Өтебаева
Ш.Ш.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
АҒЫЛШЫН
ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мақал-мәтелдер —сөздік
құрамның халық өміріндегі әрқилы
кезеңдерді, қарым-қатынаспен
қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі
ойды шеберде ұғымды жеткізетін, қысқада
нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға
бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбекетуге, білімалуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Мақал деген – халықтың ғасырлар бойғы
дүниетанымы, тәжірбиесі жинақталып берілген, мазмұны
жағынан ғибрат, өсиет сияқты, ізгі қасиеттерді
уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі
ырғақты, ықшам нақыл сөз. Мақал формасы
жағынан аяқталған сөйлем іспеттес.
Мақалдардың көпшілігі екі компонентті, яғни
құрмалас сөйлем типтес болып келеді. Осы себептен аудару
барысында мағынасы жағынан екі компонентті мақалдың
қиындық туғызуы мүмкін, сол себептен алдынғы бөлімінде әр
нәрсенің жайы не әрекетінің жағдайы, шарты
байымдай аударып, кейінгі бөлімінде соған қатысты
қорытынды, түйінді пікір тұжырымдарын аудару зерттелуде.
Мақал мен мәтелдерді аударуда ұлттың мәдениетін,
өмірін, болмысын, ділі мен дінін біріктіретін ұлттық
тілдің табиғатын оның ішкі заңдары негізінде зерттеу
жеткіліксіз.
Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол ойды
әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі
мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар
ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті
болып табылады. Мақал-мәтелдер – ауызша халық
шығармашылығының кең тараған жанры. Олар
адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты
ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық
сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді
тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.
Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде
зерттелуі ағылшын тіліндегі жалпы халықтық мұраны
жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне
ғасырда қалыптасып,
күні бүгінге дейін
дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, өте көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old
Testament" атты топтама V ғасырда жарық көрген.
Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы
қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы,
тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: Үоuсаn nоt sегvе Gоt and mаmmоn
(сөзбе-сөзаудармасы: Сен құдаймен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың); А
soft answer turneth away wrath
(с.с.а.: Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т.б. Түп-төркіні інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлеріде кездеседі. Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрінұсқа, айшықты сөздерініңде ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды. Мысалы: Тһе customer is always right (с.с.а.: Әрқашан тұтынушынікід ұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі "Сэлфриджезді" (Selfridge’s) ашқанГ.Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар. Себебі, оның барлық дүкендерінде "Тһесustоmегіs аlways гіgһt", яғни "әрқашан тұтынушынікі дұрыс" деген қатаң қағида қалыптасқан.
·
Ағылшын және
қазақ уақыт өлшеміне қатысты
мақал-мәтелдерін аудруда өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл
тақырыптық топтағы бейнелі орамдар уақыттың
көз ілеспес жылдамдығын, оны босқа өткізіп,
өмірді өксітпеуді, алтын мезетті пайдалы іске арнауды
уағыздайды. Мысалы, "Time is
money" (c.c.a.: Уақыт — ақша); "Уақыт — білгенге қазына, білмегенге —
быламық","Ерте тұрған әйелдің бір ісі
артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық".
Туыс емес екі тілдің бірліктері уақытты ұғымды
пайдаланып, тынбай еңбек етсең, мол қазынаға
кенелесің деген ұғымды білдіреді. "There is a time for
everything' (c.c.a.: Әрнәрсеніңөзуақытыбар). Қазақшабаламасы: Сабақтыинесәтімен. БұлағылшынмақалықасиеттікітапІнжілдің" To everything there is a season, and a time to every purpose under
the heaven", (c.c.a.: Аспанастындаәрнәрсенің, өрмақсаттыңөзмерзімібар) дегенөсиет, өнегелеріненықшамдалып, тұрақтықалыпқаенген.
Салыстыра алғанда, уақыт мағыналы қөрісіне енетін мақал-мәтелдердің аздау кездесетіндігі анықталды.
·
Тілге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық
"Тәрбие басы — тіл", орны мен орайын тауып қолданса, сөзден, яғни тілден асқанға жапсиқырлы күш жоқ деп білген халық ұрпағын ойланып, дұрыс сөйлеуге баулыған. Зерттеу барысында тілге, сөзге қатысты мақал-мәтелдердің екі тілде де жиі кездесетіндігі байқалды.
·
Мысалы:
Good words cost nothing and are worth much;
Жылы-жылысөйлесең, Жыланініненшығады.
Қатты-қатты сөйлесең,
Пышақ қынынан шығады;
Екі тілге қатысты орамдардың жеткізер ойы бір, яғни
адам жанын жадыратар жақсы сөздің
құндылығы. Ағылшын мақалында тек жылы
сөздің мәні айтылса, қазақ мақалдары
қатты сөздің адам жанына әсерін қоса жеткізеді.
Бір ауыз қатты сөзді қолға ірген тікенге теңей
келіп, сол бір ауыз қатты сөзден пышақ қынынан
шығатынын, үлкен дау туатынын ескертеді.
Осы жерде айта кететін жайт, ағылшын мен қазақ
мақал-мәтелдерінде айтылатын ойдың кейде орайлас келмей,
қарама-қайшы түсетін тұстары да кездеседі. Мысалы,
ағылшын тілінде: "Stiks and
stones may break my bones, but words will never hurt me" (c.c a.
Таяқ пен тастар менің сүйегімді сындыруы мүмкін,
бірақ сөз мені жаралай алмайды) десе, қазақ
мақалы керісінше "Таяқ
еттен, сөз сүйектен өтеді",— деген пікірді
қалыптастырады.
·
Еңбекке қатысты
мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі.
Зерделей қарасақ, мақал-мәтелдер адам баласының
бар өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі салалардың
барлығын дерлік қамтиды екен. Солардың қомақты
бір бөлігі — еңбек жайлы мақал-мәтелдер.
Мұның сыры еңбектің тіршіліктің негізі,
қоғамның, өмірдің қайнар көзі
болғандығында болса керек. Көненің көзі іспеттес
тұрақты тіркестер тобы келер ұрпақсыз еңбек
етпегеннің ішіп-жемейтінін түсіндіре келіп, оларды еңбек
сүйгіштікке, адал еңбек етуге баулиды, жалқаулық,
бойкүйездік, жатып ішер арамтамақтықтан бойды аулақ
салуға шақырады. Қонаққа қатысты
мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі.
Қонақжайлық - қазақ ұлтының
сүтімен еніп, сүйегіне сіңген ұлы
дәстүрдің бірі. Өткен ғасырда поляк саяхатшысы
әрі зиялысы А.Янушкеевич "Дүние жүзін қазақ
жайласа, жер шарын тегін аралап шығар едім",- деп қазақ
халқының қонақжайлылығын риза көңілмен
бағалаған екен. Қонаққа конақ болу
үшін оның таныс болуы, міндес, тендес болуы шарт емес,
қонақасыны "бөлінбеген еншім" деп тануының
өзі кеңінен таралып, дәстүрге айналған
халық жорасының бірден-бір көрсеткіші. Алайда, A constant guest is never welcome. Бір
күнгі қонақ — күт, Екі күнгі қонақ-
жұт тәрізді тұрақты тұлғалар жиі келген
келген қонақтың қадірін жоғалтатынын, оған
өзі қалағандай құрмет көрсетілмейтінін
бейнелі түрде жеткізеді. Екі ел мақал-мәтелдерін
талдап-тарату барысында алыс жатқан, салт-санасы,
әдет-ғұрпы, тілі-діні әр басқа
халықтардың айтайын деген ой-тұжырымы, көзқарасы
мен өмірлік ұстанымдарының өзара сәйкес келіп
жататындығы анықталды. Мұның сыры өмірдің
өзінде, адамзаттың көріп-біліп, көңілге
түйген ойында, өмірден алған тәжірибесінде жатса керек.
·
Ақша, қаражатқа байланысты
мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық ерекшелігі.
Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат
жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, "
Take care of pence and the pounds will take care of themselves"
(c.c.a.: Пәнстіүнемдепұстасаң, фунтөз-өзінүнемдейді). Теңгетиыннанөсер, Жылқықұлыннанөсер; Берекебіртиыннан.
Ағылшындар фунт пен стен құралады десе, қазақтар теңгенің тиыннан өсетінін ескертеді. Әр елде ақша өлшемі ретінде қабылданған ұлттық валютаның атауы әртүрлі болатыны белгілі. Теңге, тиын – қазақ елінің ақша эквиваленті.
Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді
зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин
де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын
ұстанады, алайда, аталмыш тұрақта
тұлғалардың
құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала
отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп
атап, жеке қарауды ұсынады /2/. Сондай-ақ, автор
құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін
мақалдар тобын яғни, "all is well, that ends well"
(сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқгалған істін бәрі
жақсы), "Appearances are deceptive" (сөзбе-сөз
ауд.: келбет — алқамшы), "Better late than never" (сөзбе-сөз
ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді оралымдарды фразеологиядан тыс,
"фразеологиялық емес тұрақты
құрылымдар" аясында қарастырды.
Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің бәрі
негізінен жай сөйлем түріндегі тұрақты сөз
тіркестеріне жатады, яғни олар түлғасы жағынан
ұзақ уақыттан бері қалыптасып, белгілі бір формада
тұрақталган, мазмұны жағынан біртұтастыққа
ие болған жай сөйлем типтері. құрылымы жағынан
қазақ және ағылшын тілдеріндегі
мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары
жиі кездеседі: 1. Бұйрық райлы сөйлемдер: 1) Make hay while
the sun shines- Темірді қызғанда соқ. 2) Let sleeping dogs
lie – Жатқан жыланның қүйрығын баспа. 3) Cut your coat according to
your cloth – Көрпеңе қарайкөсіл. 4) Catch the bear before you sell his skin – Қашпаған сиырдың ұзынан дәметпе. 5) First think, then speak – Ойнасаң да ойлап сөйле. 2. Болымсыз түрдегі бұйрық рай, яғни тыйым салу; 1)Never say die – Салық сұрак етпесін. 2) Don't count your chickens before they are
hatced – Тігілмеген етігіңді мақтама, орылмаған егініңді ақтама. 1)Donft cross a bridge before you cote it- Байыбына бармай бал ашпа. 2)Don't hallo until you are out the wood –Асатпай жатып, құлдық деме. 3)Don't look a gift horse in the mouth- Алғанды білген-анайы, бергенді білген сыпайы. 4)Don't trouble until trouble troubles you – Жатқан жыланның құйрығын баспа. 3. Шартты райлы сөйлем түрінде: 1)When cat is away, the mice will play- құлан құдық қақұласа, құрбақа құлағында ойнар. 2) If it were not for hope, the heart will break-
Үмітсіз шайтан. 4. Болымсыз жай сөйлемдер түрінде: 1) All are not friends that speak us fair – Жалған дос көзіңе мақтар, сыртайн алып сойылын сатар. 2) All are not hunters that blow the horn – Мылтық ұстағанның бәрі аңшы емес. 3) All are not thieves that dogs bark at – Ит үргеннің бәрі ұры емес. Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданады. Тіпті кейде сөз тастап кетіп отырады. Мысалы: "No sweet with out some sweat" деген мақалда бастауышта баяндауышта, ал "Ақыл-жастан, асыл-тастан" дегенде "Шығады" сөзіқалыпқойған. Мақал-мәтел құрылыс жағынан сырттай ұқсас болып келгенмен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшелігі байқалады.
Аудару барысында
мақал-мәтелдердің тілдік табиғатын кешенді-
жүйелік зерттеуді енгізу қажеттілігі халықтық
мәдени дүниесін бейнелеп, тілдік құбылыстарды
күрделі және кешенді зерттеу барысының дамуымен тығыз
байланысты. Көркем сөз
өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары
санатына жататын мақал – мәтелдер мән – мазмұнның
тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен
ерекшеленеді. Сондықтан аударма көлемінің
ықшамдылығына қарамастан, бейнелі тілдік бірліктер
нақты да күрделі ойдың себеп – салдарын, халықтың
өнер тәжірибесінің қорытындысы мен дәлелін
қатар білдіреді. Қорыта айтсақ, мақал мен мәтел
аудармасында халықтың тарихы, саяси өмірі, тыныс – тіршілігі,
дүниетанымы, рухани және материалдық мәдениеті жан –
жақты көрініс табуы тиіс.
Әдебиет:
1.
Қазақ
мақал-мәтелдерінің жасалуыңдағы
этнолингвистикалық уәждері//Түркітану мәселелері:
бүгіні мен болашағы. Халықаралықгылыми-практикалық
конференция материалдары. Алматы: Қаз.мем. қыздар педагогика
институты, 2001, 236-239 б.
2.
Адамбаев Б. Ағылшын
және қазақ мақал – мәтелдерінің
құрылымдық және мағыналық
ұқсастықтары //Алматы-1996, 17 б.
3.
Кунин А.В. Англо – русский
фразеологический словарь. Изд. 3-е, М., 1967.
4.
Сәрсенбаев Мақал –
мәтелдердің аударылуы //Алматы-1998-177
5.
Кунин В. Мақал –
мәтелдердің құрылымдық-мағыналық
ерекшеліктеріндегі "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер//М.,
1981-77