Тайлюбекова Г. Т.–
магистрант, Құрманалиева
Э.Т. –доцент
ТарМУ,Қазақстан
республикасы, Тараз қаласы
ЖЕТКIНШЕКТЕРДIҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРIНIҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУ ЖАҒДАЙЫ
Педагогикалық және жас ерекшелігі
психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың
екінші жартысына жатады жэне психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму
үстіндегі психологиялык-педагогикалық ой-пікірге көрнекті
орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің сңбектері,
алдымен оның «Адам — тәрбие такырыбы» деген жұмысы
едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақты тәрбиелеуге
ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып
білуі тиіс деп есептей отырып, К. Д.Уишнский мұғалімдер мен
тәрбиешілерге арнап: «...өздеріңіз басқарғыларыңыз
келетін психикалык кұбылыстардың заңдарын зерттеңіздер,
осы заңдарға және оларды қолданғыныз келетін
жагдайларға сәйкес іс-әрскет жасаңыздар»— деп жазды.
Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялык идеяларының айтарлықтай ыкпалы
тиді. Олар психикалық дамудың кайнар көздері проблемасына
зейін аудартты. Психология зерттейтін
деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалык
іс-әрекеттің маңызын кернекті орыс ғалымы Я. М. Сеченов те атап көрсетті.
Бала психикасының даму және оны оқыту процесін
бақылау эмперикалық материалдарының жинақталуы
және қорытылуымен қатар педагогикалық және
балалар психологиясына эксперименттік
зерттеулер еңгізе бастады. Эксперименттік зерттеу балалар мен
жеткіншектердің психикалык дамуына объективті сипаттама беріп оқыту
мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негізден алатыны
педагогтар мен психологтарға айкын болды. Алайда ІХ ғасырдың
аяғы мен XX ғасырдың
басында психологиялык, экспериментті педагогикада қолданудың арнайы
жолдары әлі табыла коймады. Эксперименттің жалпы
психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалык
заңды ашуы, Эббингауздың есті
зерттеуі, Гельмгольцтің сезім
мүшелсрінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен физиологиялық
психологиядағы қимыл-қозғалыстарды зерттеуі т. б.), оны
педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында
қолдануға болатындығы жөнін де үміт
туғызды. Ашылған заңдылықтарды педагогикалык және
балалар психологиясына тек жан ауыстыра салса жетіп жататын тәрізденуі
болып көрінді. Психофизиология заңдарын немесе мәселен
кимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығы мен формасына
катысты фактілерді біле отырып, мұғалімдер міндетті түрде
баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің
заңдарьн түсіне алады деген жорамал болды. Орыс педагогы әрі
психо-логы П. Ф, Каптеревтің «Педагогикалык,
психологиясы» (1877), америка психологы У.
Джемстің «Психология жөнінде мұғалімдермен
әңгіме» (1902) атты кітабы жәме сол кездегі басқа да
психологиялық-педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды.
М.
Жұмабаев сынды жыр дүлдiлiнiң тәлiм - тәрбие
ғылымының (педагогика,
психология және т. б.) теориялық мәселелерiне бой ұруы
таңғаларлық жайт. Өйткенi бұл салада ғылыми
еңбек жазған әлемдiк ақын - жазушылар некен -
саяқ. Осы тұрғыдан алғанда Мағжанның
"Педагогика" (1922 - 1923 ж.ж.) атты кiтап жазуы өмiрде
өте сирек кездесетiн, тек аса талантты, данышпан адамдарға
ғана тән қасиет.
Кеңестiк
кезеңде Қазақстанда психология ғылымының дамуына
өзiндiк үлес қосып, осы салада артына мол мұра
қалдырған академик Т.Тәжiбаевтың ұлт
психологиясына орай айтылған жеке пiкiрлерiмен қатар, Абайдың
психологиялық көзқарастары туралы еңбегi;
Қазақстандағы ғылыми психологияның дамуына ерекше
үлес қосқан, өзiнiң 20 жылға созылған
этнопсихологиялық еңбектерiнде қазақ
халқының сонау ерте замандардың өзiнде - ақ ой -
өрiсi өте жоғары болғанын эксперимент арқылы
дәлелдеп берген ғалым. М.М. Мұқановтың 1979 жылы
жарық көрген " Дәстүрлi мәдениет
өкiлдерiндегi когнитивтi эмпатия мен рефлексияның зерттелуi"
атты ғылыми мақаласы мен
1980 жылы жарық көрген "Ақыл ой - өрiсi"
кiтабынан жекелеген тараулар да осы кiтаптан орын алып отырғандығын
айтады.
ХХ
ғасырдың екiншi жартысында, яғни 1930 - 1990 жылдар арасында
қазақ елiнде, жоғарыда аты аталған ғалымдардан
басқа, ұлттық психология ғылымына азды - көптi
үлес қосқан басқа адамдар да аз емес. Олар психология
ғылымдарының докторлары - профессорлар Жарықбаев Қ.,
Жақыпов С., Намазбаева Ж., Шериязданова Х., Хамзин Б., Бердiбаева С.,
Кәрiмова Р. және т.б. Бұлардың барлығын бiр
жинаққа енгiзуге мүмкiндiк болмағанын оқырман
қауымының есiне салады.
"Қазақтың
психологиялық ой - пiкiрлерi" атты соңғы оныншы том,
негiзiнен, елiмiздiң егемендiк алып, тәуелсiздiк алған кезеңiнде дейiнгi қазақ
халқының он төрт ғасырлық психологиялық ой
- пiкiрлерiн баяндаумен аяқталды. Яғни, бұл сонау VI-VIII
ғасырлардан басталып, ХХ ғасырдың соңғы
жылдарымен аяқталатын аса дүбiрлi үлкен кезең. Ал
үстiмiздегi ХХI ғасырдағы қазақ
психологиясының тарихын жазу бiзден кейiнгi ұрпақтың
еншiсi болмақ деймiз.
Ол
1922 жылы тұңғыш "Педагогика " атты
оқулық жазып, бала тәрбиесiнiң проблемаларымен
айналысушы мұғалiмдер қауымына үлкен көмек
көрсеттi.Сонымен бiрге педагогика, психология ғылымдарының қазақ тiлiндегi терминдерiн
жасауға белсене ат салысады.
Жеткiншек жастағы балалар бойында
көп өзгерiстер байқалады. Әсiресе
мiнез-құлқында өзгерiс айқын байқалады.
Осындай өзгерiстердiң бiрi мiнез акцентуациясы болып табылады.
Акцентуация- барлық адамға тән психикалық
қасиеттерiнiң кейбiр көрсеткiштерiнiң ерекше
дамып, шектен шығып кетуi.
Акцентуацияны анықтау үшін
К.Леонгардтың теориясына сүйене отырып бұл мәселені
зерттеуге кеңінен қолданылып жүрген классификацияны
ұсынады. Ұсынылған классификация бойынша жеткіншектер
акцентуациясы келесі түрлерге бөледі:
|
Тұлға типтері |
ерекшеліктері |
|
Гипертимдік тип |
көңіл-күйі барлық
уақытта көтеріңкі болып жүретін, болашағына
үлкен үмітпен қарайтын оптимистер. Олар өте сирек
ашуға бөленіп, агрессия көрсетеді. Барлық
уақытта көпшіліктің ішінде болуға, жетекші
болуға құмар. Қызығушылығы
өзгермелі, сондықтан бір істен екінші түріне тез ауысады,
бастаған істерін аяғына жеткізбей тастап кетуге, теріс мінез
көрсетуге жақын. Гипертимияның белгісі бар
жасөспірімдер неше түрлі оқиғаларға,
романтикаға бейімді. Басқалардың өз басына билік
жүргізгенін жақтырмайды, ал өзінен үлкен балалар
қамқорлық көрсеткенін ұнатады, олардың
әсеріне тез бөленеді. Сәтсіздікке реакциясы өте
күшті, бірақ тез басылады. Паталогияда жабысыңқы
идеялар неврозы түрінде көрініс береді. |
|
Лабильдік тип |
Аффектілі тұрақсыздар,
кей кезде ешқандай себепсіз көңіл-күйлері тез
және кенет өзгеретін адамдар. Барлық
қарым-қатынасы және іс-әрекеттері
көңіл-күйіне байланысты – жұмысқа
жарамдылығы, хал-жайы, табыстылығы т.б. Эмоциясы өте
нәзік ұйымдастырылған: терең сезінуге және
жағдайларды бастан кешуге қабілетті. Қоршаған
ортадағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға
бейімді. Оны мақтағанда, мадақтағанда,
сыйлағанда шын жүректен қуанып, үзақ уақыт
шат болып жүреді. Махабатта қатты ренжігіш, Бірақ
қажетті болса қамқорлық көрсетуге,
қорғауға даярлық көрсетеді. |
|
Сенситивтік тип. |
Үлкен компанияларды, дабр-шу шығаратын |
|
Шизойдтық тип. |
Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі.
Шизойдтық жеткіншектер - тынымсыздықтың өте
жоғары сатысындағы меланхоликтер. Өздерінің достары
жоқтығынан жалғыздық сезіміне бөленіп жүреді
де одан да бетер тұйықталады. Өздеріне сенімі төмен,
өз кабілеттілігін бағаламайтын, азайтып көрсететін,
басқалардан өзін қорғап жүретін адамдар.
Ұялшақ, жауапкершіліктен қорқады. Олардың
аффектілік реакциялары өзін-өзі қорғау механизмі. |
|
Эпилептоидтық тип |
Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі
тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мезгілге
созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен және
аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. Аффект
барысында ерекше және себепсіз қатыгездік көрсетіп,
ашуланған адамын ұрып-соғуға дейін барады. Депрессия
кезінде тынымсыз, тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі
төмендейді. |
|
Тұрақсыз тип |
Көңіл көтеруге,
сырапшылыққа, уақытын бос өткізуге
әуесқой, импульсивті, реактивті. Ерік күші дамымаған,
эмоциясы тұрақсыз. Патологияда -эпилептоидты психопатия. |
|
Астено-невротикалық тип |
Көңіл-күйі айнымалы, ашушаң,
ипохондрияға бейім. Мәнсіз нәрсенің сылтауымен
ұрыс-қағыс шығарып, агрессиясын анық
байқатады. Көңіл-күйі төмен, пессимист.
Заттарға қызығушылығы төмен, шаршағыш,
қабілетсіз, жалғыздықты жақсы көреді. |
|
Демонстративтік тип |
Эгоцентризмі шексіз, өзіне
көпшіліктің көңлін аударып отыруды, олардан
мақтау естуді, ең болмаса басқалардың
наразылығына бөленіп жүруді қажет етеді. Артистікке
құмар, ашық-жарқын, экстровагантты, өз ерекшелігін көрсету үшін
көп әрекет жасайды. Жалғандығы
паталогиялыққа жақын, ассоциалдық әрекеттермен
көзге түседі. Патологияда - истериялық психопатия. |
|
Циклоидтық тип |
Балалық шақта гипертимдік типтен
айырмашылығы жоқ. Пубертанттық кезеңде көптеген
қиыншылыққа кездесумен байланысты көпшіліктен
қашып, жекеленіп жүрумен ерекшеленеді. Бүл түрі
көрініс бергендер майда-шүйда сәтсіздіктерге өте
көп көңіл бөлетін |
|
Аффекті-экзальтациялық |
Наразылық көрсетіге жақын,
экзальтацияға, аффектіге бөленуі оңай, эмоцияға тез
бөленетін, дінге берілген, педант, кекшіл, жәбірленгенін,
ренжіткенді ұзақ уақыт ұмытпайтын, өкпелегіш
болады. Осы көрсеткіштер негізінде жабысқақ идеялар жиі
пайда болуы мүмкін, ішкі кернеуі күшті, кейде аффект жагдайында
болады. Агрессия көрсетуі мүмкін. Паталогияда — параноялды
психопат. |
Қазіргі кезде жаңа тестік жүйені қолдану
арқылы жоғары сынып оқушыларын мамандық
таңдауға даярлануы қажеттілігін ескере отырып, олардың
шығармашылық қабілетін, білім меңгерудегі дербестік
дәрежесін арттыруға аса маңыз беру қажет болып отыр.
Арнайы қабілеттердең қалыптасуы оқытудың сипаты
мен қатар психологиялық
түзету-дамыту жұмыстарымен де тығыз байланысты.
Сондықтан психологтің келесі міндеті –жоғары сынып
оқушыларының интеллектуалдық дамуына ықпал жасау.
Осы аталған, тағыда баланың жас ерекшеліктеріне,
өмір талабына байланысты туып отырған міндеттерді
басшылыққа ала отырып, әр психолог жас өспірімдермен
жүргізетін қызметінің мазмұнын анықтайды.
Пайдаланылған
әдебиет:
1.
Выготский Л.С. Педагогическая психология. –М.,1991. – 165 б.
2.
Драгунова Т.В. Психологическая педагогика. Ч.1. Живое знание. М.,1998. –
112 б.
3.
Жарықбаев Қ.Б. Жантану.-Алматы, 2008.- 638б.
4.
Сейталиев Қ. Жалпы психология: Оқу құралы. –Алматы:
«Білім», 2007.-360б.