СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДЫ ОРТА МЕКТЕП БИОЛОГИЯСЫНДА ПАЙДАЛАНУ

А.Қайырбай, Г.Унгарбаева, Ж.Избасарова, А.Бакирова*

Қорқыт ата атындағы ҚМУ, №187 орта мектеп*

Қазақстан, Қызылорда

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында 2012 жылдан бастап орта білім саласына оқытудағы –Кембридж тәсілінің теориялық негіздеріне сүйенген сындарлы оқыту теориясы енгізіле бастады. Бұл теория бойынша білім алушылар қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған білім, білік, дағдылардың  жиынтығын меңгеріп қана қоймай, білім алушыларға ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және барынша жүзеге асыру мақсатында ұтымды пайдалану және қоғамдық өмірге пайдалы араласу білігін, яғни, құзыреттілікті меңгеру көзделеді. Сындарлы  оқыту теориясы орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелерінің бірі болып табылады [1]. 

Оқытудың сындарлы теориясы оқушылардың ойлауы олардың бұрынғы алған білімдерімен жаңа, сыныптағы түрлі дереккөздерден, мұғалімнен,  оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла дамиды деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білім беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді [2]. 

Оқытудың сындарлы теориясы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады [3].   

Оқытудың сындарлы теориясы бойынша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Табысты мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырады. Оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты [4]. 

Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттеріне сәйкес №249 мектеп-лицейде  тәжірибелік–эксперимент жұмысы жүргізілді. Тәжірибелік-эксперимент жұмысына 6 Б (бақылау сыныбы) және 6А сынып (эксперимент сыныбы) оқушылары қатыстырылды. Анақтаушы эксперимент  кезінде  оқушылардың білім деңгейлерін салыстыру мақсатында екі сыныптан да 25 сұрақтан тұратын тест алынды. Тест жауаптары былай бағаланды:

22-25 сұрақ –бестік- жоғары деңгей;

16-21 сұрақ –төрттік-орташа деңгей;

10-15 сұрақ –үштік-төменгі деңгей;

1-9 сұрақ- екілік. Баға деңгейіне сәйкес оқушылардың білімін жоғары, орта, төмен деңгей деп есептедік (1-кесте).

                                                                                                                       Кесте 1.

Анықтаушы эксперимент кезіндегі оқушылар білімінің көрсеткіштері

Эксперимент сыныбы

(32 оқушы)

Бақылау сыныбы

(34 оқушы)

жоғары

орташа

төмен

жоғары

орташа

төмен

12

13

7

13

15

6

Оқушылардың білім деңгейін пайызға шаққанда мынадай мәлімет алдық: эксперимент сыныбында жоғары деңгей 38%, орта деңгей  41%, төменгі деңгей 22% тең болса, бақылау сыныбында тиісінше  38%, 44% және 18% көрсетті (1-сурет).

                                                                                                           

 

Сурет. 2- Анықтаушы эксперимент кезіндегі оқушылар білімінің дәрежесі (%)

 

Тәжірибелік- эксперимент жұмысының келесі кезеңі- қалыптастыру эксперименті кезінде 6 сынып биология пәні бойынша «Жабық тұқымды (Гүлді) өсімдіктер» бөлімі бойынша сабақтар әдістемесі даярланып, олардың тиімділігі сыннан өткізілді.

Қорытындылаушы эксперимент кезінде  жүргізілген сабақтардың оқушылардың білім деңгейіне қалай әсер еткенін тексеру мақсатында екі сынып оқушыларынан тағы да тест жұмысын алдық. Тест жұмысының нәтижесін қорытындылағанда 6А сыныбы оқушыларының 15-і бестік, 14-і төрттік, 3-уі үштік баға алды, ал 6 Б сыныбында 14 оқушы бестік, 15 оқушы төрттік, ал 5 оқушы үштік баға алды (кесте 2).

Кесте 2.

Эксперименттің соңындағы оқушылар білімінің көрсеткіштері

Эксперимент сыныбы

(32 оқушы)

Бақылау сыныбы

(34 оқушы)

жоғары

орташа

төмен

жоғары

орташа

төмен

15

14

3

14

15

5

 

Тест нәтижелерін пайызға шаққанда эксперимент сыныбындағы білімнің жоғары деңгейі 47%, орта деңгей 44%, төменгі деңгей 9%, ал бақылау  тобында тиісінше 41%, 44%,  және 15% тең болды (сурет 2).

 

   

Сурет. 2- Эксперименттің соңындағы оқушылар білімінің дәрежесі (%)

 

Оқушылардың эксперименттің соңғы кезеңіндегі көрсеткіштерін анықтап алғаннан кейін, бастапқы және соңғы көрсеткіштерді салыстырып, жүргізілген эксперимент жұмысының тиімділігін айқындадық (кесте 3).

Кесте 3.

Эксперименттің салыстырмалы көрсеткіштері

Эксперимент сыныбы

Бақылау сыныбы

Эксперименттің басы

Эксперименттің соңы

Эксперименттің басы

Эксперименттің соңы

Ж

О

Т

Ж

О

Т

Ж

О

Т

Ж

О

Т

38%

41%

22%

47%

44%

9%

38%

44%

18%

41%

44%

15%

 

Кестеден көрініп тұрғандай, экспериментің басындағы көрсеткіш (анықтаушы эксперимент) пен соңындағы (қорытындылаушы эксперимент) көрсеткіштерді салыстырғанда  эксперимент сыныбындағы білімнің жоғары деңгейі 38% -дан 47% -ға, орта деңгей 41%-дан 44%-ға жоғарыласа, төменгі деңгей 22%-дан 9%-ға төмендеген. Ал бақылау сыныбында  өзгерістер айқын болмады (сурет 3).

 

Сурет. 3- Оқушылар білімінің салыстырмалы көрсеткіші (%)

 

Осылайша, 6 сынып биологиясын оқытуда сындарлы оқыту теориясын қолдану өзінің оң нәтижесін берді.

 

 

 

Резюме

В статье приводятся данные по применению конструктивистской теории обучения.   Обсуждена проведенная экспериментальная работа по применению  конструктивистской теории обучения на уроках биологии. Экспериментальная работа дала положительный результат.

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.    Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012

2.    «Өзгеріс.Тәжірибе.Ойтолғау» облыстық деңгейдегі идеялар жәрмеңкесі.  Жинақ , 2014 ж.

3.    Арипбаев Б.Ш. Оқыту  процесіндегі  сындарлы  оқытудың  тиімділігі // Қазақстан мектебі.- №1, -2013жыл,-7-9б

4.    Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі. Әдістемелік құрал. Орал, 2013ж