Макешова Ж.М. ф.ғ.к,доцент, Тапаева А.Қ
Интерактивті-модульдік оқыту технологиясын
қолданудағы
қазақ тілі пәні мұғалімінің
инновациялық іс-әрекеті
Қазіргі таңда қазақ тілін
оқытуда жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың
бірі- білім берудің
инновациялық жүйесінің жасалуы. Бұл
педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі
және оқыту технологиялары әдістемесін өзгертулермен
тығыз байланысты. Еліміздің білім беру жүйесінде білім беру
саласының барлық жағына жаңаша көзқарас,
жаңаша қарым- қатынас (білім мазмұнын жетілдіру,
жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын
оқулықтары мен оқу- әдістемелік кешендерге көшу,
т.б.) жаңаша ойлау калыптасуда.
Әдіскер ғалым А.Әлімов: «Бүгінде
формалды білім жеткіліксіз. Сол себепті де біз өмір бойы
өздігімізше үйренуіміз қажет»-деп, жастарға білім мен тәрбие берудің
негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің
педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі мәселе
екенін атап көрсетеді. Ал бастауыш мектеп - мұның түп
қазіргі , бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты және оны
мектеп тәжірибесіне енгізуде мұғалім қызметіның
орны зор.
Әдіскер ғалым Жанпейісова М.М: «Білім беру жүйесіндегі реформалар мен
қазіргі мектептің тұлғалық-бағдарлы
оқытуға бет бұруы
болашақ мұғалімдердің кәсіби
бағыттылығының даярлығына жаңа талаптар
қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі
жаңа парадигмаға өтудің жолдарын іздестірумен,
яғни білім берудің жаңа мақсатының
жетістіктерімен байланысты»-дейді.Оқыту
үрдісін басқарудың педагогикалық-психологиялық
мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың
арасындағы карым- қатынастарды ұйымдастыру
мұғалімінің теориялык білімінің болуын қажет
етеді. Осыған орай,оқыту педагогикасы мен әдістемесі
бөлімдерінде жаңа мазмұн, оны оқыту әдістемесін
студенттерге игертудің түрлі жолдары іздестірілуде. .
Қазақ тілі мұғалімінің
ғылыми-педагогикалык әдебиеттерді зерттеу барысында
инновациялық іс-әрекеті жан-жақты көрінуге тиіс.
Соңғы жылдарда «инновация» ұғымы кеңінен тарап,
инновациялық қозғалыстар білім беру жүйесінің
жаңаруының маңызды тірегіне
айналды. Олар бірнеше проблемалар тоғысында пайда болып,білім
берудің жаңа мәселерін шешеді, білім беру үрдісінің
үздіксіз жаңарып тұруына әкеледі.
Педагогикалық
инновация- тұтас білім беру
жүйесінің оның жеке бөлімдері компоненттерінің
сипаттамасын жақсартатын және жаңалықтардан
тұратын, мақсатты өзгерістер. Бұл-білім беру саласындағы
әдіс-тәсілдердің жаңа түрлерін меңгеру
үрдісі.
Ол жеке адамның және жалпы
қоғамның іс-әрекетінің жаңа түрін
жоспарлайды, ынталандырады және бүгінгі күндегі
инновациялық білім беру оқу және әлеуметтік-
тәрбиелік іс-әрекеттің үрдісі мен нәтижесін
дамытады.
Педагогикалық
инновацияларды сипаттайтын критерийлер:
А) оңтайлы нәтижелер алу үшін
жұмсалатын мұғалімдер мен оқушылар күшінің
құралдар шығынын тиімдендіру көрсеткіші;
Б)нәтижелік-мұғалімдер
іс-әрекетінде алынған нәтижелердің белгілі бір тұрақтылығы;
В)
жаңалықтарды жаппай тәжірибеде жасампаздықпен
қолдану мүмкіндіктері болуы.
Бұл
критерийлерді мұғалімнің білуі педагогикалық жасампаздық
іс-әрекеттің негізі болып табылады.
Қазақ тілі мұғалімінің инновациялык
іс-әрекеті келесі белгілермен сипатталады:
• өзінің жеке касеттерін есепке ала
отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін
өзгерту, жетілдіру, кабылдау кабілеті;
•
жаңа ғылыми идеалар мен басқалардың
тәжірибесінен хабардар бола отырып, жұмысының нәтижесін
ұғыну қажеттілігінен;
•
жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік
жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге еңгізумен;
•
педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен
тәсілдерін өз бетіншежасауымен:
•
педагогикалық кертартпалықпен, артта
қалушылықпен белсендікүрес жүргізумен.
Жоғарыда
айтылғандарды есепке алғанда, мұғалімнің
өнімді инновациялык
іс-әрекеттінің көрсеткіштері мыналар:
•
педагогикалық еңбектің тиімділігі:
• оқу-тәрбие
үрдісіне қатысушылардың педагогикалық талаптары мен
бағыттарының бірлігі;
• жеке
тұлғаның шығармашылық
тұлғасының калыптасуы;
•
мұғалім беделінің өсуі,
•
оқушылардың істі талдау әдіс- тәсіліне,
дидактикалық ойларға үйренуі;
•
оқу және білім алу
үрдісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық
қызмет үлгісіндегі жаңалығы.
Қазіргі кезде әрбір қоғам
мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес «маман
моделін» маман профессиограмасын жасау міндеті-жұртшылықтың
назарын өзіне аударуда.
Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми
зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар, педагогтар,психологтар,
бар (Н.В.Кузьмина, Ф.Н.Гоноболин, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков, Н.А.Сорокин).
В.А.Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасы
мыналарды қамтиды:
1)
коғамның саяси сапалары;
2)
әлеуметтік- психология этикалык- педагогикалық және
ұстаздық жеке басының сапалары;
3)
Психологиялық және педагогикалық даярлық.;
4)
Мамандық бойынша даярлық;
5) Пән
бойынша даярлайды.
Бұл сапалар
мұғалімдік
қызметке қойылатын жалпы
алаптардатуады.
Инновацияның мазмұндық
құрылымына
кіретіндер- білім беру-
тәрбиелеу үрдісінде, оқу-тәрбие жұмысын
және оларды меңгеріп алу,
зерттеу, мектепттегі оқу- тәрбие
үрдісіне енгізу.
Болашақ
ұстаздың
инновациялық іс-әрекеті төрт түрлі өлшемме нсипатталады:
• инновациялық іс-әрекеттің
қажеттілігін сезінуі:
• оқу
үрдісіне
жаңалық енгізуде
шығармашылық пен қызмет етуге даярлығының болуы;
• енгізілеттін жаңалықтардың
бағытының дұрыстығына тиімді нәтиже әкелетініне
сенімді болуы;
• белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын
инновациялық іс-әрекетті толық өзіне қабылдап,
оны енгізе білуі.
Қазақ
тілі пәні
мұғалімінің
инновациялық
іс-әрекеттің
негізгі міндеттері:
● жаңалықты тұтастай
және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау;
• жаңалықтың жетімсіз
жақатарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезеңді
толықтыру мақсатын көздеу;
●жаңалықтарды басқа
жаңалықтармен салыстырып, олардың тиімдісін таңдап алу,
мәні мен зерттелуін анықтау;
●
жаңалық еңгізілетін ұйымның инновациялық
қабілетін бағалау.
Пайдалалынған
әдебиеттер:
1. 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасында Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
–Астана, 2010 .-27- бет
2. Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану
мәселелері. Оқу құралы/ Әлімов А.Қ.-Алматы,
2013.-448 бет
3. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы-
оқушыны дамыту құралы ретінде. –Алматы, 2002.75-бет