Орталық-Азия Университетінің магистранты
Алматы қаласы
Лицей оқушыларының организміне
инновациялық оқытудың ықпалы
Жаңа типтегі білім беру мекемесі - лицейде оқу
процесініңқарқындылығыныңқосынды
жүктемесінің артуы байқалады.Жоғары сынып
оқушылары терең ой еңбегімен қатар мамандық
таңдау кезінде, ересек өмірге аттанарда жоғары
психологиялық және эмоциялыққысымды бастан кешіреді.
Сондықтан олардың жағдайына баса көңіл аудару
қажет [3]. "Қазақстан Республикасы халқының
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы" заңды
талдай келе, нормативтердің бала организмінің мүмкіндіктеріне
сәйкес келмейтіндігіне назар аударды.
Эксперименталдық оқу әдістерінің
оқушылардың денсаулығына әсері туралы деректер
қарама-қайшы пікірде. Кейбір авторлар жаңа типтегі
оқыту мекемелеріндегі оқу процесінің барысында
оқушылардың денсаулығының нашарлағанын
анықтаған [1]. Сонымен қатар кейбір авторлардың
еңбектерінде жоғарыда айтылған оқыту мекемелеріндегі
оқушылардың денсаулығындағы жағымсыз
өзгерістерболмағандығы айтылған [143-144].Бірақ
білім беру жүйесінің модификациясы көптеген кемшіліктермен,
атап айтқанда шамадан тыс оқу жүктемесімен сипатталады.
Оқу қарқындылығы сағаттар санының
көбеюімен ғана емес, бағдарламаның кеңеюімен,
тіпті төменгі сыныптардан бастап жаңа оқу пәндерін,
жаңа авторлық педагогикалық технологияларды енгізумен іске
асырылады(модульдық сабақтар, компьютерді үйрету және
басқа) [2].
Жаңа типтегі мектептердегі негізгі оқу жоспарын (1993)
оқу аптасының іс жүзіндегі мөлшерімен
салыстырғанда 2-5 сағатқа артық екендігі
анықталды. Қысқартылған 5 күндік оқу аптасы
жағдайында бір күндегі сабақтар саны 8 және одан
артық болған. Жоғары сыныптарда үй тапсырмасын
орындауға жұмсалатын уақытты есептегенде
оқушылардың жұмыс күні 15-16 сағатқа дейін
ұзарған [3]. Оқушылардың ой еңбегіне
қабілеттілігін зерттеуде жоғары сынып лицеистерінде оқу
күнінің соңына қарай шаршап-шалдығу 40-50
%-ға дейін тіркелді. Жалпы білім беретін мектепте - 25-38 % (р <0,01)
[128].Жүрек-қантамыр жүйесінің апталық оқу
жүктемесіне реакциясының айырмашылығы анықталды: лицей
оқушыларының барлық топтарында аптаның соңына
қарай қан қысымының жағымсыз өзгерістері
айтарлықтай жоғары болды.
Лицей оқушыларының функциялық резервін зерттеу мынаны
көрсетті: адаптациялық мүмкіндіктің ең
төмен мөлшері 1, 7-8 және 10-11 сынып оқушыларында
болды. Көп жағдайда ол ой еңбегінен шаршау белгілерінің
жинақталуымен(кумуляция) және еңбекке
қабілеттіліктің төмен көрсеткіштерімен бірге кездесті
7. Жоғары сынып оқушыларын 7-және 8-сабақтардыңқаншалықты
жалықтыратынын олардың еңбекке
қабілеттіліктерінің нәтижелері көрсетті.
6-сабақтан кейін оқушылардың 25,6 % -да біршама және
қатты шаршау тіркелген, ал 8-сабақтың соңына
қарай бұл сандық көрсеткіш 2 есе өскен,
еңбекке қабілеттіліктің интегралды көрсеткіші 2,86-дан
1,5 шартты бірлікке дейін 2 есе төмендеген [149].
Лицей оқушылары көп уақытын үй тапсырмасын
орындауға жұмсап, аз қозғалады, сондықтан оларда
гипотониялық немесе гипертониялық жағдайлар жиі дамиды [3].
Лицейде денсаулықтың нашарлауы көбінесе эндокриндік,
жүйке жүйесінің, тірек-қимыл аппаратының аурулары
есебінен кездеседі және негізінен қыздарға тән (58,4 %)
[151]. Лицей мен жалпы білім беретін мектептегі оқушыларды зерттей келе,
мынадай тұжырымға келдік: лицейдегі жоғары сынып
оқушылары арасында тірек-қимыл аппаратының,
жүрек-қантамыр жүйесінің, зат алмасу-эндокриндік
жүйесінің функциялық ауытқулары анағұрлым
жоғары [146]. Салыстырып отырған оқу орындарындағы
оқушыларда ас қорыту, көру мүшелерінің функциялық
бұзылуларының таралуында айтарлықтай айырмашылық
табылмады. Лицейдегі интенсивті оқу жүктемесі вегетативтік
жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына
едәуір әсер етеді [142]. Вегетативтік жүйке
жүйесінің қызметіндегі біршама жеке ауытқулар әр
түрлі бейімделулік қайта құрулардан көрінеді
[153]. Тіпті жағымды мотивация жағдайында,
қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес оқыту
кезінде де оқушылардың кең көлемдегі ақпарат
мөлшерін игеруі орталық жүйке жүйесінің
ширығуын, денсаулық жағдайында әр түрлі ауытқулардың
жиілеуін тудырады [154]. Организмнің функциялық жағдайы
ондағы түрлі жүйелердің біріккен іс-әрекетінің,
олардың мүмкіншілік шегінің, ең алдымен ой
еңбегіне аса сезімтал жүрек-қантамыр жүйесінің
көрсеткіші болып табылады [155-156].
Қан қысымы организмнің үш тұрақты
көрсеткіштерінің қатарына кіретіндіктен [157] оның
деңгейі жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайын
толық бейнелейді [158]. Ұзақ уақыт бойғы
пәрменді оқу ісі қан қысымының көтерілуіне
әкеледі. Оқушыларда гипертонияның жиілігі кейбір топтарда 19
-ға жетеді. Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы
математикалық бейіндегі 10-11- сынып оқушыларында систолалық
және диастолалық қысымдардың орташа
көрсеткіштерінің өсуі байқалды.
Жүрек-қантамыр жүйесін зерттеудің сенімді және
мүмкіндігі мол көрсеткіштерінің бірі - жүрек
жиырылуының жиілігі (ЖЖЖ) [158]. Оқу жүктемесінің
әсерінен жүрек ырғағының өзгерісі пайда
болады [159].
Негізгі тұжырым: шамадан тыс ой еңбегі кезінде ЖЖЖ жиілейді
[160]. Алынған мәліметтер негізінде ой еңбегінің
ширығуын бағалау шкаласы әзірленді. Ширығу жоқ
қызметке жүрек циклы ұзақтығы жүрек
ырғағының фазаларында (кезеңдерінде) 5 % -дан
артық өспейтін қызметін жатқызады; аздап
ширығуға – 6 % -дан 25 % -ға дейін өскендегі, өте
ширыққан – 25 % -дан артық өскендегі қызметі. Ой
еңбегінің шамадан тыс болуы және эмоциялық
тұрақсыздық пульстің қозғыштығын,
қан қысымының гипертониялық және дистониялық
реакцияларын, пульстің толық жаңаруының
(реституциясының) кешігуін
тудырды. Мұндай жауап түрлері көбінесе орташа
жастағы топтарда, яғни 11-14 жастағы балаларда байқалды
[105]. Кейбір авторлар жүйкенің ширығуы мен
шаршап-шалдығуының жүрек ырғағына әсерін
ажыратып қарастыруға тырысады.
Жұмыстың алғашқы сағаттарында
ширығудың, ал 3-4 сағаттан соң - шалдығу мен
шаршаудың әсері білінеді деп санайды [161]. Ақпараттық
жүктеменің көп кезіндегі жүрек
ырғағының әрекетін зерттей келе, жүктеменің
жүрек жиырылуының жиілігіне (ЖЖЖ) әсері жүрек
ырғағының бастапқы деңгейіне байланысты екендігін
анықтады. Жоғары жүйке жүйесінің парасимпатикалық
бөлімінің тонусы төмендеген зерттелгендердің 65 % -да
бастапқы жағдайда ақпараттық жүктеменің
жоғарылауы жүрек ырғағының жиілігінің
адаптациялық қалпына келуін көрсетті. Жүрек
ырғағының симпатикалық реттелуі басым болғандарда
ақпараттық жүктемеге төмендеген әрекеті білінді.
Оқу жылы барысында парасимпатикалық әсерлердің
өсуі байқалды және жүректің хронотроптық
қызметінің даму процесі балалардың оқу
жүктемесіне бейімделуін көрсетеді. Бұл процесс
неғұрлым аз күш жұмсау мен реттеу механизмдерін
қайта құру арқылы негізгі нәтиже алуға бағытталған
[162].
12-17 жас аралығындағы балаларда жүрек-қантамыр
жүйесінің белсенділік деңгейінің оқу
жүктемесі кезіндегі шаршаумен байланысы РҒА адам жасы физиологиясы
ғылыми зерттеу институтында дәйекті түрде зерттелуде.
ЖҚЖ (жүрек-қантамыр жүйесі) белсенділігінің төмен
деңгейі шаршаумен байланысты екендігі шек келтірмейді. Бірқатар
авторлардың назарына оқушылардың симпатикалық
және парасимпатикалық вегетативтік жүйке
жүйесінің қан айналымының реттеу механизмдері ілікті
[86].
Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық
бөлімінің белсенділігінің тыныштық жағдайда артуы
реттеу жүйелерінің күшті ширығуын көрсетеді.
Осындай ортада шамадан тыс ширығу дамуы мүмкін, бейімделудің
болмай қалуы жиілейді. Ер балаларға қарағанда
қыздарда симпатикалық әсерлердің деңгейі біршама
жоғары, әрі бұл айырмашылық оқу күні мен
оқу жылының барысында үнемі сақталады. Зерттеулер
көрсеткендей, жалпы жүктеменің өсуі шекаралық
жүйке-психикалық бұзылулардың 14-20 %-ға
көбеюіне және әлеуметтік -психологиялық
бейімделудің бұзылуының айтарлықтай таралуына себепші
болады [163]. Жоғары сыныптарда мектептегі орта мен режімге байланысты
невроз тудырушы факторлардың үлес салмағы 50,5 % -ға
дейін өседі [164]. Бұл құбылыс ақпараттық
невроздар деп аталатын ілімде түсіндіріледі. Невротизацияның
маңызды факторы ретінде мидың шамадан тыс ақпарат
қабылдау жағдайын және жоғары мотивация мен үнемі
уақыт тапшылығын қарастыруға болады. Осы айтылған
үш жағдай лицейде, әсіресе жоғары сыныптарда орын алды:
кең ауқымды күрделі оқу бағдарламасы,
меңгеруді қажет ететін ақпараттың көп
мөлшері, оқу күнінің ұзақтығы
және үйге берілетін тапсырманың көптігі.
Жүйкелік-психикалық бұзылулар құрылымында
психоастеникалық жағдайлар басым (66-90 % ), истерия тәрізді
реакциялар – 41-63 %, психоастения – 14-42 %.
Оқушылардың 11-33 %-да жеке тұлғаның
мінез-құлық өзгерістері анықталды.
Неғұрлым жүктеме көп болған жағдайда, бұл өзгерістер
соғұрлым айқынырақ байқалды [165].
Оқушылардың ұзақ уақыт осындай жағдайда
болуы жағымсыз ауытқулардың организмнің
физиологиялық реакцияларында "тұрақты
қалыптасуына" ықпал етеді. Одан ары жүйкелік
бұзылулар ішкі мүшелер қызметінің бұзылуына
әкеп соқтырады. Жүрек, асқазан, ішек және
басқа мүшелердің қызметінің бұзылуы
түріндегі клиникалық көрініс орын алады. Бозбала шақта
оқушылардың 1/5-1/3-де шамадан тыс стрестер(күйзелістер)
биологиялық емес әдеттердің қалыптасуы мен нашар
үлгерім, мектептен кету, тіпті өз-өзіне қол
жұмсаумен (суицид) үйлесуі мүмкін [169]. Кез келген
этиологиядағы жіті және созылмалы стресс оқу ісінің
нәтижесін төмендетіп қана қоймай,
когнитивтікпроцестердің дамуы мен барысына әсер етіп, баланың
дамуын кідіртіп, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына
кері әсерін тигізеді. Авторлар өз зерттеулерінде артық
мөлшердегі оқу-тәрбие
жүктемесінің оқушылар организміне кері әсерін
оны дұрыс ұйымдастыру арқылы жоюға болатындығын
атап көрсетеді (қосымша қимыл-қозғалыс
жүктемесі, оқу күнінің ортасындағы 1,5
сағаттық релаксациялық үзіліс, 8-10-сыныптарда
кәсіби мамандық игеруге жұмсалатын күндерді лицейден
тыс жерде өткізу, күрделі сабақтардан кейін
ширығуды төмендететін эстетикалық тәрбиенің
кеңейтілген бағдарламасын қолдану, т.б.). Лицейді
аяқтау кезіне қарай сүйек-бұлшық ет
жүйесінің ауытқуларының 2-3 есе кемуі, жүйке
жүйесінің бұзылу жиілігінің тұрақтануы
сияқты таң қаларлық нәтижелерге тиімді,
дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие режімі
арқылы қол жеткізуге болатындығы кейбір әдебиетте
айтылған [1].
Авторлар лицейдегі оқыту жүйесі тиімді деген тұжырым
жасайды, өйткені лицей оқушыларының жоғары оқу
орнындағы жақсы үлгерімі әдетте 1-курс студенттерінде
байқалатын денсаулықтың күрт нашарлауынсыз болды [1].
Оқу жылы барысындағы жақсы үлгерім мен
аурушаңдықтың төменгі көрсеткіштері
лицеист-студенттердің жоғары оқу орнындағы оқу жағдайына тез бейімделгенін
айғақтайды.
Қазіргі өмір сүру жағдайындағы
экономикалық дамудың қарқындылығы, оқу
процесінің күрделенуі және ақпарат
мөлшерінің көбеюі оқушы организміне қойылатын
талаптардың да жоғарылауын қажет етеді. Өсіп -даму
кезеңіндегі жас организмнің бейімделгіштігі сыртқы
ортаның түрлі әсерлеріне тезірек үйреніп, икемделуіне
ықпал етеді. Бірақ әлі толығымен қалыптасып
бітпеген оқушы организмі ұзақ мерзімді жүйке
жүйесінің ширығуына төтеп бере алмайды. Оның
үстіне қимыл- қозғалыс белсенділігінің
төмен болуы түрлі функциялық бұзылулар мен
аурушаңдыққа әкеп соқтырады [2].
Баланың денсаулық жағдайын анықтайтын
сынамалардың бірі – көру- қимылдық (моторлық)
реакциясы. Кейбір әдебиетке жүгінсек, өсе келе бұл реакция уақыты азайып, 20-30
жасқа қарай ең аз мөшеріне жетеді. Адамның
жарық пен дыбысқа рефлекторлық моторлық
реакцияларының пайда болуының белгілі жасырын кезеңі болатыны
белгілі [1]. Бұл кезеңнің ұзақтығы ми
қыртысындағы тиісті талдауыштар – анализаторлар арқылы
сенсомоторлық аймаққа ақпараттың жетуі мен одан
эфференттік жолдармен атқарушы органға түсуіне байланысты.
Афференттік қозулар әртүрлі сенсорлық жүйелерде
түрлі жылдамдықпен таралады. Таралу жылдамдығы жүйке
талшықтарының көлемі мен синапстардың мөлшеріне
тәуелді.
Сонымен қатар, кейбір сенсорлық жүйелерге
ақпараттың негізгі жолдармен ғана емес, қосымша
жолдармен де берілуі тән. Мысалы, көру анализаторы үшін торлы
құрылым- таламус- ми қыртысы қосымша жолы, ал есту
анализаторы үшін ми негізінің бастапқы есту
құрылымдары - торлы құрылым- таламус-ми қыртысы
байланысы сенсомоторлық аймаққа түсетін ақпарат көзінің
көптігін қамтамасыз етеді. Олар өз кезегінде тікелей ми
қыртысы – жұлын жолдары арқылы және
жұлынның қосымша бастамашы нейрондары арқылы
мотонейрондарда аяқталып, түрлі қимыл-қозғалыс
белсенділігін қамтамасыз етеді. Қозу процесі орталық
жүйке жүйесінің түрлі деңгейінен түсетін
импульстар толқынының үйлесімділігі мен уақыт-
кеңістіктегі өзара әрекеттестігінің және
жаңа ми қыртысындағы жүйкелік процестердің
өту жылдамдығы нәтижесінде іске асады [3].
Оқушылардың жарық пен дыбысқа жауап реакцияларының
ұзақтығы көру және есту анализаторларының
перифериялық бөлімдерінің морфофункциялық
қалыптасуымен ғана емес, көп жағдайда жалпы ми
қыртысының және орталық құрылымдардың
функциялық дәрежесімен тығыз байланыста [4].
Сонымен, әдебиетке шолу мынандай қорытынды жасауға
мүмкіндік береді: жастық шақ – биологиялық және
әлеуметтік дамудың маңызды кезеңі, бұл
кезеңнің барысында организмнің морфофункциялық
пісіп-жетілуі аяқталады, жеке тұлғаның
айтарлықтай өзгерістері, психологиялық және
әлеуметтік ер жетуі, есеюі орын алады. Бұл өтпелі
кезеңде оқушы организмі жоғары сыныптағы
қарқынды оқу жүктемесі мен мамандық таңдау
кезіндегі эмоциялық ширығуға
байланысты түрлі қиындықтармен кездеседі. Оқу
жүктемесінің қарқындылығы организмнің
бейімделу механизмдеріне күш түсіреді, сондықтан
оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру жолында
жоғары сынып оқушыларының физиологиялық және
психофизиологиялық функцияларының ерекшеліктерін зерттеу
қажет екендігін жүктейді. Жаңа оқыту
әдістерінің жағымсыз факторлары басым болған
жағдайдағы оқушы организміне тигізетін әсері
жөнінде бүгінгі күні біртұтас пікір әзірше
жоқ. Демек, инновациялық оқытудың жоғары сынып
оқушыларының организміне тигізетін әсері әлі де кешенді
зерттеуді қажет етеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1
. Барбараш Н.А. Конституциональные
аспекты психоэмоциональных стрессов юношеского возраста /Барбараш Н.А.,
Кувшинов Д.Ю. с соавт. //Физиология человека. – 2000. – Т. 26, № 4.
– С.140-142.
2
. Макарова В.И., Дегтева Г.Н.,
Коноплев О.Н. и др. Состояние здоровья детей
школьного возраста при
экспериментальных формах обучения //Гигиена и санитария. - 1997. - № 3. - С. 33-36.
3
. ОбуховаЛ.Ф.
Возрастнаяпсихология. - М.: Педагогическоеобщество, 2001. - 448 с.
4 . Кон И.С. Психология ранней юности. – М.: Просвещение, 1989. – 255 с.
5 . Фарбер Д.А., Корниенко И.А., Сонькин В.Д. Физиология школьника. - М.: Педагогика, 1990. - 64 с.