Тюлендинова
А.К. – магистрант,
«Қаржы» мамандығы
«Қаржы Академиясы» АҚ, Астана қ.
ҚР
САЛЫҚТЫҚ
ТҮСІМДЕРДІ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ
Аңдатпа
Мақалада салықтық
түсімдерді жоспарлау және болжаудың мәнінің
теориялық аспектілері зерттеледі, шетелдік тәжірибеде
қолданылатын жоспарлау және болжаудың әдістері
қарастырылады. Салықтық жоспарлау мен болжаудың
ортақ міндеті болады –
жасап шығарылған салықтық тұжырымдамаға
және экономиканың тұрақты дамуының
бағыттарына негізделе отырып, белгіленген бюджеттік тапсырмалардың
және әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ
мерзімді бағдарламаларының сапалық және сандық
параметрлерін экономикалық тұрғыдан дәйекті түрде қамтамасыз ету.
Аннотация
В
статье исследуются теоретические аспекты сущности планирования и
прогнозирования налоговых поступлений, рассмотрены методы планирования и
прогнозирования, применяемые в зарубежной практике. Налоговое планирование и прогнозирование имеют общую
задачу - экономически обоснованно обеспечить качественные и количественные
параметры установленных бюджетных заданий и перспективных программ
социально-экономического развития, исходя из выработанной налоговой концепции и
направлений устойчивого развития экономики.
Annotation
The article examines the theoretical aspects of the essence of the
planning and forecasting of tax revenues, the methods of planning and
forecasting used in foreign practice. Tax planning and forecasting have a
common task is economically feasible to provide qualitative and quantitative
parameters of the established budget jobs and promising programs for
socio-economic development, elaborated on the basis of tax concepts and directions
of sustainable development of the economy.
Ключевые слова: налоговое
планирование, налоговое прогнозирование, бюджетная классификации, налоговый
потенциал
Кілт
сөздер: салықтық жоспарлау, салықтық болжау,
бюджеттік сыныптау, салықтық әлеует
Keywords: tax
planning, tax forecasting, budget classification, fiscal capacity
Қазіргі уақытта,
салықтық түсімдерді жоспарлау және болжау әр
түрлі меншік нысанындағы барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілер мен экономикалық объектілердің
нарықтық қарым-қатынастарының негізі болып
табылады. Бұл үдерістер ұйымдар мен
кәсіпорындардың қызметіне тікелей әсер етеді.
Біздің ойымызша,
макро-деңгейдегі салықтық жоспарлау және болжау
ұғымдарының арасындағы шекараны анықтау
барысында, осы айырмашылықты анықтайтын мынадай түбегейлі
факторларды атап өту қажет:
-
Белгілі бір уақыт аралығында
салықтық болжау салықтық жоспарлаудан бұрын
жүреді;
-
Салықтық болжау
салықтар мен алымдардың түсіміне ықпал ететін белгілі
бір уақыт кезеңінде қолданыста болатын әкімшілік,
заңнамалық және экономикалық факторларды ескере отырып,
бюджет жүйесіне түсетін салықтық және
алымдық түсімдер мөлшерін анықтауға
бағытталған салық органдарының сәйкес құрылымдық
бөлімдерінің арнайы іс-шаралары болып табылады.
-
Салықтық жоспарлау
салық органдарының негізгі функционалды құрама
компоненті ретіндегі салықтық түсімдердің
деңгейінің негізінде салық жүйесінің алдында
тұратын мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге
бағытталған нақты басқарушылық шешімдерді
дайындау болып табылады.
Ресей ғалымы Барулин С.В. мынадай
анықтама береді: «мемлекеттік салықтық жоспарлаудың
міндеті биліктің барлық деңгейіндегі бюджеттердің
және бюджеттен тыс қорлардың салықтар бойынша
ағымдағы атқарылу үдерісінде заң бекіткен
сандық және сапалық көрсеткіштердің орындалуын
(салық тактикасын), (салық стратегиясының)
қабылданған салық тұжырымдамасына сәйкес
мемлекеттің экономикалық және салықтық
саясатының ұзақ мерзімді бағыттарының іске
асырылуын қамтамасыз ету. Сайып келгенде, мемлекеттік
салықтық жоспарлаудың негізгі мақсаты
салықтық түсімдердің барлық түрлері бойынша
олардың жоспарланған көлемінің барынша жиналуын
қоса есептегенде, өзінің барлық функцияларын
салық арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып
табылады». [1, 321 б.]
Ағымдағы және
стратегиялық жоспарлаудың негізінде салықтық
әлеуеттің болжаулы параметрлері жатады. Салық салу
базасының кез-келген әкімшілік бірліктің аясында
салықтық түсімдер түрінде кіріс әкелетін мүмкіндігі салықтық
әлеует деп түсіндіріледі (мұнда салықтық
түсімдердің нақты сомасы емес, яғни, атап айтқанда,
оның қабілеті, мүмкіндігі меңзеліп отыр) [2].
«Салықтық әлеует»
категориясын түсіндірудің қолданыстағы
тәсілдердінің талдауы, сонымен қатар, екі бағытты
бөлуге мүмкіндік берді.
Біріншіден, кең мағынада
салықтық әлеует аумақтың салық салынатын
ресурстарының жиынтық көлемі деп түсіндіріледі.
Екіншіден, тар немесе тәжірибелік
мағынада салықтық әлеует қолданыстағы
заңнамаға сәйкес есептелген салықтық
түсімдердің барынша мүмкін болатын сомасы деп түсіндіріледі.
Стратегиялық салықтық
әлеует салықтық түсімдерді қамтамасыз етуге
жұмсалатын шығындарды шегергеннен кейінгі өндіру және
айналым саласында алынатын жиынтық салықтық
түсімдердің болжамды сомасы ретінде анықталады.
Салықтық әлеуеттің мәні мен міндетін
неғұрлым толығырақ ашу үшін оны бағалаудың
параметрлерін қарау орынды. Салықтық әлеуеттің
шамасын анықтайтын параметрлердің жіктелуін
қарастырайық (1-сурет).
0251660288251659264
Сурет 1.
Салықтық әлеуетті қалыптастыруға ықпал
ететін параметрлердің жіктелуі
Салық салуды жоспарлау
және болжау жүйесі, салық басқармасының
қосалқы жүйесі бола
отырып, бюджет құрылымы аясында жоспарлы салықтық тапсырмаларды
болжау және қалыптастыру, оларды негіздеу және
бағалаумен айналысатын қаржы және салық
органдарының кешенді ұйымдық құрылымы болып
табылады.
Салықтық жоспарлау
және болжаудың мәні мен рөлін зерттеу мынадай
қорытындылар шығаруға мүмкіндік береді:
1.
Тиімді салықтық жоспарлау мен болжау мемлекеттің
салық және қаржы жүйесі және оның
жүргізетін салық саясатының тетіктерінің міндетті
құрамдас бөлігі және жүзеге асыру нысаны болып
табылады.
2.
Салықтық түсімдерді болжау
әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыттары бойынша
көрсеткіштер мен негізгі параметрлер жүйесі болып келетін
салықтық әлеуетті және салықтық мен
алымдық түсімдердің бюджеттік жүйеге түсуін
бағалау болып табылады.
3.
Салықтық жоспарлау және болжаудың ортақ
басқа да сипаттары болады: олар бюджеттік үдерістің ажырамас
бөлігі болып табылады, сол бір ғана аналитикалық
ақпаратқа сүйенеді; мақсаттарды жүйелі
түрде қоюмен және оларға қол жеткізу үшін
қажетті шараларды дайындаумен байланысты тұрақты үдеріс
болып табылады.
4.
Салықтық жоспарлау мен болжаудың
ортақ міндеті болады – жасап шығарылған салықтық
тұжырымдамаға және экономиканың тұрақты
дамуының бағыттарына негізделе отырып, белгіленген бюджеттік
тапсырмалардың және әлеуметтік-экономикалық
дамудың ұзақ мерзімді бағдарламаларының
сапалық және сандық параметрлерін экономикалық
тұрғыдан дәйекті түрде қамтамасыз ету.
5.
Салықтық түсімдерді талдау үдерісінің
дәстүр бойынша бастапқы құрама бөлігі
макро- және микроэкономикалық көрсеткіштердің
көлемі, динамикасы және құрылымын бағалауды
ескере отырып, әрбір салық түрі бойынша салық базасын
анықтау болып табылады.
Болжау әдістерін екі
топқа бөлуге болады. Бұл - түйсіктің
басымдығына, яғни субъективті негіздерге, негізделген
эвристикалық әдістер. Басқа топты объективті негіздер басым
болатын экономикалық және математикалық әдістер
құрайды. Олардың қатарына статистикалық
әдістер жатады. Әдістердің бірқатары белгілі бір
дәрежеде екі топтың құрама бөліктерін біріктерді.
(2-сурет)
0
Сурет 2. Салықтық
болжау әдістері
Қазақстан
Республикасында жоспарлау және болжаумен, өзінің аты
меңзеп тұрғандай, Ұлттық экономика министрлігі
айналысады. Мемлекеттік қаржыландыру белгілі бір мемлекеттік
бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылатын
бюджеттік бағдарламаның болуына негізделетін жағдайларда,
мұндай құжаттардың қаржылық және мазмұндық
бөлімінің негізгі
тұстары ҚР ҰЭМ-мен келісіледі.
Жоспарлы кезеңге
республикалық бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере
отырып, жыл сайын әзірлейді.
Жоспарлы кезеңге жергілікті
бюджеттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті
құзыретті органдар облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық
даму болжамын ескере отырып, жыл сайын әзірлейді.
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшілеріне, жергілікті атқарушы органдарға бюджетті болжау
немесе нақтылау үдерісінен тыс Қазақстан Республикасының
Үкіметіне, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
жергілікті уәкілетті органдарға бюджет шығыстарын
ұлғайту туралы ұсыныс жасауға тыйым салынады.
Мемлекеттік және
ұлттық бюджетке, Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорына түсетін түсімдерді
бірыңғай бюджеттік сыныптама категориялары, сыныптары және
ішкі сыныптары бойынша болжауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму
болжамын ескере отырып жүзеге асырады.
Бюджет түсімдерін болжау
әдісін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
2013 жылдың сәуір
айында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
(қазіргі уақытта ҚР ҰЭМ) Бюджет түсімдерін болжау
әдістемесін бекітті [4].
Жергілікті бюджеттер -
облыстық бюджеттер, Алматы және Астана ққ. бюджетті,
сондай-ақ аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) бюджеттері мемлекеттік басқару деңгейіне
сәйкес және белгілі бір әкімшілік-аумақтық
бірліктің мемлекеттік саясатты жүзеге асыруын ескере отырып, жергілікті мемлекеттік органдардың
міндеттері мен функцияларын қамтамасыз етуге бағытталатын тиісті
түсімдер есебінен жинақталатын орталықтандырылған
ақша қорлары болып табылады. Жергілікті бюджеттер тиісті
мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Жоспарлы кезеңге
арналған мемлекеттік бюджетке және Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына түсетін
түсімдерді болжау «Салық және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан
Республикасының Президентінің «Қазақстан
Республикасының Ұлттық қоры қаражатын
қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы» 2010 жылғы 2
сәуірдегі № 962 Жарлығына, қолданыстағы
заңнамаға енгізілетін өзгерістерді ескере отырып, басқа да
нормативті-құқықтық актілерге сәйкес
жүзеге асырылады.
Кірісті болжау үдерісі
болжау және мониторингтің жалпы сызбасында көрсетілген
(3-сурет).
0251673600251671552251670528251672576
Сурет 3. Кірісті болжау
және мониторингтің жалпы сызбасы [4]
Мемлекеттік бюджет пен
Ұлттық қорға түсетін кірісті болжау оңтайлы
шешім қабылдау үшін қажет болатын есептеудің бірнеше
әдістері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жоспарлы кезеңге
арналған бюджетке түсетін кірісті болжау кезінде
қолданыстағы заңнамаларға және басқа да
нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін
өзгерістер ескеріледі.
Жоспарлы кезеңге
арналған Қазақстан Республикасының республикалық
бюджетіне пен Ұлттық қорына түсетін кірісті болжау
кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес
ағымдағы жыл бойынша кірісті бағалау негіз ретінде алынады.
Жоспарлы кезеңге
арналған жергілікті бюджеттердің салықтық
әлеуетін бағалауды анықтау кезінде қолданыстағы
заңнамаға сәйкес ағымдағы жыл бойынша
салықтық әлеует негіз ретінде алынады.
Салықтық әлеует
- үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы
трансферттердің мөлшерін белгілеуде аймақтың
кірісінің көлемін анықтау үшін есептелетін бюджетке
түсетін салық және төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң барынша мүмкін сомасы.
Ағымдағы жыл бойынша
түсімдерді (салықтық әлеуетті) бағалауын есептеу
шоғырландырылған бюджетке түсетін түсімдер
түрлері бойынша жүргізіледі.
Кірістерді болжау үдерісі болжау
және мониторингінің жалпы сызбасында көрсетілген.
(1-кесте)
Кесте 1 – Кірістерді болжау және
мониторинг
сызбасы
|
Кірістер болжамы |
Кірістер мониторингі |
Экономикалық жағдай мен
заңнамалық негіздің өзгеруінің талдауы |
Мәліметтердің
жаңаруы |
|
1. Шоғырландырылған
бюджетті әзірлеуде ескерілетін елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуының ең маңызды
макроэкономикалық көрсеткіштері 2. Нормативті
құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер 3. Обязательств |
1.
Шоғырландырылған бюджетке түсетін салық пен
төлемдер түсімдерінің ай
сайынғы талдауы 2. Фискалдық көрсеткіштер бойынща ақпаратты жинақтау 3. Ағымдағы
жыл бойынша бюджетке түсетін түсімдерді бағалау 4. Бюджетті атқару барысында түсімдердің
болжамын нақтылау |
1. Кірістердің түсіміне келесідей ықпалдың талдауы:
а) елдегі экономикалық жағдайдың өзгеруі,
ә) нормативтік құқықтық актілер
өзгеруі б) басқа
|
1. Салықтар
мен төлемдердің түрлері бойынша ай сайынғы түсімдер 2. Елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері 3. Фискалдық
көрсеткіштер бойынша
ақпарат |
|
ЕСКЕРТУ
– автор кестені [5
] негізінде құрастырды |
|||
Салық түсімдерін
болжауда есептеудің негізі ретінде алынатын базаға байланысты
түсімдер (салықтық әлеуетті) бағалауын есептеу
әдістері әр түрлі болып келеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
Барулин
С.В. Налоговый менеджмент: учебник / Барулин, Сергей Владимирович, Е. А.
Ермакова, В. В. Степаненко ; С. В. Барулин, Е. А. Ермакова, В. В. Степаненко. -
М. : Дашков и К°, 2012. - 331 с.
2.
Налоговый потенциал: теоретические и практические аспекты
использования в планировании налоговых поступлений // Налоги и налогообложение.
— 2008. — №7.
3.
Министерство
национальной экономики РК.http://economy.gov.kz/
4.
Счетный комитет МФ РК: http://www.esep.kz/
5.
Ильясов К.К.,
Зейнельгабдин А.Б., Саткалиева В.А. Государственный бюджет. – Алматы: РИК, 1994