Бөлекбай Ж., Рысалдиев Ж.М.
Тараз мемлекеттік педагогикалық
институты, Қазақстан
АҒЫЛШЫН ФРАЗЕОЛОГИЯСЫНЫҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ
ЖƏНЕ МАҒЫНАЛЫҚ ҚАСИЕТІ
«Тiлсiз ұлт, тiлiнен айрылған ұлт дүниеде
ұлт болып жарытпас. Ондай ұлт құрымақ.
Ұлттың ұлт болуы үшiн бiрiншi шарт – тiлi болу.
Ұлттың тiлi кеми бастауы ұлттың құри
бастағанын көрсетедi. Ұлтқа тiлiнен қымбат
нəрсе болмауға тиiс» - деп Мағжан Жұмабаев айтып
өткендей, қай кезде болмасын тіл яғни ана тілі ең
қымбат, ең аяулы ұлттық қазына болмақ.
Əлбетте, тіл ұлтпен, халықпен бірге жасасып отырады.
Бүгінгі таңда ғаламдық жаһандану кезеңінде,
яғни адамзат тарихының шексіз өрлеп, кемелденген заманында
мəдениет пен өнер, саясат пен тілсалаларында халықаралық
қатынастың дамып, жанданған уақытында салыстырмалы
жəне салғастырмалы тіл білімі ең өзекті де
көкейтесті мəселенің бірі болып отыр. Олай дейтініміз,
тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу əр тілдің өрнек
бояуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып
білуге жол ашады.
Салғастырмалы тіл білімі
мəдениетаралық қатынастың төрінен орын алып,
халықтардың бір-бірімен түсінісу барысын жүзеге
асыруға кеңінен ат салысады. Қазақ тілін басқа да
шетел тілдерімен салғастыра карастыруды дамыту – ана тіліміздің
қолданылу аясының кеңейіп, мемлекеттік тіл ретіндегі
мəртебесі үстем болуына үлкен əсер ететіні сөзсіз.
Өркениет заманы
қаншалықты шарықтау шыңына шықса да, ұлт
мəдениетін ұлт тілінен бөліп алып, дамыту мүмкін емес.
Ұлт мəдениетінің қай түрін алсаңыз да, онда
сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-тіршілік
суреті сақталған. Тілді дамытып, көркемдік, бейнелілік
сапасын арттырып, айтылған ойдың эмоциональды-эксперссивтік
əсерін күшейтіп, эстетикалық сипатын нəрлендіріп отыратын
əр халықтың көркем сөз шеберлері болады. Атап
айтсақ: мақал- мəтелдер, нақыл сөздер,
теңеулер жəне тұрақты тіркестер т.б. Олар бейнелеу
тəсілдері арқылы көркем əдебиетте өз іздерін
қалдырады. Тілімізде қалыптасып, тұрмыс-тіршіліктің
жан-жақты саласын қамтитын, лексикологияның өз алдына
жеке бір саласы болып табылатын көркемдік-бейнелілік
тəсілдердің бірі – фразеология. Фразеологиялық бірліктерде
қолданылған сөздерге қарап, əр
халықтың тарихы мен мəдениетінен, таным болмысы мен
тұрмыс-тіршілігінен мағлұмат алуға болады.
Фразеологизмдер - тіл атаулының
бəріне тəн құбылыс. Тілдердің, əсіресе,
құрылымы əртүрлі туыстас емес тілдердің
фразеологизмдерін кешенді түрде салғастыразерттеу – салыстырмалы
жəне салғастырмалы тіл білімінің қызықты, əрі
келешегі мол саласы.
Фразеология саласын тіл білімінің
жеке пəн іретінде қалыптастыруда, оның нысандарын, тілдегі
орнымен табиғатын зерттеу əдістерін анықтауда, маңызды
теориялық тұжырымдар жасауда көптеген отандық жəне
шетелдік ғалым лингвистердің енбектері ерекше орын алады.
Олардың ішінде Копыленко М.М., КеңесбаевI., ҚайдаровА.Т.,
СəбитоваМ.Т., ЧернышеваИ.И., ФлейшерВ., ДобровольскийД., ИсабековС.Е.,
СəтеноваС.К., СмағұловаГ.Н., т.б. атақты
ғалымдардың жалпы жəне салыстырмалы-салғастырмалы
фразеологиясаласының дамуына қосқан үлестері орасан
зор.
Тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу
олардың бір-бірімен ұқсастық, бір-бірінен
айырмашылық заңдылығын анықтауға, тілдің
ұлттық қасиеттерін тереңірек түсінуге, жалпы
жəне жеке аударма теориясының қалыптасуына зор
мүмкіндіктер береді.
Ал екі тілдегі көркемдік-бейнелілік
құралдарды барынша тілдік бояуын жоғалтпай аудару -
аударылатын тілден мағынасы жақын эквивалент /балама/ іздеу,
аударма барысында тілдік ерекшеліктерді ғана емес, сонымен қатар
діл /менталитет/, мəдени жəне тұрмыс-тіршіліктік ерекшеліктерін
де ескеруді талап етеді.
Фразеологиялық бірліктер немесе
тұрақты сөз тіркестері ең басты ерекшелігі –
олардың компоненттерінің мағынасын біріктіре отырып бір
мағынаға ие болу. Сондықтан аудармашы оларды аударғанда
компоненттерінің бөлек мағыналарына емес, жалпы сөз
тіркестің біртекті мағынасына үлкен назар аудауы қажет.
Тұрақты сөз тіркестері бейнелік жəне бейнелік емес болып
екіге бөлінеді. Бейнелік емес тұрақты сөз тіркестеріне
мысал келтірелік: to make a sacrifice – құрбандық ету, to
have a good sleep – ұйқыны жақсылап қандыру, to pay
attention – назар аудару.
Ағылшын фразеологиясының
өзіне тəн стилистикалық жəне мағыналық
қасиетін айта кеткен жөн. Мысалы: the hell of a time – қатты
көңілді немесе зая кеткен уақыт деп аударылады. Біз
ағылшын тіліндегі бір компоненті зооним болып келген, яғни жануарлар
атауы ұйытқы болған фразеологиялық тіркестердің
қазақ тіліне аударылу ерекшеліктерін, ағылшын жəне
қазақ тілдеріндегі зооним компонентті фразеологиялық
тіркестердің ұқсастықтарымен ерекшеліктерін
қарастырдық.
Бір компоненті зооним болып келетін бейнелі
тұрақты сөзтіркестерін аудару тəсілдері:
1. Фразеологиялық баламалылық. Егер белгілі бір фразеологиялық бірлік түп
нұсқа жəне аударма тілдерінде толығымен
мағыналық жəне стилистикалық жағынан
сəйкескелсе, оны фразеологиялық баламалылық тəсілімен
аударамыз. Баламалар толық жəне толық емес болып екіге
бөлінеді.
Толық
балама мысалы: to live like cat and dog – мысық пен иттей өмір
сүру.
Толық емес балама мысалы: never look a gift horse into the mouth –
сыйлаған аттың тісіне қарамайды, to kick two birds with one
stone – екі құсты бір таспен ату, to kill the goose that lays the
golden eggs – алтын жұмыртқа туатын тауықты өлтіру, a
bird may be known by its song – құс ұшқанымен
көрінеді, to fish in triobled waters — лай суда балық аулау.
2. Фразеологиялық нұсқаны
қолдану. Мұндай
тұрақты сөзтіркестер мағынасы жағынан
ұқсайтын тұрақты сөзтіркестеріне аударылады.
Мысалы: tohit the bird in the eye – дəлтабу, when cat is away, the mice
will play- құлан құдыққа
құласа, құрбақа құлағында
ойнар, let sleeping dogs lie – жатқан жыланның
құйрығын баспа.
3. Фразеологиялық бірліктерді немесе
тұрақты сөзтіркестері калькалау. Аударма тілінде баламасы немесе нұсқасы жоқ
тұрақты сөзтіркестерін аударғанда аудармашы
түпнұсқа мағынасын сақтап қалу
мақсатында сөзбе-сөз аударады. Мысалы: to keep a dog and bark
oneself – ит ұстағанымен өзің абалайсың, A wolf
in sheep’s clothing - қой терісін жамылған қасқыр.
4. Бейнелеп аудару. Егер аудармашы тұрақты сөзтіркес
мағынасынан ауытқып кетсе, ол сол тұрақты
сөзтіркес мағынасын суреттеп немесе бейнелеп аударылады. Мысалы:
rain cats and dogs – жаңбырдың шелектеп жаууы, құйып
жауу.
Туыстас емес қазақ жəне
ағылшын тілдеріндегі бір компоненті зооним болып келген
фразеологиялық тіркестерді саралап, зерделей келе келесідей тұжырым
жасауға болады:
Екі тілде кездесетін фразеологизмдерге
ұйтқы болатын жануарлар атауы екі ұлттың ділімен,
кəсібімен тығыз байланыста болғандықтан
ұлттық ерекшеліктер анық көрініс береді. Атап айтсақ,
қазақ тіліндегі зооним компонентті фразеологиялық тіркестерге
үй жануарларынан: қой, ешкі, жылқы, сиыр, түйе,
ит,мысық; жабайы жануарлардан: қасқыр, қоян,
түлкі, жылан ұйтқы болса, алағылшын тілінде үй
жануарларынан: тауық, қораз, қаз, шошқа, есек,
жылқы; алжабайы жануарлардан: арыстан, қасқыр, маймыл,
балық компоненттері жиі қолданылады.
Дүниетаным, ойлау қабілетінде
салғастырылушы тіл иелері халықтардаортақ болғанымен,
өмір сүру жағдайы, табиғи ортадағы
айырмашылыққа қатысты бейнелеу, суреттеу, əсерлеу
нысандары мен эмоционалдық жағынан
алғандаəрхалықтың өзіндік ұлттық
ерекшелігі бар. Мысалы, қазақ тіліндегі «қыздың
жиғанжүгіндей» деген фразеологиялық теңеудің
ағылшын тілінде баламасын табу өтеқиын. Бұл –
қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігі,
өмір салтыменбайланысты əсемдікті танытудың көрінісі.
Сол сияқты, ағылшын тіліндегі «(as) dumb as a woolden Indian»
(сөзбе-сөз: дүкен алдында тұрған индеецтей),
жалпытопас, ақымақ деген мағынада қолданылады. Жарнама
ретінде Америкада темекі сататын дүкендердің алдында индеецтің
ағаш мүсіндерін қою осы елдің дəстүріне
жатады. Ал американдықтар түсінігінде ертеде индеецтер
ақымақ, топас депбағаланған.
Келтірілген мысалдардан теңеу
бейнесінің негізі ретінде екі тілде əр түрлі
мағыналық топтардың құрамына кіретін атаулар
қолданылатыны көрінеді.
Олардың қолдану аясында əр
тілге тəн ерекшеліктермен қатар, екі тілге де ортақ белгілері
де кездеседі.
Әдебиет:
1. Кеңесбаев
І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977. 712 б.
2. Сатенова С.
Қос тағанды фразеологиялық тіркестердің авторлық
қолданысына қарай өзгеруі // Тіл тарихы және сөз
табиғаты. Алматы:
Ғылым, 1997. Б.85-89.
3. Смағұлова
Г. Фразеологизмдердің синонимдік қатарлары. Алматы: Ғылым, 1997. 96 б.
4.
Қоңыратбаева Ж. ХХ ғасыр
басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер. Канд. дис.
автореф. Алматы, 2002. 30 б.
5.
Кеңесбаев I. Казақ тіліндегі
тұрақты сөз тіркестері. –Алматы, 1954. –706 б.