Момбаев Қ.Ж., Абдикулова Е.Е.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Жоғары оқу
орындарында информатика курсын оқытудың теориялық негiздерi
Жоғары оқу орындарында информатика курсы
біраз программалық жабдықтарды қамтиды. Қазiргi кезде
объектіге бағытталған программалау орталарын көптеп
дайындалуы және олардың түрлі нұсқаларының
пайда болуы курс мазмұнының да, оны оқыту
әдiстемесiнiң де өзгерiп отыруына әкелуде. Ал
компьютерлiк оқыту жүйелерi компьютер көмегiмен
оқытудың негiзгi құралы.
Уақыт өте
келе бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiрудiң ойдағыдай
жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетiп келедi.
Бұл мәселенi: компьютер, оның программалық
қаматамасыз етiлуiнiң бiртiндеп жүзеге асырылуы,
мамандардың дайындалу қарқыны, информатика пәнiнiң
оқыту әдiстемесiнiң, оның iшiнде нақты курстарды
оқытудың әдiстемесiнiң қалыптасып келе
жатқандығынан байқауға болады.
Қазіргі кезде информатика курсының
түрлi компьютерлiк оқыту программалары бар. Мұндай
программаларда бiлiм берудiң курс мазмұнын игеруде қажеттi
тапсырмалар, бақылау сұрақтары, студенттің
өзіндік жұмыстары мен студенттiң бiлiм деңгейiн
бағалау, т.с.с. мақсаттар жақсы жолға
қойылған.
Дегенмен қазiргi кезде шығарылып
жатқан компьютерлiк оқу құралдарының
көпшiлiгi талаптарға сай келе бермейдi. Негiзiнде
оқытудың компьютерлiк программалары дәстүрлi
оқыту құралдарының тиiмдi жақтарын қамтып,
оны жаңа сапалық көрсеткiштермен толықтыруы тиiс.
Бұл компьютерлiк оқыту программаларын құруда ескерiлуi
қажет негiзгi талаптардың бiрi. Сол себептi компьютерлiк
оқыту жүйелерiн даярлау деңгейiн жетiлдiру қазiргi
кездегi көкейкестi мәселелердiң бiрi.
Жоғары оқу орындарында информатика курсын
оқытуда болашақ информатик және т.б. мамандарды стандарт
талаптарына сай етiп дайындау мақсатында курсты компьютер көмегiмен
оқыту әдiстемесiн жасау.
Қазiргi әлемнiң ғылыми бейнесiнiң негiзгi сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы ақпарттық процестер мен факторлардың фундаментальды ролiн мойындау болып табылады.
Бұл жағдай ХХІ ғасырдың басында әлемнiң бейнесiн жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мұндағы
негiзгi мәселе ұйымдастырушылық немесе қазiргi айтылып
жүргенiндей ақпараттық
факторларға байланысты. Дәлiрек айтсақ алдыңғы
кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес,
олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу
мәселесi қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым
информатика деп аталды. Сонымен информатика - компьютердiң
көмегiмен ақпаратты iздеу, сақтау, жинақтау, тарату,
өлшеу мен өңдеудiң әдiс-тәсiлдерi мен
заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым.
Қазiргi кезде информатиканың ықпалына көп
сүйенетiн саланың бiрi халық ағарту жүйесi. Ал,
жоғары оқу орындарында информатиканың проблемаларын
қарастыратын сала кәсiби информатика деп аталады.
Кәсiби информатика, информатика ғылымының бiр саласы
ретiнде жоғары оқу орындарындағы оқу процесiнде
пайдаланылатын компьютердi программалық, техникалық оқу-әдiстемелiк және
ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етудi зерттейтiн
сала ретiнде анықталады.
Жоғары оқу
орындарының информатикасын программалық қамтамасыз ету
оқу орындарының ақпараттық басқару және
оқыту жүйелерiн қамтиды, оның құрамында осы
жүйелердi жобалауға арналған сериялық
құралдары бар.
Қазiргi кезде информатика курсына жоғары оқу орындарында
200 сағат бөлiнген және ҚР “Бiлiм туралы”
Заңының талаптарынa сәйкес курсты оқыту стандартына
төмендегi мәселелер енгiзiлген:
· курс бойынша бiлiм беру
мазмұнының минимумы;
· болашақ информатик
мамандардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар;
· стандарттағы
талаптардың орындалуын бағалау;
· бiлiмді бағалау.
Информатика курсын оқытудың мақсаттары:
· математика, статистика
бойынша қолданбалы программалар пакеттерiн ұсынудың
маңызын, қасиеттерi мен мүмкiндiктерiн оқып бiлу;
· графиктердi,
диаграммаларды, үлгiлердi, суреттердi еркiн мәтiнге не
құжатқа енгiзу және дайын ортада оны құрып
үйрену;
· графикалық
бейнелердi құруға және модификациялауға
мүмкiндiк беретiн инструментальдық құрылғыны
қолдануды үйрету.
Курсты оқытудың мiндеттерi:
· берiлген графикалық
және баспалық пакеттерге тән функцияларды оқып
үйрену;
· ғылыми салада
программаға ұқсас пакеттердiң мiндетi туралы
түсiнiк қалыптастыру;
· web-беттердi бiрiктiретiн
құрауыштардың негiзгi түсiнiктерi мен
анықтамалары туралы түсiнiктердi қалыптастыру.
Қорыта келе информатиканы жоғары оқу орындарында
оқыту жөнiнде қалыптасқан түрлi
көзқарастар бар. Кәсiби қызметте компьютерлік істер
дағдысын пайдалана бiлудi қалыптастыру. Ендi жоғары оқу
орындарындағы информатика курсының мазмұны мен
әдiстемелiк ерекшелiктерi.
· Жоғары оқу
орындарындағы “Информатика” курсының мазмұны түрлi
компьютер жабдықтарымен жұмыс дағдысын
қалыптастыруға негiзделген.
· “Информатика” курсы бiр
жағынан курстың компьютермен байланысын қамтамасыз етсе,
екiншi жағынан болашақ информатик мамандардың теориялық
дайындық деңгейiн меңгеруi үшін берiледi.
· “Информатика”
курсының маңызды ерекшелiгi оның басқа пәндермен
тығыз байланысты.
· “Информатика” курсын
оқу барысында алған бiлiм мен iскерлiктерiн басқа
пәндердi оқу барысында кеңiнен қолдана алады.