Академиялық ұтқырлықты халықаралық деңгейде ұйымдастыру

Organization of  academic mobility on international level

 

Танирбергенова А. Ш.- психология ғылымының кандидаты, «Туран - Астана» университетінің кафедра меңгерушісі.

Тайжанова Л.Е. – «Астана медицина университеті»АҚ Жалпы медицина факультеті деканының орынбасары.

Нұрхан Б.К. – «Тұран - Астана » университетінің педагогика-психология мамандығының 1 курс магистранты.

Аяған С. М. – «Астана медицина университеті»АҚ  «Медицина» факультетінің 1 курс магистранты.

Tanirbergenova A.Sh. – candidate of  Psychological sciences, head of department in «Turan - Astana» university.

Taizhanova L. E. – Vice dean of General Medicine faculty of JSC « «Astana Medical University».

Nurhan B.K. – 1st year Master`s degree student on pedagogies and psychology in   «Turan - Astana» university.

Ayagan S. M. - 1st year Master`s degree student of «Medicine»  faculty in JSC « «Astana Medical University».

 

Төменде келтірілген мақала Қазақстан медициналық жоғарғы оқу орындарындағы академиялық ұтқырлықты келешекте дамыту сұрақтарына арналған. Мақалада академиялық ұтқырлықтың мәні, мазмұны түсініктері қарастырылып, Қазақстандағы академиялық  ұтқырлықты дамыту беталысы  анықталады.  Негізгі назар академиялық ұтқырлықты анықтайтын заманауи зерттеулерге бағытталған. Академиялық ұтқырлықтың мәні және мазмұны сипатталып бәсекеге қабілетті түлектерді дайындау бағыты қарастырылады, заманауи әлемдік халықаралық жоғарғы оқу орындарындағы методологиялық кірістер анықталып, халықаралық білімнің қолайлылығна байланысты мәселелер қарастырылған.    

Академиялық ұтқырлық  бағдарламасы Қазақстанның білім беру жүйесін жақсартуға бағытталған. Халықаралық білім беру кеңістігіне жүргізіліп жатқан қадамдардың басты мақсаты - қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемдік стандарттарға сай сапасын сәйкестендіріп, бәсекеге қабілеттілігімен тартымдылығын жоғарылату.

Академиялық  ұтқырлық   (Academic mobility) – білім алушылардың немесе оқытушы – зерттеушілердің белгілі академиялық  мерзімге орын ауыстыруы (білім беру және өндірістік тәжірибені өтумен қоса), көбінесе семестр немесе оқу жылына, басқа жоғарғы оқу орнына  (мемлекет ішілік немесе шет елде) өзінің жоғарғы оқу орнындағы меңгерген кредиттермен білім беру бағдарламасына сай белгіленген тәртіпте міндетті түрде қайта сынақ тапсырып,   білім алу немесе зерттеуін жүргізу болып табылады. Ішкі (ұлттық) және сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық болып ажыратылады. 

Сыртқы академиялық ұтқырлық деп білім алушылардың шетелдік жоғарғы оқу орындарында білім алуы және оқытушы- зерттеушілердің шетелдік білім беру немесе ғылым мекемелерінде жұмыс жасауы түсіндіріледі. Ішкі академиялық ұтқырлық деп білім алушылардың білім алуы және беделді қазақстандық жоғарғы оқу орындарының  оқытушы- зерттеушілерінің жұмыс жасауы түсіндіріледі. 

Академиялық ұтқырлық —  бұл жеке дара деңгейдегі білім беру мүмкіндіктерінің дамуының ең нәтижелі әдісі. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысатын студенттер,  профессор –оқытушылардың құрамы  сапасы жағынан жоғары білім беру және зерттеу курстарымен бағдарламаларына жол ашады. Олар өздері білім алатын оқу орындарына   тек жаңа біліммен ғана емес баға жетпес бағалы тәжірибемен оралады.     Қазақстан республикасы  2010 жылы 11 наурызда Болон декларациясына қосылуға лайық алғаш Орта Азиялық мемлекет болып европалық білім беру кеңістігінің толық құқылы қатысушысы аталды.  Қазақстанның Болондық үрдіске қосылуы Қазақстандық жоғарғы оқу орнындарына  белгілі мүмкіндіктер береді:

1) отандық  білім беру бағдарламаларының европалық стандарттарға сай сәйкестендірілуі;

2) отандық біліктілікпен академиялық дәрежелерді мойындау;

3) студенттермен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету;

4) шетелдік университеттерде Қазақстандық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне кредиттерді қайта тапсыруға;

5) бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру;

6) Қзақстандық жоғарғы білім дипломдарының европалық аймақта айналымға түсуіне, түлектердің кез келген елде жұмысқа қабылдануына жағдай жасау.

Халықаралық білім беру кеңістігіне жасалып жатқан қозғалыстардың мақсаты  Қазақстандық жоғарғы білімінің сапалығын әлемдік стандарттарға сай болуын қамтамассыз ету, ажарлылығымен бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату. Болондық декларацияның негізгі қағидаларының бірі студенттермен оқытушылардың  академиялық ұтқырлығы.  

Осындай мүмкіншілікке Қазақстандағы  ең үздік  медициналық жоғарғы оқу орындарының бірі «Астана Медицина Университеті»АҚ лайық болды .

«Астана Медицина Университеті»АҚ  студенттерінің сыртқы академиялық ұтқырлығы оқу әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен  2011-2012 оқу жылынан бастап жүзеге асырылуда. Сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберінде бакалавриат бағдарламасы бойынша   «Жалпы медицина» факультетінің   «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алатын 3-5 курс студенттері  Рессей Федерациясы (Тюмень мемлекеттік медицина академиясы, Новосибирь мемлекеттік медицина университеті), Литва (Вильнюс  университеті, Клайпед университеті) Италия (Рим университеті «La Sapienza»), Турция ( Хажетеппе университеті), Болгария (Плевен медициналық университетіі), Польша (Компания «Polpharm») университеттерінде білім алып, оқу- кәсіптік тәжірибеден өтті. Осы 2014-2015ж     оқу жылында   « Астана Медицина Университеті» АҚ  4 курс «Жалпы медицина» факультетінің студенттері академиялық ұтқырлық  бағарламасы аясында   Болгария, Литва елдеріне баруға мүмкіндік алды. Студенттер (IELTS, TOEFL) ағылшын тілі емтиханын тапсыруымен шектелмей (GPA)  бойынша қажетті рейтингтің болуына қол жеткіздш .  Байқаудан өткен  «Жалпы медицина»  факультетінің  4 курс  5 студенттеріне қыркүйектен желтоқсан айына дейін (Болгариядағы) Плевен қаласында

«Плевен медициналық университетінде» оқуға мүмкіндік берілді. 

Плевен медициналық университеті жоғары медициналық білімге қажетті барлық теориялық, клиникаға дейінгі және клиникалық бөлімдерімен қамтамассыз етілген. Қазіргі таңда 30 мемлекеттің 6000-ға жуық  болгар және шетелдік студентері бұл университетте білім алды. 

Бүгінгі күні университеттегі студенттер саны 2044. Олардың ішінде 275  шетел студенттері, 78 үнді азаматтары - университеттегі ең ірі бірлестік болып табылады. Басқа шетел студенттері келесі мемлекеттерден келіп,біліп алуда: Македония, Сербия, Украина, Молдова, Греция, Турция, Нигерия, Албания, Кипр, Конго, Сирия, Алжир, США, Япония, Великобритания  және  Франция.

«Плевен медициналық университетінде» оқу жылы дәстүрлі қыркүйектің ортасынан басталып келесі жылдың мамыр айында аяқталады. Университеттің ғылыми кеңесінің шешімі бойынша ағылшын тілінде білім алатын шетелдік студенттерге оқу жылы ақпанның ортасында басталып желтоқсанның сонында аяқталады. 

Оқу үрдісінде әр түрлі заманауи оқу әдістері қолданылады. Олар теориялық лекциялармен, практикалық сабақтармен, семинарлар. Одан  басқа студенттер кафедра ішінде жүргізілетін оқудан тыс курстарға қатыса алады. Білім алу максимальды  6 студентпен жүргізіледі. Әрбір пән бойынша жүргізілетін ағымдағы бақылау мен студенттердің білімін бағалау, семестр бойы студенттер тобына жауапты доценттермен жүргізіледі. Емтихандар  барлық пәндер бойынша семестр сайын 45 күнге созылатын емтиханды сессия шеңберінде жүргізіледі.Толық оқу курсын аяқтағаннан кейін студенттерге қорытынды білім бағасын мемлекеттік емтиханды  комиссия береді. Университетте  400 орындық екіжатақхана бар. Хостелдегі бөлмелер орталық жылумен, әр бір бөлме жуыну бөлмесімен қамтамассыз етілген екі, үш жатын бөлмеден тұрады.  Университеттегі спорт құрылыстары студенттерге әр түрлі спорттың түріне жүйелі түрде физикалық дайындалуына жағдай жасайды. Сонымен қатар жабық көп функциональды баскетбол, волейбол алаңдарымен, теннис кортымен жабдықталған спорт орталығы да бар.. Шетел студенттері өздерінің жеке ұлттық, этникалық және діни бірлестіктерін құруға болады. Бірақ оның қызметі Болгария Республикасының заңдарына сәйкес болуы керек. Өздерін қызықтыратын жеке мүмкіндіктеріне қарай студенттер әр түрлі ғылыми және спорт клубтарының мүшесі бола алады.

Плевен медициналық университетінде біздің студенттерге сабақты тек ағылшын тілінде  жүргізетін, оқу және білім ұстанымдарына сәйкес келетін, ең күшті деген оқытушылар сабақ жүргізді. Студенттер  өздерін тек тәжірибелік сабақ кезінде емес сонымен қатар әр түрлі конференцияларға қатысып, Түрік және Жапон профессорларының лекцияларына қатысып өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып көрсете алды. Студенттер үшін ең бір елеулі оқиғалардың бірі, олардың ағылшын, түрік тілдерінде оқудың, өзара байланыстың өздері үшін жаңа ортада қалай жүретінін біліп, сезінулері.  Отандарына  келгеннен соң студенттер өздерінің әсерлерімен бөлісіп университетпен жүргізіліп жатқан бұл академиялық мобильділіктің өз елінің бәсекеге қабілетті азаматы бола тұра , өзінің жетілуі  үшін,өздерін жеке тұлға ретінде көрсетіп дамуытуы үшін  жүргізілетін ең жақсы мүмкіндік болып табылатынын атап өтті.

Литваға академиялық ұтқырлықпен 1 айға ( 10 ақпан-10 наурыз) кезекті  жол жүру мүмкіндігіне  ие болған «Астана Медицина Университеті»АҚ -тың Жалпы медицина факультетінің 10 студенті. Студенттер аз уақыт аралығына барғанымен,  Қазақстанға қайта оралғаннан кейін академиялық ұтқырлық  бағдарламасының өнімділігі мен нәтижелілігін тағы да атап өтіп.

Сонымен академиялық алмасуды Қазақстанның жоғары профессиональды білім бағдарламаларының жаңаруымен дамуындағы құрал ретінде қарастыруға болады.  Ол Қазақстандық білім беру жүйесінің тұйықтығынан кетіп, жалпы европалық білім беру кеңістігінде Қазақстандық білім бері мекемелерімен жүргізілетін білім бері бағдарламаларының танылуы, білім алушылардың академиялық ұтқырлықты  жақсарту мақсатында біліктілігі мен квалификациясын таныту, Қазақстандық білім беру бағдарламаларын әлемдік білім беру аумағында бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.  

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1.       Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 гг.

2.       ГОСО РК 5.04.19-2008 «Высшее образование. Бакалавриат. Основные положения».

3.       ГОСО РК 5.04.033-2008 «Послевузовское образование. Магистратура. Основные положения».

4.       АО «Медицинский университет Астана»

5.       JSC « Medical university Pleven»

6.       ГОСО РК 5.04.033-2008 «Послевузовское образование. Докторантура. Основные положения».

7.       Правила организации учебного процесса по кредитной технологии обучения. Приказ МОН РК от 22 ноября 2007 года № 566 с изменениями и дополнениями от 30.07.2010г. № 404.