Современные
информационные технологии/Программное обеспечение.
Нурпеисова Ж.С.
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті,Қазақстан
Интернет дүкендердің жетістіктері мен
кемшіліктері
Интернет-дүкен (ағылщ. online
shop немесе e-shop) – бұл тауар немесе қандай да бір
қызметтіне жарнама жасайтын, тұтынушыға төлеу
нұсқасын таңдауға мүмкіндік беретін. Техникалық
жағынан қарастыратын болсақ, веб-бетке ендірілген және
Интернет арқылы фирма өнімін стауын қамтамасыз ететін
көп функционалдық программалық модуль ретінде
анықтауға болады.
Қазіргі кезде
интернет кеңістігінде интернет дүкендердің саны күн
сайын өсіп жатыр, себебі, ақпараттық технологиялар
әлемінде интернет дүкендерде қандай да бір заттарды сатып алу
өте ыңғайлы және тиімді. Соның ішінде,
Қостанай қаласында, арнайы сұрауы бойынша қала
тұрғындары келесі интернет дүкендермен таныс және осы интернет-дүкендерден
өз қажеттіліктерін қамтамасыздандыруда: lamoda.kz,
alibaba.com, bonbrix.kz, kupivip.kz, ozon.ru, wilberries.kz, aliexpress.ru,
Eldorado.ru және т.б..
Интернет-дүкендерде
сатып алушы қажет тауардың кез келгенің тауып алады,
бөлшек сауда қарапайым тұтынушыларға үйден
шықпай–ақ тауар сатып алуға мүмкіндік береді. Интернет
дүкендер тәуілігіне 24 сағат бойы жұмыс істейді.
Тұтынушы өз қалаған затты тәуіліктің кез
келген уақыттында сатып
алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұтынушы
тауар каталогынанан асықпай қарауға, басқа интернет
дүкендермен ұсынылған сәйкес тауарлармен
салыстыруға мүмкіндігі бар. Егер тұтынушыда
сұрақтар пайда болса, ол мәселені шешу үшін онлайн
тәртібінде жұмыс істейтін менеджерлер немесе кеңес берушілер
болады.
Керекті тауарды
таңдап алған соң тұтынушы осы тауар бойынша
барлық сипаттамасын сайтта тауар сипаттамасынан қарастырады.
Интернет
дүкендердің жетістіктері:
-
Қолжетімділігі – ұнаған тауарды сатып
алушы үшін сатып алушы дүкендерді аралауға қажетті
жоқ, сатылымды үйде отырып орындауға болады.
-
Құпиялылығы – дүкендердің
сатып алушы туралы мәліметтерді құпиялы болуын
қамтамасыздандыруы.
-
Уақыттың үнемденуі – тауарды
таңдау кезінде онлайн тәртібінде қарастырғаннан,
уақыт үнемделінуі.
-
Төмен бағалылығы – тауарлардың
төмен бағасы, себебі, интернет дүкендер дәстүрлі
дүкендерге қарағанда, арнайы орынды жалға алмайды,
интернет аумағында бұл мәселе әлде қайда
арзанға түседі. Сондықтан интернет-дүкендерде тауар бағалары да төмен болады.
-
Жеткізу – сатып алған тауарды жеткізудің
сатып алушыға ыңғайлы түрін ұсынады.
-
Өнім туралы толық ақпаратты – тауарды
сатып алу алдында сатып алушы тауар туралы толық ақпаратпен танысып
алуға мүмкіндігі.
-
Таңдау еркіндігі – тауарды таңдау кезінде
сатып алушы өз еркінімен таңдауы.
Кемшіліктері:
-
Кемшіліктерінің бастысы ол – тауарды қолмен
ұстауға, киіп көруге, тексеруге болмайтындығы. Осыдан
тұтынушылар тауарды алған соң тауардың дұрыс
өлшеміне сәйкес келмейтіндігіне, сапасы төмен болуына немесе
егер тапсырылған тауар тағамдар блогына жататын болса, оның
жарамдылық уақытынан шығып кеткеніне көз жеткізеді.
-
Тауарды жеткізу уақыты – кейбір жағдайларда
тапсырылған тауардың қарастырылған уақытта
жеткізбейтінділігі.
-
Алаяқтық – дүкендердің көбі
алдын ала төлеу арқылы жұмыс істейді, осыдан алдымен
ақша жіберіледі, бірақ тауар жеткізілмейді, өйткені
дүкен жалған болып шығады. Әрі қарай бұл
іспен айналасу үшін тұтынушылар керек етпейді, себебі, ол
таңдап алған тауарлар арзан бағамен ұсынылған,
істі әрі қарай жалғастыру уақыт алады және іс
көтергеннен нәтиже
шығатынына күмән болады.
Интернет–дүкендер
қоғам өмірінің бір бөлігіне айналуында.
Сарашыларды пікірінше, болашақта адамдардың барлығы тауар
сатып алуын интернет арқылы іске асыратынаны келеді. Сондықтан,
әр адамның интернет дүкенінің жұмыс істеу
тәртібін, жетістіктері мен кемшіліктерін еске алуы жөн болады.
Әдебиеттер:
1. М.Прохорова, А.Коданина: Организация работы интернет-магазина. Изд.: Дашков
И Ко., 2011г.
2. М.Мейерсон, М.Скарборо: Основы интернет –маркетинга.Все, что нужно знать,
чтобы открыть свой магазин в интернете. Изд.: Манн, Иванов и Фербер. 2013г.