Қорқыт шығармашылығының танымдық ерекшелігі

 

Джанибекова Акмеир Әбубәкірқызы,

Түктібаева Зибагүл Қарабайқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы,

Ш.Уәлиханов ат.№34 жалпы орта білім беретін мектеп

 

         «Дұрыс  қанаттанған  түзу  ұшады»   деген   халқымыз   тәрбиенің  түпкі  мақсатын,   жемісін  меңзеп  отыр.Өз тарихымыздағы, мәдениетіміздегі ұлы дәстүрлер мен ірі жетістіктерді келешек ұрпақтың санасына сіңдіру, кейінгі нәсілге аманаттап қалдыру - бұл біздің ең басты мақсатымыз. Осындай ұлы мұралардың бірі түркілердің ортақ тұлғасы, кемеңгер ойшыл, ғажайып музыкант Қорқыт атаның рухани мұрасы. Өлмес өмірі бүгінгі ұрпаққа үлгі болған ұлы ұзанның мұрасын зерттеуде талай ғалымдарымыз табандылықпен ізденіп зор табыстарға да жетті. Еуразияның ұлан байтақ даласын ғасырлар бойы мекен еткен түркі халықтары әлемдік мәдениетке қандай ерекше мәдени мұра қосты деген кезде, ойымызға ең алдымен эпикалық бейнелердің ішінде Қорқыт атаның біздің халқымыз үшін айрықша орнын сөз етеміз. Себебі, ол туралы аңыздар мен жырлар түркі халықтарының барлық халықтарына ортақ. Қорқыт - түркілердің бәріне де ұлы тарихи тұлға, данагөй көсем, ұлттық ақыл – ойдың жиынтық бейнесі болып келеді, және ол туралы зерттеулер мен саралаулар неғұрлым көбейген сайын асыл бейнесі өміршеңдік сипат ала береді.  Қорқыт өткен мен жаңаны, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін, музыка мен театрды, сана мен сазды біріктіріп тұрған ұлы тұлға. Рухы биік, ұлттық тағылымы мол Қорқыт мұраларының кәзіргі ұрпақ пен жас жеткіншектер үшін тәлмі мен мән-мағынасы өте зор. Дүниетанымдық, тәлімдік-тәрбиелік мәні мол ұлттық педагогикамыздың бастауы болып табылатын Қорқыт атаның жырлары мен өсиетті сөздері, күйлері мен аңыз әңгімелері жалпыадамзаттық тәрбие ұлағаттарына үлкен үлес болып қосылады. Жастарға тәләм-тәрбие беру ісіне үлес қостын осы асыл мұраларымыздың қадіріне жетіп, тәрбие құралына айналдыруымыз керек. Біздің Қорқыттан басталған рухани мұрамыз көшпелі түркілер өмірінің ұлы энцеклопедиясы болып табылатын, түпкі тарихы соңғы мыңжылдыққа қатысты «Манас», «Алпамыс», «Орал», «Едіге» секілді тағы басқа эпостарға, аңыздар мен ертегілерге музыкалық шығармаларға ұласады. Осы «Қорқыт ата», «Алпамыс», «Манас» сияқты мұраларымызды әлемдік деңгейге көтеру, дүниежүзіне тарату біздің негізгі мақсатымызға айналуға тиіс. Мәдени мұраны насихаттау жаңа бағытта, Жаңа көзқараста жасалуы тиіс.  Елімізде түркі мәдениетінің құндылықтарын ұлықтауға арналған ғылыми конференциялар өткізіліп оған алыс – жақын шетелдерден, еліміздің түпкір-түпкірінен белгілі ғалымдар, зертеушілер мен қаламгерлер жиналып түбі бір түркі әлемінің құндылықтарын, оның ішінде Қорқыт бабамыздың асыл мұраларын зерттеп зерделеді.                                                                                    Әлемдік өркениетте Қорқыт ата – талассыз танылған тұлға. Қазақтың санасына Қорқыт десе қобыз бен Сыр өлкесі қатар келеді. Осы Сыр өңірін бүкіл түркі халқы өздерінің ортақ отаны деп санайды. Жалпы түркі мәдениетінің негізі осы төңіректе қаланды. Бқл жер – жырдың қаймағы бұзылмаған киелі мекен деп айттық. Өорқыттың туған, көз жұмған, аңызы қалған жер осы Сыр елі. Қорқытты көріпкел, болашақты болжайтын сәуегей ғана емес, бақсылардың атасы деп келдік. Қорқыттан қалған дәстүр бойынша қобызбен адам емдейтін бақсылар қазақ елінде көп болыпты, өз дәуірінің ұлы ойшылы болған Қорқытты ел-жұрттың қатты қадірлегені соншалық ол туралы әсерлі аңыздар туғызған. Сол себепті де ұлы жыраудың туғанынан бастап, өмірден өткенге дейінгі әрбір сәтін, бүкіл ісәрекетін қиялға бергісіз әдемә әңгімеге әсерлі мифке айналдырған. Абыз бейнесінің шарттыылыққа құрылған белгілері көбейіп кеткендіктен де, кейінгі жқрт ақырында «Қорқыт өмірде болған ба, болмаған ба деген ?» дүдамал ойда қалған. Қолына қобыз ұстаған ұзан (абыз жырау) елден елге жетеді – деп Қорқыт атаның өзі айтқандай, өнер мәңгілік ол – елден елге, ұрпақтан ұрпаққа тарайды. Халық ақын жыраулары өзінің сүйікті қобызына қосып, Қорқыттың туған күнін осылайша жырлаған.         Тағы бір қызық жайт: халық поэзиясында Қорқыт қазақтың ұлттық музыкалық аспабы – қобызды тұңғыш жасаушы ретінде жырланады. Қобызды жасаушы да, тартушы да – Қорқыт. Өзі мықты, үні әдемі, сазды болуы үшін қазақ халқында қобыз аспабы күні бүгінге дейін қолданылып келеді. Қазақтың аңыз әңгімелерінде Қорқыт атаның қалай өлгені, неден өлгені туралы да айтылады. Солардың бірінде қорқыт өлімнен қашып Сырдария жағасына жайылған кілем үстінде жеп отырған жүзім ішінен қарақұрт шығып, шағып өлтіреді. Енді бір аңыз әңгімеде Қорқыт өлімге тосқауыл жасамақ болып, өмір жайын ән мен күйге қосып, Сыр суының жағасына төселген кілем үстінде қобызбен күй сарнатып отырады. Бір мезетте күйге елтіп, арбаған әб жылан Қорқыт қалғып кеткен кезде шағып алады да, Қорқыт ата содан өледі. Өзі өлгенімен артында күйлері, ұлағатты сөздері қалды. Ал әдебиет кітабында деректі түрде «Қорқыт ата кітабы» бар.  Орыс ғұлама ғалымы Жирмунский: «Қорқытты ұлықтаудың мыңжылдық тарихы бар» деп бекер айтпаса керек [3.61].     Қорқыт шығармашылығының тарихи – тәлімдік мәні жөніндегі бірқатар ізденістерден соң, «Қорқыт ата кітабы» - эстетикалық тәрбие беру көзі деген қорытындыға келдім. Эстетикалық тәрбие дегенде көпшілік ата-ана мен ұстаздар қауымы бұны тек ән салып, ақын өлеңдерін жатқа айту, көркем сурет туындыларын көру, көркем туындылардан көріністер әзірлеп сахналық қойылымдар көрсету деп ойлайды және сол сипатта іс-шаралар өткізіп жатады. Бұлар педагогикалық, психологиялық сондай-ақ эстетикалық тәрбиенің философиялық іргетасы – эстетикалық санаттарға негізделгендіктен, көбінесе, сыңаржақты әрі үстірт сипатқа ие болып қалатынын жасыруға болмайды.
Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам әсіресе еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Бұл жайында В. Белинский: «Әсемдікті сезіну-адамгершіліктің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін..., тек осы сезіммен ғана адамзат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады,... эстетикалық сезім- жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі»,-дейді
[4.266]. Яғни, эстетикалық сезімді, әсемдікті сүйе білуге, тани білуге тәрбиелеу-туған ұлттық өнерге, туындыға мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүние-танымын дамытады.          Егеменді ел мәдениетінің ұлттық белгісін айқындайтын  ата-бабалар тағылымдары екендігіне күмән жоқ. Біз кіші мектеп жасындағы оқушылардың дұрыс есеюіне қаншалықты ерте кіріссек, оның нәтежиесі де жемісті болатынын тәрбие көрсетті.         Ұлағатты тағылымдар – азаматтық көзқарастың ұлттық және жалпы мәдениетінің қайнары. Сондықтан да біз өзіміздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбы етіп Қорқыт ата өсиеттерін таңдадық.                         Дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық тәрбиеміздің бастауы болып табылатын Қорқыт атаның жырлары мен өсиет сөздері, күйлері мен аңыз-әңгімелері жалпы адаммзаттық тәрбие ұлағаттарына үлкен үлес болып қосылады. Қорқыт ата өз заманында оғыз халқының ұстазы болса, біздің заманымызда әлем халықтарының ұстазы. Ендігі міндетіміз оны келер заманның ұстазы ету. Ол үшін Қорқыт атаның асыл мұраларының қадірін арттырып, қастерлей беру бізге – парыз.        

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     Назарбаев Н. Ә Тарих толқынында – Алматы: Атамұра, 1999- 33 б.

2.     Айдосов А. Х. Қорқытнама Алматы: Бастау, - 1997 233 б.

3.     Жирмунский В. М. Книга моего деда Коркута. М-Л,,

4.     Белинский В. Эстетикалық тәрбие жөнінде көзқарасы «Қазақстан мектебі» .№8 , 2004