Ә.Е.Ержан,  Р.А.Жумагалиев

Тараз мемлекеттік педагогикалық институы, Қазақстан

АБАЙ АҚЫЛДЫҢ ШЫҢЫ, АЛ ОҒАН ҚАРАП ӨСУ АДАМЗАТ ПАРЫЗЫ

   Әр ұлттың өзіне тән ақыл парасаты толық қалыптасқан ұлығы зиялысы мақтанышы болатындығы мәлім дүние. Ендеше, өз ұлтымыз қай ұлылығымен мақтана алады несімен шаттана алады десек сөзсіз бейнесімен ақыл парасаты толысқан Абай Құнанбайұлы атамызды қанымызға сіңдіріп, ойымызға байлап, қойғандай көз алдымызға ақыл есі дұрыс мен қазақпын дегендердің есіне келетіні рас сезім. Ұлықтыққа жету оңай дүние емес екені саналы адамға ауыр да қиын жауапкершілік. Сол ұлылықты қазақ халқы қалай таңдай білді, қалай даралай білді деген сұраққа ой жүгіртіп, ой таразысына салсақ, оңай шешілетін шаруа емес екенін байқаймыз. Сан ғасырлар бойы қазақ даласы ақындарға кемде болған жоқ. Бұған дәлел ретінде қазақтың жыраулары мен сал-серілері, билері мен батырлары ойшыл даналары мен саясаткерлері ақыл-ойдың мәйегін шағып, жілік майын ішкен тұлғаларды білеміз. Осы парасаттылыққа толы тұлғалардың әрқайсысы әр кезеңде өмір сүргені тарихымыздан белгілі. Бірақ, бәрімізге сөзсіз бір күмәнді сұрақ туады -неге беріде өмір сүрген Абай қазақтың ұлығы атанды? Абайдан да ақындық шабыты әлдеқайда жүйрік, ойы ұшқыр ақындар өмір сүргенін білеміз. Осы сұраққа жауап іздеу барысында қазақ зиялыларының еңбектеріне және жеке өмірлік көз-қарастарына бас сұға қарасақ, ұлылыққа жетудің әдісін Абай Құнанбайұлы жетік менгергендігі анық көрінеді. Бұған дәлел артында қалған Абайдың 2 дана кітабы. Сол 2 дана кітабы адамзат мәлесесі мен оның тәрбиелік жолдарын шүгей-түгейіне дейін меңзеп көрсеткен. Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абай Құнанбайұлы қазақ халқына қалай танылды? Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін бас көтерген Абайдың шәкірті болған Шәкәрім Құдайбердінің жан жолдастары елінің елдігін аңсаған біртуар ұлы азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Малин, Сәкен Сейфуллин т.б. Алаш ордасының ізін жалғаушы солардың саясатын көрген ұлы тұлға Мұхтар Әуезов еді. Мұхтар Әуезов Абайды қазақ халқына таныту оңай дүние еместігін Кеңес үкіметінің солақай саясатынан қаймықпастан, сескенбестен Абай дүниесін зерттей бастады. Абайды зерттеу Кеңес үкіметінің патшасын тақтан құлатумен тең соққы еді. Бірақ Кеңес үкіметі Мұхтар Әуезовті жайдан жай жіберіп қоймағаны белгілі саясат еді. Кеңес үкіметі сол кездегі жазушыларды, ұлыларды аяусыз айдауға атуға жіберген кезеңі. Сол саясатының бірі -қазақ халқының тектілігін жоюдың бірден бір саясаты - қазақ жазушыларын басқа ұлтпен отбасы құруына міндет еткені тархимыздан көрніс табады. Мұхтар Әуезов те солардың бірі болды. Бұл тәуекелге бармасқа болмады, өйткені Абайды халыққа таныту, Абай арқылы қазақ халқы өз бітіміне болмысына келетіні ақихат еді. Ендеше Мұхтар Әуезов атамыздың солақай саясаттан сытылып шыққанын өз ойымызбен саралай сараптай келсек. Ол нәрсені Мұхтар Әуезов жазған Абай туралы шығармаларынан байқауға болады. Бұл шығармаларындың ара жігін ажырату үшін екіге бөліп қарастырдық: 1. Абайдың шығарған өлеңдері мен қара сөздері; 2. «Абай жолы» романы; Осы екі нәрсеге талдау жасасақ, біріншісі -ол Абай шығарған өлеңдері мен қара сөздері. Бұл жерде бәлендей ешнәрсені талқылай алмаймыз, өйткені қара сөз бен өлеңдер жолдары адамды адами көзқарасқа туралыққа алып келетін сөздің мәйегі. Ал екіншісі, ол – «Абай жолы» романы. Бұл романның негізі Абайдың өмір сүрген ортасы, Абайдың өмірбаяны екені мәлім. Осы «Абай жолы» романы Мұхтар Әуезов үшін өте қиын болды, оған бұл романды халыққа қалай жеткізу және патшаға қалай ұсыну тауқылметітұрды. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романын 3 рет шығарғанын, яғни 3 рет өзгеріске жіберілгенін біреуміз білсек біреуміз білмей жатамыз. «Абай жолы» романының өзгеріске жіберілуі неліктен? деген сұрақ туады. Өйткені, Абайды шынайы тану -ол қазақ халқының рухани күшеюіне алып келетін негізгі кілті болатұғын. Сонымен, Мұхтар Әуезов 1947 жылы «Абай жолы» романын жазып, КСРО-ның Ленин орден атағын алды. Алайда, Мұхтар Әуезов жүрегінде бітпеген арман көп еді, бірақ осыған да қанағат тұтты. Ендігі кезек – «Абай жолының» неліктен өзгертілді деген сұраққа жауап іздесек. Жалғыз көз шүмек емес, томпақша, тесіле сыртана қарайды кірпігін де сирек қағады иығына ботаішігін жамылып, шалқия отырып сөйлеген Құнанбай осы үйде әркімге қарамайды. Көпшілік Құнанбайды Мұхтар Әуезов жазған «Абай жолы» романынан таниды Құнанбай образы қайдан пайда болды? Құнанбай қандай болды? Абай жолында сомдаған Құнанбай ешбір қоспасыз жеткізілген тұлға ма осыған көз салайық. «Абай жолы» романында Абайды дүниеге әкелген, ардақты халық сыйлаған әкесі Құнанбайды романда қазақ даласындағы тым қатыгез, без бүйрек қылып сомдайды. Құнанбай «Абай жолы» романында қатыгездікке жеткізетін бір фактор - ол Қамқа мен Қодарады жазаға тартуы. Бұл оқиғаны, «Абай жолы» романында бір қырынан ғана көрсетеді. Алайда, бұл жаза халық үшін өте дұрыс шешім еді. Халықтың қайта қайталамас үшін қажет болған жазаның түрі еді. Ендігі мәселеде бала мен әкені қарсы қоюы романда анық көрініс табады. Ешбір табиғатта бала мен әке қастық қылық істемеген, тек адами болмыстан айырылғандар болмаса. Ал біз жас ұрпақ Абайды тану үшін «Абай жолы» романын оқып танимыз. Одан алар үлгі көп сансыз деуге болады. Бірақ, бір қателік жанымызға қатты батады, соншама ақыл иесі тәрбиемен адами болмыстың тұлғасын қалайша әкесімен шүйірлесе өмір сүрмеген, қас жау көрген дей аламыз. Абай атам айтады: Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла! Тәуелсіз елімде ешкім кеп сен бұлай жаз, бүйтіп жаз дейтін үстемші езгілеуші саясат жоқта неге Абай таушы ғұламаларымызды бір ауыздан түзетпеске?!