А/ш.ғ. магистрі, 1 санатты оқытушы  А.М.Джусупова

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі,Қызылорда

 

Ұстындарды күшейтудің тиімді тәсілдері және қолданылуы

 

Ұстындарды күшейтудің тиімді тәсілдерінің бірі итарқа және итарқа асты фермалардағы жүктемелерді азайту болып табылады.

Сығылған элементтердің көтергіштік қабілетін жоғарылату мақсатымен есептің ұзындығын кішірейту үшін алдын ала кернелген немесе әдеттегі шпренгельдер қолданылады не қосымша байланыстырғыштар орнатылады.

 

сканирование0012

Жоғарыда суреттелген құрылымдарды алдын ала кернеулеу тәсілі болат құрылымдардың күштеулері мен кернеулерін реттеу әдісінің бірі болып табылады.

Күштеулер мен кенеулер майыстырушы моменттердің эпюрін оптимальді түріне өзгерту; майысатын элементтер қимасының биіктігі бойынша кернеулердің біркелкілігіне жету;

Жүктемелерін өзгертпей жеке түйіндерде элементтерде және олардың бөлшектерінде есептік күштеулерін азайту, құрылымның қатаңдылығын көтеру мақсаттарымен реттеледі.

Күштеулерді реттеу тәсілінің негізгілері болып табылатындары:

-  Тартпалар немесе ілгіштер орнату арқылы алдын ала кернеулеу;

-  Тіректер деңгейін реттеу немесе оларды орнынан жылжыту;

-  Құрылымның толығырақ кеңістікті жұмысын қамтамасыз ететін қосымша байланыстырғыштарды, диафрагмаларды, кергіштерді және басқа элементтерді орнатып, тұрған қаңқаның кеңістікті жұмысын есепке алу;

Ортақтасып жұмыс істеуі үшін көтергіш және қоршауыш құрылымдарды біріктіру.

Иілгіш стерженьдерді және болат сым арқандарды – канаттарды жүктемелердің сызу шамасынан асатын созушы күштеулермен алдын-ала кернеулеу.

Пайдаланышты жүктемелерді азайту мүмкіндігі жоқ болғанда және конструктивтік пен есептік сұлбаларын өзгерту техникалық эканомикалық тиімді емес кезінде, элементтердің есептік қималарын үлкейту құрылымдардың көтергіштік қабілетін жоғарылату тәсілінің кең таралған түрі болын табылады.

Болат құрылымдар элементтерінің көтергіштік қабілетін жоғарылату үшін есептік қималарды қосымша бөлшектер арқылы үлкейтіледі. Көптеген жүктемелердің күштеулерін қабылдаған кезде осы қосымша бөлшектер негізгі  қимасымен ортақтасып бірге жұмыс жасайды.           

Қосымша бөлшектерін негізгі қимаға теп теуін көп жағдайларда дәнекерлеу арқылы жасалған технологиялықты келеді.

Бірақ кейбір құрылымда дағдылы және жоғары берікті болттар қолданылады, ал тойтарылмаған құрылымдарды реконструкциялаған (жаңғыртқан) кезде-тойтармалар қолданылады.

Қазіргі уақытта болат бөлшектерді жалғастыру үшін желімді қосылыстар өңделуде. Олар әзірше құрылымдардың жоғары беріктігі мен сенімділігін қамтамасыз ете алмайды.

Болат конструкциялар элементтері және қосылыстарын күшейтуге есептеу әдістері ҚНжәнеЕ-ге (СНиП-ке) әзірше енгізілген жоқ. Демек, ол мұнан әрі жетілдіру және эксперименталді тексеру тақырыбы  мәселесі болып табылады.

Болат құрылымдар элементтердің күшейтуге есептеу жұмыстық  гипотезалардың 2-нұсқаларына сүйненуі мүмкін:

1) Қосымша  (күшейтуші) бөлшектер тек күшейткеннен соң түскен жүктеменің күштеулерін ғана қабылдайды деп жорамалдады – онда есеп серпімді кезеңі бойынша жүргізіледі:

2) Негізгі қимада кернеулер аққыштық шек шамасына жеткен кезінде кернеулердің жаңадан таралуы пайда болады да, негізгі мен қосымша қималарда кернеулер теңеседі деп жорамалдады - онда есеп пластикалық кезеңін ескерумен жүргізіледі

Пластикалық кезеңінен есепке алып, күшейтуге есептеу, серпімді кезеңі бойынша есептегенге қарағанда, тиімділеу шешімдермен қамтамсыз етеді.

Бірақта қазіргі деректегі, зерттеулер я пластикалық кезеңді есепте алуға ҚМ сЕ 2-23-81*-дің 5.18 тарауында келтірілген шарттарды сақтаған да ғана ұсынуға болады, яғни статикалық жүктемені қабылдайтын элементтер үшін жалпы және жергілікті орнықтылығы тиісті амалдармен қамтамасыз етілгенде және   σу ≤ 530 МПа  кезде.

Динамикалық, соққы және вибрациялық жүктемелерді қабылдайтын элементтерде, және де ҚМжЕ-2-23-81* - дің 5.18. тарауының шарттарын сақталмаған кезде күшейтуге есептеуін серпімді кезеңі бойынша жүргізу керек.

1955 жылға дейін тұрғызылған құрылымдарды күшейткен кезде, олардың мүмкіндік кернеулер бойынша есептеген екендігін ескеру керек.

 

Әдебиетттер тізімі

 

1.     Белиба В.Ю., Юханова А. Т. «Архитиктура зданий» Ростов. 2009.

2.     Вильчик.Н.П «Архитиктура зданий». М.: Инфа – М.2007.

3.     Маклакова Т.Г., Нанасова С.М. Конструкции гражданских зданий. – М.: ACB, 2006.

4.     Маклакова Т.Г., Нанасова С.М., Шарапенко В.Г. Проектирование жилых и общественных зданий. – М.: ACB, 1998.

5.     Буга П.Г. Гражданские, промышленные и сельскохозяйственные здания. – М.: Высшая школа, 1987.

6.     Ширишевский И.А. Конструктирование гражданских зданий. – М.: Стройиздат, 1981.

7.     Ширишевский И.А. Конструктирование гражданских зданий и сооружений. – М.: Стройиздат, 1980.