Суинбаева М.Г., Нураддинова М.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

 

АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ 

Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республтканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейіндегі коммуникацияда қолданылу иқтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын-қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тілі ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал, шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер- фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер. Оның себебін тілдің фразеологиялық, паремиологиялық жүйесіндегі тұрақты тіркестердің ұттық сипатының, ұлттық нақышының ерекшелігімен түсіндіруге болады. Тілдік бірліктердің тұтас мағынасын жете түсінбей, тіркес құрамындағы сыңарлар мәнін негізге ала отырып аудару әртүрлі келеңсіз жағдайларға, «сәтсіздіктерге» ұшыратуы әбден мүмкін. Сондықтан мақал-мәтелдердің тіларалық семантикасын салыстыра зерттей отырып, ондағы жалпы адамзаттық, жалпыхалықтық мәнділіктер мен заңдылықтарды және этностық ерекшеліктерді, сондай-ақ ұлт, тіл, мәдениет және өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау да аса өзекті мәселелер қатарына жатады.

 Мақал-мәтелдердің тіл білімінде, оның ішінде, қазақ және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды-көпті зерттеліп келгені мәлім. Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, мақал-мәтелдердің тілдік табиғаты, олардың басқа тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері А.Байтұрсынов,І. Кеңесбаев, Р.Сәрсенбаев, Б.Адамбаев, Ә.Донбаева, Д.Бегалықызының, Ғ.Мұсабаев, М.Рабдуллин т.б жұмыстарында қарастырылған. Жалпы және орыс тіл білімінде В.В.Виноградов. Н.Н.Амосова, М.Т.Тагиев, Н.М.Шанский, Г.Л.Пермяков, Л.А.Булаховский сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен, белгілі. Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді мақал-мәтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар-Н:Барли, А.Дундәс, А.Қоикман, М.Куузи, Г.Мильнер, А.Тәйлер, Линда және Роджер Флавәлдер. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылыққа алынды. Дегенмен, халықтық ұғым-түсініктер мен рухани, мәдени құндылықтардан мол мағлұмат беретін қазақ және ағылшын тілдеріндегі аталмыш бейнелі тізбектер халықаралық, экономикалық, саларалық байланыстар кең өріс алған осы кезеңге дейін салғастырыла зерттелмей келді. «Ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сәйкес, қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерің тек тілдік емес, этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру бірлік астарындағы ұлттық болмысты тану жағынан да өзекті мәселе қатарына жатады. Сондай-ақ, этнолингвистика мен лингвомәдениеттану малаларының жалпы тіл білімінде дербес пән болып қалыптасқан тұсында мақал-мәтелдерді тілдің «таза» ішкі жүйесі тұрғысынан қарағаннан гөрі, олардың тіл мен мәдениеті алшақ жатқан басқа халықтардың тілдік бірліктерімен салыстыра зерттеу арқылы олардың семантикалық құрылымындағы ерекшеліктері мен ұлттық сипатты айқындау аса маңызды болып отыр.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі 
Артына өшпес із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғащқы «A Dialoque Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tonque» атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550,1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe «Bibliotheca Scholastic Instructisshna or6 a Treasure jf Ancient Adagies6 and Sententious Proverbes», 1659 жылы Дж. Хфуельдің «Proverbs», 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің «English Proverbs» атты еңбектері жарық көрді. Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды.

Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары: 
Тіл біліміндемақал-мәтелдерді топтастырудың бірнеше принципі бар, енді солардың негізгі түрлеріне тоқталайық. 

1.       Әріптік, әліпбилік (алфавиттік) топтастыру. Аты айтып тұрғандай,топтастырудың бұл түрінде мақал құрамындағы алғашқы сөздің басқы әрпі негізге алынады. И.С.Гварджаладзенің, Г.Л.Апперсонның, В.С.Смиттің жинақтарында ағылшын мақал-мәтелдері әліпбилік тәсілмен түзілген. Тілдік бірліктерді осы тұрғыдан топтастырудың тиімділігін оның қарапайымдылығымен, қолдануға қолайлығымен, ал кемшілігін басқы әріп негізге алынатындықтан, мағыналас тіркестердің әр басқа топқа саралануымен түсіндіруге болады. 

2.        Ұйытқысыз арқылы (лексикалық,энциклопедиялық) топтастыру.Зерттеу барысында белгілі паремиологтар А.Жигулиев, М.В.Буковская және бірқатар шетел ғалымдарының осы әдіске зор мән беретіндігі байқалды. Қажет тілдік бірлікті ұйтқы сөзге сүйене отырып, оңай тауып алуға болатындығын аталмыш әдістің ерекшелігі деп танимыз. Ал кемшілігі жоғарыда аталған әдіспен пара-пар, өзара мағыналас мақалдар бөлек, ал. Керісінше, лексемалары бір, мазмұны бөлек түрлері бір топқа енеді.

3.        Монографиялық топтастыру.Мұнда мақал-мәтелдер жинақталған уақытына, кезеңіне, таралу аймағына орай жіктелген. «Пословицы, поговорки, загадки в рукописных сборниках XII-XX веков» және «Ақылдың көзі, Ташкент маңы және Сырдария жағалауындағы Қазығұрт пен Қаратау бөктеріндегі ежелден тұратын қазақтардың мақалдары» атты жинақтар монографиялық топтастырудың айқын үлгісі.

4.        Генетикалық тұрғыдан топтастыру. Мақал-мәтелдердің шығу төркіні, белгілі бір халыққа, тілге қатыстылығы негізге алынады. М.Брагинскийдің жетекшілігімен жарық көрген «Шығыс халықтарының мақал-мәтелдері» жинағы осы генетикалық әдіспен түзелген.

5.        Тақырыптық (тематикалық)топтастыру.Бұл принцип бойынша мақал-мәтелдер мән мағынасына қарай топтастырылады. Зерттеу барысында көп жағдайда қазақ, мақал-мәтелдерінің осы принциппен топтастырылғандығы байқалды.Топтастырудың бұл принципі мағыналас мақал-мәтелдерді бір топтан оңай тауып алуға болатындығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдер табиғатын арнайы зерттеп жүрген тілші қауымға да аталмыш топтастырудың мәні зор екендігін айтпаса да түсінікті.

6.        Инвариантты тақырыптық жұптармен топтастыру.Бұл принцип бойынша, мақал-мәтелдер тобы «жақсы-жаман», «кәрі-жас», «бай-кедей» т.б. деген тақырыптар бойынша жіктеледі Мысалы: «Жақсыға айтсаң ұғар, Жаманға айтсаң күлер» тұлғасының ықшам, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін тілдік орам «Жақсы-жаман» тобына енеді. 

7.        «Табиғат-Адам-Қоғам» идеографиялық классификация бойынша топтастыру.Академик Ә.Қайдар көп жылдан бергі ізденуі нәтижесінде этнография мен лингвистика ғылымдарында қолданылып жүрген топтастыру принциптерін ескере отырып, қазақ тілінің өзерекшеліктеріне сәйкес, «Табиғат-Адам-Қоғам» деген идеографиялық классификацияны ұсынған еді. Бұл топтастыру бойынша «Табиғат» белгілі төрт тараудан (жануар, өсімдіктер дүниесі, аспан әлемі, т.б ), «Адам» бөлімі (адамның ішкі дүниесі мен сипаты, іс-әрекеті т.б.) он бір тараудан, «Қоғам» бөлімі (қоғамдық қарым-қатынас, шаруашылық, кәсіп т.б.) жиырмадан астам тараудан тұрады. Соңғы аталған принцип ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтетдердің этнолингвистикалық ерекшеліктерін ашуға қолайлы. 

Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі 
Зерттеу жұмыстарындағы топтастыру үлгілерін негізге ала отырып, мақал-мәтелдер тілдегі қолданысына орай: адамның жеке басына, үйге, діни наным- сенімге, гендерлік қатынасқа, өнер-білімге т.б. қатысты тілдік бірліктер тұрақты тіркестердің негізгі түпдерегі, тілде қалыптасу жолдары, қолдануға даяр тұлғаға айналу себептері анықталды. Тамыры тереңде жатқан тілдік орамдардың этнолингвистикалық астарын ашуда тарих, этнография, психология, елтану т.б. салаларына жинақталған мағлұматтар лингвистикалық деректермен ұштастыра қолданылды. 

Адамға қатысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі 
Зерттеу барысында екі тілде де осы тақырып аясына жататын тіркестердің саны жағынан әлдеқайда көптігі байқалды. Мұның сыры-адамның қоғамдағы шешуші күш екендігінде жатса керек. Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын «Good manners makes a man» (Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты қалыптасқан. Әсіресе, XIVғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талап етілді. Әдептілік, ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақа-мәтелге айналып, кеңінен қолданыс тапты. Мысалы, If you sit by a worthier man than theyself art ones Suffer him first to touch the meat (Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң,одан үлгі ал, яғни соған карап ас іш)т.б. «Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас» деген мақал, қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Ағылшын және қазақ тілдерінде наным-сенімге байланысты мақал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, ағылшын тіліндегі «God helps those who help themselves» (өзі көмектескендерге құдай да көмектеседі) тіркесінің шығу төркінін біздің жыл санауымызға дейінгі 570 жылы жазылған «Геракл және күәмеші» атты Эзоптың аңыз әңгімесімен байланыстырамыз. Мифтік әңгіменің жалпы мазмұнына келер болсақ, күймесі батпаққа батып тұрып қалған күймеші оны шығаруға талпыныс жасамастан, көмекке құдіретті де күшті Гераклді шақырады.Адамның бұл қылығына қатты ашуланған Геракл: «күйменің дооңғалағының артына иығыңды тіреп итер де, өгізіңді алға айда» дейді және алдағы уақытша еш әрекет қылмастан өзін шақыруға қатаң тыйым салады. Осы ой түйіні XVIII ғ. дейінгі әдебиеттерде әр түрлі жолдармен берілген. Қазіргі уақыттатұрақты қолданысқа ие «God helps those who help themselves» мақалы алғаш рет 1736 жылы Б.Франклиннің «Poor Richard’sAlmanack»атты еңбегінде қолданылды. 

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі наным-сенімге, оның ішінде, жаратқан ие, алла тағалаға қатысты мақал-мәтелдерді салғастыра зерттей отырып, олардың семантикалық жағынан өзара сәйкес келетіндігі анықталды. Мақал-мәтелдер арқылы берілетін ойдың өзара өзектесіп, астасып келу себебін әртектес тілдер өкілдерінің өмір сабағының, ғасырлар бойға тіршілікте көзі жетіп, көкейіне түйген тәжірибе жиынтығының ұқсастығымен ұштастырамыз. 

Үй-жайға байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі 
Қай халық болмасын, адамзат үшін үйдің алатын орны ерекше. Зерттеу барысында осы тақырып аясына жататын мақал – мәтелдердің екі тілде де көптен кездесетіндігі байқалды. Мысалы, ағылшындар «My house is my castle» (Өз үйім-өлең төсегім) десе, қазақ халқы «Өз үйім – өлең төсегім» деп, оған бейнелі түрде ерекше сипат береді.

 Тарихи деректерге сүйенсек, ежелгі ағылшын баспаналары қорғаныс үшін аса мықты болмаған және Англияда қорғандардың салына бастауы 1066 жылғы нормандар басшылығымен байланысты. Жергілікті халық қаһарынан қауіптенген нормандар «түнгі ұйқы кезінде бауыздап кетпеуі үшін мықты баспана керек» деген ұйғарымға келіп, батпақтан үй салып, ағаштан мұнаралар тұрғыза бастаған. Бұларды балшықтан жасалған биік қабырғалармен қоршап немесе айналдыра ор қазатын. Демек, өзге халықтарға тән тарихи қалыптың, дәстүрдің жергілікіті халықтарға сыналап енуі, үйдің ассоциацивті қорғанға балануы «My house is my castle» тәрізді тұрақты тіркестердің қалыптасуына негіз болды деп ойлаймыз. 

Гендерлік қатынастарға байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі. Адам өмірінде отбасының алатын орны ерекше, себебі ол шағын мемлекет іспетті. Осы шағын мемлекетте әйелге артылар жүк те, жауапкершілікте айтарлықтай. Қазақтың құтты босағасында ер адам – отағасы, үйдің қожайыны, алайда, үй ішінің бүкіл тауқыметі , тұрмыс – тіршілігі, бала тәрбиесі, әдеп пен әдет, рухани қарым – қатынас т.б. барлығы әйел адамның құзыретінде. Ағылшын тілінің және қазақ тілінің паремологиялық қорындағы әйелдердің жеке басына қатысты мақал – мәтелдерден әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы мәдени – әлеуметтік орынын айқын аңғаруға болады. Солардың бірнешеуіне тоқталып кетейік: A good wife makes a good husband (Жақсы әйел жаман еркекті би етеді). 
Уақыт өлшеміне байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі 
Times a money – Уақыт – ақша. There is a time for everything – Әр нәрсенің өз уақыты бар. 

Тілге байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі Good words cost nothing and are worth much – Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесең пышақ қынынан шығады.

Қонаққа қатысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі 
A constant guest is never welcome – Бір күнгі қонақ – құт, екі күнгі қонақ-жұт. 
Ақша, қаражатқа байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі 
Take care of pense and the pounds will take care of themselves – Береке бір тиыннан.

 Өнер-білімге қатысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі 
Knowledge is power – Білім-күш. 

Өмір мен өлімге қатысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі 
Speak well of the dead – Өлгендер жайлы жақсы айт (Өлі разы болмай, жарлы байымас).

 Табиғатқа, жан-жануарларға байланысты мақал-мәтелдерінің этно -лингвистикалық уәжі Red sky at night,Sherperd is delight: Red sky in the morning, Sherperd is warning – Түңгі қызыл аспан – шопанның қуанышы, таңғы қызыл аспан – шопанның уайымы.

 Мақал-мәтелдер – халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан,ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерешеленетін тілдік бірліктер болып табылады; мақал көп жағдайда үлгі,өнеге,өсиет айтуға құрылады. Ал мәтел,сөз тіркесі, қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түрінде келіп, көңілдегі ойды емеурін арқылы жеткізеді.

 

Әдебиет:

1.       Ағылшын-қазақ мақалдарының салыстырмалы сараптамасы // Мир языка. Н.М. Құрманбаевтың 75 жылдық мерейтойы құрметіне ұйымдастырылған «Мышление-Язык-Лингводидактика» атты ғылыми конференция материалдары. Алматы,171-174 бб.

2.        Ағылшын-қазақ мақалдарының этнолингвистикалық ерекшеліктері// Мир языка. «Аударманың көкейкесті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары. Алматы,2001. 208-210 бб. 

3.        Қазақмақал-мәтелдерініңэтнолингвистикалықсипаты// Мирязыка. Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жалдығымен Абылайхан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 60 жылдығына арналған «Лингвистиканың көкейкесті мәселелері мен шеттілдерін оқытудың әдістемелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы, 2001. 187-190 бб.

4.        Кісі есімдері мен мекен атаулары қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық сипаты// «Тіл әлемі» М.М.Копыленконы еске алу құрметіне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы, 2003. 215-218 бб.

5.        Гендерлік қатынасқа байланысты мақал-мәтелдердегі этнолингвистикалық мотивтер// Тіл тағлымы. Алматы, 2003. 215-218 бб.

6.        Табиғат құбылыстарына байланысты ағылшын және қазақ мақал-мәтелдері// Поиск – ізденіс. Серия гуманитарная. Алматы, 2003. 189-191 бб.

7.        Қазақ мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты // Вестник КазНУ им. Аль Фараби. Серия филологическая. Алматы, 2003. 207-210 бб.