Астана қаласы
№ 63 орта
мектебінің тарих
пәнінің мұғалімі
Ыбырай Гүлжаухар Құлахметқызы
Тарих сабағында тұлғаның
шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.
«Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры-ұстаздың қолында» деп елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев айтқан болатын. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің
алдында тұрған басты міндет-егеменді еліміздің тірегі-білімді
ұрпақ тәрбиелеу. Үшінші мыңжылдықтың
басында ақпараттық кезеңге қадам бастық. ҚР
білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында айқын
көрсетілгендей, қоғамымыздың жаңа
әлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде оқу
бағдарламаларын өзгертуді, оқытудың жаңа технологияларын
енгізуді көздейді. Сондықтан да менің таңдап
отырған баяндамамның тақырыбы: «Тарих сабағында
тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту
жолдары.»
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің
көзі. Адам баласының сөйлей бастағанынан бастап
бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері
шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа
ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол
жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс –
әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей
жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға
қол жеткізеді.
Білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алды. Білім
мазмұны жаңа үрдістік біліктермен байи түсуде. Ауызша
және жазбаша, телефон, радио байланыс – қазіргі заманғы
ақпараттық-коммуникативтік технология құралдарына ығысып
орын беруде. Нарық жағдайындағы білім беру
бағдарламаларының нақтылануымен де білім беру мазмұны
жаңаруда. Олай болса оқыту технологияларын жетілдірудің
психологиялық-педогогикалық бағыттағы негізгі
ой-тұжырымдары төмендегідей сипатталады деп ойлаймын:
1. Есте сақтауға негізделген оқып білім
алудан бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып,
ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу.
2. Білімнің статистикалық үлгісінен
ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым
жүйесіне көшу.
3. Оқушыға орташа деңгейде білім беретін
бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына
өту.
4. Мұғалім мен оқушының бірлік
одақта қызмет істеуі. Бір-біріне басымдық көрсетпеуі,
оқушының да, мұғалімнің де жеке
дара болуы.
Оқушыны дамыта оқытатын болсақ
ізденушілік-зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыруы жағдайы
басты назарда болмақ. Ол үшін оқушы өзінің
бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің
жағдайды шешуге қабілетсіз екендігін сезінуі керек.
Осыдан кейін барып оқушының білім алуға
ынтасы артады, білім алуға әрекеттенеді, бұл жағдай оны
шығармашылыққа итермелейді. Оқушы алдына оқу
мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді .
Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтауарқылы
жүзеге асырылады. Әркім табылған шешімнің
дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.
Әр оқушыға өз ойын, пікірін, дәлелдемесін
ашық айтуға мүмкіншілік беріледі, жауаптар тыңдалады,
талдаулар жасалады. Әрине,оқушылардың барлығының
бірдей жауаптары барлық жағдайда дұрыс бола бермейді,
дәлелдердің де нақты болуы да мүмкін емес. Дегенмен,
әр оқушы жасаған еңбегінің нәтижесімен
бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесімен
қорытындылауға үйренеді.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін
мектеп ұжымдары әр мұғалім күнделікті ізденіс
арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл
жол ашарлық қарым-қатынас жасау. Оқыту түрлерін,
құралдарын одан әрі жетілдіруде тиімді әдістерді
қолданудың жолдарын іздестіру қажет. Қазіргі білім беру
саласындағы оқытудың озық ақпараттық-коммуникативтік
технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу
мүмкін еместігі айдан анық.
Қазіргі таңда көрнекі
құралсыз оқушыларды сабаққа ынталандыру,
олардың алған білімдерінің тиянақты, баянды болуы
қиын. Мұғалім әңгімесіндегі тарихи, географиялық
орындар мен атаулар картадан көрсетіліп жатса, аты әйгілі, белгілі
тарихи қайраткерлердің портреті ілініп, оның жеке
басының қасиеттеріне сипаттама берілсе, белгілі бір
қамалға жасалған шабуылдың суреті ілініп, ондағы
жағдайлар аудио не бейнефильммен толықтырылса, ал белгілі бір
елдің саяси, экономикалық және мәдени дамуын
көрсететін статистикалық мәліметтер тек ауызша ғана
айтылмай, ілулі тұрған таблицалар мен диаграммалардан
көрсетіліп, ол елдің кейінгі жетістіктері алдыңғылармен
салыстырылып жатса, әрине, алған білімдерін оқушылар
ұзақ уақыт естерінде сақтайды.
Көпшілік жағдайда оқушының
шығармашылық қабілетін ашуға тарих кабинетіндегі
құралдар болып саналады.
Оның бірі – техникалық құралдар. Тарих кабинетінде
сабаққа қажетті техникалық құрал-
жабдықтар, бейне тарихи фильмдердің барлығы оқушылардың азда болса ой туғызары анық. Мысалы: «Көшпенділер», «Жау жүрек,мың бала»,
Жәнеде кез-келген сыныпта нашар оқитын
оқушылар болатыны анық сол оқушыларды ынталандыру үшін
сыныптағы жақсы оқитын оқушылармен екеу – екеуден топтастырып, төмен оқитын
оқушының шығармашылық қабілетін ынталандыру
үшін оқушыға жағымды сөздерді көбірек айтып
отыру керек. Мыс: жарайсың, өте дұрыс айтасың немесе
қате айтылса мына жерді мынадай етіп дұрыстасақ боладыма?-
деп өзінен рұқсат сұрағанымыз дұрыс. Себебі
ол нашар оқитын оқушының бірте-бірте өзіне деген
шығармашылық қабілетін қалыптастыруға болады. Себебі көпшілік жағдайда
нашар оқитын оқушыларға назар аударылмайтындындығы мен шығармашылық
қабілеттерін ашу шектеліп қалатындығы анық
құбылыс екендігі анық.
Сынып
оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру
мен ашуда көрнекі құралдар жоқ, мен қалай ашамын
деп отыра бермей қабілетті мұғалім қарапайым
тақтаменде оқушының
қабілеті мен бойындағы шығармашылық қабілеттерін
аша алады. Сынып тақтасын тиімді пайдаланатын мұғалімдер
көбіне оған қосымша әр түрлі көрнекілік
материалдарын пайдаланады. Ал, бұған керісінше көптеген
сабақтарда сынып тақтасы мүлде пайданылмайды. Көпшілік
жағдайда сынып тақтасына сабақтың тақырыбы,
сабақтың негізгі мәселелері, терминдер, кісі аттары, тарихи
атаулар, статистикалық мәліметтер, даталар жазылып,
хронологиялық және басқа да таблицалар, схема-сызбалар,
диаграммаларды қысқаша
сызып оны сыныптағы оқушылардың өздері
оқыған немесе түсінген түсініктері бойынша
жалғастырылса сабақ барысында
көптеген жұмыстар атқаруына мүмкіншілік береді.
Сонымен қатар тарих кабинетінде
интерактивті тақта, не болмаса
проектор болса, тіпті жақсы, сіз жоғарыда айтылған
сабаққа қатысты мәліметтерді алдын ала дайындап
оқушыға тек көрсетіп отырасыз.
Және де барлық сыныптарға
сыныптың деңгейлері
бойынша берілсе оқушылардың сабаққа
деген ынтасы, қабілеті және де бірнеше сабақтан кейін
ойының ұшқырлығы шығармашылығы
қалыптасады. Сонымен қатар сабақ барысында ойын
түрлерінде жаңартып отырған дұрыс.Мысалы : «Бұл
кім?», «Тарихи аукцион», «Үндемес», «Кім жылдам ? ».Аптасына 3-4
әдіс- тәсілді қолданып отырса, сыныптағы
оқушылардың көпшілігі шығармашылыққа
баулынады. Кез –келген жағдайда мұғалім бір бағытпен
сабақ жүргізіп, бір оқушыдан сабақ сұрай беретін
болса сыныпта сабақты
түсіну мен оқу құбылыстары төмендеп кетері
анық.Себебі бұндай жағдайларда үлгерімі төмен
оқитын оқушының
бойынан белгілі бір өзгерістерді байқауға
болатындығын көруге болады. Тіпті бірнеше сабақтардан
кейін үлгерімі төмен оқитын оқушылардың
арасынан көшбасшыны да
табуға болатындығы анық. Ал, дарынды оқушының
шығармашылық
қабілеттері шыңдала
түсіп арта береді.
Мұғалім мен оқушының
шығармашылығын арттыруға әсер ететін тағы бір
жағдай – онлайн сабақтарға қатысу. Онлайн
сабақтарда оқушылардың белсенділігіне жол берілмейтіндіктен,
сабақ соңында ол сабақты талқылау қажет,
әйтпесе өткізілген сабақтан пайда болмайды.
Оқу бөлімінің жоспарына байланысты
оқушыларды қашықтықтан өткізілетін
олимпиадаларға, байқауларға қатыстырып отырған
абзал, сонда оқушылардың көзқарастары кеңейеді.
Қазақстан тарихын оқып үйретуде
оқушылардың өзіндік
жұмысын мынадай түпнұсқалармен
ұштастыруға болады:
а)Оқулықпен;
ә)Тарихи көздер мен
материалмен:құжаттар,
фотоқұжаттар,статистика,көркем әдебиет және
басқалар;
б) Анықтамалық,
қоғамдық-саяси,ғылыми-көпшілік әдебиеттер,
б) Күнделікті бұқаралық
ақпарат құралдары;
в) Иллюстрация,диаграмма,кесте;
д) Жұмыс дәптерлері;
ж) Компьютер, электронды оқулық
Оқулықты пайдалану екі мақсатты:бір
жағынан,ол-білім қайнары, екінші жағынан,тарихи мәтінді
саналы оқуға дағдыландыруды және кітапты пайдалану
әдіс-тәсілдерін үйретуді көздейді.
Сондықтан сұрақтар мен
тапсырмалар,оқулық мәтіні,онда келтірілген
құжаттармен,иллюстрациялармен жұмыс істеген кезде
оқушылардың танып-білу жөніндегі белсенді
шығармашылық қызметін ұйымдастыруға
көмектеседі. Әр оқушының оқулық
мәтіні,құжаттар,түрлі қосымша деректермен
өздікжұмыс істеу дәрежесі әртүрлі
болғандықтан,олардың мәтінді түрлі
жылдамдықпен қабылдайтынын,сұрақтармен тапсырмаларды
түрлі деңгейде орындайтынын, осыған орай әртүрлі
дәрежеде көмек көрсету қажет екені
белгілі.Күнделікті әр сабақ тиянақты меңгертуді,
оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнатуды
мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығын
үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.
Оқулықпен өздігінше жұмыс істеу
белсенділігін арттыратын, шығармашылығын дамытудың басты
шарты-оқушылардың танып-білуге құштарлығын
арттыратын тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану: тарихи
оқиға, құбылыс,фактілерді таңдауға,ізденуге,
дәлелдеуге үйрету: қайшылықты, проблеманы
шешу;оқушының ой-пікір дербестігі мен еркіндігін барынша
кеңейту; сабақта проблемалық жағдай жасау; тың
деректермен жаңа білімді ала білу,пайдалану,іздену;материалды есте
қаларлықтай әсерлі баяндау және басқалар жатады.
Мектеп қабырғасында оқушы білім
стандартына сай білім алып қоймай, шығармашылықпен
айналысуына жол ашу – мұғалімнің бүгінгі
таңдағы міндеті.
Қорыта келе, мұғалім ізденісі білім
кепілі. Демек жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған
мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын
тәрбиелей алады.
Жаңа әдіс-тәсілдерді білім беру
саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік
жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Тәуелсіз
Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың
қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып
қалуының кепілі.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Н.Назарбаев. Қазақстан халқына
Жолдауынан. Астана, 2011 жыл
2.«ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы». Астана, 2010 жыл
3. Мұғалімге арналған
нұсқаулық, III деңгей, 2012 ж. 4, 40, 49-беттер
4.Қазақ тарихы,
ғылыми-әдістемелік журналы, №1,8
2010
5.Қазақ тарихы ,ғылыми әдістемелік
журнал № 3, 2006