Қазіргі қазақ тіліндегі кірме
сөздердің игерілуі жайында
Алдашев Нұрдәулет
Мырзалыұлы- филология ғылымдарының кандидаты,доцент
Тілдің
өте өткір әлеуметтік-саяси, ұлтаралық проблемалар
мен міндеттерді шеше алатындығы тарихтан белгілі. Себебі, қазіргі қазақ
тілінің жүйесі ғасырлар бойы жиналған білім беретін,
қазақ ұлтының жетістіктерін, дәстүрі мен
тәрбие беру жүйесін, оның үлгілерін сақтап
және адамзаттың даму жолындағы өзіндік орнын алып, ұлттың
өзін-өзі тануы мен сана-сезімінің қалыптасуына
үлкен әсер етті. Сондықтан тілдің дамуы арқылы
қоғамның тұрақтылығы сақталып
қана қоймайды, сонымен бірге адамдардың бір-бірімен
қарым-қатынасының олардың мәдениетінің ,
тілінің, формалары мен типтері жаңартылып отырады. Ал
қазақ тілі болса өзінің табиғаты жағынан
басқа тілдер сияқты үнемі өзгеріске түсіп
отырады. Бұл барлық тілге тән құбылыс екендігі
белгілі.
Олай болса
қазақ тілінің даму үрдісі, қалыптасуы ,
қазіргі заман талабына сай жауап беруі ең алдымен тілдің
өзіне тән қасиеттері негізінде өзінің мүмкіншіліктерін
пайдалану арқылы жүзеге асады. Соңғы жылдардағы
тілдің қолдану аймағын алып қарағанда
қазақ тілінің ролі, оның дәстүрлі үлгілерін сақтау болып отыр. Сол
сияқты қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы,
қол жеткен табыстарымызды сақтап қалумен қатар,
ұлтаралық қарым-қатынастың тұрақтылығын,
этникалық мәдениеттің элементтерін саралау және
әрбір ұлттың, адамзаттың қол жеткен табыстарын
үйрету болып табылады. Егеменді еліміздің тәуелсіздік
жариялаған ХХ ғасырдың аяғындағы әлеуметтік
саяси және қоғамдық өзгерістер қазақ
әдеби тілінің үлгілеріндегі қолданылып келген әр
түрлі сферадағы сөздік құрамына
«төңкерісшіл әсерін» тигізді. Бұл – қазақ
әдеби тілінің сөздік құрамына, тіл дамуына
әсер ететін сыртқы жағдаяттардың-қоғам
өзгерісінің, ғылым мен техниканың, мәдениет пен
шаруашылық салаларындағы жаңалықтар, еңбек
үдерісінің күрделенуі, еңбекке қатысты
мамандықтар мен кәсіптердің құрал-жабдықтардың
жаңаша өркендеуінің ықпалынан пайда болды.
Тілге өз
әсерін тигізетін «төңкерісшіл» жағдаят,
қоғамдағы жаңаша қарым-қатынастар
қазақ тілінің жаңаша қолданысына,
сөзжасамына өз әсерін тигізді. Ең алдымен тілге енген
кірме сөздердің қолданысы мен оны игеру мәселесі,
стилистикалық көшірмелер /транспортировка/ жасау, деархизация
үдерісі, қазіргі қазақ тілінің әр түрлі
лексикалық топтарындағы өзгерістердің және т.б.
тілдік құбылыстарды игеру.
Баспалар мен
редакциялардың басшылыққа алуы міндет екендігі
көрсетілмеген, қазақ тілінің қазіргі жазу
тәжірибесінде, яғни қазақ тілі қолданылып
жүрген барлық салада бар, Ережелердің жаңа
нұсқасындағы қағидаларда кейде ескерілмей,
орфографиялық сөздіктерге енгізілгенімен, тасада қалып қойып жүрген сөздер
де бар.. Бұның себебі неде?
Барлық түйін - аталған құжат пен
қазақ тілінің дамуы арасындағы алшақтықта,
теория мен практиканың арасындағы сәйкессіздікте.
Бұның өзі қазақ емлесін, және қажетті
анықтама құралдарды әлсін-әлсін жетілдіріп,
қайта қарап отыруды қажет етеді.
Емле жазу-сызу
мәселелерін қолға ала бастағаннан бері бір
сөздің немесе бір типтес сөздің өзін жазу,
орфограммасын қалыптастыру әр кезде әр қилы айтылып,
әр түрлі ереже қабылданып келеді. Айқындауды
қажет ететін осы сөз сауаттылықтың көзі,
оқырман қауымды білімге,
көзі ашықтыққа және тіл мәдениетіне
тәрбиелейтін құрал – күнделікті
бұқаралық-ақпарат құралдары мен
баспасөз беттерінде
ала-құла жазылады. Атап айтарлық бір жағдаят,
кірме сөздердің игерілуі, басқа тілге дендеп енуі
қалыпты тілдік құбылыс деп есептелінеді. Себебі тарихи
өзгерістер мен қоғамдағы саяси-әлеуметтік
ақуал ең алдымен сол тілдің сөздік қорынан
көрінеді. Мысалы көне грек тілі мен латын тілі кәрі
құрлық деп аталатын Еуропада, славян әлемінде
көне славян тілі, мұсылмандық Шығыста – араб
тілінің әсері қандай болғанын тарихтан
білеміз.Қандай халық болмасын оның тілінде кірме
сөздер енген, болады және
алдағы уақытта да бола береді. Кірме сөздердің тілдегі
ену үрдісін зерттеген тілші-ғалымдар мынадай қызықты
жағдайды анықтап отыр. Мысалы, неміс тілінде кірме сөздер он
мыңдап саналады, ал ағылшын тілінің жартысынан көбісі
кірме сөздер екендігін анықтаған. Орыс тілі – ғалымдар орыс тілінің лексикалық
қабатын кірме сөздер құрайтындығын айта келіп,
шамамен 10 пайызы кірме сөздер деп есептеп отыр.(5) Оның ішінде
кірме сөздердің көпшілігі тек стилистикалық бояуы
бар,салаарлық сөздер болып келеді. Мұндай сөздердің
қатарына кәсіби сөздер мен варваризмдерді,термин сөздер
мен спецификалық мәні бар кітаби сөздерді жатқызады.
Қазіргі
қазақ тілінің даму барысында кірме сөздердің
қолдану аясы мен игерілуі сөздік қордың баюына
үлкен әсер етті, оны толықтырды. Сондықтан кіме
сөздермен байып, толығып отырған қазақ тілі,
қазіргі уақытта қазақ тілінің грамматикалық
және дыбыстық құрлымын сақтауға өз
әсерен тигізуде. Сондықтан қазіргі қазақ тіл
білімінде кірме сөздердің игерілуі туралі мәселе
өзінің актуальдығын жойған жоқ. Алайда үстірт
қарағада қазақ
тіліндегі кірме сөздердің енуі,игерілуі туралы мәселелер
жан-жақты шешілген сияқты көрінгенімен, шын мәнісінде
олай емес екендігі анық. Сондықтан кірме сөздерге
қатысты сұрақтар әлі толық шешіліп бола
қойған жоқ. Мысалы, кірме сөздер және
олардың игерілуі дегенде көбіне – көп бір тілден екінші тілге
енген сөздер деп қаралады.
Алайда, кірме сөздердің енуі мен игерілуі туралы айтқанда
ең алдымен тіл ғылымында аксиома сияқты
қалыптасқан бір жақты пікікр жоқ. Керісінше, кірме сөздердің
әлеуметтік және тілтанымдық жағынан зерттеу
мәселесі күрделі болып отыр. Сонымен бірге кірме
сөздердің мәртебесін анықтау да оның үрдісі
мен сөзжасамдық қабілеті туралы айтуды қажет етеді.
Шындығына келгенде қазақ тіліне тән төл сөздер
мен кірме сөздердің арасындағы айырмашылықтар мен
ұқсатықтықтарды айқындаудың өзі бір
мәселе болып отыр. Себебі, қазақ тіліне тән төл
сөздің жасалуы мен енуі қай тілден енді немесе жаңа
сөз қалай жасалды деген сұрақтар келіп шығады.
Мысалы, қазақ тілінде толыққанды сөз болып
қолданылып жүрген полк сөзі
неміс тілінен орыс тілі арқылы біздің тілімізге енген.
Кейбір жағдайларда кірме сөздердің кейбіреулері морфемалары
да басқа тілден енген әрі ол морфемалары да әр түрлі
топқа жататын немесе бір-біріне жақын тілдердің сөздері
екендігі көрініп тұрады. Мысалы, қазіргі қазақ
тілінің айналымында жүрген лифтер сөзін алайық.
Бұл сөздің түбірі – ағылшын тілінен енген lift
сөзі, -ер суффиксі француз тіліндегі –eur қосымшасының бірігуінен жасалған, орыс тілі арқылы қазақ тіліне
енген. Мұндай
сөздердің қатарына қазақ тілінде айналымда
жүрген минер, тапер, режиссер сияқты сөздер де кіреді.
Бұл сөздердің бойындағы тағы бір ерекшелік, олардың ағылшын тіліндегі
түбір сөз бен француз тіліндегі қосымшаның бірігуі
арқылы жасалғандығы деп есептейміз.
Мұндай
сөздердің қолданысына байланысты да орыс тіл білімінде де бір
ізділік жоқ. Мысалы, орыс ғалымы А.В.Калинин: «Конечно,
странно слышать,что дрижер,
радиопьеса, кинопрограмма –
русские слова. Но если это странно слышать,то считать их займствованными было
бы неверно с научной точкой зрения.» -,деп көрсетеді. (5) Қазақ тілінде де өзіндік мәні
сақталған, алайда шығу тегі жағынан басқа тілден
енген кірме сөз болып саналатын және де өзінің бойында
шетелдік тілдік элементтерді сақтап қолданылатын сөздер
қазіргі уақытта көптеп кездеседі. .Сондықтан
мұндай сөздер қазақ тілінің топырағында
жасалып, қазақ тілінде «азаматтық алған сөздер»
қазақ тіліндегі сын есімнің
–лық,-лік,-дық,-дік,тық,-тік жұрнақтары арқылы
мағынаға ие болып отыр.(8.10)Мысалы,тарихилық, аристократиялық,
антикалық, сатиралық, географиялық,
модельдік, және т.б.
Мұндай
сөздердің сөзжасамдық
жасалу үлгілері мынадай болып келеді: сөзжасамдық
үлгі + туынды негіз+ морф+ *
–лық,-лік,-дық,-дік,тық,-тік жұрнақтары болып
келеді(8.10) Қазақ тіліндегі кірме сөздер туралы сөз
қозғағанда – калька туралы айтпай кету мүмкін емес. Калька сөзі қазақ тіліне
француз тіліндегі /calque/ сөзі орыс тілі арқылы енді. Мысалы,
водород, кислород – латын тіліндегі hudroj enium және oxudeenium
деген сөздерден жасалған.Кірме сөздердің басқа
тілге ену үрдісінде оның грамматикалық тұлғасы
мен фонетикалық жасалуына көп өзгеріс енбейді. Ал ауызша
кірме сөздердің енуі мен игерілуінде сөздер үлкен
өзгерістерге түседі. Мысалы, итальян тілінен енген tartufolo – орыс
тілінде – картофель, ал қазақ тілінде картоп, неміс тілінен енген
ярмарка сөзі- жәрмеңке
болып жұмсалады. Зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша
кірме сөздердің бір тілден екінші тілге ауысыу және игерілуі
ең адымен бірнеше обьективті себептерге байланысты деп есептейді.
Олардың қатарына : халықтар арасындағы тарихи
байланыстылық; жаңадан пайда болған атаулар мен
түсініктергше ат беру; белгілі бір халықтың жаңа бір
сферадағы қол жеткізген табыстары мен жетістіктері; тілдік снобизм
мен мода; тілдік үнемдеу заңдылықтары; сол сөзге
бастау, ұйытқы болған бір тілдің беделді болуы; (2)Бұл
көрсетілген обьективті себептердің барлығы да – экстралингвистикалық
факторлар;
Ал
тілдің ішкі мүмкіндіктерін пайдалану, яғни
интралингвистикалық факторлардың қатарына мыналар жатады:
1. жаңадан пайда
болған атаулар мен түсініктерге сол тілдің ішкі
мүмкіндіктерінде балама , дәл сол мағынаны бере алатын
сөздердің болмауы; Мысалы, плеер, хэпинг, импичмент және т.б.
Біздің көзқарасымызша,
бұл жағдаят кірме сөздердің игерілуі мен енуіне
басты себеп болды.
2. бұрыннан
қолданыста бар кірме сөздермен бірге сол сөзге пара-пар
суреттеу, баяндау бағытында қолданылатын сөздердің
енуі; Мысалы, автотуристерге арналған қонақ үйді –
мотель, бұқаралық-ақпарат құралдарына
арналған кішкентай конференция – брифинг, шаңғымен мәнерлеп
сырғанау – фристаил,
қысқа қашықтыққа жүгіру –
спринт және т.б.
3. кейбір кірме сөздерге детальды
анықтама беру,жаңадан пайда болған ұғымдар мен
заттарға жаңаша түсінік беру қажеттілігі, яғни
тек қана бір сөзбен аталып келген сөздерге қосымша атау
беру қажеттілігі пайда болды; Мысалы, француз тіліндегі портье сөзі
орыс тілі арқылы қазақ тіліне еніп орнықты. Сол
сияқты қайнатпаның аса бір сортын көрсету
мақсатында – джем сөзі қалыптасты.
4. экспрессивті
құралдар арқылы кірме сөздерден жасалған
стилистикалық синонимдер қатарының құралуы;
Мысалы, қызмет көрсету – сервис, шектеу қою – лимит.
5. Егер де тілге енген кірме
сөз тұрақтап,толыққанды сөз болып айналымда
жүрген болса,кейін сол сөздің үлгісімен жаңа
сөздер жасауда көп қиындық болмайды. Мысалы, ағылшын
тіліндегі джентельмен сөзі қазақ тілінде ХХ ғасырда
көнерген кірме сөз тетінде қолданылса, қазір бұл
сөз белсенді қызмет атқаруда. Осы сөздің
үлгісімен қазіргі қазақ тілінде спортсмен, полисмен,
яхтаcмен рекордсмен, бизнесмен,
конгресмен деген сөздердің
үлгілері де белсенді жұмсалады..
Бұл
жағдай соңғы
жылдары қазақ тілінің
мемлекеттік тіл ретіндегі қоғамдық қызметінің
өсуіне байланысты барынша қарқынды қалып алды.
Бұл — занды құбылыс;
Әдебиеттер
1.
Ш.Құрманбайұлы.Ахмет Байтұрсынұлы және
термин жасау ісі.// «Қазақ тілі мен әдебиеті » журналы,
№7-8,1997 ж./
2.Қ.Әбдуали .Қазақ
тілінің өзекті мәселелері.Алматы, «Ана тілі»,1998,303 бет.
3.
Р.Сыздықова. Ахмет Байтұрсынов. А., 1990,
33 бет.
4. Ә.Т.Қайдаров.
Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.А., 1993.
5. А.В.Калинин.Лексика
русского языка .-М.,1978, стр.64./
6.Ө.Айтбайұлы.Қазақ
сөзі: қазақ терминологиясының негіздері.-Алматы,
Рауан.1997-240б.
7.Кеңесбаев
І.,Балақаев М.,Қайдаров.,Ә.,Сарыбаев Ш.Қазақ
әдеби тілі тарихының зерттелу жайы мен міндеттері.//
Қазақ әдеби тілі тарихының
проблемалары.-Алматы:Ғылым,1987.
8.Н.Оралбаева.Қазақ
тілінің сөзжасамы.Алматы.2002ж.
9.Мемлекеттік тілді
үйрету жолдары:теориясы мен тәжірибесі.Астана,2004ж.
10.Қазақ
грамматикасы Алматы,2000 жыл
11.Ә.Қайдаров. «Тіл
байлығы рухани қазына» «Қазақ тілі мен әдебиеті
журналы» 1991 ж.,№7,3-10 беттер.
12. «Ана тілі» газетінің
2010-2015 жылдардағы басылымдары
Алдашев Нұрдәулет
Мырзалыұлы - Ақтөбе қаласы Қ.Жұбанов
атындағы Ақтөбе
өңірлік мемлекеттік университеті, теориялық және
қолданбалы тіл білімі кафедрасының оқытушысы,филология ғылымдарының
кандидаты,доцент Ә.Молдағұлова 34, aldashev13@mail.ru
|
Фамилия |
Алдашев |
|
Имя |
Нурдаулет |
|
Отчество |
Мирзалинович |
|
Место работы |
АРГУ имени К.Жубанова |
|
Должность |
преподователь |
|
Учебная степень, звание |
Кандидат филологических наук,доцент |
|
Почтовый адрес (с индексом) |
А.Молдагулова 34. 030000 |
|
Телефон |
87013980904 |
|
Электронный адрес |
Aldashev13@mail.ru |
|
Домашный адрес |
Республика
Казахстан г.Актобе, Сельмаш – 198 дом телефон 8(7132)22-86-59 |