Тулегенова Ш. И.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті Қазақстан, Қостанай қ.
А.ЗАКАРИННІҢ «АБЕЛЬ, ГАЛУА, ЛОБАЧЕВСКИЙ, ЭЙНШТЕЙН»
ЕҢБЕГІНДЕГІ ЛОБАЧЕВСКИЙ ЖӘНЕ ЭЙНШТЕЙН БЕЙНЕСІ
Орыстың
ұлы математигі Н.Лобачевский 1792 жылы Еділ өзенінің бойында,
бұрынғы Нижний Новгород қаласында почта тасып күнелткен
қарапайым қызметкер Иван Максимович Лобачевскийдің отбасында
дүниеге келген. Оның анасы Прасковья Александровна шала
ғана хат танитын кісі
болған екен. Николайдың 5 жасында әкесі қайтыс болып,
анасымен және екі бауырымен жетім қалады. Балалық шағы
жоқшылық пен риясыз мұқтаждыққа
малтықтырып, бір үзім нанға зар болып өткізеді. Тек ана
мейірімі, ана шапағатының арқасында аш-жалаңаш
жетімектер басты торлаған аштықтан аман қалып, өзге
балалар қатарлы оқуға қолдары жетеді. 9 жасар Николайды
анасы гимназияға береді. Сол мектепте
оқып жүрген кезде математика мұғалімі Карташевский
математикаға деген сүйіспеншілігін оятады. Одан үлкен
үміткер мұғалімдер енді оны университетке түсуге баули
бастайды. Ол үшін арнап есептер,
теоремалар беріп, өз бетімен шығарып және дәлелдеуге жаттықтырған.
1807 жылы Лобачевский өз қатарлы оқыған шәкірттерден озып шығып, университетке түседі. Жоғары оқу орнына түскен жылы туған ағасы Александр суға кетіп, тосыннан қаза болады. Бұл қазаның Лобачевскийге ауыр тигені сондай, төсек тартып ауырып та қалады. Дерттің тақсіретін тарқан Николай дірігер болсам деген оймен екі жылдай дірігерлік факультетте оқиды. Бірақ оның бар арманы Пифагор мен Евклидтің жолын қуу болды. Сөйтіп, Лобачевский Евклидтің жолына түсіп, математиканы өзіне өмірлік серік етіп, біржола ізіне түседі. Есеп өнеімен Лобачевский 15-16 жасынан бастап шұғылданады. Лобачевский Евклидті түгел зерттеп, оның «әлсіз жерлерін» сынаған.
Лобачевский оқған Қазан университетінде Германиядан, Франциядан шақырылған профессорлардың ішінде аса дарынды математиктер бола қоймаған. Олардың көбісін жас математик кешікпей басып озып, математиканың негізгі мәселелеріне бірден қожа бола бастайды. Лобачевскийдің қабілетін жоғары санаған педагог – профессор Бартельстің айтуынша Лобачевский жас кезінің өзінде-ақ Европа университеттерінің кез келгені ардақтайтын ғалым дәрежесіне көтерілген. Университет бітірісімен оны кафедраға қызметке қалдырып, 1811 жылы, 18 жаста, ол магистр атағын алып, университеттің белгілі оқытушылар қатарына енеді. Үш жылдан кейін, 1814 жылы, Лобачевский доцент деген атаққа ие болады. Сөйтіп, ғылымның асқар шыңына өрлеген Лобачевский 24 жасында профессор атағын алады.
1819-1820 жылдары Қазан оқу округының бастықтары өзгеріп, ойламаған жерден оқу бөліміне меңгеруші болады. 1827 жылы Лобачевский Қазан университетінің ректоры болып сайланады. Бұл орынға ол қатарынан 5 рет сайланып, жиырма жылдай ректорлық қызмет атқарған. Лобачевский атақты математик болумен қатар орыс университетінің белгілі ұйымдастырушысы, көрнекті мәдени қайраткері болған. Қазан университетін Европадағы атақты университтер қатарына көтерген.
Лобачевский орта мектепте математиканы оқыту жөніндегі көптеген кітаптар жазған. «Гимназиялардағы математика мұғалімдеріне жетекші» деген атпен мұғалімдерге арналған педагогикалық құрал, мұғалімдерге деген «Жетекші» құралын жазды.
Лобачевский Қазан университетіне көптеген жаңалықтар кіргізген, кітапхананы Россиядағы ең бай, қоры бүкіл елге қазына болғандай дәрежеге жеткізген, ғылыми еңбектер басылатын, жыл сайын шығатын «Жазбалар қорытындысын» жарыққа шығарған. Сол Лобачевский ұйымдастырған «Ғылыми жазбалар» осы күнге дейін шығып тұрады.
Лобачевский жайында жазылған естеліктер көп. Соның бірі өзінің ұлы қалдрған естеліктер[1,100]. Баласының айтуынша әкесі 39 жасында 16 жасар қызға ғасыш болып үйленіп, бірнеше балалы болған екен. Лобачевскийдің отбасында барлығы 18 адам болған. 1893 жылы тірі қалғаны – бір ұл, бір қыз. Ұлы армияда жүріп қазынаның ақшасын жеп, сол үшін Сібірге айдалған. Лобачевский өлерінен бірер жыл бұрын екі көзден бірдей айырылып, үй ішінің өзінде балалары жетектеп жүретін болған. Кейбір ғылми еңбектерін де шәкірттеріне жатқа айтып жаздырған деседі. Оның үстіне шаруашылығы өте нашарлап, бір қарыздан екінші қарызға ұшырап, біресе үйін сатып, біресе жерін сатып қатты қиналған екен. Осындай ауыр жағдайда жүргенде қатты ауырып 1856 жылы 12 ақпанда қайтыс болады.
Лобачевский қайтыс болғаннан кейін ол туралы мәліметтер Парижде, Берлинде, Римде және басқа ірі қалаларда басыла бастайды. Ол кісінің асқан адамгершілігі, әрқашан да өзгеге қол ұшын беріп, көмек етуге дайын тұрғандығы жайлы және оның математика саласына қосқан үлесі жайлы мағлұматтар жарияланды.
Лобачевский
өзінің еңбегінде геометриясы берілген түзудің
бойында жатпайтын нүкте арқылы түзумен бір
жазықтықта жататын және онымен қиылыспайтын кем дегенде
екі түзу жүргізуге болатынын көрсеткен; геометрияның планиметриясы мен стереометриясының ережелерін
көрсетті, геометрияда ұқсас бірақ бір-біріне тең
емес үшбұрыштар кездеспейді, егер бұрыштары тең болса,
ондай үшбұрыштар өзара тең болады; егер түзулерде
ортақ перпендикуляр болса, онда олар
перпендикулярдан екі жаққа шексіз таралады; түзулерден
тең қашықтықтағы сызық түзу емес,
ерекше қисық, ол эквидистанта немесе
гиперцикл деп аталады; шексіз ұлғаятын
дөңгелектің шегі түзу емес, ерекше қисық,
ол шектік шеңбер немесе орицикл деп аталады;
радиусы шексіз ұзаратын сфераның шегі жазықтық емес,
ерекше бет, ол шектік сфера немесе орисфера деп
аталады; шеңбер ұзындығы радиусына пропорционал емес, ол
шапшаң өседі.
Лобачевский
геометриясында салу есептері, көпжақтар,
қисықтар мен беттердің жалпы теориясы, т.б. есептердің
шешулері қарастырылады. Лобачевский өзінің геометриясын
анықталған интегралдарды есептеуге қолданған.
Лобачевский геометриясы көмегімен кешенді айнымалы функциялар теориясында
автоморфты функциялар теориясы құрылды. Ол сандар
теориясында, дербес салыстырмалық теориясы кинематикасында,
жалпы салыстырмалықтың теориясында қолданылады.
А.Закариннің
еңбегіндегі келесі математик – Альберт Эйнштейн.
Альберт Эйнштейн 1879 жылдың 14 наурызында Ульм
қаласындағы ұсақ саудагер Герман Эйнштейн мен Полина
Кохтың отбасында дүниеге келеді. Альберттің анасы Полина Кох
баласының басы желкесіне қарай шодырайып біткенін көргенде
ішінен «жарым бала таптым ба?» деп күйзелсе керек, бірақ өсе
келе ұзын бұйра шаштың астында бұл оғаштық
білінбей, қайта басын көріктендіріп жіберген [2,136].
Алберт оқу жасына келісімен
сол жердегі католиктік мектепке береді. Бұл мектепте оған барынша
діни түсініктерді таңуға тырысса да, оның кейін
ғылыми кітаптарға ынтызары ауып, ақыры ғылым
жолына бет бұрады. Бастауыш мектепті он жасында бітіріп, Луитпольд гимназиясына
түседі. Гимназияда оқып жүрген кезде, Альберт
қиын оқушылар қатарына жатқызылып, оның
тәртібі туралы мұғалімдер арасында көп
әңгіме жүрді. Мұғалімдермен
пікірталастыруға бейім тұратын ол математика мен латын тілі
пәнінен басқа сабақтарға салғырт қарап,
жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей оқыған.
Бастауыш мектепте католик діні оқылса, гимназияда еврей балалары
үшін еврей діні оқытылған. Ол еврей дін қоғамынан
қол үзіп, барлық дін атаулыдан безеді.
1895
жылы Эйнштейн Швейцарияның солтүстігіндегі Аарау
кантондығындағы жоғары дәрежелі реальдық
оқу орнына түседі.
Бұл білім ордасында оқып жүріп Альберттің
физикаға деген ынтасы артады. Оны әлемнің неден, қалай
құрылғаны еліктіріп, қызықтырады. Осылайша,
болашақ ғалым 1896
жылдың күзінен Цюрих
қаласындағы Жоғары политехникалық училищенің
даярлайтын факультетінен бастайды. Осы оқуды бітірген соң сол
училищеде сабақ береді. Білім ордасында жүріп ғылым
тереңіне бой ұра бастайды. Эйнштейннің өзінің
көптен көксеген арманына – физика мен математикаға біржолата
бет бұрады. Күндіз ол
физика лабораториясында тәжірибелерді өз қолынан
өткесе, үйде Кирхгоф, Гельмгольц, Герц, Максвелл тағы
басқа физиктердің еңбектерін оқып-үйренумен
болады.атақты физик Лоренцтің жаңа шыққан
идеясымен де осы училище қабырғасында танысады. Сөйтіп,
Минковский мен Лоренц бірі математик, бірі физик – Эйнштейннің
алғыр ойына сәуле шашқан ең сүйікті
ұстаздары саналады. 1899 жылы аталған оқу орынын
аяқтайды. Жұмыстан шығып қалған
Альбертқиналып, Италиядағы
нағашыларына барып, скрипка ойнап күн көреді. Болашақ
жары Марич Милевамен танысып,
1903 жылы үйленеді. Бір жылдан соң
Ганс Альберт деп
тұңғыш ұлдары дүниеге келеді.
Эйнштейннің болашақ ғалым ретінде қалыптастырған
оның озық ойын ұштап, қанат қатайтқан
философиялық үйірмесін ашады. Аталмыш Академияның
құрамында үш-ақ мүше болады. Физик - Эйнштейн, математик - Габихт, философ - Соловин. Эйнштейн өзіне лайықты қызмет таба
алмаған соң күн көрудің қамымен физика пәнінен сабақ береді.
Академия құрамындағы үш мүше. Үшеуі бір
мезгілде жиналып, бір кітапты бірігіп оқып, соңынан
талқылайтын болған. 1909 жылы Цюрихтің мемлекеттік
кеңесі Эйнштейнді физика теориясының профессоры етіп
тағайындайды. Ғалымның екінші ұлы – Эдуард 1910 жылы
дүниеге келеді. Табиғатынан ділмар, шешен болмағанмен,
физиканың жетік білгірі Альберт Эйнштейн лексияны өте тартымды
оқыған. Студенттер оның қарапаймдылығына,
сабағының аса түсініктілігіне үнемі таңданатын
болған. 1913 жылы Пруссияның оқу-ағарту министрі
Эйнштейнді Берлиндегі Пруссия Академиясының физика-математика
бөліміне толық мүше етіп тағайындайды. Ғалым
көп уақытқа дейін Берлиндегі монархизмге,
әдет-ғұрыпқа дағдылана алмайды.
Өзінің әйелі Милевамен ажырасып, 1919 жылы Берлинге
қайтып келіп өзінің шөберелес қарындасы Эльза
Эйнштейнге үйленеді. Эйнштейн
АҚШ сапарға шығып 1930-1932 жылдар аралығында
лекциялар оқиды. 1922 жылы оған Нобель сыйлығын
ұсынады.
Эйнштейн – ұлы
ғалым, ірі қайраткер, ғажап музыкант, жақсы дос.
Оның бойынан асыл, зиялы қасиеттердің бәрі де
табылады. Жеңіл, ауызекі
көңіл көтермекке айтылатын қалжыңның шебері
Эйнштейннің табан астында шығарып айтып жіберетін суырып салма
ақындығы да болған.
Эйнштейн – физиканың
ғана ізіне түскен бірегелі ғалым емес, ол сонымен бірге
өнер адамы, ол ақтық демі біткенше скрипкада ойнап, Бах,
Моцарттардың сазды музыкасынан ләззат, Гейне, Шиллер, Толстой шығармаларынан
нәр алған.
Дүние жүзін
дүрліктірген Эйнштейн ғылымға «Кванттар теориясы» деген мақаласында жарықтың
ұсақ бөлшектері (кванттар) оның тек шығуынан
немесе жарық болып түсуінен пайда болмайды, олар – сол
жарықтың табиғатына тән қасиеттер деп сипаттайды.
Екінші мақала молеулалардың броундық қозғалыстары
туралы жазылған болатын. Егер заттың ұсақ
бөлшектері сұйықтармен араласса, онда ретсіз
қозғалыс пайда болады, сол арқылы заттардың денесіндегі
молекулаларды есептеп шығуға болатынын көрсетті.
Үшінші жұмысы
«Относительдіктің арнаулы теориясы» деп аталады [2,151]. 1909 жылы ол
өзінің «»Молекулалардың мөлшерін жаңаша табу»
деген еңбегін докторлық дисертация етіп, Цюрих университетіне
тапсырған. Эйнштейн «Қозғалыс пен жарық», «Ұзындық
пен уақыт» деп аталатын өзінің еңбектерін жазды.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Закарин А. Абель, Галуа, Лобочевский, Эйнштейн. 1968ж Алматы, «Қазақстан» баспасы.
2. Орманов Қ. Ел мен жер және тұлғалар тарихы. Алматы, 2014ж.
3. «Егемен Қазақстан» газеті №184-187 27 мамыр 2009 жыл.