Даникеева А.Б., Келимбетова А.Г.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы
БАСТАУЫШ СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУДЫ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
ЖОЛДАРЫ.
Баланың ой өрісінің дамуына
жағдай жасау, белсенді көркемдік іс-әрекеттерге деген
құштарлық пен ықыластылықты қалыптастыру,
оның болашағын: мәдениеттік, өнерін, әлеуметтік
жағдайын жақсартудың алғы шарттарының бірден-бір өзекті
мәселелерінің бірі болып
саналады. Жеткіншектердің интеллектуалды дамуы біздің
зерттеу жүргізген жас кезеңінде жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін психикалық және тұлғалық
қасиеттердің өз өлшемдеріне сәйкес қайта
құрылу мен қайта ұйымдастырылу процесімен сипатталады.
Тұлғаның
ойлауды іс–әрекетін А.В. Брушлинский былай сипаттаған:
«тұлғалық жоспарда ойлауды, адамның өзі шешетін
ойлауды тапсырмаларына қатынасының арнайы мотивін
(мотивациялық тұрғыда) оқып білуде жүзеге
асырылады ....». Ойлаудыдың осы деңгейін зерттеуде ең алдымен
ойлауды ізденісінің мотивациясын танымдық мақсатта субьект
өз алдына тапсырмаларды шешеуге бағытталған ақыл–ой
әрекетін қояды.
Ойлаудың негізгі принциптері мен амалдарын пайымдай білу тек
логикалық ойлаудыды ғана емес, сондай-ақ басқа да
ойлауды дағдыларын дамытып, жетілдіруге көмектеседі. Логика
ғылымның өз заңдары, дәстүрлері мен
дау-дамайлары, бар өзіндік бір ерекше дүние деуге болады. Логика –
дұрыс ойлаудыдың заңдары туралы, жүйелі де
дәлелді түрде пайымдауға қойылатын талаптар туралы
ғылым. Анықтама, жіктеп-саралау, дәлелдеме, бекерлеу,
жалпылау, сияқты логикалық амалдарды әрбір адам
өзінің ойлауды қызметінде ұдайы қолданып отыр.
Ойлауды – құпиясы мол дүниені әр қырынан
тануға, мәселені тереңнен түсінуге мүмкіндік
беретін аса күрделі жан қуаты. Сөйлеумен тығыз
байланысқан ойлауды ми қызметінің нәтижесі.
Ойлауды – сұраққа
жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мәнісіне
түсіне білуден жақсы байқалады.
Ойлану – түрлі тәсіл, амал-операциялардан тұрады.
Олар: анализ (талдау), синтез (жинақтау), жалпылау, нақтылау,
абстракциялау, жүйелеу т.б.
«Ойлауды»,
«ой», «ойлану» ұғымдары - әрқайсымыз күнде
айтатын «ақыл» деген сөздің синонимі. Ақыл – ойлауды
процесіндегі ұғымдылық пен тапқырлыққа
байланысты қасиет. Ойлану үшін білім керек. Бірақ білім бардың
бәрі бірдей ақылды боп келе бермейді. Ақылдылық білімді
тәжірибе жүзінде дұрыс пайдалана, қорыта білумен
байланысты.
Халық
ұғымында ақылдылық – ерен еңбектің жемісі.
Ақылды болу үшін көп үйреніп, көп оқып, оны
миға тоқып, көп білу қажет. Білім мен ақыл –
егіз, ақылдылық қымбат қасиет, оны ерекше
қадіртұтқан абзал.
Ақылдың жақсы
қасиетінің бірі – оның ұшқырлығы. Бұл
мәселені тез шеше алу, ойға сергектік, белсенділік. Мұндайлар
орынсыз асып-саспайды, ылғи да жағдаймен санасады, үнемі
жаңаны аңғаруға, заттың әр қырынан
көруге дайын тұрады. Дамытатын танымдық ойындарғада
психологиялық талдау көрсеткіші арқылы ішкі теориялық іс-әрекет
қатарының жалпы күші мен сыртқы практикалық
іс-әрекеттің жеке құрылымдық элементтер
арқылы бір-біріне әсер етіп отыратындығы дәлелденеді.
Мұнда, А.Н.Леонтьевтің сөзімен айтқанда, “сыртқы
практикалық іс-әрекет пен ішкі іс-әрекеттің
арасындағы бірлік құрылымына ешқандай шек қойылмайды.
Психологиялық мәнділігі жағынан олар бір-бірімен тең
болады, бірақ әрбір жеке адам оларды қоршаған ортамен
әр түрлі байланыстырады, ол байланыстыру сол адамның зат пен
құбылыстың мәнділігін түсіну процесіне негізделіп
қабылданды”.
Адамдар өз ұрпағын бесікке салғаннан
бастап, оның ақыл-ойын ойдағыдай қалыптастырып,
ойлауды-сөйлеу жүйесін дамыту жолында өзіндік
әдіс-тәсілдерді (ертегі, аңыз, жұмбақ, айтыс,
терме т.б.) шебер пайдаланып отырған. Халық осы
мақсатқа орай мақал-мәтелдерді де, кісіні ойлантып,
толғантатын даналық сөздермен уағыздарды,
жаңылтпаш, санамақтарды, шашешендік толғаныстарды
ұтымды пайдаланған.
Білім мазмұнының басты ұстанымдарына
сүйенсек, оқушы мен мұғалім рөлі, олардың
әрқайсысының орны қандай болмақ? Баланы жеке
тұлғаға бағдарлап оқыту және
тәрбиелеу ұстанымы тұрғысынан қарасақ,
"оқушы-субъект", яғни ол-өзіндік орны, өз
көзқарасы, пікірі бар тұлға. Олай болса, ол
тұлғаның басқа да қасиеттері мен
қабілеттерін, болмысын ашып, тани білу керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Қ.Жарықбаев.
Жалпы психология. Алматы, 2004.
2.
М.Байшуақова.
Оқушыны ойлауға үйрету. /Бастауыш мектеп 2004 №8.
3. О.Мұсабеков. Логикалық ойлау
тәсілдерін қалыптастыпу. /Бастауымі
мектеп№7-8. 1996.
4. С.Демеусінова.
Оқушылардың ойлау қабілетін логикалық есептер
арқылы дамыту. /ИФМ 2000, №3 236.