МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ

 

Жумадилова А.А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

Тараз қаласы

 

 Қазақ ғылымымен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халкымыздыц тұңғыш тарихшысы Мухаммед Хайдар Дулати (Хайдар Дулат). Енді ғана есін жиып, тәуелзіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үніле бастаған елдің тарихының өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен туркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың қай-қайсысын алсак та, оған жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды.

Солай бола тұрса да осындай біртуар тарланбоз жайлы енбектер бізде жоқтық қасы. Оның өмірі жайлы деректер де аз, ғалым шығармашылығына мемлекеттік тұрғыдан мән беріп зерттеп-бідіп жаткан ғылыми мекемелер де көрінбейді. Оның басты еңбегі әлемге әйгілі «Тарих-и-Рашиди» де қазақ тіліне аударылған жоқ. Бәлкім, бұл Хайдар Дулати шығармасының парсы тілінде жазылып дүние жүзіне шашырап кеткендігінен де болар. Сондықтан да біз осы бір, қайталанбас дара тұлғаның өмірі мен шығармашылығына кеңірек тоқтап өтуді жөн көрдік.

Тарихтан біз Шыңғысхан жаулап алған жерлерін көзі тірісінде ұлдарына бөліп бергенде, Алтайдан Атырауға дейінгі өлкенің Шағатайға тигенін білеміз. Ал ол қайтыс болған соң, Мәуренахр мен Казакстан жерлерін одан тараған ұрпақтары үзлістермен болса да, кезегімен билеп келгенімен, XIV ғасырдын ортасына таман Шағатай мемлекеті екіге бөлініп, Орта Азияны Әмір Темір (1336—1405) иемденді де, Моғолстан (Жетісу мен Шығыс Түркістан) жағы, қазіргі Қырғызстан мен Қазақстан жерлерін қоса, Шағатай ұрпақтарының қолында қала берді. Өзі тұрақтап қалған мемлекеттін шекарасы жайлы Мұхаммед Хайдар Дулати былай дейді: «Моғолстанның шығыс шеті қалмақ жерімен шектесіп Барыскөл, Еміл, Ертісті қамтиды. Терістікте оған Кекше теңіз (Балқаш), Бұм, Каратал қарайды. Батыста —Түркістанмен, Ташкентпен, оқтүстігінде Ферғана уалайатынымен, Турфанмен шектеледі».
         Хайдар Дулатидін бабалары кезінде осы елдін тарихында үлкен рөл атқарып, биік мансапқа ие болған Жетісу мен Қашғарды мекендеген дулат тайпасының белгілі бектері еді. Олардық Моғолстан тағына өз адамдарын отырғызған сәттері де болған. Қалық қол басқарып, ерлік көрсеткеніне риза болган хан әулеті Шағатай тұсында-ақ ғалым бабаларына Маңлай Сүбе деп аталған осы күнгі Қашғар жерін сыйга тартқан. Олар онда жеке патшалық құрды. Бірақ тақ, үшін таласта Дулат тайпасы да өзгелер секілді өзара тартыскатүскен. Соның салдарынан Қашғарияны ғалымның Мұхаммед Хайдар ныспылы аттас бабасынан Әбу Бәкір Дулати деген тағы бір атасы 1480 жылы тартып алып, Ақсақ Темір ұрпақтары билеп тұрган Орта Азияға кетуге мәжбүр еткен.

Бірақ жаңа мекенінде де ғалым бабасының тыныш өмірі ұзаққа созыла қоймаған. Жошы ханнын батыс Сібірді мекен еткен кіші ұлы Шайбанидің әулеті Ақсақ Темір ұрпақтары арасындағы алаусыздықты пайдаланып, олардың жерлерін тартып алуға әрекеттене бастаған. Бүл іс Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан (1412—1468) тұсында басталғанымен, оны ханның немересі Мұхаммед Шайбани ғана жүзеге асыра алды . XV ғасырдың соңына таман Дешті Қыпшақ елінің басын кұрап, үлкен күшке айналдырған ол, енді ат басын Мәуеранахрға қарай бұрды. Бұл ретте Ашанас, Сығынақ,Өзкент, Аққорған, Қыпшақ, Сауран секілді Сырбойы қалалары мен қоныстарын өздеріне бағындырған көшпелі өзбектерге тақ үшін таласып қырық-пышақ болған Темір әулеті жөнді тойтарыс бере алмады. Орта Азияға бірнеше бағытпен сыналап енген шайбандықтар бірте-бірте Ташкентке жақындай түсті.

 

 Мухаммед Хайдар 1499 жылдың осындай қиын-қыстау күндерінің бірінде Ташкент қаласында Мұхаммед Хусайын Дулатидің (?-1508) отбасыңда дүниеге келді. Мұхаммед Хұсайын ұлына жоғарыда айтылғандай өз әкесі Мұхаммед Хайдар Дулатидің атын берген. Өйткені Әбу Бәкір Дулати Қашғариядан қуып жіберген Мухаммед Хайдар Дудати ол кезде тірілер санатында жоқ еді.

Ташкентті 1482—1485 жылдары Жүніс хан басып алғанымен, соңынан оны (1490) Хайдар мырзаның әкесі Мұхаммед Хусайын Дулати кайнағасы Махмұт ханның атынан билеп тұрды. Мұны ағылшын шығыстанушысы Ч. А. Стори де (1888—1967) «Мұхаммед Хусайынды Ташкенттің билеушісі етіп қашғарлық Махмұтхан қойып еді» деп растайды.

Мухаммед Хусайын Омар шейхпен көңілі жарасқан достар екен. Сондықтан да ол Ахсикентте баз бір кездері онымен екі жыл бірге тұрыпты. Артында калың елі дулаттар тұрғандықтан да, ол өз иелігін мығым ұстаған. Айтқаны орындалып, дегені жүрген, халқының қадірлі адамы болған. Сөйткен МұхаммедХұсайын ұлына Маула Мухаммед атты білімді де білікті кісіні тәрбиеші етеді. Ол бала құран кәрім сүрелерін жаттатып қана қоймай, әліппе де оқытып, сауатын ашқан, жазу, сызуға үйреткен. Ч.А. Стори Хайдар мырзаның дәріскерлері ішінен Мұхаммед Кади ныспылы Мухаммед бин Бурһан ад-Дин Самарқанди (?—1516) атты белгілі оқымыстының да атын атап кеткен.

Хайдар мырза бірақ Мұхаммед Шайбани зобалаңына байланысты оқуын жалғастыра алмаған. Өйткені оның балалық шағы, жоғарыда айтылғандай, Мұхаммед Шайбанидің Орта Азияның қалалары мен қоныстарын, елді мекендерін басып алып,ӘмірТемір ұрпактарын куа бастаған кезге тұс келді.Шынында да Мухаммед Шайбани аз ғана уақыт ішінде, яғни 1500 жылы Бұхара, 1501 жылы Самарқан, 1503 жылы Ахсикентпен Ташкентті, 1504 жылы Әндіжан, 1505 жылы Хорезм, 1507 жылы Герат, Астрабад, Гурганға да ту тігіп үлгерді.Басқыншының тегеурініне шыдай алмаған Бабыр соғыса-соғыса Кабулға қетуге мәжбүр болды.

 1508 жылы осындай аласыпыран кездері Хайдар мырзаның әкесі Мұхаммед Шайбани кісілерінің қолынан қаза табады. Жетім қалған Хайдар мен әпкесін туыстары әуелде Бұхараға паналатқызады. Соңынан тәрбиешісі екеуін Бадахшанға аттандырады.

Шайбандардың құрығы жете қоймаған жерлердің бірі таулы Бадахшан мен оның астанасы Қала-и зафар болатын. Әмір Темір ұрпақтарының асуы киын таулар ортасындағы иелігі болған осы шаһар — «Қала-и зафар», яғни «Жеңіс қаласы» деп тектен-текке аталмаған-ды. Соңғы жылдары ол Сұлтан Махмұт мырзаның Хан мырза, кейде бірак Мырза хан деп те аталып кеткен. 9жасар Хайдар мырза, сөйтіп жауға оңай алдыра қоймайтын.

Қала-и зафар қамалына 1508 жылдың соңғы айларында келген. Содан мұнда ол 1509 жылдың қарашасына дейін болған. Хайдар мырзаның мұнда өткізген кезеңі жайлы әлі-әзір қолымызда деректер жоқ. Оның мұнда бір жылға жетпей-ак тағы да өзге мекен іздей бастауының да себебін білмейміз. «Жау кай жақта'» деп елеңдеумен күндері өтті ме, кім білсін?! Ақыры ол Кабулдағы бөлесі Бабырға кетеді.    

 

«Дулаттар... Жетісудағы ең ірі түркі тайпаларының бірі болатын және едәуір жерді алып жататын. Дулаттардың шонжар үстем тобы XIV ғасырда Шығыс Түркістандағы отырықшы егіншілік жерлерге де иелік етті. Мырза Мухаммед Хайдар дулат руының шонжарлары Шығыс Түркістандағы өз иелігін (иқта) XIII ғасырда-ақ алған» деп жазады. Шағатай хан өз мемлекетін (ұлыстарға) бөлгенде, ол Өртебеге (Өрте Бараққа), әмір Полатшының атасына Маңлай Сүбені берді... Оның шығыс шекарасы Құсан — (Құша) мен Тарбүкір, батыс шекарасы — Шаш (Ташкент), Ғаз бен Жакишман, оның соңғысы Ферғана уалайатына орналасқан; солтүстік шекарасы -Ыстық көл, ал оңтүсті-гінде Жарқан мен Сарыұйғыр. Әмір Полатшы билеген осы аталмыш жер Маңлай Сүбе деп аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше калалар болды. Олардың ішіндегі ең үлкендері Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент, Әндіжан, Аксу, Атбасы,Құсан.Осы қалалардың ішінен Әмір Полатшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап алды»

 «Тарих и Рашидидің» бірінші дәптерінде сөйтіп сол Тоғылық Темір ханнан бастап өзін Жаркенттен кетуге мәжбүр еткен Әбд ар-Рашид ханға дейінгі Моғолстанда екі ғасырға жуық уақыт арасында болған тарихи оқиғалар әңгімеленеді. Мысалы, Шағатай текті Шер Мухаммед хан (1415 қ .б.) мен Уәйіс ханның (?—1429) Моғолстанның тағы үшін болған қанды айқастары, Уәйіс ханның тілегіне жеткені, оның қалмақтармен болған сансыз соғыстары да баян етіледі.

 Хайдар мырза жазбаларының ішіндегі ең қызықтысы - әрине, халқымыздың тарихына қатысты мағлұматтары. Ғалым нағашы атасы Жүніс хан мен Уәйіс ханның кенже ұлы Есейбураның (1418—1462) билікке таласар тұстарын сөз еткен. Дешті Қыпшақ әміршісі Әбілхайырдан көп қысым көрген Жәнібек хан мен Керей ханның одан бөлініп, Моғолстандағы Шу мен Қозыбасыға келуі, Есенбұғаның оларды жылы қарсы алуы, соңынан Әбілхайыр қайтыс болған соң оның ұлысынан үдере көшкен елдің, Жәнібек хан мен Керей ханға келіп қосылуы жайлы айтуды да автор ұмытпаған. «Олардын, ұзын саны екі жүз мыңға жетті. Олар өзбек-қазақ деген атқа ие болды. Қазақ сұлтандарының билік құра бастауы 870 (1465) жылдан басталады. (Бірақ оны) Алла (бізден) артық біледі» — деп жазады Хайдар мырза..

Сөйтіп, қазақ халқының тарих сахнасына көтерілген кезі 1465 жыл екенін Хайдар мырза шегелей көрсеткен. Одан әрі ол: «содан қазақтар 940 (1533—34) жылға дейін Өзбекстанның (көшпелі өзбектер жөнінде айтып отыр — Ә. Д.) көпшілік бөлігін тұтастай биледі. Керей ханнан кейін Мұрыңдық хан болды. Сонан соң Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Ол өз билігін Дешті Қыпшаққа да жүргізді. Оның әскері миллионнан да көп еді. Жошы ханнан кейін бұл үйден одан қүшті хан шыққан емес. Қасымнан соң оның баласы Мамаш хан болды. Одан кейін Тақыр хан болды. Осы Тақыр хан тұсында қазақтар көп қиыншылықтарға ұшырады. Одан кейін оның бауыры Бұйдаш хан болды. Қысқаша айтқанда, Есенбұға ханнан бастап Рашид ханға дейінгі аралықта моғолдар мен қазақтар тату-тәтті, тыныштықта өмір сүрді, бірақ оны Рашид сұлтан бұзды» деп жазады ол. Ол рас та еді. Өйткені Рашид сұлтан қазақтардан гөрі шайбандарға көп мойын бұрған, солардан одақ іздеген.

 Сөйтіп, қазақ хандығының пайда болуы мен тыныс-тіршілігі, өмір сүрген ортасы һәм көршілерімен болған қарым-қатынасы жайлы Хайдар мырза секілді дәл осылай жүйелі де нақтылы жазған қаламгерлер кемде-кем-ақ.Ғалым бабамыз сондай-ақ өз жазбаларында көп ретте әдеби тәсіл — шегініс жасауды да шебер пайдадана білген. Мысалы, ол Жүніс ханның тақ үшін таласта жеңіліске ұшырағаннан кейін Иран (жаққа кетуі, соңынан Моғолстанға оралған соң Мір Қажы кеншінің қызы Исан Дәулат бегімге үйленуі, Сырбойында Әбілхайырдың,ұлы Бұрыж оғланмен шайқасып, кейін Ташкентке келуі, шейх Жамалдың тұтқынына түсіп қалуы, бірақ арада бір жыл өткен соң дулаттардын шейх Жамалды өлтіріп, Жүніс ханды құтқаруы, оның Моғолстанға қайтып оралуы кино жолағындай рет-ретімен көз алдыңнан өте береді. Оның ара-арасында Хайдар мырза Жүніс ханнық үш қызының тұрмысқа шығуы, Әмір Темір ұрпақтарының өзара қақтырыстары жайлы да айтып өтеді. Одан кейінгі тарауларда Жүніс ханның ұлы Ахмет ханның өмірі, қалмақтардың шабуы, өзбек-қазақ мәселесі, мырза Әбу Бәкір Дулатимен болған соғысты сипаттауда да шеберлік таныта алған.

 Хайдар мырза Сайд ханның өмірі мен жорықтарына да тарау арнаған. Ол не айтса да, қайсы тақырыпты сөз етсе де міндетті түрде баяндап отырған оқиғаға өз көзқарасын білдіріп кетеді.

 Сөйтіп, ол Моғолстанның хандары, дулаттан шыққан әмірлері мен бектері, онда өмір сүрген түркі тайпаларының, тыныс-тіршілігі, Әбілхайыр хан негізін салған Дешті Қыпшақ мемлекеті, ханның өзі және ұрпактарының Мәуераннаһрде, сондай-ақ ка­зак хандары һәм сұлтандарымен жүргізген соғыстары жайлы тәптіштей баяндаған. Хайдар мырзаның бір ерекшелігі ол тек шындықты ғана жазады. Тарихшы ғалымдардың барлығы да Хайдар мырзаның осы бір қасиетіне ерекше мән береді.

 Ал екінші дәптердің тарихи-мемуарлық сипаты бар. Мұңда ол өз өрмірбаянын тілге тиек еткен, әрі оны бірінші дәптерден бұрын туындатқан. Мұнда автор өзі көріп куәсі болған, басынан өткен немесе естіген жәйттар мен оқиғаларды қаз-калпында баяндаған.

«Тарихи Рашиди» ұзақ жылдар бойы колжазба күйінде калып келгендігіне қарамастан, тарихи деректердің нақтылығы, дәйектілігі, айқындылығы мен шынайылығына орай Үнді, Пәкістан, Ауғанстан, Иран һәм Орта Азияның ғана емес, сондай-ақ Ресей, Еуропа елдері ғалымдарының назарында аударумен келеді.

Шоқан Уалиханов (1835—1865) Хайдар мырза еңбегін зерделей оқып, құрметпен қараса, В. В. Вельяминов-Зернов (1830— 1904) Хайдар мырзанын қазақтар туралы деректеріне қатты мән бере келе: «Мұхммед Хайдардың жазғандарының барлығы дерлік — жаңалық және мейлінше қызғылықты. Әңгімелері қай жағынан қарағанда да үйлесімді және жауапкершілігімен ерекшеленеді»,—дейді. Әрі ол бабамыздың жазбаларын өз зерттеулеріне молынан пайдаланған. Орта Азия мен Қазақстан тарихын кенінен зерттеген В. В. Бартольд те Хайдар мырзаның еңбегіне зор мән берген. Кеңес дәуірінде «Тарихи Рашиди» жайлы әр жылдары Ә. X. Марғұлаң, Н.Н. Мингулов, Т. И. Сұлтанов, Б.Қожабеков, өзбек оқымыстыларынан Р.Г.Мукминов,С. Ә. Әзімжанова, X. Хасанова және тағы басқаялардың үлкенді-кішілі зерттеулері жарияланды. Әлкей Марғұлан Хайдар мырзаны казақтың тұңғыш тарихшысы деп атаған. «Тарихи Рашидидің» кейбір үзінділері ағылшын, орыс қазақ тілдеріне аударылып жарияланғанымең, күні бүгінге дейін ол толық бас-па бетін көрген жоқ.

Мухаммед Хайдар Дулатиді бiз негізінен тарихшы ретінде танып, бағалап келдік. Солай бола тұрса да, оның ақын, болғанығы жайлы айтылғанымен, поэзиясы жайлы ешқандай нақтылы деректер жоқ.