Банк
менеджментіндегі каржылық менеджменттің рөлі
Рахимова Г.А., э.ғ.к., жетекшісі
Ш. Уәлиханов атындағы КМУ
Коммерциялық банкте қаржы,
ұйымдық-технологиялық сипаттағы мәселелерден
басқа қаржылық менеджменттің ақпараттық
және логико-аналитикалық қамту, оның ісін
шаруашылық субъектісі ретінде және технологиялық
процесстермен ұйымшылық құрылымдарды оптимизациялау
мәселелері да маңызды. Соңғылары жүйелік талдау
мәселелеріне жатады (операцияларды, информатиканы зерттеу) [1].
Коммерциялық
банктегі қаржылық менеджменттің мақсатымен
мәселелері – банктің қаржы операцияларын іске асыру мен
жоспарлауды және параметрлер бойынша оның тұрақтылығын
қолдауды, банктің қаржылық ісін жоспарлау мен
ақша құралдарын тартып орналастыру процеccтерін
қамтитын функционалды-технологиялық жүйелердің
оптималды ұйымдық құрамдары мен іс-әрекет
тәртіптерін қалыптастырудың рационалды талаптары мен
әдістемелік негіздерін анықтау.
Коммерциялық банктегі қаржылық
менеджменттің мақсаттары мен мәселелеріне банк ісінің
келесі жүйелері еңгізілмеген: бухгалтерлік есеп пен қисап,
валюталық реттеу, банк құқығы, директивті есеп пен
міндетті резервтеу мен құнды қағаздармен
операциялардың құнсыздануына және берілген несиелерге
резервтер қалыптастыруды көздейтін экономикалық нормативтерді
басқару. Бұл барлық айтылып өтілген істер мемлекет
деңгейінде еңгізілгендіктен және банктің ішкі
және сыртқы резервтерінің қолдануымен
басқарылмайтын директивті
нормалар болғандықтан [2].
Банктік менеджмент – ол коммерциялық банкпен
өз қызметтерін тікелей іске асыру процессімен байланысты
тәжірибелік іс. Бұл жағынан банктік менеджмент басқару
объектісіне әсер ететін басқарушы шаралар құрастыратын
жүйе ретінде қарастырылады: активті және пассивті
операциялар, есеп-кассалық операциялар, нормативті көрсеткіштерді
орындау, ішкібанктік аудит және бақылау және т.б.
Сонымен, банк менеджментінің саласы екі блокка
бөлінеді: қаржылық менеджмент пен банк персоналын
басқару (кесте 1).
Банктік менеджментті
қаржылық менеджмент пен коммерциялық банктегі персоналды
басқаруға бөлу банк менеджментінің басқарушы
әсерлері бағытталған объектінің құрылымымен
байланысты. Сондықтан, оны ең алдымен мемлекеттік қадағалау қызметтері бекіткен
талаптар мен нормативтерді сақтауға бағытталған ішкі
банктік реттеу ісі деп қарастыруға болады [3].
Сонда коммерциялық банктегі қаржылық
менеджменттің замануи
ерекшеліктеріне несие ұйымдарында несие-банктік жүйе
шеңберінде экономикалық процесстерін басқарудың
біріңғай технологиялардың жоқтығы жатады.
Коммерциялық банктегі қаржылық
менеджменттің қазіргі уақыттағы негізгі ерекшелігі
коммерциялық банктің
ақшаның барлық қызметтерін жүйелі
басқаратын жалғыз экономикалық субъект екені білдіреді
және осыған байланысты ол нарық экономикасының бірінші
звеносы болып табылады.
Кесте 1 – Банк
менеджментінің мазмұны
|
Қаржылық менеджмент |
Персоналды басқару |
|
1 |
2 |
|
Банктік саясат |
Еңбекті мотивациялау |
|
Маркетинг |
Банктің ұйымдық құрамы |
|
Активтер мен пассивтерді басқару |
Кадрларды бөліп орналастыру |
|
Өтімділікті басқару |
Кадрларды дайындау және қайта дайындау
жүйесі |
|
Пайдалылықты басқару |
Еңбек ақысының жүйесі |
|
Өзіндік капиталды басқару |
Бақылауды ұйымдастыру |
|
Несие қоржынын басқару |
Қызметті өсіру жүйесі |
|
Банк тәуекелдерін басқару |
Ұжымдағы араласу дәйегілері |
|
Ақпараттық жүйені қалыптастыру |
|
Несие ұйымы қызмет ететін сыртқы
жағдайлардың өзгере беруі коммерциялық банк
жағынан сәйкес істерді талап етеді – қаржылық
және макроэкономикалық саясатты терең талдау, қосымша
құнды қалыптастырудың жаңа тәсілдерін
қарастыру. Банктер нарықтың, өз клиенттерінің,
банк емес қаржы мекемелерінің
өзгермелі талаптарына және бағалай емес бәсекелестіктің
күшейюне әрдәйім жауап беру керек.
Басқарушы процесс жағынан
қаржылық менеджменттің мазмұнын жоспарлау, талдау,
реттеу мен бақылау құрайды.
Коммерциялық банктің қаржылық
менеджментін талдау коммерциялық банкті қажетті
құралдармен қамтылған деңгейін анықтау,
оларды тиімді және мақсатты қолданғанын анықтау,
өз жағынан банктің төлемқабілеттілігін арттыру
және қаржылық тұрақтылығын жоғарлату
мүмкіндігін беретін қаржылай қарымқатынастарды орнату
үшін жүргізіледі. Солай, дұрыс жүргізілген талдау
банктің өндірістік, коммерциялық және
қаржылық істерінің нәтижесі байланысты болатын
дұрыс басқарушылық шешімдер қабылдауға негіз
болады.
Аяқтай келе, келесі қорытынды жасауға
болады:
1. Қаржылық менеджмент – ол кәсіпорын деңгейіндегі
қаржылық жүйені басқару болып табылады. Ол ішкі ортамен
тығыз қарым-қатынаста болады және оның
қызметтері кәсіпорындарды басқарудың жалпы
мақсаттарына жету үшін бағытталған.
2.
Кәсіпорынның қаржылық
қызметін басқарудың әсерлілігі мына негізгі
қағидалардың өтімділігімен қамтамасыз етіледі:
a) Басқарушылық шешімдердің кешенді мінездемелерін
қалыптастыру.
b) Жалпы кәсіпорындарды басқару жүйесімен шоғырландырылуы.
c) Басқарудың жоғарғы қозғалысы.
3.
Қаржылық менеджменттің атқаратын
қызметтері:
a) Жоспарлау
b) Ұйымдастыру
c) Ынталандыру
d) Бақылау
4.
Банктік менеджмент – ол
коммерциялық банкпен өз қызметтерін тікелей іске асыру
процессімен байланысты тәжірибелік іс. Бұл жағынан банктік
менеджмент басқару объектісіне әсер ететін басқарушы шаралар
құрастыратын жүйе ретінде қарастырылады: активті
және пассивті операциялар, есеп-кассалық операциялар, нормативті
көрсеткіштерді орындау, ішкібанктік аудит және бақылау
және т.б.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.
Саниев М.С. Деньги, кредит, банки: Учебник /Под ред. проф.
-Алматы: Алматинский коммерческий институт,, 2009 – 321 с.
2.
Роуз Питер С. Банковский менеджмент: Пер. с англ./Академия
народного хозяйства при Правительстве РФ. - М.: Дело, 2011. 743 с.
3.
Банковское дело/Под ред. проф. О.И. Лаврушина. - М.: Финансы
и статистика, 2011. 576 с.