Ахатова Нұрсауле Кәкімжанқызы.
М.Өтемісов атындағы Батыс
Қазақстан
мемлекеттік
университетінің
аға оқытушысы, магистр.
Түркия Республикасы,
Стамбул
университетінің докторанты
Жәрдем Тілековтің «Сырым батыр» атты тарихи
дастанындағы пассив сөздер семантикасы
Тілімізде
пассив сөздер лексикасы және актив сөздер лексикасы деген
сөздер тобы бар. Актив сөздер лексикасы бәрімізге
түсінікті. Актив сөздерге осы тілде сөйлейтін адам
түсініп қана қоймай, өзінің сөйлеген
сөзінде жиі қолдана білетін сөздер жатады. Демек, актив
сөздер осы тілде сөйлейтін адамдардың бәріне
ортақ болып табылады.
Бұған
күнделікті өмірде өзіміз айтып, әрі естіп жүрген
таныс сөздердің бәрін жатқызуға болады.
Ал
пассив сөздер лексикасы дегеніміз – жалпыға түсініксіз, күнделікті тұрмыста көп
қолданылмайтын сөздер тобы.
Бұдан
әр ғылымның өзіне ғана тән тар көлемдегі терминдер,
көнерген сөздер, тарихи сөздердің шекарасы қатып
қалған дүние емес, жылжымалы, өзгермелі деп
түсіну қажет.
Пассив
сөздерді семантикалық жағынан алып қарасақ,
өз алдына дербес мағыналы жеке сөзбен жеке дара
тұрғанда ешқандай мағына бермейтін сөздер тобы.
Түркі
тілдерінің ертерек дәуірінде кез-келген тіркеске түсіп,
өз мағынасын молынан, толық иемдене білген пассив
сөздер біршама түркі тілдерінде солардың ішінде
қазақ тілінде мағынасынан ажыраған қалпында,
әдетте пассив сөздер көбіне мақал-мәтелдер, эпостық жырлар, жыр–дастандар, шешендік сөздер, мақал–мәтелдер қатарында ғана келеді.
Қазіргі
қазақ тілінің сөз жүйесі алуан түрлі. Ал
бұлардың бірсыпырасы былай қарағанда түсінікті,
мағынасы анық болғанымен, түп–төркіндей қарастырсақ, түп тегін анықтай
қою қиындыққа түседі.
Пассив
сөздер тілдің кумулятивтік қызметі арқылы жеткен.
Кумулятивтік қызмет дегеніміз –
пассив сөздердің ұрпақтан–ұрпаққа тіл арқылы сақталып жетуі.
Тілімізде
көненің көзіндей сақталып ұрпақтан–ұрпаққа мирас болып келе жатқан
сондай жыр–дастандарымыздың бірі – Жәрдем Тілековтің «Сырым батыр» атты тарихи
дастаны.
Қазақ
халқының ауыз әдебиетін жинауда өзіндік үлес
қосқан В.В.Радлов: «Қазақтар қандай әсем
сөйлейді, олардың сөз шеберлігіне құмарлығы
зор» деген еді. Сондай сөз шеберлігіне құмарлығы зор
жандардың бірі – XVIII
ғасырда Батыс Қазақстанда өмір сүрген Сырым
Датұлы еді. Сырым айтты деген шешендік сөздердің ел арасында
әлі күнге дейін ұмытылмай сақталып жетуі – оның шешендік сөздерінің
халқымыздың жадында берік орнауында. Бұл Сырымның
шабытты шешен болғандығын дәлелдейді.Сонымен қатар
Сырым – елдің ерлігі мен еркіндігі
үшін түн қатып, түсі қашқан нағыз
батыр да болған. «Сырым батыр» атты тарихи дастанның
өлең жолдарының құрамындағы сөздерге
байыпты қарасақ, пассив сөздерді жиі кездестіреміз. Енді сол
сөздерге талдау жасап, анықтама беріп көрелік:
Халқы болмай, хан болмас,
Ақылсыз
ханда ар болмас.
Керуен бастап бармайтын
Кәтепсіз қара нар болмас [1],
деген жолдардағы
кәтеп сөзінің тілімізде жеке тұрып дербес келіп
айтылмайтындығы мәлім. Қазіргі қазақ
тілінің лексикасында кәтеп актив сөздер қатарына жата
алмайды, тек осы сияқты дастандарда, эпостық жырларда ғана
кездеседі.
Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде: кәтеп – жүк артқанда нардың өркешіне
батпас үшін, ұзыннан салынған ағаш деген мағынада
көрсетіледі [2]. Сырым
патша үкіметіне деген халық наразылығын ұмыта алмады,
хан– сұлтандардан
көрген зорлық– зомбылықтарына
арашасы болғысы келді, осы орайда старшина– билердің басын біріктіруде де көп қызмет жасады.
Бұл жайларды дастанның мына жыр жолдарынан
көреміз:
Одаман шауып,
шаңдатып,
Ауыл күнде
таланды.
Қит еткен пенде– қылмысты,
Тас қамалға қамалды.
Бағындың
деп патшаға,
Бастағы еркін тағы алды [1].
Осындағы тіліміздегі өз алдына жеке
тұрып қолданылмайтын одаман сөзінің мағынасы түсініксіз.
Бұл сөз түркі тілдерінің біразында қолданылады.
Одаман. Түсіндірме
сөздікте «атаман» мағынасы берілген [2].
Одан әрі дастанда Сырым батыр ашуы өрши
түскендей:
Түлеп
ұшқан қыранмын,
Тұғырыңа қона аламын.
Талайлар
тайған тағынан
Атаң
Әбілхайыр хан –
Екі жүзді зайыр хан.
Хандық
құрған шағында
Жаумен ауыз
жаласқан,
Жоңғар
қалмақ ханына
Қызын беріп,
жарасқан
Үш
арыстың баласын
Бағындырып
алам деп,
Шеңгелімді салам деп
Мансап
үшін таласқан
Ойқан–Жойқан арасын [1]
«Қызын беріп жарасқан» деп отырғаны – Әбілхайыр хан
Жоңғардың Цеван Дорджи деген ханына қызын берген.
Қара халықты патша да, сұлтан да, билер
де билеп төстеген, оларды аяған Сырым әуелі қара
қазақтың, үш арыстың басын біріктіргісі келді.
Үш арыс –
үш жүз|: Ұлы жүз – Ақ арыс, Орта жүз –
Бекарыс, Кіші жүз –Жан арыс. Қазіргі Сырдария мен Әмудария
өзендері XVIII ғасырда Ойқан– Жойқан деп аталса керек.
Текеден
шыққан Шағанақ
Ел жүрегін
жаралап,
Ер Сырымның ауылын
Шауып қайтқан шағы
екен [1].
Осындағы
Теке – Орал қаласының
бұрынғы аты. Шағанақ – Орал қаласындағы шекара әскерінің атаманы
Чагановты қазақтар Шағанақ деп атаған екен.
Сауылдаған
сар масақ
Садақтардан борар күн.
Құр
қалған соң қорамсақ,
Қынаптан
қылыш суырып,
Сөгілте қолтық созар күн [1]
Масақ.
Түсіндірме сөздікте: «Садақ оғының ұшы»
деген мағынада берілген [2].
Қанды
көбе киінген,
Қабағы тастай түйілген.
Еңіреген
Ер Сырым
Тұмарды
ашты алынған
Қауырсынмен жазылған
Жалынды хатты оқыды.
Ақлима
ханымнан [1]
деген жолдардағы
көбе сөзінің мағынасы түсініксіз,
көмескіленген, лексика-семантикалық жағынан өзгеше.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде көбе
сөзінің мағынасы былай көрсетілген: ерте кездегі батырлар
киген сауыт, темір қаптама [2].
Сонымен дастанның жыр жолдарындағы кейбір
сөздер көнеріп пассив сөздерге айналып кеткендігін
байқадық. Бұл пассив сөздер сырт қарағанда
түсінбестік туғызбайтын тәрізді көрінгенімен,
бөлек алып, саралай түскенде, солардың кейбіреуінің
мағынасы кіреукеленген. Бір заманда мағынасы тайға
таңба басқандай, жалпы халыққа түсінікті
болған сөздердің енді күңгірттенуінің
себептерін жоғарыда семантикалық талдау жасалған жеке
сөздерден көрдік. Бұл талдау жұмысын басқа
қырынан тану алдағы келер күннің жұмысы
болмақ. Мағынасы күңгірт сөздердің
төркінін, тіл тарихын білу біз үшін мәні өте зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Тілеков Ж. Сырым батыр. Қазақ
әдебиеті. - 21 тамыз.1992. – 11 б.
2. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі 4 т. 531 б.
3. Тілеков Ж. Сырым батыр.
Қазақ әдебиеті. - 21 тамыз. 1992. - 14 б.
4. Сонда 15 б.
5. Сонда 16 б.
6.Сонда 17 б.
7. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі 5 т. 467 б.
8. Тілеков Ж. Сырым батыр. Қазақ
әдебиеті. - 21 тамыз. 1992. – 17 б.
9. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі 3 т. 53 б.