«балабақшадағы
балалардың мәдениетін тәрбиелеуде тәрбтиешінің ролі»
Тараз
қаласы № 17 Балабақша « Балапан » тобы тәрбиешісі
Досымжанова Сандуғаш
Досымжанқызы
ХХІ ғасыр
жеткіншегі дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты,
өз-өзіне басшы, кез келген сәтте шешім қабылдай алатын
жеке тұлға болуы тиіс. Оған “Еліміздің білім беру
жүйесінің Қазақстанның бәсекеге нақты
қабілеттілігіне қол жеткізудегі негізгі міндеттеріне -
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
“Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілеттілігі 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты
Қазақстан халқына Жолдауы” негіз болады. Бұл үшін
тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы,
көп ізденісті қажет етеді. Ал мектепке дейінгі оқытуда білім,
білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан
алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай
жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап
етеді.
Мектепке дейінгі
шақта бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен
ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек
сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту
барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар
екені мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы –
денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және
экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте
маңызды кезең.
Белгілі
педагог Ян Амос Каменский былай жазды: "Адамды оқытқанда,
мүмкіндігінше білімді кітаптардан емес, аспан және жерден, емен
ағашы және ғәріптерден, яғни басқа
біреудің бақыламалары мен түсініктерін оқып қана
қоймай, өздерінің көріп-ұстаған заттарын
зертей отырып оқып, үйрену қажет».
Барлық
адамзаттың дүниетанымын қалыптастыру, экологиялық
сауаттылығын және мәдениетін көтергенде ғана,
адамдардың қоршаған ортамен, табиғатпен
қарым-қатынасының қазіргі мәселелерінің шешімі
табылуы шарт. Біздің денсаулығымыздың жақсы болуы
аумақтағы, мемлекеттегі, тіпті үйдегі экологиялық
ахуалға байланысты және кіріптар екенін ұмытпауымыз керек. Ол
біздің рухани құндылығымыз.
Мектеп
жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесі маңызды
да қызықты және де көкейкесті сұрақ болып
тұр. Балаға ерте жастан табиғатты сүю – ол
жақсылық жасау деген сөз екенін, біздің ортақ
Үйіміздің бұрынғысынан да әдемі және бай
болуына біздер не істеу қерек екені туралы ойландырып, сезім туғызу
қажет деп кәміл сенемін.
Педагогикалық процесте дәстүрлі
әдістермен қатар инновациялық
әдістер де қолданылады:
Дәстүрлі
әдістер уақыт сынынан өткен және кеңінен
қолдануда, олар: көрнекі-иллюстрациялы, әңгімелесу,
тусіндіру және т.б.
Инновациялық
әдістер.
Модель (үлгі) – бұл
объектінің шартты бейнесі, оның орынбасары.
Кіші топтарда
заттық үлгілерді қолданамыз, себебі оны танып білу
жеңілге соғады, ал орта топтардан бастап баланың ойлау
қабілеті өседі, сондықтан модельдер де өзгереді:
схемалық – модельдер орын алады.
Эмпатия
әдісінде балалар табиғатты көріп және сезінуге
үйренеді.Бала бір заттың немесе аңның роліне кіргеннен
кейін, сол объектіге көзқарасы өзгеріп, оған
құрметпен қарайды. Ең маңыздысы рольге кіру
барысында жүргізілетін әңгіме тек қана
жақсылық, жылы сезім, қайырымдылық, өзара
көмек, қамқорлық туралы болуы шарт. Бізді қоршап
тұрған кез-келген объектінің ролін ойнатамыз, мысалы: «Мен
тышқанмын...», «Мен таспын...», «Мен сынық бұтақпын...»,
«Мен солған Гүлмін...» . Балалар ойын барысында өсімдік –
тірі екенін, оны сындырғанда ауыратынын, қайғыратынын
түсінеді.
Бала жүрегіне табиғаттың
әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту
әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат
өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық
сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер
тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың
табиғатқа қызығушылығы оның
құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың
пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
Балалар мен ересектердің
бірлескен іс-шаралар:
1. Экологиялық мерекелер мен ойын-сауықтар
2. Тәжірибелер.
3. Әңгімелер.
4. Жобалар.
5. Табиғат бұрышындағы
бақылаулар.
6. Экология тақырыбындағы әдебиеттерді
оқу.
7. Мақсатты серуендерге шығу.
8. Модельдермен жұмыс.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар:
Ата-ана баланың бірінші ұстазы және
тәрбиешісі. Жаңа қалыптасатын жеке тұлғаны
тәрбиелеуде оның ықпал күші айырықша зор.
Ата-ананың балаға әсерінің негізі олардың
қалтықсыз сүйіспеншілігі, қамқорлығы болып
табылады.
Ата-аналар
А.С.Макаренконың “Балаларды тәрбиелеу – біздің өміріміздегі
ең жауапты сала. Дұрыс тәрбиелеу – бұл
біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман
тәрбиелеу – бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл
біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар
алдындағы, бүкіл ел алдындағы айыбымыз” – деген
пікірінің мағынасын түсінуі тиіс.
Балаларды
тәрбиелеудегі ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмыстарым
балалардың бойында дұрыс мінез-құлық
қалыптасуын қамтамасыз етті, дағдыларды, білімдерді,
іскерліктерді меңгеру үрдісін тездетті.
Мұндай
бірліктің негізі ата-аналардың педагогикалық білімділігі,
олардың мектепке дейінгі ұйым жұмысымен хабардар болып
табылды. “Баланың экологиялық мәдениеттілігі”,
“Отбасындағы бала тәрбиесі” т.б кеңестер дайындауға
болады. Ата-аналарға арналған кештер: “Кітап бала өмірінде”,
“Бала және табиғат”, “Әжелер мектебі”, “Әкелер мектебі”
т.б. өте қызықты өткізіп, нәтежеде бала
тәрбиесіне үлкен көмегін тигізеді.
Сонымен қатар
ата-аналармен бірігіп саябақтарға, әр түрлі мезгілде
мақсатты серуендер мен саяхаттар өз өлкеміздің
табиғатын балаларға таныстыруға бағытталу қажет.
Табиғатта қызықты ойындар ойналып, бақылаулар жүргізіліп, таза ауаның
жанға берер рахатын бірлесе түсіндіру, экологиялық тиым
сөздермен таныстыруға болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.С.Мирсеитова.Оқыту ізденіс ретінде және
ізденіс оқыту ретінде.
2. Отбасы журналы 2015-2016 ж.
3.Жаңа тұрпатты
мұғалімдердің озық педагогикалық
тәжірибесін зерттеу жинағы. Тараз
2013 ж.
4.Ашық сабақ журналы. №3, 2010 ж.
5.Оқыту мен оқудың белсенді
әдістері.Астана 2013ж7
6.Білімгер газетінен мақалалар 2016ж.