жөнділік аудиті анықтамасына жүгінейік.

АҚШ-та, мысалы, сәйкестік аудиті қызметтің заңдарға, реттеуші ережелерге сәйкестік аудиті ретінде түсіндіріледі. АҚШ-тағы сәйкестік аудит объектілері, әдетте, мемлекеттік қаражатты шығындайтын аймақтық үкіметтер және муниципалдық билік органдары, сондай-ақ ұйымдар мен мекемелер болып келеді. Бұл жағдайда сәйкестік аудиттің мақсаты қаржылық есептілікке материалдық тұрғыдан (соның ішінде, елеулі) әсер етуі мүмкін мемлекеттік қаражатты қалыптастырудағы және пайдаланудағы заңбұзушылықтарды анықтау болып табылады.   

Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасы «Біз мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін ең үздік әлемдік тәжірибе негізінде құруымыз қажет» деп айтылған Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2050 Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауына сәйкес әзірленді.    

Тұжырымдаманың негізгі ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасын есепке ала отырып әзірленді, негізінен Францияның мемлекеттік аудит жүйесі пайдаланылды.

Францияның шоттар Сотының шексіз қадағалау өкілеттігі (француз. Courdescomptes) Франциядағы сыртқы аудит ерекшеліктері болып табылады. Шоттар соты 1807 жылы құрылған және Франция Конституциясында бекітілгендей тәуелсіз орган болып табылады.

Францияның Шоттар сотының ұйымдық құрылымы өз бетінше анықталады, сондай-ақ мамандардың саны шектелмеген, органның қаржылық тәуелсіздігі заңды түрде қамтамасыз етілген. 

Жыл сайын Францияның Шоттар соты Үкіметтің бюджеттің атқарылу бойынша есебіне қорытынды жасайды, Парламентке ұсынбас бұрын, сәйкестік аудиті мен тиімділік аудитін жүргізеді.

Сонымен қатар, қорытынды дайындау мақсатында Шоттар соты тұрақты негізде аймақтық шоттар сотымен және ішкі мемлекеттік аудит органдарымен ынтымақтасады, бұл үдеріс қосымша 2011 жылы заңды түрде бекітілді. 

Францияның Ішкі мемлекеттік бақылау (аудит) жүйесі мыналарды қамтиды:

1) Қаржы, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер, күш блогын басқару бойынша үш бас инспекциясы;

2) Қаржы, экономика және өнеркәсіп министрлігінің құрылымындағы бюджет жөніндегі департамент жанында аудит бойынша ұлттық міндет (орган); 

3) Әр министрліктегі және (бюджеттік ұйымның) агенттігіндегі ішкі аудит қызметі;

4) Аудит және бақылау бойынша міндет (бұдан әрі – МАСИ, француз. La mission de l’audit et du contrôle interne budgétaires). [2]

Бюджеттік бақылау жүйесінде Францияда бюджеттің ашықтығын жетілдіру бойынша шаралар жүргізілді, бюджеттік бақылау органдарының жүйесі қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жақсартылды, бюджеттік үдерістегі парламенттың рөлі мен функциялары айтарлықтай өсті.  

Мемлекеттік қаржы туралы заңның маңызды жаңалығы бюджетті ұсыну құрылымына қатысты түзетулер енгізу болды. Мемлекеттік шығыстардың баптарында шығыс қисынынан нәтиже қисынына көшу бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттері бойынша топтастыру жасалған. Осылайша, бюджетті атқарудың негізгі мәні қаражатты жұмсауда емес, қойылған мақсатқа жетуде болады.  

Канадалық тәжірибені қарастырған кезде, Канаданың Бас аудиторының басқармасы қаржылық, айрықша және басқарушылық деген аудиттің 3 түрін жүргізетіні, сонымен қатар, мемлекеттік басқару субъектілерінде жыл сайын 30-ға жуық тексерістер жүргізілетіндігі қызығушылық тудырды. Ішкі бақылауды тексеру 18 айға дейін созылуы мүмкін. Аудиттің субъектісіне қарай, Канадада мемлекеттік аудиттің сыртқы және ішкі деген екі түрі жүзеге асырылады.

Әрбір департаменттегі ішкі мемлекеттік аудитті ішкі аудит қызметі жүргізеді, сонымен бірге, ішкі аудит қызметінің негізгі міндеті мыналар болып табылады:

- бюджет қаражатын, қызметкерлерді, ақпараттық технологияларды және т.б. басқаруды  қоса алғанда, мемлекеттік органның ішкі басқарудың сапасын сараптамалық бағалау;.

- бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында мемлекеттік органның қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар жасау.

Мемлекеттік аудиттің канадалық моделінің ерекшелігі Бас аудитордың есептерінің атқарушы билік қызметінің, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырылуының тиімділігі жөнінде Парламенттың ақырғы шешім қабылдауына эмпирикалық негіз болуында. Бас аудитордың есептері арнайы осы мақсат үшін құрылған Қоғамдық шоттар комитетіне (the Public Accounts Committee; le Comite des comptespublics) келеді.     

Канаданың Бас аудитор басқармасының түсіндіруіне сәйкес тиімділік аудитінің анықтамасы төмендегідей болып келеді: «Мемлекеттік қаражатты шығыдаудың тиімділік аудиті мемлекеттік билік органдарыны қызметінің жүйелі, мақсатты, ұйымдасқан және объективті тексеру болып табылады, және мемлекеттік билік органдарыны қызметінің үнемділігі, тиімділігі және пайдалылығының аудитін, сондай-ақ, осы қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау кіреді».  

Дамыған елдердегі мемлекеттік қаржы ресурстарының аудитінің ұйымдастырылуына шолу жүргізу нәтижесінде, біз мынадай қорытынды жасауымызға болады.

Біріншіден, заманауи әлемде стратегиялық жоспарлауда мемлекеттің рөлін нығайтумен байланысты үдерістердің дамуының елеулі беталысы байқалады, бұл жағдайда мемлекеттік бағдарламаларды және жан-жақты ұлттық стратегияны іске асыру нәтижелерін бағалауды тұрақты жүргізудің шұғыл қажеттілігі пайда болады.    

Екіншіден, мемлекеттік бағдарламалардың аудитін оны іске асыру үшін барлық қажетті ақпараты бар құзыретті орган жүзеге асыруы тиіс. Тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда оңтайлы аудиттік бағалауды мемлекеттік бағдарламаларды бағалаудың әдістемесі мен құралдарын жетік білетін тәуелсіз органның сарапшылары жүзеге асырады, сондай-ақ айрықша және нақты мәселелерге жауап беру қажет болған жағдайда сарапшылар сырттан тартылады. Осылайша, мемлекеттік аудит  министрліктер мен ведомстволардан (қаржы және экономикалық блок бөлімдерін қоса алғанда) ажыратылуы тиіс.    

Үшіншіден, мемлекеттік бағдарламалар аудитінің дамуын жеке өзін бөлек емес, стратегиялық жоспарлау құралдарымен бірге қарастыру қажет. Стратегиялық жоспарлаудың жаңа тетіктерін пайдалану туралы шешім қабылдаған кезде, олардың бақылау және аудит тетіктерін қамтамасыз ету қажет.

Біздің ойымызша, мемлекеттік бағдарламалардың аудитін тиісті түрде ұйымдастыру алынған әсерді уақытылы бағалауға және ұлттық даму игілігі үшін оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында іс-қимылдарды қажет болған жағдайда түзетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, халықаралық тәжірибе елдердің мемлекеттік аудитті мемлекеттік қаржылық бақылау тұжырымдамасынан біртіндеп ауытқу үрдісін көрсетеді.

Тиімділік аудитінің табиғи түрде пайда болуына және қарқынды дамуына әкелген негізгі факторлардың ішінде мынадай факторларды атауымызға болады:

- мемлекеттік қаржылық бақылаудың ішкі және сыртқы жіктелуі;

- бюджеттік үдерістің ашықтығының дәрежесін күшейту;

- мемлекеттік қаржылық бақылау қызметінің жоғары өнімділігі және бюджеттік қорлар шығынында көрсетілген бұзушылықтардың санының қысқаруы; 

- парламент пен қоғамның атқарушы биліктің бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі деңгейінде ақпаратты алуға қызығушылығы.

Тиімділік аудиті тұжырымдамасын іске асыру нысандары мен оның әр түрлі елдерде практикалық қолданылуының өз ерекшеліктері бар екендігін атап өткен жөн. Айырмашылықтар заңнамалық реттеудегі ерекшеліктерге және қолданыстағы ұлттық және тарихи дәстүрлерге көп байланысты. Атап айтқанда, мемлекеттік қаржылық бақылау тиімділік аудитін жүргізу арқылы шешуге тиіс нақты міндеттердің қойылуында, сондай-ақ атқарушы билік органдарының бюджет қаражатын пайдалануының үнемділігі, тиімділігі мен нәтижелілігін бағалаудың белгілі бір аспектілеріне назар аударылуында болып келеді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.                     Селютина С.В., Кириченко Е.А. Аудит эффективности как важнейший элемент системы эффективного управления [Электронный ресурс]. URL: http://vernadsky.tstu.ru/pdf/2009/05/rus_31_2009_05.pdf (дата обращения: 26.02.2014.).

2.                     Указ Президента Республики Казахстан от 3 сентября 2013 года № 634 «Об утверждении Концепции внедрения государственного аудита в Республике Казахстан»/

3.                     Dalia Daujotait1, Irena Macerinskien. Development of performance audit in public sector, 5th International Scientific Conference Business and Management-2008, 16-17 May 2008, Vilnius, Lithuania.

4.                     Performance audit manual. European Court of Auditors,2007, chapter 2, p. 14 – 23 [Electronic resource] –Read 20 November 2007 – http://eca.europa.eu/ portal/