Құрманалиева Э.Т. –п.ғ.к.,
доцент, Ералиева К.А.- магистрант
ТарМУ, Қазақстан республикасы,
Тараз қаласы
МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай, әрбір
сыныптың нақтылы тәжірибелік міндеттерін шешудің тек
жалпы тәсілін үлгі түрінде табу және беру өте
қиын, ұстаздық етудің өзі психолог қызметін
атқарудың бір бөлігі деп қарау керек. Әрбір
оқушының жеке дара қасиетіне, психологиялық даму
ерекшелігіне кілт таба отырып, олардың дамуына жол ашу, үйлесімді
дамуына ықпал ете білу қажет. Оқу үрдісінде жеке
талантты және дарынды оқушылардың қызығуын
тәрбиелеуде мектеп психологы мен пән мұғалімдері
бірлескенде ғана үлкен табысқа жетеді.
Ұлттық
мектеп психологі жан-жақты білімді, мәдениетті, өз
ұлтының тілін, әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрлерін жақсы білетін, зиянды әдеттермен шұғылданбайтын, жаны, рухы таза
болуы керек. Бойында өзге ұлттардың жағымсыз мінезі мен әдеттері бар,
ұлттық әдептілікті бойына сақтай алмайтын жандар
мектептегі психологиялық қызметте нағыз шынайы
этнопсихологиялық мәдениетті
қалыптастыруы мүмкін емес. «Мұғалім ең жауапты
міндет орындайды – ол адамды қалыптастырады»-дегендей, әрбір
мұғалім ең жауапты міндет орындап жүргендігін сезіне
білуі тиіс. Біз педагогтар қауымы, өз білімімізді жетілдіре
түсіп, бар күш-қайратымызды жұмсап, жастарға
сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы қолдан шығып
бара жатқан абырой-беделімізді қайтарып алуға міндеттіміз.
Біздің ең негізгі этнопсихологиялық
ерекшеліктеріміздің бірі бұл – отансүйгіштік қасиетіміз
болып табылады. Отансүйгіштік /патриотизм/ - ақыл, ой –
сананың, табанды тәрбиенің жемісі. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы
жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы: «Біз
Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар
етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы
Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін,
келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер
төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші
күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол
«Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI
ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас
идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық
патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша
Қазақстан қоғамының осындай ұлы
құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да,
бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген
келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті
ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас
болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай
сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және
кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша
қазақстандықтардың жұмысының түпкі
мәні - осы! .... «Мәңгілік
Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр
бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты -
Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл
біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры
сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді» деген философиялық ой тұжырымдары
жеке тұлғаны этнопсихологиялық ерекшелікке сай
дамытудың теориялық негізі болып табылады[1].
Біздің
мектептеріміздегі психологиялық қызметтің ең жауапты міндеті тәуелсіз мемлекетіміздің уығы
болып қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас
ұрпақты адамгершілік қасиетке азаматтық
тұрғыда тәрбиелеп, тиянақты білім беру,
отансүйгіштік сезімін дамыту арқылы этнопсихологиялық
ерекшелікке сай жеке тұлға қалыптастыру қажет екендігін
айқындайды. Біз бұны өз зерттеулеріміз арқылы
дәлелдей аламыз.
Дүние
жүзінің көптеген ел азаматтарының отансүйгіштік
сезімдері ерекше дамып, елжандылық мінез-құлық
бейнесінде, әдебиет пен өнердің әр алуан жанрларында,
ән шығармашылығында көрінетін мемлекеттік
рәміздер – Жалауға, Елтаңбаға,
Әнұранға, ұлттық мерекелерге
құрметпен қарау салтанат құрған. Отансүйгіштікке
тәрбиелеу тетігі кез келген мемлекетте бар және ол ішкі және
сыртқы саясат проблемаларын шешуде соған сүйенеді. Отансүйгіштік
- жалпы алғанда этнопсихологиялық мәдениеттің
және ішінара алғанда саяси мәдениеттің
элементінің бірі. Бүкіл Еуразия кеңістігіндегі
отансүйгіштіктің тарихи идеялары мемлекеттік
құрылыстың нығаю факторы болып табылады.
Қазіргі
педагогтардың, психологтардың, ата-ананың, жалпы
қоғам мүшелерінің мақсаты – Ата –
бабаларымыздың өткір қайсарлығы мен қайтпас
жүректілігін бүгінгі ұрпаққа жеткізе отырып, сол
ерлік эпопеясынан тағлым алуына көмектесу, ұрпақтан –
ұрпаққа
жалғасқан ерлік дәстүрі, ұлттық
сипаты негізінде Егемен еліміздің қорғаны болар жас
ұландарды ұлттық ерлік рухында батылдыққа,
табандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу
арқылы, этнопсихологиялық ерекшелікке сай жеке тұлғаны
қалыптастыру болуы тиіс. Отан қорғаудың негізгі
кезеңдерін оқыту мен бірге отансүйгіштік сезімін қалыптастыру
үшін оқушыларда этнопсихологиялық сана-сезімді дамыту
қажет. Ұлттық сана қалыптаспайынша, ұлттық
мүдде қорғалмайды. Ж.Аймауытов пен М.Әуезовтың
«Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында: «Бұрынғы
уақытта – қазақ елі ұйымшыл, ері жауынгер, биі
әділ, намысқор, адамы ірі, бітімді, қайратты сауықшыл
ел болған екен. Досымен достасып, жауымен жауласуға табанды,
қайғыра да, қуана да білетін халық екен» - деген екен.
Қазіргі күнде, егеменді Қазақстанымызда жеке
тұлғаның бойындағы этнопсихологиялық ерекшеліктердің
қалыптасуы мен дамуы өте баяу. Бұған
әртүрлі себептері көп, ол теле-радио бағдарламаларында,
баспасөз беттерінде күнде айтылуда. Педагог-психологтар, педагогтар, ата-аналар, жалпы қоғам
мүшелері жеке тұлғалармен жұмыс жүргізуді
этнопсихологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, жүзеге
асырғаны жөн деп ойлаймыз.
"Қазақтың
тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде
құрылуына барып тіреледі... мектебімізді таза, берік
һәм өз жанымызға / қазақ жанына/
қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз
үшін тайынбай-ақ серттесуге болады"- деген Мағжан Жұмабаевтың
ой тұжырымын басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаны
қалыптастырудың этнопсихологиялық ерекшеліктеріне сүйене
отырып, анықтау және дамыту жұмыстарын жүргізудеміз.
Осыған орай, мектептегі психологиялық қызметті дамыту барысындағы
этнопсихологиялық ерекшелікке сай жеке тұлға
қалыптастырудың моделін ұсынынып отырмыз[4].
Қазақ халқының жан дүниесінің сыры мен
жүйесі халқымыздың түрлі толғаныстары сезімдік,
танымдық, ақыл-ойы мен көңіл-күйін білдіретін туындыларынан көрініс
табады.
Біз Әл-Фарабидің, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының,
Абай Құнанбаевтың,
Шәкәрімнің
қалдырып кеткен асыл-мұраларын тиімді қолданып
отырсақ және халықтың нәзік сезімді
ұлттық тыныс- тіршілігі – осының бәрі баланың жан
дүниесінің сырын бейнелейтін психологиялық мәселелер.
Халқымыздың өзіндік тыныс-тіршілігінде, сана-сезімінде, ауыз
әдебиетінде адам жан дуниесінің белгілі бір жүйесі жайлы оның
сыр сипаты мен әр алуан құпия касиеттері, өнегелі
ой-пікірлер баланың мінезіне, ой-толғауына, сана-сезіміне өз
әсерін тигізетіндігін біз өз тәжірибелерімізде
қолданылған әдіс-тәсілдерден анық
байқадық.
Өзін-өзі жетілдіретін тұлға
үнемі адамгершілігін дамытуға ұмтылып отырады. Адам өмірге тұлға болып
келмейді, ол өз халқының адамгершілік-рухани, мәдени
құндылықтарын бойына сіңіре отырып және
әлеуметтік орта тәжірибесін қабылдай отырып
тұлғаға айналады. Адамзат
даму үстінде. Ұрпақсыз ешбір халық та, жан да дамымайды. Сондықтан
ұрпағын өсірудегі халқымыздың жасаған
тарихи-халық мұраларына зер салсақ, бұл салада істелген
халық даналығы ұшан-теңіз. Демек тәрбие ұрпақтан
ұрпаққа мұра болып ұласып жатқан
халық қазынасы деп білсек, онда халық тәрбиесінің
тарихы ең әуелі ауыз
әдебиетінен басталады. Адамзат
тарихында баласынан жақын, одан артық және
жоғары бағаланған ешкім, ешнәрсе болмаған,
болған да емес. Сол үшін халық ең алғаш өз
бойындағы бар қабілетін қиялмен ойын өлең-жыр,
әңгіме етіп дүниеге келген нәрестесіне
бағыштаған. Осыған орай халық дүниеге келген
нәрестені тәрбиелеудің бастамасы ретінде «бесік жырын» тудырған. «Бесік жырынан» бастап ұлттық
ойындардың барлығы халық тәрбиесінің көзі.
«Ел боламын десесең бесігіңді түзе» деп М.Әуезов атамыз
айтқандай, бала тәрбиесінің бастауы мектептегі
психологиялық қызметті дамытудың этнопсихологиялық
ерекшеліктерін қалыптастыру қажеттілігінен туындайды деп ойлаймыз.
Сондықтан да біз төмендегі бағыттарды ұсынып отырмыз[3].
Мектептегі оқушылардың жеке қасиеттерін және шығармашылық қабілеттерін
анықтау және дамыту жұмыстарының мазмұны мен
бағыттары (этнопсихологиялық ерекшелігі бойынша)
І. Психологиялық зерттеу және ұлт
мүддесіне сай анықтау
жұмыстары;
ІІ. Ұлттық болмысымызға жат
әдет – ғұрыптардың психологиялық алдын алу
және этнопсихологиялық
мәдениетті дамыту;
ІІІ. Психологиялық түзету кезеңінде ұлттықмінезді ескеру
арқылы дамыту: тұлғалардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары;
IV.Әрбір жеке тұлғаның
этнопсихологиялық ерекшелігін ескеріп психологиялық кеңес
беру;
V. Психологиялық ағарту жұмысында
халықтық педагогика және
этнопсихо-логиялық
тағылымдардан пайдалану.
«Қай ұлтта болмасын
халық ауыз әдебиетінде ең алғаш пайда болған,
айтылған жыр, әңгімелер балаларға арналған.
Өйткені күллісі баланы өз өмірінің
сарқылмас арнасы деп ұққан», сондықтан да бесік
жыры халық тәрбиесінің негізін қалайды, халық
жасаған ұлттық шығарма, мұнда адам
баласының өмірінің тарихи бастамасы жатыр.
Халықтың жырды шығарудағы мақсаты – баланың
болашақ өмірін дұрыс қалыптастыру, ата-ананың
өмірден көргенін қолынан келгенінше болашақ өмір
арнасы болатын шаңырақ иесіне бағыштау.
[4]
[5]
Нәрестені шыр етіп жерге түскен күннен тәрбиеге
алатын, себебі есейе келе жастыққа салынып, тәрбиеге
көнбей, еңбектенбей, өнерге талпынбай, табиғи
қабілетін шыңдаудың орнына салғырттыққа
айналдырып жіберсе, түбінде өмір соққысына душар
болатынын, алдын ала бесікте жатқан күнінен-ақ ескертеді.
«Еңбек түбі зейнет» дегендей, еңбектенсе ғана
ойлаған мұратына жететінін, өмір сүрудің
жеңіл де рақатты болатынын жас басынан олардың
құлағына құйып,бойына сіңіреді. Осылайша
жас нәресте болашақ ортаның азаматтығына деген
бағыштаманы ата-анадан бірінші рет бесік жыры арқылы естиді. «Бесік
жырынан» бастап ұлт ойындарының барлығы халық
тәрбиесінің көзі. Қай дәуірдің
ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге
аттандырады. Халық жырлары ата-ананың балаға қойған
бірінші сенімі, тілек – талабы. Мұның бәрі баланы ойната,
көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да,
өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты
сөздерді жас кезінен құлақтарына құя
береді. Ал ойындар болса баланың осы айтылған
өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте
тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды. Бала – біздің болашағымыз. Мәңгілік
Еліміздің , тіпті планетамыздың да ертеңгі
тағдыры солардың қолында. Сондықтан жас
ұрпақты әкелердің ерлік, еңбек
дәстүрінде тәрбиелеу, оларға жан – жақты білім
мен тәрбие беріп, саналы азамат етіп шығару, еліміздің,
жеріміздің ертеңін сеніп тапсыратындай лайықты ізбасарлар
дайындау – біздің, үлкендердің азаматтық борышы.
Ең бастысы – Отанымыздың болашақ азаматы
адамгершіліктің алғашқы сабағын, күрделі
өмір жолдарын ертегілерден бастап үйренеді. Сондықтан
бұның балаға қаншалықты қажет екенін
бәріміз білуіміз керек. Данышпан Абайда кішікене кезінде ертек
тыңдағысы келгенде «Бұлдыр-бұлдыр күн өткен,
бұрыңғыда кім өткен»- деп әжесінің тізесіне
жата қалып ертек сұрайды
екен. Ертек тыңдап өскен Абайды қазір бүкіл әлем
таниды. Ертегінің
басты кейіпкері жинақтаушы образ болып табылады. Кейіпкердің
“жалқы” мінез-құлқының болмауы кез-келген бала
өзін осы кейіпкердің орнына қоюына мүмкіндік береді.
Ертегінің міндетті түрде жақсы аяқталуы балаға
психологиялық қорғаныш сезімін береді. Халықтың
мінез ерекшелігі мен ең қымбат құндылығы
ертегілерде көрініс береді. Мұндай ертегілер әлемнің
әр түкпірінде тұратын адамдарды бір-бірін түсіне білуін
қалыптастырады. Сондықтан да ертегілерді психологиялық
түзету, анықтау жұмыстарында пайдалану жақсы
нәтиже береді. Ендеше балалардың
ой-өрісін дамытудың, танымдық қабілетін
жетілдірудің құрғақ ақылдан гөрі,
жаңа қызықты формаларын, әдістерін іздестіруіміз
қажет. Бұл бүгінгі өмір талабы.
Қорыта келгенде, қоғам
алдында ұлтымыздың тарихын, жауынгерлік және ерлік
дәстүрін халықтық педагогика тәрбиесі негізінде
насихаттай отырып, этнопсихологиялық сана – сезімін дамыту арқылы
ұлтымыздың Тәуелсіздігінің тарихын ұрпақ
санасына сіңіру, оларды Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу
міндеті тұр. Ел
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан тәуелсіз,
егеменді ел ретінде қалыптасқан кезде әзірлеген
ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Жолдауында білім беру
саласы мемлекет қызметінің маңызды басым бағыттарының
бірі ретінде танылған. Қазақстандағы білім беру
реформаларының жалпы мақсаты – білім беру жүйесін жаңа
әлеуметтік – экономикалық ортаға бейімдеу. Аталмыш
бағдарламалы құжатта, білім беру жүйесін жетілдіруде
біздің еліміздің әлемнің бәсекеге аса қабілетті
30 елдер қатарына қосылуының маңызды алғышарттары
ретінде белгіленген. Ал біздің
бүгінгі мектептегі психологиялық қызметті дамытудың
негізі тәрбие жұмысымызда
қазақстандықтардың отансүйгіштік қасиетті
өркендеуі үшін жеке тұлғаның этнопсихологиялық
ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет деп білеміз.
Пайдаланған
әдебиеттер
1. Қазақстан республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына
«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы, Астана. ҚазАқпарат 2014ж
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауы
3. Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №143 өкіміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің 2014
жылғы 29
желтоқсандағы № 369 қаулысымен бекiтiлген орта білім беру ұйымдарында психологиялық
қызметтің жұмыс істеу қағидалары
4. Балалардың дарындылығын анықтаудың және
дамытудың ұлттық ерекшеліктері Ералиева К.А. Тараз, ЖК «Байталиева Е» 2010ж
5. Қазақтың ұлттық ойындары, Б. Төтенов
Алматы: «Қайнар» 1994ж.