КИБЕРНЕТИКАНЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ИНФОРМАТИКАДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ

Атымтаева Эльмира Тургановна

Информатика пәні оқытушысы

Маңғыстау энергетикалық колледжі

Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

 

Кибернетика (грекше kybernetіke – басқару өнері, ағылшыншаcybernetіcs) – басқару жүйелеріндегі ақпаратты алу, сақтау және өңдеу ісінің жалпы заңдылықтары жайлы ғылым. Кибернетикадағы зерттелетін негізгі нысандар – кибернетикалық жүйелер дерексіз (абстракт) түрде, яғни олардың табиғаты физика мазмұнына байланыссыз зерттеледі. Мұндағы басқару жүйелері ұғымына техника қана емес, кез келген биологиялық, әкімшілік және әлеуметтік жүйелер де жатқызылады.

Кибернетикалық жүйе ақпаратты қабылдау, өңдеу, түрлендіру, сақтау және алмастыру қабілеті бар бір-бірімен байланысты нысандардан – жүйе элементтерінен тұрады. Кибернетикалық жүйелерге әр түрлі автоматты техника реттеуіштер, электрондық есептеу машинасы (компьютер), тірі организмдердің жүйке жүйелері, адамның миы, адамзат қоғамы, т.б. мысал бола алады. Кибернетика ғылым ретінде техникадағы кері байланыс ашылған уақыттан қалыптасты. Адамның ойлау қабілеті де кері байланыс принципіне негізделгендіктен, осы ұқсастық кейбір биологиялық процестердің электроника терминдері арқылы сипатталуына себеп болды.

Кибернетика - 1) табиғат пен қоғамдағы басқару мен байланыстың жалпы заңдары туралы ғылым; практикалық мағынада — күрделі жүйелер мен организмдердегі кері байланыс туралы ілім; 2) ақпарат жинау, жеткізу, түрлендіру, басқару жайындағы ғылым.

Кибернетикалық жүйелерге мысал ретінде автоматтық реттеуіштерді, компьютерлерді, адамзат қоғамын және т.б. келтіруге болады. Кибернетиканың теориялық өзегіне ақпарат, алгоритмдер, автоматтар теориясы, операцияларды зерттеу, оңтайлы басқару теориясы, бейнелерді айыру-тану теориясы кіреді. Электрондық есептеу машиналары кибернетика мөселедерін шешудің негізгі техникалық құралы болып саналады. Н.Винердің еңбектерінде келтірілген күрделі жүйелер мен организмдердегі кері байланыс жайындағы ілім; 3) техникалық, биологиялық, өлеуметтік және т.б. жүйелердегі басқарудың жалпы принциптері туралы ғылым.

Таза кибернетика келесі басқару жүйелерін зерттейді.

          Жасанды интеллект

          Екінші дәрежелі кибернетика

          Компьютерлік көргіштік

          Басқару жүйелері

          Эмердженттік

          Үйренүші мекемелер

          Жаңа кибернетика

          Interactions of Actors Theory

          Қарым-қатынас (сөйлесу) теориясы

Күрделі жүйелер теориясы күрделі жүйелер табиғаты мен оның негізінде жатқан әдеттен тыс немесе жат қасиеттерді зерттеп анализ жасайды, және себептерін табады.

Күрделі адаптивті жүйені модельдеу:

          Күрделі адаптивтік жүйе

          Күрделі жүйелер

          Күрделі жүйелер теориясы

Компьютер ғылымында:

          роботтық текхника

          Шешім қабылдауды қолдау жүйелері

          Клеткалы автомат

          Симуляция

 «Кибернетика» терминін ежелгі гректерденкейін 1834 жылы француз ғалымы Ампер қолданып, ол ғылымдарды топтарға бөліп жіктеу кезінде қоғамды басқару ісін осылай атады. Мұнан кейін бұл терминді америкалық ғалым Н.Винер қолданды. Ол өзінің 1948жылы шыққан еңбегін осылай атады. Осы жыл кибернетика ғылымының дүниеге келген жылы болып саналады. Винер кибернетиканы «жануарлар мен машиналардағы байланыс және оны басқару жайлы ғылым» деп тұжырымдады.

Қазіргі кезде кибернетиканың бірнеше бөлімдері бар. Теориялық кибернетикададискреттік математика негізінде жасалған басқару теориясы мен ақпарат теориясының ғылыми тәсілдері зерттеледі. Техникалық кибернетика автоматтандыру мен компьютерлер негізінде технология процестерді автоматтандыруды зерттейді. Экономикалық процестердің математика модельдерін жасап, компьютерлерді экономикалық есеп-қисап істеріне пайдалануды экономикалық кибернетика зерттейді.

Теориялық кибернетика идеяларын медицина мен биологияда пайдаланумен айналысатын бөлім биологиялық кибернетика, ал адамзат қоғамының даму процестерін зерттеп, оны басқарудың математикалық моделін жасайтын бөлігіәлеуметтік кибернетика деп аталады. Кибернетиканың жетістіктерін жеке ғылымдар саласында кеңінен қолдану нәтижесінде жаңа ғылыми бағыттар пайда болды.

 

Кибернетика ғылым ретінде өте көп мағлұматты философиялық тұрғыдан ойлауға береді. Ол материяның өзіндік өндірісі туралы механизмің айқындап, ондағы қарым – қатынастардың категориялар мазмұның, қажеттіліктің диалектикасын және кездейсоқтығын, шыңдықтың мүмкіндігін байтып, оларға толықтай сипаттама беріп отырады. 

Қазіргі заманда кибернетика  кешенді ғылыми – техникалық ғылым. Информатика деген аталымға есептеу техникасын құру және жасау мәселелерін, оны пайдалану заңдылықтарын, ғылыми ақпараттың құрылымы мен қасиеттерін, оны алу, өңдеу, жеткізу және адам өмірінің барлық салаларында қолдану заңдылықтарын зерттейтін пәндер кіреді. Олар – есептеу техникасы мен жүйелерінің архитектурасы, аппараттық және программалық жасақтамалар, алгоритмдеу және программалау, жасанды интеллект, есептеу тораптары мен желілері және т.с.с.

Қазақстанда кибернетика ғылымы әлі де даму үстінде. Елбасының соңғы Жолдауында ақпараттық технологиялардың жоғары оқу орындарында оқытылуына ерекше мән берілуі керектігі айтылған болатын. Информатика пәнінен елімізде жақсы база мен білікті ұстаздар бар. Ал ғаламтормен қамтамасызданыру жобасы нақты орындалып келе жатқандықтан, қолданбалы информатиканы дамытуға еш кедергі жоқ деп айтуға болады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.      Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

2.      Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дәулетқұлов «Информатикадан 30 сабақ» Алматы, 1998 ж 

3.      Ж.Амантұрлыұлы, А.Есжанұлы, Ә.Наурызбайқызы «Информатика және есептеуіш Алматы, 1999 ж

4.      А.Е.Сағымбаева «Информатиканы оқыту әдістемесі»  Алматы, 2004 ж