История/ 2Общая  история

Токмурзов А., «Тарих» мамандығының 4 курс студент

Ғылыми жетекшісі: Ералина А.Е., аға оқытушы 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

Облыстық мұражайлар қызметерінің тарихынан

 

   Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Қостанай қалалық кеңесінің шешімімен 1915 жылы 1 тамызда ашылған. Осы уақытқа дейін көп жылдар бойы жергілікті өлкетанушылар, этнографтар және Ресей географиялық қоғамы Орынбор бөлімінің мүшелері облыстың тарихы, экономикасы, мәдениеті жөнінде мол материал жинады. Мұражай кішігірім ағаш үйде орналасқан. Басында мұражай экспонаттары негізінен зоология, ботаника, география және астрономияның көрнекі әдістемелерінен тұрды. Мұражай экспозициясы қорғандардың қазба жұмыстары кезінде табылған тұрмыстық заттармен, тұлыптармен, көне заттармен толығып отырды[1, 3-б.]. 1920-жылдардан бастап мұражайдың тұрақты ғимараты мен қаржыландыру көзі болған жоқ, бұл кезеңде оның тіршілігі экспонаттарды жинау үшін өз бетімен облыс үйлерін аралаған азғантай энтузиаст-қызметкерлердің арқасында сақталып қалды. 1925 жылы өңірдегі революциялық оқиғалар мен азаматтық соғыс тарихы жөніндегі қару-жарақ және фото деректемелік қор коллекциясын жинақтау басталды [2, 90-б.].   1936 жылдан бастап мұражай облыстық болады, ал 1937 жылғы қаңтардан Ленин көшесі 60 мекен-жайындағы қала орталығындағы ХІХ ғасырда салынған ғимараттың ішінде тұрақты орын-жайға ие болады.  Барлық мұражайлар үшін әдістемелік орталық болып ғылыми-зерттеу және мәдени және демалыс объектiсi саласындағы Қазақстан Республикасында қорықтарының ұлттық қазынасы болып танымал болды. Мұражай - ХХ ғасырдың ортасына қарай тамаша сәулет ескерткішінің бірі болып табылған ғимарат, дәл қаланың орталығында орналасқан. Мұражайдың ең ірі екі тармағы бар [2, 94-б.].

Бастапқы тұрғыда, жоғарыдан келген нұсқау бойынша, басты көңіл тарихи  ескерткіштерді сақтап қалуға арналды, негізгі осы жоспарды орындау халық шаруашылығының қызметіне жүктелді. 1936 жылы 3 желтоқсан күні мәжіліс шешімі бойынша ұйымдастыру бюросы Қазақстан аудандық комитетінің Қостанай  облысы бойынша «Облыс ұйымы арасында Қазақстан қоғамын бақылау» жарлығы бойынша шешім қабылданды. Бұл құжат бойынша мынандай шешім қабылданды: I. Округтік бюро шешімі бойынша Қазақстан қоғамын бақылауға рұқсат ету, оның құрамында 1.Изахарович - (облыстық жоспар төрағасы), 2.Купенов - (мектеп бөлімі), 3. Летеовский (ауыл шаруашылық бөлімі), 4.Пеленшиев (облыстық комитет басшысының хатшысы), 5. Головин (облыстық комитетінің бас хатшысы), 6. Оспанов (Қарабалық мамандырылған облыстық директоры) кірді. II. Изахоровичке мынандай міндет жүктелді 1936 жылы 7 желтоқсан күні президиумға Округтік бюроның Қазақстан қоғамын бақылау бойынша 1936-1937 жасалған, сонымен қоса мектеп бөлімі мен мәдени келісуімен жұмыс жоспарын бекіту. Қостанай облысының Округтік бюро Қазақ өлкелік комитетінің хатшысы Курмангалин болып тағайындалды [3, 220-б.].  1939 жылы 24 қазанда Қостанай қаласында халық комиссар ұйымының шешімі бойынша Республикалық деңгейде «Қазақстан қоғамын бақылау» жарлығы қайтып қаралды, негізі туған жерді бақылау ұйымы ретінде еді құрылды. Ғылыми жұмыс базасында құрылған облыстық мұражай қызметі ең басты қаланың бақылауында болды. Сонымен 1937 жылы 27 желтоқсанда Облыстық атқарушы комитетінің №12 «Мұражай 1938 жылы жоспар» сұрағы қарастырылды. Бұйрық бойынша біріншіден «тарихи революциялық кезеңдерді», содан кейін тек «табиғат» бөлімдерін құрастыру бағытталды. Никифоровке мұражай директоры қабылданған шешім бойынша безендіру, құрастыру тапсырылды. 1938 ж. мұражай жұмысын аяқтау ұсынысы қойылды.  1938 жылы «Облыстық таудың өнеркәсібі» және «Облыстық табиғат» бөлімдері ашылды. Мұражайдың тірі бұрышы 1938 жылы ұйымдастырылды, ол екі бөліктен немесе секциядан тұрды: облыстық флора мен фауна бөлімдері. Мұражайдың алаңы барлық қоқыстардан тазартылып, тазалап жинастырылған. Осы мекенде, биіктігі 4,25 метрден құрастырылған бұрынғы ескерткіш болған, 1919 жылы сол ескерткіш маңында ақтар қызыл партизандар мен большевиктерді  қару астына алған [3, 221-б.]. Сол уақытта жаңағы ескерткішті «тарихтан қалған революция ескерткіші» -деп есте қалдырып, бекітіп және сақтауды ұйымдастырды.

     Ғылыммен айналысатын уақыт әр қашанда табылған. Сол кезеңдерде Қазақстан қоғамын бақылау Қостанай облыстық бюросы ғылыми зерттеу жұмыстары Қостанай облыстық мұражай базасында ұйымдастырылды. Жылдық есеп беру базасында әрқашан  «№8 Мұражайдың ғылыми зерттеу жұмысы» пунктері қарастырылған. 1937 жылы күз айыларында  мұражайдың ғылыми зерттеу қызметкерлері дұрыс ұйымдастырылған жұмыстар жүргізілді. 1938 жылы облыстық мұражайда үлкен көлемде қалалар түпкірінде «Геологиялық секция» ашылды. Бұл секцияның ашылуына П.Е Чернявский, Толстой, Сунцова және Поняева мұражайдың қызметкерлері ұйымстырып үлкен үлесін қосқан. Секция жұмыстары директор П.Е Чернявскийдің айтуы бойынша «зерттеу жұмыстар, мәліметтерді жинақтау, жеке жұмыстарды ұйымдастыру немесе дәрістерді жүргізу»  түрлерінде  білдірілді. Есеп беру жолдарын талдайтын болсақ, 1938 жылы қаланың 12 метр шақырымында тұрған Каменное көліне саяхат жүргізілді [3,224-б.]. Саяхаттың негізгі мақсаты: ғылыми тұрғыда  көлді жан-жақты зерттеп білу және жасанды балықтарды ажырата алу. Геологиялық қадамдар  Қостанай облысында «Қазақстан қоғамын бақылау»  негізінде Тобыл мен Шортанды жерлерінде жүргізілді.  Жол бағдарымен 100 шақырым өтіліп,  мәдени материалды 43 ескерткіштер ескерілді. 1938 жылы маңызды есеп жасау кезінде әлемге әйгілі, ғылыми жұмыстарын жазу  мамандары көп көмек көрсетті: атап өтсек олар, «Аймақтық Қазақстан қоғамын бақылау білім хатшысы – А.Жиренчин, геологиялық қадам жетекшісі- П.Флеров [3,225-б]. 

     Мұражай мұрағатында «1938-1939 жж. Торғайлық экспедиция» салмақты еңбегі сақталды.  1938 жылы экспедиция құрамына практикант, нұсқаушы А.Ерменко, мұражай суретшісі А.Перекельский кірді. Сол заманғы уақыттарда жауапкершілігі мол екі кісінін тегін атап кетуге болда, олар: геолог-өлкетанушы П.Е Чернявский, инженер-химик М.А Бюменталь. Бұл жұмыстарды Қостанай  облыс негізінде «Қазақстан қоғамын бақырау»  кезінде іске асырылды. 1939 жылы шілде айында құжат актісініде екі кісінін қолы қойылған: облыстық директор –  П.Е.Чернявский, Қостанай облыстық білім хатшысы мырза З.П.Толстой. Сол аталған  кісілер  жұмысты дұрыс жүргізу, нәтижелерін қадағалау үшін жауапты болды. Экспедиция құрамында адам саны аз болды. «Партияның жұмыс құрамы менен тұрды, себебі мен партия басшысымын» - П.Е Чернявскийдің есеп беру кезінде жазылды, жетекші ауыл шаруашылық администрациясы З.П Толстой, екі ұйымдастырушы - М.Целешева және М.Харченко,  жүргізуші жұмысшы И.Карцова [4,74-б.].  Мұражайдың құрастыру барысында кеңестік, партиялық ұйымдар көп көмек көрсетті. 1937 жылы қазан айында мұражайдың жиналысы өтті, кеңес құрамына облыстық жергілікті ұйымдарды ұсынды. Толық жиналысты жүргізу кезінде, қызметшілердің мынандай сұрақтары  қарастырылды: мұражайдың дұрыс жоспарын қарастыру, құрастырған есеп беру жолдарын дұрыс қадағалау, ғылыми зерттеу жұмыстары реттеу. Сонымен 1941 жылы 1 қаңтарда мұражайдың  негізін қалаушылар: қалалық комитетінан мырза – А.Омельченко,  Қазақстанды бақылау – мырза З.П.Толстой, план жоспарын құру-мырза И.Сьянов,  сонымен қоса Н.Штурбанин, А.Карчагин және облыстық мұражай П.Е.Чернявский, А.Реутов, Е.Чернявская болды. Облыстық мұражай директоры П.Е Чернявский «15 секция мұражайы»  пункт бөліміне енгізді. 1941 жылы екі жыл ұйымдастырылған геологиялық секция құрамында П.Е.Чернявский, З.П.Толстой, И.Сунцова және А.Поняева, сонымен қоса екі секция ұйымдастырылды 1-ші ботаника құрамына: атқарушылар, Л.Беляковский секция хатшысы, Н.Ошева, А.Васильева, А.Залетаева, Н.Галяхтенко, 2. Географиялық атқарушы құрамына  секция атқарушы – Е.Канонова, Н. Овечкина, А. Кан,  А.Судаков, А. Латышева.  1941 жылы келесі төменгі зерттеу жұмыстары өткізілді:  1941 жылы 17 -25 мамыр аралығында Ұлы Отан соғысының басталуының 1 ай алдында,  Тобол өзеніне дейін соңғы экспедиция жүргізілді [4,75-б.].  П.Е Чернявский өзінің бір маңызды есеп беруінде, былай жазған: «Экпедиция құрамы - есеп берудің нағыз авторы, ол кісі экспедиция басшысы болды, мұражай суретшісі - В.Н Куров, ал мұражайдың сурет салушы, безендіруші шофер - С.А Коляда болды. Біздің кезеңімізде тарихы жоғалмаған қызықты құжат сақталған: «1941 жылғы Қостанай облысының Қазақстан қоғамын бақылау». 1941 жылы 1 қаңтарда өткізілген облыстық,  қалалық, аудандық бюро жиналысында құрамына 132 адам қатысты. 1941 жылы «Ұйымдастырылған бөлімі» басқа басқармаға ауысқаны  аталып өтілді. 1941 жылдың 11-12-ші сәуір күндері Қостанай облыстық совет депутаттарының жиналысында, бюроның келесі құрамдары атап өтілді: «1.Толстой З.П. - (ғалым хатшысы), 2. Дементьев М.Ф. - (бюро мүшесі), 3.Ибрахимов М.Ш. - (облыс басшысы),4. Чернявский П.Е - (облыстық мұражай), 5. Реутоа А.И. - (жер бөлімі), 6.Ошев А.В. - (облыстық бөлім), 7. Кубеев А.К. (бас директор), 9. Кононов И. (облыстық комитеті), 10. Маштаков Ф.М.  (Қостанай селекция станция). Бюро құрамының 7 адамы Қостанай облысында тұрады, ал қалған 2 кісі ауданда орналасқан. «Қазақстан қоғамын бақылауға» берілган рұқсат қағазы бойынша ғылыми хатшы облыстық басшы болып саналды. Бұл міндетті ұзақ  уақыттары,  яғни 1930 ж. басы мен 1940 ж. соңына дейін Толстой Зотик Петрович басқарды. Бұл кісі совет мұражайының бас басшысы, Қостанай қаласының  өлкетанушысы, 1905-1907 ж.ж. революцияға қатысушы [4,76-б.].   Сонымен қоса ол мұражай құжаттары әрқашан қадағалап, оған бас назарын аударды. 1930-1940 жылдары әр аудандар өздерінін бас тарихын әрқалай естеп сақтап қалғысы келді. 1937 жылы 27 желтоқсанда мемлекеттік архив сақтау бөлімі ашылды, басқарушысы - Худяков Филипп Харитоновия еді (туған жылы 1889 ж. сотталмаған, әскереде борышын атқарған, ауылдық орта білімін аяқтаған).   1937 ж. мен 1947 жылдары басқарушы қызметі сонымен қоса  мемлекеттік архивтін директор міндеттерін де бірге атқарып келді. Шындағында «инветарлоқ тізімінде» негізі 3 - үстел, 6 - орындық, 2 - шкаф, 3-портрет және лампа-шамдар болаған. Тексеру комиссиялары көптеген құжаттарда дұрыс тігілмеген қателіктерді көрсетті [4,78-б.]. Бірақ та, осы уақыттқа дейін мемлекттік архивте көптеген мәліметтер жинақталған, сонын арқасында көптеген ақпарат алуға қолымыз жеткілікті. Уақыт өте келе, біртіндеп әр ауданның мемелекеттік тұрғыда өлкетануанына  бас назар аударылды, оған міндет ретінде республикалық ұйымдастыру жетекшілеріне, Облыстық атқарушы комитет мүшелеріне, мемлекеттік қенеске берілді, олар кең көлемде осыған көп назар аударды. 1939 жылдары 22 желтоқсан күндері   Қостанай облыстық комитетінің партияларынын шешімдері бойынша, облыстық комитетінің партиясының құрамында болған Қостанай облыстық комитетінің жеке мұрағатын құрастыру ретінде ой салысты.  Барлық құжаттар міндетті түрде аз уақыт ішінде мұрағаттарға тапсырылды. 1940 жылдары  15 қаңтарда бұл жұмысқа ең алғаш кіріскен Қостанай Обком партиясынын хатшысы П.Л. Ганичев, сонынан  осы жұмысты толығымен  Р.С. Костенко өз қолына алды. 1941 жылы 1 қаңтарда Қостанай облыстық мұрағат 241 шақырым жерді қамтыды, бұл айналысу құрамынын 50 пайызын құрады. 1941 жылы мұрағатта 98 фонд 35969 бірлік сақталды. 1941 жылдардың басында мұрағатта жұмыс арқарғандар: А.Ковалев - мұрағат бөлімінін басшысы, А.Климанов - бас инспектор, Н.Панченко-инспектор, бас технологиялық мұрағат жұмыскері-Н.Кузнецова, И.Арматова мен Е.Фисенко [4,80-б.].

       Сол кездегі соғыстан сақталған маңызды құжаттар, іс- қағаздар сол мұражайда сақталды, оған көп назар аударылды. Ұлы Отан Соғысы жылдары ғылымның барлық күші жеңіске бағытталған еді, соғыс кеңес дәуірінен жаңа мәселелерді талқылауды, жаңа әдістемені, жоғарғы қарқынды зерттеулерді талап етті. Қ.И.Сәтбаевтың айтуы бойынша: «Соғыс зардабынан мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ету үшін, стратегиялық табиғи ресурстардың зерттелуін талап етті [5, 505-б.].   Еліміздегі алдыңғы қатарлы зерттеулердің бағыттарының бірі: минералды ресурстарды жүйелі зерттеу. Жылдан жылға экспедицияның отрядтарының саны арта бастады, жаңа минералдық шикізаттарды зерттеуге бағытталды».

   Басты назар тарихи ескеркіштерге орнатылды, бұл қызмет ұлттық шаруашылық жоспарының орындалуына себепкер болды. Бұл шешім Қостанайдың ұйымдастыру бюросымен Коммунистік партиясының қолдауымен қабылданды «Қазақстанды зерттеу қоғамы атты облыстық ұйым» соғыс жылдары өз қызметін тоқтатқан жоқ. Қостанай облысының іргетасы қаланған кезде, мұражай облыстық деген атақ алды, осы кезден бастап «Қостанай облыстық өлкетану мұражайы» деп атала бастады [15, б.506].  Осы себептен Қостанай мұражайы облыстық деген атақ алып, оның жұмысын директор және 9 адамнан тұратын мұражай кеңесі басқарды: қалалық атқару комитеті, облыстық жоспарлау, қалалық халықтық білім бөлімі, облыстық атқару комитеті. Қостанай облыстық атқару комитетінің жарлығымен мұражайдың айналасындағы аулалық құрылыстарды тұрақты пайдалануға мүмкіндік берілген болатын. Ұзақ жылдар бойы мұражай директоры  әйгілі өлкетанушы геолог Чернявский Павел Енисеевич болды. Мұражайдың ғылыми қызметкері болып геоботаник Реутов Александр Иванович жұмыс істеді. Директордың сенімді және қайталанбас көмекшісі болып оның жұбайы Чернявская Елена Андреевна кызмет атқарды[5,507-б.]. Жұбайы жақташалаушыда кітапханашыда және кассир қызметтерін атқара білді. Суретші және мүсінші болып Никифоров Александр Иванович еңбек етті.

     Соғыс жылдарының уақытына байланысты мұражай 1941 жылдың 2 жартысында ғылыми зерттеу тұрғысынан және экспозиционды массалық тұрғысынан көптеген өзгерістерді басынан өткізді.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспары қайта құрылған болатын пайдалы қазбалардың табылуымен ескерілетін. Зерттеу нәтижесі ретінде  мұражай көптеген экспонаттармен  толықты, олар: геологиялық пайдалы қазбалар, палеонтологиялық, археологиялық сипатта болды. Мұражайдың жұмысында кемшіліктер байқалды. Алғашқы кварталда ғылыми қызметкерлердің жарты ставкасы қысқартылған болатын және соңғысы жұмыстан қуылған; 2 жартыжылдықта мұражайға келу мүлдем азайған болатын, әсірісе оқушыларды ескерсек мұражайды жөндеуге арналған қаржы жылдың басында бюджеттен жіберілген қаржы, алайда шілде айында бюджеттен қаржы алынды [5,508-б].  1941 жылы наурыз айында ғылыми зерттеулерге берілген көлік қыркүйек айында облыстық атқару комитетінің жарлығымен облыстық кәсіп басқарылуға берілген болатын, бұл ғылыми зерттеулерді қысқартуға әкеп соқтырды. 1941 ж. өндіріс жоспарында негізгі ғылыми зерттеулерді: экспозиционды көрмелік, бұқаралық саяси тәрбиелік, өлкетану, өндіріс саласында сипатталды. Ғылыми зерттеу бағытында геологиялық жұмыстар мына маршруттар бойынша бақыланды: Тобол өзенінің орта ағысы, Аят өзендері, қызбел жазығы. Осы бағыттар бойынша еліміздің материалдық мәдениетінің ескерткіштері зерттелді, этнографиялық материалдар 2 бөлімді толықтыруға пайдаланды; облыстың негізгі ландшафтының экспозиционы суреттерін дайындау рәсімдері жүрді. Өлкетанушылардың табылған пайдалы қазбалар орындарының өтініштерін тексерілді. Геологиялық және археологиялық үйірмелер ұйымдастырылды [6,320-б.].  

      Ғылыми зерттеу бағытында облыстық геологиялық карта құрастырылған болатын пайдалы кен қазбалары және минералды отындар облысында естеліктердің материалдық шығу тегіне есеп берілді. Экспозиционды – көрмелік жұмыс нәтижесінде материал мен экспонаттар 2 тарихи бөлімге жиналған болатын [6,138-б.].   Әуеге қарсы химиялық  қауіпсіздікке де көрме ұйымдастырылды. Облыстық көпшілік саяси-тәрбиелік өлкетану жұмыстарында негізінен қойылған талаптар: келушілерді қызықтыруға арналған шаралар өтті, лекция мен баяндамалар ұйымдастыру. Барлық жиынтықтардың әсерінен негізгі жұмыстардың бәрі орындалған болатын, 1941 ж. барлық мақсатқа қойылған жұмыстар, 2- ші жарты жылдықта орындалды. Орындалмаған жұмыстар бірен - саран жаздық зерттеу жұмыстары, себебі елде мобилизация орнаған еді. 1.5 айлық үзінді ретінде кейбір қызметкерлер колхозда ауылшаруашылық жинау жұмыстарын атқарды [7,3-б.]. Күрделі жөндеудің өтпеу себебі мұражай бюджетінен 5000 сомды алу еді. Жоспардан тыс орындалған жұмыстар Тоғызақ өзеніңде жүрді.

     Мұражайға адам санын арттыру мақсатында жылдық жоспарға түрлі оңтайлы жұмыстар еңгізілді: мұражайдың жұмысын күніне 8-9 сағатқа арттырды, экскурсия жүргізушісі қызметі енді енгізілді, бұл қадам мұражайға топ пен жеке адамдарды, келушілерді көбейтуге мүмкіндік берді.

1941 ж. Қостанай облыстық мұражайы үлкен ғылыми зерттеулік ғылыми жұмыс атқарды, жергілікті минералды және өсімдік шикізаттарын табады. Бұл істерден басқа жұмыстар орындалды материалды мәдениеттің естеліктерін және тарихи революциялық, этнографиялық жағдайларын зерттеді. Қостанай облысы көптеген минералдық және өсімік шикізаттары қорына бай, бұл шикізаттар көзе құмыраларын, құрылыс материалдары,  жанармай, минералды бояулар өндіруге жараған еді.

Сонымен, Қостанай облысындағы дәстүрлі мұражай ісінің жаңа даму жолдарын іздеу, сапалық өзгерістердің болуымен ерекшеленді. Мұражай материалдарын көрсетудің жаңа әдістеріне, мұражайлардың бағытына қарай түрленуі дами түсті.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Оспанова К. Мұражай ғасырлар зердесі//Қостанай таңы. 9 маусым. - 2006. – Б.2-3.

2.     Мұстапаева Д.Ө. Қазақстандағы музей ісінің тарихы. Оқу құралы. –Түркістан: «Тұран» баспахансы, 2011. - 200 б.

3.     Кустанай - Костанай: очерки истории [Текст]: с 1936 по 2013 годы / [Д. М. Лёгкий [и др.]; под ред. И. К. Тернового]. - Костанай, 2013. - Кн. 2.-645 с.

4.     Смагулов Н. Из истории культурного строительства в Кустанайской области (1919-1967 гг.). –Костанай, 1968. – 218 б.

5.     Медведев С.А. Из истории города Костаная. Сборник документов и материалов. Костанай. ТОО «Костанайполиграфия», 2009. – 720 с.

6.     Терновой И. К. Костанайская область: прошлое и настоящее. Костанай, 2007. Ч.2 – 508 с.

7.     ҚОМА  Қ.418,  Т.2,  Іс.91,  П.3-48.