“Экономические науки”/4.Инвестиционная деятельность и фондовые рынки.

 

Алиев М.Д,, география магистрі

География-экология бойынша Ғылыми-әдістемелік орталығы Абай атындағы ҚазҰПУ., Қазақстан

 

ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ

 

Бүгінгі таңда нарық экономикасындағы еркін дамудың даңғыл жолын таңдаған еліміз үшін Қапшағай қаласының даму қарқыны маңызды мәселелердің біріне айналып отыр.

Қала аумағының стратегиялық тұрғыда тиімді орналасуы туризм және өнеркәсіп салаларының, көлік инфрақұрылымының жедел дамуына септігін тигізді. Осыған байланысты бүгінгі күні Қапшағай қарқынды экономикасымен Қазақстандағы көшбасшы моноқалалардың қатарына енді.

Әлеуметтік құрылымды дамытпай күрделі әлеуметтік-экономикалық және демографиялық тепе-теңдікке қол жеткізу қиын. Ол, өз кезегінде, аймақ халқы санының өсу қарқынын тежейді.

Экономикалық жағынан жақсы дамыған мекендер, әдетте, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарымен үздіксіз қамтамасыз етіледі. Материалды қамтамасыз етілу және әлеуметтік инфрақұрылым деңгейі жоғары болудың нәтижесінде тұрғындардың тұрмыс жағдайы оң нәтижелі болады.                       

Тұрғындардың әлеуметтік дамуы оның тіршілік деңгейінің сапасымен өлшенеді, ол болса, тікелей әлеуметтік инфрақұрылымның даму дәрежесіне байланысты. Тұрғындардың әлеуметтік инфрақұрылым жүйесімен қамтамасыз етілуі аймақтың материалды базасының қуаттылығы мен оның түрлі жағдайда аймақтық орналасу ерекшелігімен сипатталады. Мемлекеттің басты қазынасы – халқы, сондықтан қоғамды толықтай материалдық қамтамасыз ету болашақта аймақтың даму мүмкіндігінің зор болатындығына кепілдік береді.

Облыс бойынша Қапшағай қаласы күнкөріс деңгейінен төртінші орында.

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша, Қапшағай қаласындағы жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 70689,0 мың теңге қаражат бөлініп, 63891,0 мың теңгесі жұмсалды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы 12706,0 мың теңге қаражат бөлінді. Аталған қаражаттан Заречный ауылындағы көше бойындағы су беру жүйесін ағымдағы жөндеуге 4538,0 мың теңге, ал Сарыбұлақ ауылының жолдарын ағымдағы жөндеуге 8168,0 мың теңге бөлінген. Қазіргі уақытта қаражаттың 11418,0 мың теңгесі жұмсалды [1]. 

Мемлекеттік балалар жәрдемақысы бойынша он сегіз жасқа дейінгі 1251 балаға 10,6 млн. теңге, 1644 отбасына 26,3 млн. теңге көлемінде тұрғын-жайлық көмек қарастырылды.

Барлық қаржыландыру көздерінен 20505 адамға 17,2 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Демеушілік жәрдемін ұсынғандар қатарында аймақтың «Трансстроймост» АҚ, «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС, «Полимер-Трубы» ЖШС, «Қапшағай Құрылыс Комбинаты» ЖШС, «Изоблок» ЖШС, «Қазтелеком» АҚ филиалы, «Подшивалов» ЖК, «Казовощпром» ЖШС кәсіпорындары бар [2].

Қаладағы еңбек нарығында жұмыс күшінің сұраныс пен ұсыныс арақатынасында сандық және сапалық сәйкес келмеушілік сезіледі. Еңбек нарығының жұмыс күшін, көбінесе, ауыл тұрғындары құрауда. Аймақтағы өндірісте тұрақтану жалпы кәсіби қорларда инженерлік-техникалық жұмысшылардың болуын талап етуде.

Соңғы жылдары қала өнеркәсіптік индустрияның көп салалы даму деңгейіне көтерілді. Өнеркәсіптің өндірістік жаңа технологиямен жабдықталуы өңір инфрақұрылымына деген талаптарды күшейтіп, шикізат қоры көлемінің кеңеюіне тікелей әсерін тигізеді.   

Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2014 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша жалпы 32641,0 млн.теңгенің өнімін өндірді. Жыл соңына дейінгі жоспар 37027,0 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 89,6% құрайды [3].

Қала бойынша «КнауфГипсҚапшағай» ЖШС, «Пеноплекс» ЖШС өндіріс көлемдерін арттырды. 2014 жылдың қараша айында «LST Market» ЖШС-нің жылыжай кешені іске қосылды [2].

Аталған кәсіпорындар өндірген түрлі өнімдер мен құрылысқа қажетті тауарлардың басым көпшілігі Алматыдағы құрылыс базарлары мен құрылыс нысандарына тасымалданады (кесте 1).

Кесте 1. Қапшағай аймағындағы кәсіорындардың мамандану салалары [4]

Кәсіпорын атауы

Шығарылатын өнімнің түрлері

1

ЖШС «АЗОК»

Жеңіл метал конструкцияларының өндірісі

2

ЖШС «БИККО»

Полипропилендік қаптар

3

ЖШС «Капшағай фарфор»

Фарфордан түрлі бұйымдар (фарфорлық асханалық ыдыстар, төмен вольтты  фарфор изоляторларлары мен фарфор шарлары)

4

ЖШС «Жібек Жолы»

Ауылшаруашылық өнімін өңдеу мен салқын сусындар (жеміс көкөністі консервілері  және салқындататын сусындар)

5

 ЖШС «Полимер-Құбыр»

Полиэтилендік құбырлар

6

ЖШС  «КВ-Аgro Company»

Ұнның жоғарғы, бірінші, екінші сорттары мен  «Қазақстандық», кебек, дән қалдықтары, күріш жармасы, уатылған күріш, пен комбикорм өнімдері

7

ЖШС «Капшагай кұрылыс комбинаты»

Жол-тротуар тақтайлары, құрылыс материалдары, бордюр тастар, сплитыр блоктар, қаптайтын, сәндік тастар, құрылыс кірпіштері

8

АОЗТ «Аям»

Қоректену өнімдері (дәннен құрғақ тағамдар)

9

ЖШС « Тұлпар»

Қаптайтын кірпіш

10

ЖШС «ILNOGroup».

Металлоконструкциялардың өндірісі

11

ЖШС «ZHERSU METAL»

Жоғары вольтті электр тасымалдау желісіне арналған металл тірек, сондай-ақ өнеркәсіптік және құрылыс, жарық бағанасы, ұялы, телевизиялық  байланысқа керекті мұнаралар, меттал көпірлер

12

ЖШС «Кнауф Гипс Капшағай»

Гипсакартон және құрылысқа қажетті құрғақ қоспалар

 

13

АҚ «Трансстроймост»  3D  панелдерінің қосалқы өндірісі

Тұрғын үй құрылысы мен өнеркәсіпке арналған  пенно-полистерольдық  панелдер

14

ЖШС «Полимерметалл-Т»

жылы панел үлгілері «Сэндвич», профлист, металлочерепица

15

ЖШС «ISO BLOK»

Керамикалық кірпіш

16

ЖШС «Пеноплэкс»

Құрылысқа қажетті жылу шығармайтын материалдар

 

Өнеркәсіп кәсіпорындары шығарған өнімдер қасындағы мегаполис қаланы дамытуға, сондай-ақ, Қапшағай қаласының экономикасын көтеруге бағытталып отыр.

Өнеркәсіп өндірісінің өңдеу саласына тиесілі үлесі 76,7% құрап, жалпы сомасы 25057,6 млн.теңгеге жетті (сурет 1).

 Сурет 1. Өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің көлемі [3]

Жұмыс жасайтын тұрғылықты халықтың 85%-ы өндіріс орындары мен құрылыс компанияларында қызмет атқарады [5]. Осы жағдайға байланысты шет аудандардан келіп уақытша жұмыс істеп жатқан еңбек ресурсы да бар.  

Қазіргі нарық экономикасының талабына сай, жекеменшік негізінде алуан түрлі салада құрылған нысандар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау маңызды мәселеге айналып отыр.

Осы орайда, Қапшағай өңіріндегі шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қаржы-несиені қолдау саясаты жоғары белсенділікпен жүргізіліп отыр. Осының әсерінен өңірде шағын және орта бизнес нысандары серпінді дамуда. Бұл серпін өндірістік күштерді дамыту мәселелерін шешіп, жергілікті басқару органдарының экономикалық базаларын нығайтуға және елді мекендердегі әлеуметтік жағдайдың тұрақталуына өз әсерін тигізеді.

Шағын кәсіпкерлік саласынан бюджетке түскен жалпы салықтық төлемдердің көлемі 1203,7 млн.теңгені құрады [4]. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтын адам саны 14570 жетті (кесте 2).

Шағын кәсіпкерліктің өзіндік ерекшелігі, ол қазіргі нарықтық қатынастарының талабына сай жағдайдың өзгеруіне және тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлерінің пайда болуына тез арада бейімделеді.

Кесте 2. Шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері [4]

Негізгі көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

Орта және шағын кәсіпкерліктер саны

3471

3809

Жұмысшылар саны

12410

14570

Шығарылған өнім, млн. тенге

13553,8

9746,2

Шағын кәсіпкерліктен бюджетке түскен қаржы көлемі, млн. тенге

 

2104,1

 

1798

 

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі 7355,3 млн.теңгеге жетіп, ол барлық түсімдердің 12%-ын құрады (сурет 2) .

Сурет 2. Шағын кәсіпкерлік өнім көлемі [5]

Шағын және орта кәсіпкерлік табиғи түрде аймақтың экономикасымен байланысты дамиды және осындай нысандардың өрлеуі әлеуметтік жағдайдың жақсаруына өз ықпалын тигізетіні белгілі. Сондықтан, шағын кәсіпкерлікті дамыту жергілікті қала басшыларының ресми ұстанымдары бойынша аймақты дамытудың және экономиканы тұрақты өсірудің басты бағыты болып саналуы тиіс.

Ауыл шаруашылығы саласында 2014 жылы жалпы өнім көлемі 9263,4 млн.теңгені құрады (сурет 3 ). Егістік көлемі бойынша 12403 га жер игерілді.

Дәнді дақылдар көлемі 4017 га құрады, оның ішінде: күздік бидай 845 га, жаздық арпа 2922 га, дәндік жүгері 250 га жерге егілді. Өңір бойынша дәнді дақылдардың өнімділігі 1 гектарға шаққанда 9,0 центнерден келді [5].

Дәнді дақылдарды өсіру үшін 1600 гектар егістікте ылғал сақтау технологиясы, 788 гектар алқапта тамшылатып суару технологиясы, 346 гектарға жаңбырлатып суару әдісі қолданылды [1].

         

Сурет 3. Жалпы ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі, млн.теңге [5]

Сафлор мен майбұршақ егістіктерінің көлемі 3127 га, картоп 330 га, көкөніс 2910 га, бақша дақылдары 86 га, мал азық дақылдары 1933 га жетті.

Малдың қыстау мерзімі үшін өңір бойынша 13100 тонна шөп, 3200 сабан, 3800 тонна фуражды астық дайындалып, аумағы 1700 га жер жыртылды [1].

Ауыл шаруашылық тауарөндірушілері тамшылап суғару, жаңбырлату прогрессивтік технологияларын қолдана отырып, 2800 га жерден 130374 тонна көкөніс жинады. Көкөністің өнімділігі гектарына 466 центнерді құрады .

Басым дақылдар бойынша 2013 жылға 66,3 млн.тенге субсидия бөлінді .

«Green Land Alatau» ЖШС-нің жылыжай кешені 2013 жылы 2510 тонна көкөніс өндірді. Жылыжайда жабық топырақта өндірілген көкөністің қызмет құнын арзандатуға 17,7 млн.тенге субсидия төленді [2].

Аймақтың басты экономикалық көрсеткіштері саналатын осындай түрлі факторлар мүмкіндігінің өркендеуі аймақтың табысын молайтып, еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге жағдай жасап, өңір болашағының жарқын болуына кепіл болады.

Аймақтың инвестициялық тартымдылық деңгейіне талдау жасау аумақта бизнеспен айналысу қолайлылығын көрсетті, өйткені өңірдің инвестициялық тартымдылығы Алматы облысы бойынша жоғары көрсеткішке ие [3].

Инвестициялардың қаржыландыру көздерінің 6,1 пайызы заемдық қаражаттар, 78,1 пайызы бюджеттік қаражаттар, кәсіпорындар мен мекемелердің және тұрғындардың үлесі 15,8 пайызды құрайды (сурет 4). 2014 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша 8,2 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді [2].

        

        Сурет 3. Негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі [4]

2013 жылы Қапшағай қаласына тартылған инвестиция салалары, әсіресе, өңдеу өнеркәсібі - 23,1%, құрылыс саласы мен қозғалмайтын мүлік - 13,3%-ды құраса, түрлі коммуналдық, әлеуметтік және персоналдық қызметтер - 12,9%, денсаулық сақтау мен білім салалары - 3,7%, электр, газ тасымалдау, жылыту жүйесі мен ауа кондиционерлік қызмет - 5,1%, транспорт және байланыс - 41,9% тартылған инвестиция көлемін құрады [4].

Үкіметтік бағдарлама бойынша жедел индустрияландыру картасы аясында индустриалды-инновациялық даму аясында 1 жобаны іске асыру көзделген: ТОО «LST Market» - көкөніс өсіру мақсатында 1 га жерге жылыжай кешенін салу көзделген [2]. Бұл жоба құны 382,0 млн.теңге. 2015 жылы пайдалануға беру жоспарланып, кәсіпорын ішіне 24 жұмыс орнын құру көзделген (кесте 2).

Кесте 2. 2011-2016 жылдар аралығына бағытталған индустриалды-инновациялық бағдарламалардың іске асқан жобалары [1]

 

Жобалар саны

Кәсіпорындар

Жобалар

атауы

Жобалық алымы

Жобаның құны,

млн теңге

Құрылған жұмыс орындары

1

ТОО «Жана ак дала»

(ТОО«Нурагро»)

Көкөніс сақтау қоймасының құрылысы

13,0 мың.тонна

көкөніс сақтау

967,0 млн.тенге

20

2

ТОО «Green Land Alatau»

Жылыжай кешені құрылысы

5 мың.тонна қияр, қызанақ, салат қалаға

2686,0 млн.тенге

100

3

АО «Самрук-Энерго»

Күн электр станция құрылысы

Қуаты 2 МВТ

1700,0 млн.тенге

5

 

Қаланың негізгі өсу факторына сәйкес, аймақтың белсенді өндірістік дамуы бүгінгі таңда қаланың негізгі қорына инвестиция тартудан және өндірістік өнім өндіру қорын арттырудан облыс бойынша жетекші орындардың қатарында [3]. Нақтылы бәсекелестік саланы дамыту экономиканың жаңа құрылымын құруға, халықтың жақсы өмір сүру деңгейін біршама көтеруге мүмкіндік береді.

Тәуелсіз сарапшыларының бағалауына сәйкес, географиялық тұрғыдан қала аймағы «Жоңғар қақпасы» мен «Шелек дәлізі» арқылы өтетін ауа ағынының бойында орналасқан, қала энергетиканы дамытудың әлемдегі ең үздік жел «дәлізі» болып саналады. «ҚазГидро» институтының бағалауы бойынша, қуаты 50-ден 300 МВТ-қа дейінгі ГЭС құрылысын салу Қазақстан өзендеріндегі болашағы бар жеті учаскенің төртеуі Іле өзеніндегі Қапшағай аймағында анықталған. Қала мен аймақтың басымдылықтарын алғашқы болып итальяндықтар бағалады. Итальяндық кәсіпкерлердің инвестициясына салынған аквапарк (Қазақстандағы алғашқы) туристік бизнесті жаңғыртумен қатар, ұзақ мерзімді, өзара тиімді ынтымақтастықты көздейтін басқа да құрылымдарды дамытуда Қапшағай қаласының болашағы зор екендігін дәлелдейді [6].

Бүгінде қала тұрғындары өңірді жаңартып, жақсартатын маңызды мәселелерді шешуге барынша үлес қосуды парыз санап келеді. Олар ұлтаралық татулық пен бірлікті қадірлеп, Елбасының саясатын қолдауда. Оны дамудың дара бағытының, елдің жарқын болашағының негізі деп біледі [1]. Алдағы уақытта жүзеге асатын осындай ауқымды істер Қапшағайдың өркендеп көркеюіне тың серпін беретіні анық.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.     www.kapshagai.kz

2.     www.akim040800.kz

3.     www.almatyobl.stat.kz

4.     www.kapshagay-gov.kz

5.     erc-kap.kz

6.     kzs.808.kz