УДК 37.016: 811.111                                            

Кабдылманова Лаура Толымхановна

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

Шетел филологиясы кафедрасының оқытушысы

 

“Ағылшын тілін оқытуда өмірлік біліктіліктерді дамытудың маңыздылығы”.

 

Бұл мақала ағылшын тілін оқытудағы мағызды болып табылатын өмірлік біліктіліктерге дағдыландыру мәселесі қарастырылған. Өмірлік біліктілк дегеніміз не, оны дамытудың маңыздылығы мәселелері қарастырылады.

Кілт сөздер: өмірлік біліктіліктер, мәселелік оқыту, оқыту әдістері

 

Данная статья отображает важность развития жизненных навыков у обучающих английский язык. В статье раскрывается понятие жизненные навыки и сущность их обучения.

Ключевые слова: жизненные навыки, проблемное обучение, методы обучения.

 

This article displays the importance of life skills in teaching English language. The article also describes what the life skills are, its usage, who is responsible for it, its essence of teaching skills among learners.

Key words: life skills, problem- based learning, methods of teaching

 

Бүгінгі білім беру әдістемесінің негзігі элементі болып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Ол өз алдына критикалық ойлау және шешім қабылдау біліктіліктерін дамытуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, білім беру арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктіліктерін дамытуға, топ болып жұмыс істеуге, шынайы сөйлеу ортасында комммукикативтілік біліктіліктерін дамытуға, жаңа технологияларды танып, олармен жұмыс істеуге үйретеміз. Бүгінігі таңдағы білім беру оқушыларды жаңа талаптарға сай әлемде белсенді және қатысты болуға тәрбиелеуді қарастырады.

         Қазіргі таңда шет тілі білім беру әдістемесінде оқушылардың біліктіліктерін дамытудағы негізгі болып табылатыны ол өмір біліктілігі. Сонымен өмір біліктілігі дегеніміз не? 21 ғасырдың біліктіліктері әлі де талқыланылып келеді. Дегенмен, Macmillan Life Skills ұсынған келесі біліктіліктерге назар аударайық.

 

        

[1]

         Көп жағдайда сыныпта алған білім мен сыныптан тыс білім арасындағы айырмашылықты сезініуміз керек. Мұғалімдер көбінесе оқушылардың алған біліктілігі жеткілікті деп есептеп, олар жұмыспен қамтамсыз етілген және кез- келген жағдайға дайын білікті деп есептейді, шындығына келенде олай емес. Ұлыбританияның мектептерінде жүргізілген сараптамаларға қарасақ, оқушылар ұжымда жұмыс істеу, қарым- қатынас біліктіліктері дамымағанына көз жеткізілді. Біз көз жеткізген жеміс ол оөушылардың грамматикалық сауаттылығы, біраз сөздік байлығы, та,ы да біз оқушылады емтихан тапсырудағы техникаға үйретеміз. Алайда біз оларды шынайы коммуникативті ортада жауап беруге үйретпейміз. Қазіргі кезде әлем тез даму үстінде, сол себепті ертеңгі талаптар қандай боларын біз болжаммен айта аламыз. Біздің негізгі мақсатымыз оқушыларды сол қиыншылықтарға төтеп бере алатын өмірлік біліктіліктерді дамытуды қамтамсыз ету.  [2]

         Не себепті ағылшын тілі мұғалімдеріне қойылатын негізгі талаптардың бірі ретінде өмірлік біліктіліктерге тәрбиелеу болып табылады? Біріншіден, біз қозғайтын мәселе ол коммуникативтілік дағдылар, мәселен өзгелерді көндіру, компромиске келу, я болмаса ұжымның жақсы мүшесі болу. Екіншіден, кез- келген жағдайда ағылышын тілінің қызметін дұрыс пайдалану білуге дағдыландыру. Мәселен, өзіне сенімді болу, жоқ деген жауап беру кезінде сыпайы бірақ дауыста қаталдықты қалай ұсатну керектігіне үйрету.

         Өмірлік біліктіліктерге үйретуде мәселелік оқыту әдісі өте тиімді болып табылады. Мәселен, келесі жаттығуды қарасытрайық. Бұнда оқушы әр түрлі бөлек суреттерді сипаттай отырып, өзінің түсін құрастыру керек.

Last night I had a dream.

        

 

   

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бұл жаттығудың негізгі мақсаты оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту. Ол қалай жүзеге аспақ? Оқушылар әр суретті сипаттай отырып, өздерінің ойлау қабілетінің негізінде әр түрлі әрекеттерді ойдан құрастырып, бір бүтін, байланысты әңгіме құрастырып, өз ойымен еркін бөлісуге мүмкіндік алады.

         Өмірлік біліктілікке үйретудің тағы бір артылықшылығы ол эмоционалдық біліктілкке тәрбиелеу. Яғни кез- келген жағдайда өзінің ойын жеткізе білуге, өзгені тыңдауға дағдыландыру.

         Мәселелік оқытудың бірден- бір артықшылығы өмірге, шынайы ортаға оқушыларды дайындау болып табылады. Яғни біз оқушылардың әр- түрлі тапсырмалар арқылы тек қана ағылшын тіліндегі грамматикалық сауаттылыққа ғана емес, жан- жақты сауаттылыққа: мәселеге дұрыс жауап бере алу, критикалық ойлау, өзгенінің жауабын құрметтеу, тыңдай білу, жауап бере алуға дағдыландырамыз.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Addressing Life Skills crisis, Dr Spencer Kagan, 2004

2.     Steve Taylore- Knowles “What is education language for?” Macmillan Language Skills

3.     Lindsay Clanfield, Rebecca Robb Benne “Global (Pre- Intermediate)”, Macmillan, 2012