2012-2013 ЖЫЛДАРДАҒЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША
ЖЕРГІЛІКТІ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР ДИНАМИКАСЫН ТАЛДАУ
Р.А. Аимкулов,
Қазақстан инновациялық
университетінің PhD докторы
М.С. Ержанов,
экономика ғылымдарының докторы, профессор
А.М. Мұратова,
Қазақстан инновациялық
университетінің магистранты
Қай кезде
болмасын, кез-келген елдің қоғамдық әлеуеті
мен тұрақтылығы,
экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің
іс-әрекетіне байланысты. Бүгінде еліміздің тәуелсіздігімен
бірге сапқа тұрған салық жүйесі іргелі де
маңызды салаға айналған. [3; 22]
Орталық
бюджетті қалыптастыратын салықтар жалпы алғанда
мемлекеттің фискальды қызығушылығын тудырады. Оларды
тиімді пайдалану баға құру процесіне және тұтыну
құрлысына оң әсеріне тигізеді. Сонымен қатар
салық төлеушілер үшін кірістерге тура салық салу
және оның ставкаларының көлемі нақты теріс
әсерін тигізеді. Салықтарсыз мемлекет өмір сүре
алмайды. Себебі нарықтық қатнастарға көшкен кезде
және жеке меншік басым болғанда салықтар кірістерді
жинаудың басты әдістеріне айналады. Салықтар жаңа
құнда қайта бөлу процесіне қатысқан кезде
ұдайы өндіріс барысының бір бөлігі ретінде қызмет
атқарады. Сонымен қатар салықтар өндірістік
қатынастардың спецификалық түрі болып табылады. Ал
өндірістік қатнастар салықтардың
қоғамдық мазмұнын қалыптастырады. Ол арқылы
салықтың табиғатын, эволюциясын негізгі сипаттары мен
ерекшеліктерін және қоғамдағы өндірістік
қатынастарға салықтардың әсер етуі механизімін
көре аламыз.
Қоғамдық
мазмұннан басқа салықтар атериалдық негізге ие немесе
салықтар дегеніміз мемлекет жинайтын қоғамның
нақты ақша қаражаттарының сомасы. Ұлттық
табысты қайта бөлген кезде салықтар мемлекеттік билік
органдардың жаңа құнның ақшалай
түрдегі бір бөлігімен қамтамасыз етеді. Салықтар
түрінде бүкіл халық төлеген ұлттық табыс.
Бұл бөлігі мемлекеттің орталықтандырылған
қаржы ресурстар қорына айналады.
Соның бірі,
Семей қаласының бюджетіне төлем көзінен салынатын жеке
табыс салығы, біржолғы талондар бойынша қызметін іске
асыратындардың жеке табыс салығы, әлеуметтік салық,
мүлік салығы, жер салығы, акциздер салықтар
түседі.
Қала
бюджетінің құрамындағы салық түсімдер
үлесі жыл сайын біртіндеп артты.2012 жылы Семей қаласының
жергілікті салықтар бойынша 2012 жылы 11540139,4 мың теңге
болса ал 2013 жылы 13065227,7 мың теңге яғни жергілікті
салықтың 113,2 % -ға жоғарлағанын
байқауға болады.
2013 жылғы
салық түсімдер сомасы 2012 жылдың нәтижелеріне
қарағанда 1525088,3 мың теңгеге артты. Оның
негізгі себебі, барлық салықтар болжамданған сомалардан
артық орындалуы болып табылады, әлеуметтік салық 111,3
пайызға, жеке тұлғалардан алынған мүлік
салығы 91,5 пайызға, заңды тұлғалардан
жиналған мүлік салығы 109,2 пайызға асыра орындалды.
Сонымен қатар салық түсімдер көлемінің
өсуіне 2013 жыл бойынша салық тексерулердің
ұлғаюы да маңызды әсерін тигізді.[2]
Осы салықтар
бойынша салық түсімдерінің жоспардан тыс мөлшеріне
орындалуына ықпал еткен субъектівті және объектівті факторлар
өз әсерін тігізген. Солардың бірі ретінде келесілерді айта
кетуге болады. Семей қаласы бойынша экономикалақ дамыуының
өсуі, жалпы экономикалық коньюктураның қалыпты,
ойдағы бағытқа қалыптасуы өз іздерін
қалдырды. Себебі жалпы экономиқалық өсу, ол
кәсіпорының қаржы-экономиқалық жағдайын
жақсартады, оның тауар сату көлемін ұлғайтып,
кәсіпорынның түсімдерінің көлемін кенейтеді.
Семей қаласы
бойынша бюджетіне түсетін салық түсімдерін талдау келесі
кестеде беріледі.
Кесте 1. 2012-2013
жылдарға Семей қаласы бойынша жергілікті салық
түсімдерін талдау, мың теңге
|
Салықтар
түрлері |
Нақты түсім 2012 жыл |
Нақты түсім 2013 жыл |
Ауытқу |
% |
|
Әлеуметтік салық |
3589960,7 |
3997187 |
407226,3 |
111,3 |
|
Заңды тұлғаларан алынатын
мүлік салығы |
749332,5 |
817950,3 |
68617,8 |
109,2 |
|
Жеке тұлғалардан алынатын
мүлік салығы |
55564,9 |
50829,3 |
-4735,6 |
91,5 |
|
жер салығы (елді мекендердегі
алынған жеке тұлғалардан)
|
26412,4 |
24158,6 |
-2253,8 |
91,5 |
|
Көлік құралдар
салығы (заңды тұлға) |
65176,3 |
76203,4 |
11027,1 |
116,9 |
|
Көлік құралдар
салығы (жеке тұлға) |
474030,7 |
517839,1 |
43808,4 |
109,2 |
|
Жеке табыс салығы |
628558,1 |
846799,5 |
218241,4 |
134,7 |
|
Жиыны: |
5507058,3 |
6255979,3 |
748921 |
581,3 |
|
Ескерту:
Автормен Салық басқармасының 1Н есептілігінің
мәліметтері бойынша жасалған |
||||
Кестеден көріп
отырғандай 2013 жыл мен 2012
жылдардың салықтық түсімдерінің нәтижелері
бойынша салық түсімдерінің жыл сайын артқанын
көруге болады. Әлеуметтік салық 111,3 пайызға,
заңды тұлғаларан алынатын мүлік салығы 109,2
пайызға, жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы
91,5 пайызға, жер салығы (елді мекендердегі алынған жеке
тұлғалардан 91,5 пайызға, көлік құралдар
салығы (заңды тұлға) 116,9 пайызға, көлік
құралдар салығы (жеке тұлға) 109,2 пайызға,
жеке табыс салығы 134,7 пайызға артты. Суреттен салық
түсімдері жыл сайын өскенін көруге болады.

Сурет 1. 2012-2013 жылдраға Семей
қаласы жергілікті салықтардың түсу динамикасы,
мың теңге.
2013 жылы салықтармен алатын үлес
салмақтары 2013 жылмен салыстырғанда біршама өзгерген. Айта
кетсек, Әлеуметтік салық бойынша салықтын бюджеттегі
үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 111,3 % шамасына
өсті. Осы салық бойынша үлес салмақтын өсуі
біріншіден Акциз салығы, жеке табыс салығы өз үлестерін
бір қатар пунктерге жоғалтқан болатын. Оны Сурет 1-ден
көруге болады. 2012 жылы әлеуметтік салық 3589960,7 мың тенге
құрады бюджетттін құрамында, ал 2013 жылы осы шама
3997187 мың тенгеге дейін өскен болатын, яғни 407226,3 мың теңге мөлшеріне өскен
болатын. Осыған әсерет бір фактор әлеуметтік
салықтың 2013 жылы 111,3 %
немесе 4072263 мың тенгеге аттық түскені өз
ықпалын тігізген болатын, ал оған өз кезегінде жалақы
мөлшерінің өсуі, жеке тұлғалардың
табысының артық түсуі әсер еткен. Себебі
әлеуметтік салықтың салық салу базасы
жұмыскердің табысы жұмыс берушінің шығыны болып
табылатын төлемдер жатады. [2]
Салықтар Семей қаласы бойынша
жоспардан артық түсуі салық органдарымен жургізілген
бақылау – экономиқалық жұмыстарының
нәтежесі деп айтуға да болады. Себебі әр бір кезеңде,
әр бір жерде салық төлеушілер салықтардан жалтыруын
көздейді. Ал оларды салық органдары қадағалап алдын ала
жол бермеуге тырысады.
Қорыта кететін болсақ, аумақтық
бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа
қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен
мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы
макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес
салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері
арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы,
мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім
құнының қозғалысын білдіреді.
Пайдаланылған әдебиттер
тізімі:
1) Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы салық
Кодексі 2011 жыл 10 желтоқсан
2) Семей
қаласы Салық басқармасының 1Н есептілігі
3) Иманбаев Т.Б. «Қосымша құн
салығының кеден одағындағы және оның
маңыздылығы». //PhD докторанттардың, магистранттардың,
жас ғалымдардың Халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағы 2013 жыл 19
сәуір