Какимова Жибек Муратовна, Тиржанова Нургул Сериковна,
Ахмет
Гүлбакша Төлегенқызы
Казахстан Караганда №76 ЖББОМ
Оқыту
үрдісін көлемді инновациялық оқыту технологиялары
арқылы қалыптастыру
В.И.
Загвизинскийдің пікірі бойынша сабақта білімге
қызығушылық, ізденуге, зерттеуге, ойлап табуға,
тапқырлықты дамытуға атмосферасын орнату маңызды десе,
М.И. Махмутовтың пікірінше теориялық негіздеулерсіз, оқу ақпараттарының
көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін өте
жетілген жаңа әдістерді оқытудың тәжірибесіне
енгізбейінше, үйренушілердің танымдық іс-әрекетін
белсенді етпейінше, олардың шығармашылық
қабілеттіліктерін жұмылдырмайынша оқушылардың шығармашылық
қабілеттіліктерін қалыптастыру мүмкін емес.
Жаңаша жаңғырту
әдістемесінің (инновация) негізінде үйренушінің дербес
қабілеті белсенділігін қалыптастыру, окыту материалдарын
өзінше пайдалану аркылы танымдық белсенділігін арттыру алға
шығады.
Жаңаша
белсенділігін жандандыру әдістемесі (интерактивтік)
оқушыларға
өзін-өзі ыңғайлы сезінетін жағдайды
қалыптастырып, олардың окуға деген
қызығушылығын, шетел тілін өз қажеттілігі
үшін практикалық тұрғыдан қолдануға деген
ынтасын оятып, тілді оқып үйренуге деген талабын арттырады
және де сабактың нәтижесін жоғарылатады. Интерактивтік
тәсіл шетел тілі сабағындағы субъект болып табылатын
оқушының жеке тұлғасының сезімін, түйсігін
шынайы қажеттілігімен сәйкестендіріп, оның тілдік,
танымдық, шығармашылық қабілетін оятумен, шетел тілі
сабағын тілді қарым-қатынас құралы ретінде
қолданылуын көздейді.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында
педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі
күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр.
Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді
ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және
оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет.
Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың
біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне
пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары
жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру
жағдайында педагог мамандардың ақпараттық
сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және
ақпараттық құзырлығы сияқты
қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі
күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал,
қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе
қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе,
мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де
жеткілікті деңгейде емес.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді
кажет етеді..
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол
мүғалімді алмастыра алмайды.
Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай
қолданылуы керек. Сырткы
эффектіні қуып кетпей, окыту программасының тек сыртқы
емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс.
Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен,
кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға
болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар,
әртүрлі анықтамалык
мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі
кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге графиктер,
схемалар, иллюстрациялар жатқызуға болады. Мұғалім
араласпай-ақ, оқушылар өздері
меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып
отырған кезеңде
акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе
кұрамында электрондық
кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік
туғызады.
Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа
ақпараттық технологияны меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн
көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде институт көлемiнде осы
сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру процесi
жүзеге асырылуда.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Морева
Н. А. Педагогика среднего
профессионального образования: Учеб. пособие для студентов
высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001. С. 26.
2.
Захарова
И. Г. Информационные технологии в
образовании: Учеб. пособие для студ.высш.
учеб, заведений. М.: Академия, 2003.
3.
Мясоед Т.А.
«Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для учителей» М., 2004