Тайлюбекова Г. Т.– магистрант, Құрманалиева Э.Т. –доцент
ТарМУ,Қазақстан
республикасы, Тараз қаласы
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ
ӨЗАРА
ҚАРЫМ-АТЫНАСТАРЫНЫҢ
СИПАТЫ
Қазіргі
кезде қарым-қатынасқа деген қажеттілік шын
мәнінде ол тума қасиет деп айтуға болады. Нақты белгісі,
ол нәресте өмірінің ең алғашқы
ойларында-ақ көріне бастайды. Л.С. Выготскийдің айтуы
бойынша, олардың негізгі дамуы ол бала нені қажет етсе, сол
басқа адамдардың да қажеттілігі болып табылады. Бірте-бірте
қарым-қатынас қажеттілігі баланы тек ата-анамен ғана
емес, өзінің құрбы-құрдастарымен, жиі
басқа да балалармен эмоционалды қарым-қатынасты іздеуге итермелейді [1, 82 б.].
Жас
ерекшелігіне байланысты қарым-қатынасқа қажеттілік одан
ары кеңейеді, тереңдейді, сонымен қатар формасы мен құрамы да өзгереді.
Бала өз
құрдастарының ортасында болғанда оның жеке
басының дамуы басқалардың қарым-қатынасының
негізінсіз қарастырып зерттеуге байланысты. Дәл осы
қарым-қатынас негізінде баланың негізгі
тұлғалық ұғыну адамгершілік қасиеті
қалыптасады. Социометрия аймағында өткізілген
құрбы-құрдастырының тобындағы
қарым-қатынаста балалар арасында күрделі
қатынастың бар екенін көрсетті және мұндай
қоғамдық тәуелділіктің қолтаңбасы
«ересектер» әлемінен де орын
алған.
Қоғамдық
қасиеттіліктің дамуы мен тереңдетілуі мектепке дейінгі
балаларда анық көрінеді. Сонымен қатар әр жыл сайын
бұл қатынас одан әрі тұрақты және
таңдамалы болып келеді. Алғашқы болып достық
қазіргі таңда ең басты орында зерттеліп жатыр. Бастауыш
сыныпта балалар тұлғааралық қарым-қатынас
жүйесінде белгілі бір орынды алуға ұмтылады, сонымен
қатар ұжымда да бастапқыда жиі келіспеушілікті өте ауыр
қабылдайды. Алайда, жеткіншектерде осының барлығы да
күрделірек, өткір формада байқалады. Жақын жолдасымен
қарым-қатынаста – Т.В.Драгунованың пікірінше, жеткіншектің
негізгі іс-әрекетінде байқалады, ол тіптен өзінді
іс-әрекет ретінде де пайда болады. Бұл
қарым-қатынастың негізгі нысаны – басқа адам –
жолдас-адам ретіндегі құрбысы. Іс-әрекеттің пайда болуы
бір жағынан жеткіншектің бір-біріне қарым-қатынас
әрекеті ретінде, екінші жағынан – құрбылармен
өзара қарым-қатынастағы оның әрекеті туралы
ойлау формасынан көрінеді [2, 75б.].
Сонымен тұлғааралық
қарым-қатынас дамуының негізінде
қарым-қатынасқа деген қажеттілік жатыр, ол жас
ұлғайған сайын терең өзгеріске ұшырайды.
Бұл жағдай барлық балаларда бірдей емес. Мұның
шарты әр баланың топ ішіндегі түрлі қайталанбас
жағдайына, өзіндік шағын ортасының болуына байланысты.
Әр топ топтың мүшесі тұлғааралық
қатынас жүйесінде және іскерлік қатынас жүйесінде
өзіндік маңызды орынға ие болады. Сол ерекшеліктерін № 1
кестеден көреміз.
Кесте №1- Жеткіншектің
өзара қарым-қатынас ерекшеліктері
|
а\Мектеп
ұжымындағы жеткіншектің өзара
қарым-қатынас ерекшеліктері |
Өзара
қарым-қатынас дегенде біз адамның негізгі ішкі жан
дүниесін және оның бір-біріне деген маңызды бейнесін,
эмоциялық, интеллектуалды бейнесін түсінеміз. жеткіншектің рационалдық тәрбиесі тәрбиешіні
ресми және ресми емес топтардағы өзара
қарым-қатынасын білуді міндеттейді (секцияларда,
үйірмелердің үлкен жеткіншектер тобында). қарым-қатынас тек қажеттіліктің
қанағаттануына ғана емес, қарсы жыныстағы
балалармен қарым-қатынасы да қиындай түседі.
жыныстық еліктеушілік жеткіншек алдына үлкен қиын міндеттер
қояды, қарым-қатынас күрделенеді. |
|
Ә\Қарама-қарсы жыныстағы
құрбы-құрдастармен қарым-қатынас. Махаббат. |
Қарым-қатынас
- өзара тұлғаралық қатынас
құрылатын, туындайтын, дамитын адамдар арасындағы
өзара әрекет. Ұлдар мен қыздар арасында қатынас
өзгере бастайды. Олар да бір-біріне жыныс өкілі ретінде
қызығушылық пайда болады. Енді бәрі жаңаша –
олармен қатынас басқаша қабылданады. Бұл байланыста
жеткіншек үшін оған өзгелер қалай
қарым-қатынас жасайтындығы маңызды бола бастайды.
Ең алдымен өзінің сыртқы бейнесі ескеріледі:
бет-бейнесі, дене тұрқы, шаш үлгісі, өзін-өзі
ұстауы т.б. Әсіресе бойын, толықтығын жиі уайымдайды. |
|
Б\Құрбы-құрдастармен
қарым-қатынас.
Достық. |
Құрбы-құрдастармен
қарым-қатынас белгілі маңызға ие. Жас мөлшері
тең жеткіншектер өзара қарым-қатынас тәсілдерін
іздестіреді. Бір-бірімен өзара әрекетте жеткіншектер
құрдасы мен өзіне деген рефлексияға үйренеді.
Жеткіншек балалық шаққа қарағанда ата-анасына
енді тәуелділігі аз бола бастайды. Өзінің ісі, жоспары,
сыры бар, енді ол ата-анасына емес, жақын досына сенім артады [3]. |
|
В\ Жеткіншектердің ересектермен өзара
қарым-қатынас мәселелері |
Ересектік
кезең жеткіншек
өзінің отбасымен қарым-қатынасын қайта қарап,
бағалай бастайды. Өзін тұлға ретінде сезінуге ұмтылу –
оның өзіне ықпал ететін адамдардан, ең бірінші
ата-анасынан бөлектену қажеттілігін туындатады. Отбасылық
қарым-қатынастан шеттелу сырттай қарағанда
негативизмнен кез келген нәрсеге қарсылық көрсетуден
байқалады. Негативизм бөлектену механизмінің
алғашқы формасы және жеткіншектің өзіндік «Мен»
формасын іздеудің негізгі бастамасы болып табылады |
Жеткіншек
тұлғасының қалыптасуында тұлғаралық
қарым-қатынас маңызды фактор болғандықтан,
оның психологиялық мүкіндіктері зор, сонымен қатар
оның белгілі бір қауіптілігі де бар, өйткені
тұлғаның жақын ортасындағы сипатын
көрсететін, қоршаған ортада доминанттылық танытатын
нормалар мен құндылықтардың төмендеуіне
жағдай жасайды.
Кәмелетке
толмаған құқық бұзушы жеткіншек
ұжымындағы тәрбие жұмысының тиімділігін
жоғарылатудың міндеттері – ондағы болып жатқан
әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық процестерді
жан-жақты, тиянақты зерттеу талап етеді. Зерттеулер
көрсеткенінде оқушылардың ұжымының жағдайын
өзгертетін негізгі процестер ол жеткіншектер арасындағы
тұлғаралық қарым-қатынас ерекшелігі мен
ұжымдық іс-әрекет процесі болып табылады.
Жеке
тұлғаның ерекшелігі өзге адамдармен
қарым-қатынас барысында қалыптасып қана қоймайды,
сонымен қатар оны өзгертуге болатынын айта кеткен жөн.
Осылайша,
кәмелетке толмаған құқық бұзушы
жеткіншектердің жеке тұлғасын зерттеудегі негізгі
тәсілді былай қалыптастыруға болады: жеткіншектің
құқық бұзушылық әрекеті оның
әлеуметтік ортаға дұрыс бейімделмеуінің салдары болып,
ол бала өмірінің белгілі бір жағдайларының
жиынтығымен объективті түрде шартталады, ал оның субъективті
– оның тұлғалық
ерекшелігімен, адамгершіліктік дамуымен, өмірлік
құндылықтармен шартталады.
Социология
тұрғысынан қарар болсақ, кәмелетке толмаған
құқық бұзушы жеткіншектер категориясының
күрделілігі – оған мінез-құлықтың негативті
шаблоны және қаныған құндылығы тән.
Кәмелетке толмаған жеткіншектің құқық
бұзушылығы қандай да бір төтенше жағдайдың
пайда болуы емес, бұл терең органикалық процестер
көрінісі. Кәмелетке толмаған құқық
бұзушы іс-әрекеттер тұлғаның динамикалық
қызметі емес, ол тұрақты құрылым болады.
Кәмелетке
толмаған құқық бұзушылықтың
себебін анықтаудағы педагогикалық тәсіл ол
жеткіншектің өмір сүруінің шағын шарттарын есепке
алуды талап етеді. Жеткіншектің психикасы мен санасына
қоршаған ортаның жағымды нәтижесіз
болуының, жағымсыз шарттарға адамгершіліктік
иммунитетінің жетіспеушілігін тудыратын шарттардың себебін білу
маңызды.
Кәмелетке
толмаған жеткіншектің құқық
бұзушылығы бұл - бір жағынан тұлғаның
өзі үшін маңызды іс-әрекет аймағында
байланысқа көңілі толмаушылықтың көрінісі
болса, екінші жағынан - пайдалы қарым-қатынас шартының
жетіспеушілігінің нәтижесі болып келеді [4, 75б.]. Жеткіншектің қарым-қатынасына оның жеке
қасиетінің көрінісі деп қана емес, оған деген
қоршаған ортаның жауап реакциясы деп қарастырған
жөн. Көптеген ата-аналардың кемшілігі олар балаларға
лайықты қарым-қатынас стилін таба аламайды және оның
ересектікке, тәуелсіздікке деген ұмтылысын, өз бетінше
дербестікке деген қалыптасушы қабілет ретінде қарауы, ал
бұл жай ғана жеткіншектің жеке тұлға ретінде
өзін-өзі бекіту формасы.
Пайдаланылған
әдебиет:
1.
Выготский Л.С. Педагогическая психология. –М.,1991. – 165 б.
2.
Драгунова Т.В. Психологическая педагогика. Ч.1. Живое знание. М.,1998. – 112
б.
3.
Жарықбаев Қ.Б. Жантану.-Алматы, 2008.- 638б.
4. Сейталиев Қ.
Жалпы психология: Оқу құралы. –Алматы: «Білім», 2007.-360б.