Т.ғ.к., доцент Кудабаева А.К.,
техника және технология магистрі Жолдыбаева Г.Д.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ЖИНАҚ ҮЛГІЛЕРІН
ҰСЫНУ
Кәсіпорындарда
әйелдерге, ерлерге және балаларға арналған киім үлгіленеді
және құрамалары жасалады, текстиль материалдарының
қасиеті бағаланады, бөлшектерді және түйіндерді
өңдеудің әр түрлі әдістері қолданылады,
сондай-ақ өңдеу, өлшеу, пішу және көптеген іс-шаралар
орындалады. Нәтижесінде техникалық күрделі іс-шаралар салдарынан
үнемі нарыққа және дүкендерге түсіп
отыратын дайын киім пайда болады. Жаңа технологиялар мен тігін
құрал-жабдықтарының есебінен тігін
өндірісінің тиімділігі біршама артып отырады. Бұл сатылатын
тігін өнімінің кең ассортиментін қамтамасыз етеді.
Бүгінгі
күнде кішігірім кәсіпорындар өндірісінде тұтынушы
сұранысы мен сәннің перспективалық дамуын
қарастыра отырып, киімнің үлгі жинағын жасау
міндеттеледі. Тігілген өнімге сұраныстың аз болмауы
үшін бұйымды жасау алдында бұйымға деген сұраныс
пен жобалау үрдісі қарастырады. Тігін бұйымдарын жобалау
алдында сұранысты білу сауалнама түрінде маркетингтік зерттеулер
жүргізіледі.
Қазіргі
таңда әйелдер арасында әйелдер жинағы жакет пен шалбарға
сұраныс көп, сол себепті оның барлық бөлшектеріне
мән беру керек. Күнделікті киюге арналған әйелдер
жинағының жібектен, барқыттан және басқа да
төзімді маталардың түрлерінен тігіледі, сондықтан олар
өте тез сән түрінен шығып отырады. Мұндай тапсырмалардың
дұрыс шешімі әйелдер жинағының стильдік жасалуына,
өзіндік ерекшелігін көрсетуге және сәндік тенденция
талаптарына сәйкестігінуіне көмектеседі.
Жақсы киіне
білу де – өнер. Бұл өнерді игеру үшін сән журналы
мен сән сайттарының белгілі тарауларында жазылып тұратын
сән талаптарын білумен қатар, өз талғамын да
үнемі жетілдіріп отыру керек. Бұл ретте адамның өз
мәдениеті, оның моральдық, адамгершілік принциптері және
талғамы мен бейімі үлкен рөл атқарады [1].
Киім
таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең
тараған анықтамалардың бірі – әдемілік, сәнділік.
Сәнділік ұғымы ең алдымен киім ансамбльдерін түсі
мен сәніне қарай, яғни киім мен аяқ киімнің,
сөмкенің, қолғаптың бір-біріне үйлесіп
тұруына тікелей байланысты.
Талғампаздық
адамның өзі киіміне сын көзбен қарай алатынының
белгісі болып саналады. Киімді дұрыс таңдау үшін жас ерекшелігін
де ескеру керек. Жастар үшін ашық бояулы, кейде тіпті
әдеттегіден ерекше тігілген киімдерді киюге де болады. Ең бастысы,
киімнің түсі мен пішінінде де белгілі бір талғамды
сақтай білу өте маңызды. Түс көркем
безендірудің композициялық әдісі. Әр адамның
ұнататын немесе жақтырмайтын түстері болады. Заманауи
технологияның бірқилы қасиеті мен қайталанбас
түрі бар мата шығаруға мүмкіндігі бар. Қазіргі
уақытта түстердің және фактураның түрлілігі
өзінің сан алуандылығымен таң қалдырады [2].
Әр түрлі
маталар адамға нақты психологиялық және денеге
ауырлық түсіреді. Кейбіреулері жайлылық берсе, кейбірулері
қаттылық, қолайсыздық сезімдерін
береді, түр сипатты тек көзбен ғана көріп қоймай,
оны ұстап сезінуге де болады.
Қолданылып
отырған матаның түстік шешімі жылы және ахроматикалық
жылы түстерге жатады. Түсті таңдап қолдану уақыт
мезгіліне, ауа-райына, адамның көңіл-күйіне,
сәннің бағытына және т.б. факторларға байланысты.
Көркемдік
жүйедегі жинақ киім үлгілерінің ең көп
тараған түрі. Жинақ дегеніміз – стильдік қолданылуы
ортақ, бір немесе әр түрлі, бірақ үйлесімді
материалдан жасалған заттардың толық жинағы (компоньон
– серіктес маталар да болуы мүмкін). Жинақ бірін-бірі алмастыратын
көп түржиыннан тұруы мүмкін.
Кәсіпорындарына
арнайы костюм жинақтары дайындалады. Жинақ – бұл
тұтастай алғанда киім және заттардың толықтай бір
үйлесімге арналған түрі. Жинақ үлгілерінің жаңартылуы
жағаларының пішін конфигурациясының өзгеруі, қалталардың
түрлері, төменгі бөліктердің өңделу
түрлері мен бүкпелердің әзірленуі, жеңнің
ұзындығы мен төменгі шетін өңдеу түрлері, алдыңғы
бойдың безеңдірілуі, әзірлеу тігістерін қолдану
және ұқсас маталарын қолдану арқылы жүзеге
асырылады, 1 суреттегі үлгілер.
Үлгілердің
сипаттамасы: жакет жартылай қынамалы, бел сызығы бойымен кескінделген,
жағасы классикалық, түймелегі бір қатарлы, жеңі
қондырмалы. Шалбар балақтары жіңішкеленген немесе
кеңейтілген.

Сурет
1. Әйелдерге арналған жинақтар үлгілері
Сонымен, ұсынылған
заманауи әйелдер жинақтары сәннің перспективалық
бағытына, даралық пен қайталанбастық қасиеттеріне
және киімдерге қойылатын талаптарына сәйкестенеді.
Әдебиет
1. Журнал «Швейная и кожевенная промышленность», М.: 2015г. № 6, 45-47
бет.
2.
Нұржасарова М., Кучарбаева К., Рүстемова А.,
Киім дайындау технологиясы (Сәнгер – құрастырушыларға
арналған): Оқу құралы.–Астана : Фолиант, 2008 – 288 бет.