Момбаев Қ.Ж., Абдикулова Е.Е.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Информатикадан электронды
оқулық құру технологиясы
Компьютерлiк оқыту жүйелерiн жобалауда
жасау құралдарын тиiмдi таңдау да оның сәттi
жұмыс жасауының алғы шарттарының бiрi.
Инструменталдық жабдықтар ретiнде
компьютерлiк оқыту жүйелерiн құру барысында орындалуы
тиiс мәселелердi шешуде қолданылатын программалық
жүйелердi түсiнемiз. Негiзгi инструменталдық жабдықтар
мен оларды қолдану кезеңдерi 1-суретте келтiрiлген.
Информатика курсының электронды
оқулығын жасауда мен Delphi программалау ортасында веб-беттер
құру ортасын қолдандым.
Windows жүйесінде Delphi
программалау ортасы - Пуск - Программы - Borland Delphi 7 ® Delphi 7 командасы арқылы iске
қосылады (1-сурет).
Delphi ОБП ортасы төрт
құрылымнан тұрады: Негiзгi терезе, Объектiлер инспекторы
(Object Inspector), Форма (Form1) және Код терезесi (Unit1.pas).
Негiзгi терезесiнiң құрамына
негiзгi мәзiр, аспаптар панелi және компоненттер палитрасы
енгiзiлген. Негiзгi мәзiр Delphi ортасының жұмысын
басқаруға арналған. Ол түрлі командалар
орналасқан мәзiр пункттерiнен тұрады (2-сурет). Мәзiр
пункттерiнiң құрамында түрлі типтегi командалар бар. Мысалы,
Kоманданың атауынан кейiн үш нүкте тұрса, онда
Бұл команда диалогтық терезе шақырады. Егер мәзiр
командасының соңында пернелер комбинациясы жазылса, онда Бұл
команданы сәйкес пернелер комбинациясы арқылы орындауға
болады. Мәзiр пункттерiндегi кейбiр команданың белсендi болмай
көрiнуi, оның осы
уақытта орындалмайтынын бiлдiредi.


1-сурет. Delphi объектiге-бағытталған
программалау ортасы
Форма - программаны дайындау алдында ашылатын,
программаның сұхбаттық терезесi. Delphi алғашқы
рет iске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрiнедi (1-сурет).
Экранда форма көрiнбесе, негiзгi мәзiрден View-Forms командасын басу
жеткiлiктi.
Форма Delphi ортасының негiзгi
объектiлерiнiң бiрi. Delphi iске қосылған кезде форма
қасиеттерiне бастапқы мәндер меншiктелiп тұрады.
Delphi-де программа мәтiнi программалық код
деп, ол енгiзiлетiн терезе программалық код терезесi не
қысқаша редактор терезесi деп аталады. 1-суретте көрсетiлгендей,
Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында
көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару View-Toggle
Form/Unit командасын орындау не пернетақтадан F12 пернесiн басу
арқылы орындалады.
Код терезесi ашылғанда, онда процедура
дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы
нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура атауларынан
тұрады (2-сурет).
Процедура дайындамасының жазылу түрі:
Procedure <атау> (Sender : TObject);
<сипаттау бөлiмi>
begin
<процедура денесi>
end;
мұндағы Sender параметрi құрылатын
процедураның қай класқа тиiстiлiгiн анықтайды.
Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi.
Онда код терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын
көрiп шығуға болады.

2-сурет. Редактор терезесiндегi процедура дайындамасы
Delphi-де компоненттер панелiнен формаға
түрлі компоненттер орнатып, олардың оқиғаларын
өңдеуiш процедуралар құру визуальды
программалаудың негiзi. Мысалы, берiлгендердi енгiзу және
шығару үшін компоненттер панелiнiң Standard қосымша
бетiндегi мәтiндермен жұмыс iстейтiн TEdit (енгiзу өрiсi),
TLabel (шығару өрiсi) және TButton (командалық
тұйме) компоненттерi жиi пайдаланылады.
Формаға Edit1 енгiзу өрiсiн орнатып,
оның Text қасиетi арқылы не iске қосу командасын берген
соң оған курсорды енгiзiп, пернетақта арқылы бiр
жолдық мәтiн енгiзуге және оны түзетуге болады.

3-сурет. Модульдi сақтау терезесi
Файл аты өрiсiне жоба атын енгiзiп, Сақтау түймесiн
шерту. Жоба файлды .dpr кеңейтiлуi бойынша сақталады да, Негiзгi
модуль атауы осы атауға өзгертiледi. Ол программа атауы ретiнде қабылданады.
Мұндағы ескертетiн жайт: модуль мен жобаны
бiрдей атау бойынша сақтауға да
болады, Мысалы, Func1.pas, Func1.dpr. Бiрақ модульдi басқа жобаларды
да пайдалану мүмкiн.
Сақтаулы жобаны ашу үшiн File - Open Project
командасының берiлуi тиiс. Көрiнген терезеден қажеттi буманы ашып, онда көрiнген жобаны атауын екi рет шертсе
болғаны.
Жаңа құрылған программманы
(жобаны) сақтаған соң, оны iске қосу үшiн компиляциялау қажет. Ол үшiн
берiлетiн команда: Project - Compile Project (Жоба- Жобаны компиляциялау).
Жүйенiң сәйкес күйге келтiрiлуiне байланысты, iске
қосу командасы берiлген кезде
компиляциялау барысы Compiling сұхбаттық терезесiнде көрiнiп тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. В.В.Фаронов. Delphi 6. Учебный курс. М. 2001
2. А.Я.Архангельский. Программирование в Delphi 6,
M., ЗАО “Издательство БИНОМ”, 2000
3. О.Камардинов, Х.Жантелi. Delphi 5-6, Шымкент,
2002.
4. Марко Кенту. Delphi 7 для профессионалов. Питер. 2004.