ДИАЛОГТЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІН БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ

А.Мүсілім, Ж.Алиева, А.Бакирова*

Қорқыт ата атындағы ҚМУ, №187 орта мектеп*

Қазақстан, Қызылорда

 

Қазіргі таңда елімізде Кембридж бағдарламасына негізделген білім беру жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның негізгі мазмұны  жеті модуль идеясында ашылады. Бағдарламаның идеялары тұлғаның өзіндік ізденуіне, сыни ойлап, сұрақ қоюдан және сол шешімін талап ететін проблемаларды айқындауынан, шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қалыптастыруда диалогтік оқыту арқылы нәтижеге қол жеткізуге болатыны мәлім болып отыр [1].

Диалогтік оқыту барысында оқушылардың өз ойларын айтуға мүмкіндік туғызу, оқытуда мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушының арасындағы диалог жүргізу дағдысы қай деңгейде екенін үнемі назарда ұстау маңызды болып саналады.

Диалогтік сұхбаттасудың тиімділігі мынада:

- оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

- басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

- өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

- мұғалімдерге оқыту барысында оқушылардың білім деңгейін анықтауға көмектеседі [2].

Диалогтік оқытуда оқу үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек. Мысалы, рөлдік ойындар, қадамды сұхбат, постер, т.б. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді.

Диалогтік сұхбаттасу – мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де білім алуға зор үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі  [3]. Төменде педагогикалық практика барысында 8 сынып биология пәнінен жүргізілген сабақ әдістемесін  ұсынамыз.

Сабақ  тақырыбы: Өкпенің құрылысы мен қызметі

Жалпы мақсаты:

а) Өкпенің маңызы жайлы түсінік меңгеру;

ә) Өкпедегі газ алмасудың ерекшелігін анықтау;

б) Ұлпалардағы газ алмасудың маңызын білу.

Күтілетін нәтижелер:

·               Өкпенің маңызы мен қызметін түсінеді.

·               Өкпедегі газ алмасу ерекшелігін анықтайды.

·               Ұлпалардағы газ алмасу жайлы түсінік қалыптасады.

Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау     парақтары

Бағалау: Өзін өзі бағалау, жұптық бағалау, топтық бағалау.

Әдіс тәсілдер: Миға шабуыл, Джигсо,

Сабақ барысы:

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

 Топқа бөлу

4 минут

Оқушыларды қағаздың астына жасырынып жазылған «Ай», «Күн», «Жұлдыз» деген сөздерді алып, 3-топқа бөлініп отырады.

Оқушылар алған парақтары бойынша үш топқа бөлініп отырады. Сабақ барысына дайындалады.

Тақырыпқа ену

6 минут

Оқушыларға «Миға шабуыл» әдісі бойынша  тақырыпқа байланысты өздерінің не білетіні сұралады.

o                   Өкпе қандай мүше?

o             Қалай ойлайсыңдар өкпеде қандай өзгерістер жүреді?

Оқушылар «Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

Өткен тақырыпты естеріне алады және диалогтық қарым-қатынасқа түседі.

Тақырыпты өрбіту (теориялық бөлім)

 16 минут

ДЖИГСО стратегиясы бойынша топтарға тапсырмалар беріледі:

v           1-топ: Өкпе, оның құрылысы

v           2-топ: Өкпедегі газ алмасу

v           3-топ:  Ұлпалардағы газ алмасу. Тыныс алу қозғалыстары.

Материалмен топта танысады, талдайды, постер дайындап, оны қорғайды.

 

Тақырыпты өрбіту:

10 минут

Топтардың жеке жұмысы

1-топ. Кестені толтыру.

Тексеріп, бағалайтын 2-топ.

Ауа тасымалдау жолы

Өкпе

1.              

2.              

3.              

4.              

1.              

2.              

3.              

4.              

 

2-топ: Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамы, жауабын 3-топ тексереді.

Газдар

Тыныс алғандағы ауада (%)

Тыныс шығарғyдағы ауада(%)

Оттек

Көмір-

кышқыл газы

Азот

 

 

 

3-топ:  Сәйкестігін анықтау.

Тексеріп, бағалайтын 1-топ.

Оң жақ өкпе

 

 

 

 

 

Сол жақ өкпе

Негізгі бронхы мен өкпе артериясы кіреді;

Сыртқы өкпеқап жапырақшасымен жабылған;

Екі бөліктен тұрады;

Үш бөліктен тұрады;

1-топ.

Жауабы,

Ауа тасымалдау жолы

Өкпе

1. Мұрын

2. Көмей

3. Кеңірдек

4.  Бронхы-лар

1. Негізгі бронхы-лар

2. Өкпе артериялары

3. Веналар

4. Лимфалар

 

2-топ: Жауабы,

Адам тыныс алғандағы атмосфералық ауаның құрамында 21% оттек, 79 % азот,0.03 % көмірқышқыл газы болады.

Адам тыныс шығарғандағы ауада 16 % оттек, 4,0 %  көмірқышқыл газы және 79 % азот болады.

 

 

 

3-топ тапсырмасының жауабы.

Оң жақ өкпе

·      негізгі бронхы мен өкпе артериясы кіреді, өкпе веналары шығады.

· Екі бөліктен тұрады.

Сол жақ өкпе

· Үш бөліктен тұрады.

· Сыртқы өкпеқап жапырақшасымен жабылған.

Өзара бағалау

5 минут

Сыныптасын және өзін-өзі бағалап шығады.

Топтық бағалау жүргіземін.

«АЙ» әдісі бойынша формативті бағалау.

Сыныптасын және өзін-өзі критериалды бағалап шығады.

Сабақтан алған білімдерін ай белгілермен бағалайды.

 

Рефлексия

 3 минут

Кері байланыс

1.             Бүгінгі тақырыпта не түсінікті болды?

2.             Бүгінгі тақырып бойынша не түсініксіз болды?

Оқушылар өз пікірлерін стикерге жазып шығады.

 

Үйге тапсырма

1 минут

Өкпенің тіршілік сиымдылығын оқып келу

Үй тапсырмасын алады.

 

Мұндай сабақтарда оқушылар бір-бірімен әңгімелеседі  және осы әңгімелесу арқылы білім алады. Оқушылардың білім алуға қызығушылығын оятуда маңызды  тәсілдердің бірі диалогтік оқыту болса, сол арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге болады. Диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың негізгі ерекшелігі: мұғалімдер мен оқушыларға өз еріктерімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге жағдай жасау. Қазіргі оқытудың талаптарына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуы керек етеді.

 

 

 

Резюме

В статье приведены данные о необходимости  применения диалогического метода при обучении.   А также дана методика проведения урока по биологии на тему «Строение и функция легких». Сделан вывод о роли диалогического метода при обучении  критическому мышлению.

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі:

1.        Әбдіреймова К.  Ізгілікке тәрбиелеу негіздері //Қазақстан мектебі.- 2005-№2,-15-18б

2.        Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІII деңгей. НЗМ ДББҰ, 2012. -139

3.        Г. Есмаханбетова. Ел тарихын оқытуда Кембридж бағдарламасын қолдану жайы // Қазақ тарихы.-  № 1 (132).-2015.-26-28б