Экономикалық
ғылымдардың магистрі М.Д. Абдиманапов
М.Х. Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
2015 ЖЫЛДАН БАСТАП
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ КОДЕКСІНЕ
ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕНГІЗІЛГЕН
ӨЗГЕРІСТЕР
Қазақстан
Республикасының Салық кодексіне, 2014
жылғы 28 қарашадағы № 257-VҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне
бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оның
ішінде қосылған құн салығы бойынша (әрі
қарай ҚҚС) төмендегідей өзгерістер
қарастырылды.
Салық
кодексінің 237-бабына мүлікті уақытша иелік
етуге және пайдалануға ұсынған кезде айналым жасау
күнін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізілді,
яғни, күнтізбелік айдың соңына дейін
осындай ай ішінде орындалған жұмыстардың, көрсетілген
қызметтердің актісіне қол қойылмаған, бірақ
осындай ай үшін ақы төлеу жүргізілген жағдайда,
мүлікті уақытша иелік етуге және пайдалануға
ұсынған кезде осындай күнтізбелік айдың
соңғы күні жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
Түзетілген және толықтырылған шот-фактура бойынша
өткізу айналымын жасау күні шот-фактурада көрсетілген айналым
жасау күні бойынша айқындалатыны аталған баптың
11-тармағымен толықтырылды.
Салық
кодексінің 254-бабына лицензиялауға жататын медициналық
және ветеринарлық қызметті жүзеге асыру кезінде
ғана емес, лицензиялауға жатпайтын, сонымен қатар,
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы
заңнамасына сәйкес мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы
көрсететін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы көрсетілетін қызметтерді
өткізгенде ҚҚС босату мақсатында
өзгерістер енгізілді.
Туроператорлардың қызметін
қадағалау мақсатында ҚҚС салу сауалдары бойынша
Салық кодексіне өзгертулер қатары енгізілді.
Туроператорлардың қызметін айқындауды
қарастыру үшін Салық кодексінің 12-бабы жаңа 48)
тармақшамен толықтырылды.
Салық кодексінің 238-бабы
12-1-тармағымен толықтырылды, шығу туризмі
бойынша туроператор қызметтерін көрсету кезінде салық
салынатын айналым мөлшері туристік өнімді өткізу
құны мен жолаушыларды сақтандыру, тасымалдау және
олардың тұруы, оның ішінде егер тамақтану
құны тұру құнына енгізілген болса, тамақтануы
бойынша көрсетілетін қызметтердің құны
арасындағы айырма ретінде айқындалатындығы қарастырылды.
Сонымен қатар, Салық
кодексінің 248-бабы 25) тармақшамен толықтырылды, келу туризмі бойынша туроператордың көрсетілетін
қызметтерін өткізу бойынша айналымдар ҚҚС босатылатын
болды.
Одан басқа, Салық кодексінің 262-бабы Қазақстан Республикасының туристік қызмет
туралы заңнамасына сәйкес туристік операторлық қызметке
(туроператорлық қызметке) лицензиясы бар дара кәсіпкерлер мен
заңды тұлғалар туроператор қызметтерін көрсету мақсатындағы
тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке
алуды басқа қызметтен бөлек жүргізеді. Туроператор
қызметтерін көрсету мақсатындағы тауарлар,
жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алу
Салық кодексініің 248 бабының 25) тармақшасына
сәйкес қосылған құн салығынан
босатылған айналым және салық салынатын айналым бойынша
бөлек жүргізілетінін қарастыратын 2-3 тармағымен
толықтырылды.
Кредит (қарыз, микрокредит) беру,
теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және
поштаны тасымалдау бойынша қызметтерді көрсету, банк операцияларын
жүзеге асыру кезінде, мүлікті уақытша иелік етуге және
пайдалануға ұсынған (берген) кезде күнтізбелік
айдың соңына дейін осындай ай ішінде орындалған
жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісіне
қол қойылмаған жағдайда (Салық кодексіне
сәйкес шот-фактура жазып беру талап етілмеген жағдайды
қоспағанда),шот-фактура жазып берілген салық кезеңінде ҚҚС
есепке жатқызу қарастырылатыны ҚҚС есепке жатқызу
тәртібін анықтау мақсатында айқындалған.
Салық кодексінің 263-бабының
15-тармағына енгізілген өзгертулерге байланысты, шот-фактура
жазып беру жолаушы тасымалы теміржол көлігінде берілетін
электрондық жол жүру құжатымен ресімделген
жағдайларда талап етілмейді.
Одан басқа,жолаушы тасымалын
теміржол көлігінде қызмет көрсетуді ҚҚС
есепке жатқызу мақсатында Салық кодексінің
256-бабының 2-тармағы 8-1) тармақшамен толықтырылды, теміржол көлігінде берілетін электрондық жол жүру
құжатында бөлек белгіленген жағдайда, білгілі
бір шарттарды сақтау кезінде теміржол көлігіне
берілген электрондық жол жүру құжаты бойынша
ҚҚС есепке жатқызу қарастырылған.
Салық кодексінің 263-бабының
12-тармағына өзгерістер егер
электрондық түрде жазып берілген шот-фактурада болған
жағдайда, шетел валютасымен шот-фактура жазып беру мүмкіндігі
көзделген.
Мына жағдайларда:
-
өнімнің бөлінісі туралы келісім (келісімшарт)
шеңберінде жасасылған (жасалған) мәмілелер
(операциялар) бойынша;
-
тауарларды Салық кодексінің 242, 276-11 және 276-13-баптарына сәйкес қосылған құн
салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық
салынатын экспортқа өткізу жөніндегі мәмілелер
(операциялар) бойынша;
- Салықкодексінің
244-бабына сәйкес
қосылған құн салығының нөлдік
мөлшерлемесі бойынша салық салынатын халықаралық
тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу
жөніндегі айналымдар бойынша;
-
Салық кодексінің 245-бабының
1-2-тармағына сәйкес қосылған
құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша
шетел валютасымен электрондық шот-фактура да жазып берілуі мүмкін.
Бұл ретте 263-баптың 5-тармағын
түзетулермен сәйкес электрондықшот-фактурадағы:
1) айналым жасалған
күн;
2) осы баптың
12-тармағы екінші бөлігінің екінші – бесінші абзацтарымен
көзделген жағдайларда:
- Кеден
одағы Комиссиясының шешімімен бекітілген валюта сыныптауышына
сәйкес айқындалған валютаның әріптік коды;
-
өткізу бойынша айналым жасау күніне салық салынатын
(салық салынбайтын) айналымды айқындау үшін пайдаланылатын
валюта бағамы көрсетілуі тиіс.
Салық кодексінің 263-бабына қағаз жеткiзгiште және электрондықтүрде
шот-фактуралардыжазып беру мерзімдерін ұзарту бөлігінде
өзгерістер енгізілген.
Осылайша, 2015 жылдың 1 қаңтарынан
бастап мына электрондықтүрде
шот-фактураларды жазып беру бойынша мерзімдер белгіленген:
- қағаз жеткiзгiште жазып берiлген
жағдайда - айналым жасалған күннен бұрын және
өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн
күнтiзбелiк жеті күннен кешіктірілмей;
- электрондық түрде жазып берiлген
жағдайда - айналым жасалған күннен бұрын және
өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк
онбес күннен кешіктірілмей;
Осыған ұқсас мерзімдер түзетілген
және қосымша шот-фактура бойынша көзделген.
Бұдан тыс, Салық кодексінің 263
және 265-баптарына қосымша және түзетілген шот-фактура
жазып беру тәртібін нақтылау бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілген.
Қосылған
құн салығын қайтару.
Салық кодексінің 39-бабы 4-1-тармағымен
толықтырылды, онда заңды
тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің
шешіміне сәйкес бөлініп шығу жолымен қайта
ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын
заңды тұлғада - ҚҚС төлеушіде қайта
ұйымдастырылу күніне қалыптасқан, асып кеткен
ҚҚС оның құқық мирасқорына
(құқық мирасқорларына) берілуге жататындығы
көзделген.
Бұл
ретте бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын
заңды тұлғаның құқық
мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілуге
жататын, асып кеткен қосылған құн салығы
құқық мирасқорына (құқық
мирасқорларына) берілетін негізгі құралдардың
қалдық құнының үлесіне барабар
айқындалады.
Негізгі
құралдардың қалдық құны бөлініп
шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды
тұлғаның бөлу балансы негізінде айқындалады.
Осы
тармақ бөлініп шығу жолымен қайта
ұйымдастырылатын заңды тұлға акцияларының
бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі
болған жағдайда қолданылады.
Талап қою мерзімінің шегінде ұсынған салық
төлеушімен талапқа расталған ҚҚС асып кеткен
сомаларын қайтару мақсатында Салық кодексінің 46-бабы
6-тармағына толықтыру енгізілген, осыған сәйкес
қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кеткен
сомасының, оның ішінде салықтық тексерудің
нәтижесіне берген шағымның қорытындысы бойынша дұрыстығы расталған
салық кезеңі аяқталғаннан кейін қайтаруды
және (немесе) есепке алуды жүргізу үшін талап қою
мерзімі бес жылды құрайды.
Магистралдық құбыр жүйесі бойынша тауарларды
орналастырған кезде бірыңғай
халықаралық тасымалдау құжаттарымен
халықаралық тасымалдауды, сондай-ақ көрсетілген
қызметтер актісін тану мақсаты үшін
Салық кодексінің 244-бабының 3-тармағына
анықтау енгізілген.
Есептелінген ҚҚС шегінде бюджетке төленген
ҚҚС сомасын, дайындаушы
ұйымдарға бюджеттен ақшалай жардем көрсету
көзделіп отырғандығымен байланысты Салық
кодексінің 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында ҚҚС сомасының асып кетуін айқындау
кезінде есепке жатқызылатын ҚҚСсомасында
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым
жазып берген шот-фактуралар бойынша ҚҚС сомасы есепке
алынбайтындығы көзделген.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін
(Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына осыған
ұқсас өзгертулер енгізілген.
Сондай-ақ, Салық кодексінің 272-бабы 3-1-тармақпен
толықтырылды, онымен Қазақстан
Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға беріліп
жатқан өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен
құрылыстарды салуға байланысты, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес
«толық аяқталған» құрылыс кезінде сатып
алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
бойынша қалыптасқан ҚҚС асып кетуін қайтару
тәртібі белгіленеді.
Құрылыс кезеңінде
қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару ҚҚС
қайтаруға ұсынылған жинақталған асып кеткен
сомасының анықтығы расталған салық
кезеңінен бастап, теңдей үлестермен жиырма салық
кезеңі ішінде жүзеге асырылады.
Осы тармақ, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы
ғимараттар мен құрылыстарға жататын ғимараттар мен
құрылыстар тізбесін анықтайды.
Одан басқа, өндірістік мақсаттағы ғимараттар
мен құрылыстарға жатқызу техникалық реттеу
саласындағы мемлекеттік уәкілеттік органмен белгіленген
сыныптамасына сәйкес жүргізіледі.
«Толық аяқталған» құрылыс
кезеңі деп құрылыстың басталуы мен ғимараттарды,
құрылыстарды пайдалануға беру күні арасындағы
уақыт кезеңі түсініледі.
Сондай-ақ, осы баптың мақсаты
үшін құрылыстың басталу қүні
анықталған.
Сонымен,
Осы баптың мақсаттары үшін мына күндердің
ең ерте күні:
-
құрылысты жүзеге асыруға келісімшарт (шарт, келісім)
жасасқан күн;
-
жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға келісімшарт (шарт, келісім)
жасасқан күн құрылыстың басталуы болып танылады.
Осы
тармақтың ережелері мына шарттар бір мезгілде сақталған
кезде:
-
салық төлеуші арнайы экономикалық аймақтың
аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым немесе
инвестициялық басым жобаны іске асырып жатқан, жаңадан
құрылған ұйым болып табылса;
-
құрылыс Салық кодексінің 130-1 бабының 1
тармағында көрсетілген ұзақ мерзімді
келісімшарттың негізінде жүзеге асырылса;
-
ғимараттар, құрылыстар негізгі құралдар болып
танылса;
-
ғимараттарды, құрылыстарды мемлекеттік қабылдау немесе
қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдап алса,
қолданылады.
Салық
төлеуші осы тармақта көзделген ҚҚС асып кетуін
қайтару туралы талапты, Салық кодексінің 46 бабының
ережелерін ескере отырып, ғимараттар, құрылыстар
пайдалануға берілген күннен кейінгі салық кезеңдері
үшін ҚҚС жөніндегі кезекті декларацияда
көрсетеді.
Бұл ретте, Салық кодексінің 272-бабының 1-тармағы1)
тармақшасының бесінші бөлігінде және (немесе)
3-тармағында белгіленген тәртіпте қайтаруды жүзеге
асыратын, сондай-ақ Салық кодексінің 27 бабында
көзделген ҚҚС асып кетуін қайтарудың
оңайлатылған тәртібін қолдануға
құқығы бар салық төлеушілерге қатысты
осы тәртіп қолданылмайды.
Өндірістік мақсаттағы құрылыстарды,
ғимараттарды салумен байланысты қалыптасқан ҚҚС
асып кетуін қайтарудың жеке тәртібін енгізумен байланысты
Салық кодексінің 627-бабының 9-тармағындағы 2)
тармақшасының бірінші бөлігінде олармен Салық кодексінің
272-бабы 3-1-тармағын қолданумен байланысты ҚҚС асып
кетуінің дұрыстығын растау үшін салық
төлеушінің өтініші бойынша жоспардан тыс салықтық
тексеруді жүргізуге құқығы белгіленген.
Салық төлеушімен көрсетілген өтініш,
құрылысты жүзеге асыра бастағаннан кейін төрт
жылда кемінде бір рет тапсырылады.
Бұл ретте, Салық кодексінің 635-бабының
10-тармағы 3) тармақшамен толықтырылды, осыған
сәйкес Салық кодексінің 272-бабы 3-1-тармағын
қолдану кезінде салықтық тексеру актісіне
қорытындының негізінде ҚҚС қайтару
жүргізіледі.
Салық кодексінің 273-бабының 3 және
4-тармақтарына өзгертулер енгізілген, осыған сәйкес
ҚҚС асып кеткен сомаларын қайтару туралы талапта
көрсетілген салық кезеңіне ҚҚС жөніндегі
декларацияны салық органына тапсыру үшін Салық кодексімен
белгіленген (ұзарту кезеңді есепке алғанда) соңғы
күннен бастап 60 жұмыс күні ішінде немесе күнтізбелік
180 күнде ҚҚС асып кетуін қайтару жүргізіледі.
Салық кодексінің 273-бабы 5-тармағының 2)
тармақшасына толықтырулар енгізілді, осыған сәйкес
ҚҚС асып кетуін қайтару Салық кодексінің 231-бабы
3-тармағындағы 18) тармақшасының ережесін
қолданатын агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға, ашып айтқанда,
төленген ҚҚС сомалары бюджеттік демеуқаржымен
өтеліп отыратын дайындаушы ұйымдарға қатысты жүргізілмейді.
Мониторингке жататын ірі салық төлеуші -
заңды тұлға Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шешіміне сәйкес бірігу немесе қосылу
арқылы қайта ұйымдастырылған кезде құқық
мирасқорына қатысты ҚҚС асып кетуін
қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануды
көздейтін Салық кодексінің 274-бабына өзгертулер
енгізілді.
Мұнда,
көрсетілген норма келесі шарттарды бір мезгілде сақтаған
кезде:
-
бірігу
және (немесе) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын
заңды тұлғалардың біреуі мониторингке жататын ірі
салық төлеуші болып табылатын ірі салық төлеуші мониторингінде кемінде қатарынан он екі ай
тұрған және ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару
туралы талапты көрсете отырып, ҚҚС бойынша декларацияны табыс
ететін күнге салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған
салық міндеттемесі жоқ болса, қолданылады;
-
бірігу немесе қосылу
жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды
тұлғалардың бірінің акцияларының бақылау
пакеті қайта ұйымдастырылу күні ұлттық
басқарушы холдингке тиесілі.