Экономические науки/2. Вычислительная техника и программирование
Айтбаева З.К., Абдикулова Е.Е.
Тараз мемлекеттік университеті, Казахстан
3DS Max программасын пайдаланып
жарнамалық ролик жасау
Қазіргі замаңғы
жоғарғы инновациялық технологиялардың
қарқанды дамуы, жаңаруы, компьютерлік технологиялардың
күрделенуі компьютерлік графика және анимация саласының
дамуын жоғарлай түсті.
3D Studio MAX пакетін үйрену өте
қиын және ол көптеген күйге келтірулерден,
құрал-саймандардан және менюлардан тұрады.
3DS Max - та жұмыс
істеудің жалпы ережесі бар. Бұл бағдарламада күрделі
жұмыстарды атқарғанда қойылған
мақсатқа жету үшін осы тәртіпті сақтаған
жөн, сонда жұмыс ұйымдастырылған болып есептеледі.
Сонымен сахнамен (сцена) жұмыс істегенде негізгі келесі этаптар
қарастырылады:
- модельдеу;
- текстурлау (текстурирование);
- анимациялау;
- визуализациялау.
Осы этаптар
қарастырылып орындалғаннан кейін, видео форматында
сақталынған қысқа роликтер Nero Express,
Windows Movie Maker бағдарламалары көмегімен
ары қарай өңделеді, яғни қысқа клиптер
біріктіріледі және дыбыс қосылады.
3D
(үшөлшемді) графикасы екіөлшемді графикаға
қарағанда әлдеқайда нақтырақ
көрінеді, яғни кез келген объектіні жан жағынан
қарауға мүмкіншілік береді. Осындай қасиеттерге ие
болған үшөлшемді графиканың жаңа инновациялық
өмірдегі ролі өте жоғары болып, қарқынды дамуда.
Сонымен сахнамен (сцена) жұмыс істегенде
негізгі келесі этаптар қарастырылады:
- модельдеу;
- текстурлау (текстурирование);
- анимациялау;
- визуализациялау.
Модельдеу. Атына сәйкес бұл этапта біздің сахнаны
құрайтын модельдерді
құрамыз. Дәл осы этапта барлық модельдерді қайтып
бұл этапқа қайтпау үшін модельдеп бітірген дұрыс.
Жалпы модельдеу этапы ең күрделі және комплексті этап десек
те болады, себебі 3ds Max арнайы модельдеуге арналған және осы жерде
үшөлшемді графиканың негізгі қасиеттері мен модельдері
2 суретіне сәйкес өңделеді.

Сурет 2. 3ds Max бағдарламасында модельдеу
этапы
Текстурлау. Барлық
қажетті модельдер алынғаннан кейін, текстураны салу үшін біз
келесі этапқа, яғни текстурлау этапына көшеміз. Бұл
этаптың да атқарар қызметі жоғары, дәл осы этапта
біз қажетті материалды таңдаймыз, оған қажетті
жарық пен мөлдірлікті және басқа қасиеттерді береміз,
ол визуалды біздің суретті тірілтуге көмектеседі.
Анимациялау. Сахнаға
төртінші этапты қосу – уақыт. Бұл этапты мінездейтін
болсақ, бұл этап 3ds Max бағдарламасындағы
күрделі этаптардың бірі болып табылады. Уақытқа
байланысты объектілер параметрлерінің өзгеруі анимация эффектілерін
туғызады.
Кез келген анимация трегіне
кілттік кадрды қосуды Add Key
(кілтті қосу) командасының көмегімен
жүзеге асыруға болады, ол Track
View (тректерді қарап шығу) терезесінде
орналасқан. Бұл терезені шақыру үшін 6 суретіне сәйкес Graph Editors
(графикалық редакторлар) менюінде Track
View -Dope Sheet (монтажды стол-тректерді қарап шығу)
пунктін таңдау қажет. Бұл терезеде кілттік тректердің
қасиеттерін өзгертуге және тректерге дыбыс қосуға
да болады.

Сурет 6. Кілттік кадрларды қосуға,
көшіруге және ауыстыруға арналған
Track View терезесіндегі ақпарат өте көп
болғандықтан 3ds max
өңдеушілері қажет емес бөлімдерді фильтрлеу
мүмкіндігін қарастырған. Track
View терезесінің жоғарғы сол жақ шетінде Filters
(Фильтр)
пиктограммасына басыңыз.
Осы жерден анимацияға
қажетті ғана объектілерді 7 суретіне сәйкес
таңдауға болады.

Сурет 7. Track View терезесінде тек анимациялық тректер көрінуі
үшін Animated Tracks батырмасын белгілеу қажет
Қолданған
әдебиеттер тізімі
1. 3DS MAX 8 для «чайников». Пер. с анг. – М.: Издательский дом «Вильямс»,
2006, – 368 с., ил. Парал. тит англ
2. 3DS MAX 6.0 Windows: Пер. с
англ. – М.: ДМК Пресс 2004. – 624 с., ил.
3. 3DS MAX 6.0: Практический курс.: 2004. – 384 с. – Серия книг
«Ваш персональный компьютер».