Т.ғ.к., доц. Уалиев Б.М., техника және технология магистры

                    Айдарова Қ.М., студент Уалиев Н.Б.

    М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,

                            Тараз  қаласы, Қазақстан

 

Ұлттық киімнің пішін құруының құрылымдық  талдануы

 

Костюмді және тағыда басқа өндіріс заттарын көркемдік жобалау барысында ең негізгі болып пішін бірінші түрады. Себебі ол категориялар ішінде ең бастысы болып есептеледі. Костюм пішіні, ол киім бөлшектерінің өзара қарым-қатынасы, композициялық шешімге байланысты қолданатын әдістердің тепе-теңдігінің бірлігі,қарама қайшылықтарының қарым қатынастары, өзара бағыну ұстанымдарының мәң мағыналық және сапалық нәтижелері. Пішін бірегейлігі құрылыс шешімінің дұрыс есептелуі, оның заңдылықтарының ұқыпты қадағалануы.

Негізгі маталар түрі дүниеге келгеннен бастап әдеттегі шаруа киімдері пайда болады. Бұл киім б.з.д. ХV жүз жылдыққа дейін сақталып келеді. Негізгі киім түрі әйелдерде қарапайым туника және хитон жеңді және жеңсіз. Бұл киім түрі Азия елдерінен шыққан. Өркениет басталысы мен шаруалар мен әлеуметтік жағдайы жоғары адамдар киімдері пішіні арасында ерекшелік байқала бастады. Шаруа киім пішіні зиялы қауымның киім пішінімен тежеліп дамыды. Шексіз ұрыс керіс, әлеуметтік күйзеліс, соғыс бір қатар өркениеттерге және адам костюмінің дамуына тежеу берді. Туника тәріздес жейделер сақталып, белдемшелі киім түрі көбейді. Басында шалбар орнына аяққа мата оралып, бертін келе қазіргі шалбар түп тұлғасы пайда бола бастады. Ертеде киім эвалюциясының дамуы жәй жүргенімен өмір ағысымен әр дәуірде жаңа киім пішін түрі дүниеге келді. Киім пішінінің өзгеруі мата түріне байланысты жүрді. Мысалы, тұйық пішіндегі киім жұмсақ пішінге алмастырылды. Бұл сән тарихында керемет өзгерісті ендірді [1].

Жергілікті орнына қарамастан Азия елдерінің ұлттық костюмдері өзара мәдени қарым-қатынас арқасында бірнеше ғасырлар бойы киім пішінінің бір екендігі белгілі болды. Киімнің шартты атауы туника тәріздес жейде.

ХІХ ғасырға дейін ерлер мен әйелдер көйлектерінің жеңі тұтас пішілген. ХІХ ғасырдан аса киім құрылысы күрделене ішкі сызықтарының көбеюі байқалды. Мысалы, қондырмалы жең, қайырма жаға, қайырма шалька тәрізді жаға, алдыңғы және артқы бойларында бөліктерінің бөлінуі, бел аумағын тарылтып,белдемше бүрмелер пайда болды. Тұтас екі бөліктен тұратын шалбар төрт бөліктен тұратын болды.

Барлық ұлттар киімдерінің пішінін геометриялық денелер тұрғысында қарастыратын болсақ, жоғарыда айтылып кеткендей негізгі үш түрі бөлінеді. Олар: тік төртбұрыш, трапеция, овал. Киімнің қандай пішінін алатыны, қай матадан тігілетініне байланысты болады.

Адам қажеттілігінен туындайтын пішін алмасуы, жаңаруы ғылыми-техникалық революция арқасында жүреді. Жоғарыда айтылған киім пішіндерін үш түрге бөлініп қарастырылды. Олар тік пішінді, трапеция, овал. Талдау жүргізілген ұлт өкілдерінің киім үлгілерін геометриялық пішіндерге жіктеп, едәуір көп кездесетін пішін түрі диаграмма арқылы анықталды. Киім пішіні ауа райына, дәстүрге, дінге байланысты өзгереді. Талданған ұлттық киім  үлгілерінде геометриялық пішіндердің үшеуі де кездеседі.

Костюмнің көркемөнер туындысы болуына құрылысы, композициялық шешімі, сәндік безендірілуі пішін айқындығын әсер етеді. Киім пішіні әлеуметтік ортаның экономикалық, діни көзқарасына нақты өмір ағымына сәйкес келеді. Құрылым дегеніміз ол тек бір тұрақты қаңқа ретінде ғана емес, ережелер жиынтығы арқылы бір объектіден екінші объектіге бөлшектерді алмастыру арқылы және кейбір басқа симметриялық қайта құру. Мата мен құрылыс өзінше затқа пішін береді. Әр-бір затта ерекше бөлшектер ара қатынасымен көлемді кеңістік структура ретінде қарастырылады. Костюмнің кеңістік құрылымы геометриялық белгілер жиынтығы, белгілі ретпен орналасқан [2].

 Костюмнің пішінін анықтау үшін, оның геометриялық қасиетімен, құрылымдық шешімімен, соның негізінде визуалды салыстыруы мен аппроксимациясын жасау қажет. Пішінмен оның толықтауыштарының, майда бөлшектерінің бөлінуін көңілге алмай, олардың бастапқы пішінін анықтап бөліктерінің геометриялық өлшемдерін талдап салыстырылады.

Құрылымның тек талдауға ғана емес, сонымен қатар жалпы бұйымды көзбен қабылдау, құрылым бейненінің айқындығын, заттың қарапайымдылығын, нақтылығын көрсететін қасиеті бар [1].

Қазақ ұлттық киімінің  талдауын жүргізгенде жоғарыда аталған үш геометриялық пішінде кездеседі. Қазақ ұлттық киімінің  пішінін анықтау үшін бір қатар ұлттық киім үлгілері иконографикалық талдаудан өткізілді. Киім үлгілері пішіннің негізгі мінездмесімен, құрылысымен, бөлшектер кофигурациясымен қарастырылды. Құрылымдық талдауы қолдана отырып, графикалық салыстыру әдістемесі арқылы, барлық үлгілер құрылымы бір масштабқа теңестірілді. Киім үлгілер пішіні мен сызығының геометриялық сапты қатарын тұрғызылды. Киім үлгілерінің сапты қатары геометриялық пішін сызық арқылы орындалды. Бұл киім үлгісінің жалпылама костюмнің контурлық аппроксимациясын геометриялық силуэтімен ішкі сызықтарының бөліну мінездемесін құруға септігін тигізді. Киім бөлшектерінің ұқсас өлшемділігін қарастыратын нұсқау арқылы, киімнің ұзындық және ендік параметрлік талдауы жасалды. Бұған кіретіндер: көйлек, камзол әр ұзындықтағы және түрлі құрылысты, бештпет, баскиімдер, аяқкиімдер және зергерлік бұйымдар. Киімнің геометриялық құрылымын қарастырғанда бөлшектердің негізгі пішін сызықтарын қайталайтынын байқаймыз. Киім пішіні мен қосалқы заттар пішіндерінің мінездемесі сол сызықтар арқылы шешіледі.

Құрылымдық талдауы қолдана отырып, графикалық салыстыру әдістемесі арқылы, барлық үлгілер құрылымы бір масштабқа теңестірілді. Киім үлгілер пішіні мен сызығының геометриялық сапты қатарын тұрғызылды. Киім үлгілерінің сапты қатары геометриялық пішін сызық арқылы орындалды. Бұл киім үлгісінің жалпылама костюмнің контурлық аппроксимациясын геометриялық силуэтімен ішкі сызықтарының бөліну мінездемесін құруға септігін тигізді. Киім бөлшектерінің ұқсас өлшемділігін қарастыратын нұсқау арқылы, киімнің ұзындық және ендік параметрлік талдау жасалды. Бұған кіретіндер: көйлек, камзол әр ұзындықтағы және құрылысы, бештпет, баскиімдер, аяқкиімдер және зергерлік бұйымдар.

Сәндік әшекейлері жиынтығының композициялық арақатысы ғасырлар бойы түрлі өзгерістерге еніп, озық бейне, жүйелі қалыпқа түсті. Осы тұрғыда зергерлік әшекейлер әйел затының тылсымдылығын одан әрі тартымды ете түсіп, той болған ортаны сұлулықпен, сүйкімділікпен толықтыра, аша түседі. Мұнымен қатар, дәстүрлі әшекейлердің бойында діни ұғымның мән-мағынасымен қатар, жеке кісінің иелігіне немесе оның жас мөлшерін, шыққан тегін, өскен ортасын білдіретін қасиеттер де байқалып тұрады. Зергерлік бұйымдар ұлттық киімнің негізгі бөлшегі ретінде қарастыруға болады. Олар киім сияқты өзінің арналуына және композициялық айқындығымен эстетикалық талғамы, геометриялық пішінінің түріне және бөлшектер аралық мінезіне қарым-қатынасына бөлінеді. Киімнің геометриялық құрылымын қарастырғанда бөлшектердің негізгі пішін сызықтарын қайталайтынын байқаймыз. Киім пішіні мен қосалқы заттар пішіндерінің мінездемесі сол сызықтар арқылы шешіледі. Сол сияқты бас киім пішіні де сол пішінді еріксіз қайталады. Костюмдегі жұмсақ сызықтар тұрақтылықты, тыныштықты, сабырлықты суреттейді. Костюм бөлшектерінің тік төртбұрыштылығы және жалпы бейненің статикалығы  байқалады. Тік төртбұрышты пішін барлық киім үлгілерінде кездеседі, олар басқа бөлшектермен араласып бір орталыққа бағынады. Костюмнің негіз құрылымда трапеция пішінін көреміз. Бұл костюмде де бөлшектер пішіні негіз пішінін қайталайды. Бас киімнің динамикалық пішіні, көйлек, жең етегінің пішінімен ұштасады.          

Анықталған киім құрылымының сапты қатарынан, киімнің пішін құруын көркемдік жобалау жүйесінде геометриялық пішіндері мен ішкі құрылымдық бөлінуінің әр қилы мінездемесі көркем бейненің айқындығын беруін, анықталған материалдармен көркемдік бейненің ауыспалы параметрлерін құруға мүмкіндік береді.

 

Әдебиет:

1. Козлова Т.В. Костюм. Теория художественного проектирования. – М.:

МГТУ, 2005г.

        2.Уалиев Б.М., Уалиев Н.Б. Принципы и характерные особенности казахского костюма. - Материалы за X международна научна практична конференция, «НОВИНАТА ЗА НАПРЕДНАЛИ НАУКА– 2014», София  «Бял ГРАД-БГ» ООД 2014,Том 22, стр.82-85.