Қаржылық менеджменттің қазіргі уақыттағы қалыптасу негіздері

 

Кабаева Ж. , 1 курс магистранты

Рахимова Г.А., э.ғ.к., жетекшісі

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ

 

Қаржыларды басқару қағидалары мен әдістері нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде XIX – XX ғасырларда мамандандырылған білім облысын қалыптасып, «қаржылық менеджмент» деген атауға ие болды. Соңғы жылдары қаржылық менеджемент жеке дамыған білім саласында өзінің терең дамуын алды – қаржылық талдауда, инвестициялық менеджментте,  кәсіпорындарда банкрот қауіпі туған кезде дағдарысқа қарсы басқаруда.

Қаржылық менеджмент – ол кәсіпорын деңгейіндегі қаржылық жүйені басқару болып табылады. Ол ішкі ортамен тығыз қарым-қатынаста болады және оның қызметтері кәсіпорындарды басқарудың жалпы мақсаттарына жету үшін бағытталған.

Қаржылық менеджменттің негізгі сұрағы – ішкі және сыртқы қаржы көздері мен фирмалар арасындағы қаржы ресурстарының ең жоғарғы әсерлі қозғалысты қамтамасыз ету бойынша негізгі керекті шешімдерді қабылдау. Қаржылық менеджменттің объектісі кәсіпорынның ақша айналымы. Қаржылық менеджменттің субъектісі – қаржы бөлімі, оның менеджерлері. Қаржылық менеджмент қызмет түрі ретінде келесі сұрақтарды қамтиды:

Қаржылық менеджменттің негізін ағылшын Г. Марковиц, Ф. Модильяни, М. Миллер, Ф. Блэк, М. Скоулзу Ю. ,Фам, У. Шарп және т.б. -американдық қаржы мектебінің ғалымдары – қаржының замануи теориясын қалаушылар құраған.

Ол негізгі 4 тезиске сүйенеді:  
a)  Мемлекеттің экономикалық мықтылығы, яғни оның қаржылық жүйесінің тұрақтылығы ядросы ірі корпорация болатын жекеменшік сектордың экономикалық мықтылығымен анықталады.  Сөйтіп, АҚШ-та барлық пайданың 90% кәсіпкерлік сектордың 20% аспайтын корпорациялардан түседі. Корпорацияға 3 негізгі  қасиет тән: иелеріне қатысты заңдық өзінділік, шектеулі жауапкершілік (яғни оның акционерлері корпорация қарыздары бойынша тікелей өздері жауапты емес), меншікті басқарудан бөлу.
б) Мемлекеттің жекеменшік сектордың ісіне араласуы мүмкінше азайтылады.

в) Ірі корпорациялардың даму мүмкіндігін анықтайтын қаржыландыру қайнар көздерінің ішінде негізгі болып пайда мен капитал нарығы есептеледі.

г) Нарықтарды интернационализациялау әр-түрлі мемлекеттердің қаржы жүйелерінің даму тенденциясы ретінде интеграцияға ұмтылу болып саналады.

 Қаржылық менеджменттің негізінде қоржын теориясының авторы Гарри Марковицтің жұмыстары жатыр деп есептеледі.  Оның жұмыстарында «қаржы активтеріне инвестициялау саласында шешім қабылдау методологиясы» анықталған. Әрі қарай қоржындық теория XX ғасырдың  60-шы жылдарында  қаржы активтерінің пайдалылығын бағалау - Capital Asset Pricing Model (CAPM)  моделін құрастырған Уильям Шарп, Дж. Линтнер и Дж. Моссин деген ғалымдардың арқасында дамыған. Бұл модель қаржы активімен оның тәуекелділігінің арасындағы тікелей байланысын анықтайды. Бета-еселігі  актив пайдалылығының нарық қимылына қатысты өзгеру деңгейін көрсетеді.
Бұл модель әлі күнге дейін қаржы теориясындағы ең үлкен жетістіктерінің бірі болып саналады.

1990 жылы Гарри Марковиц и Уильям Шарп Мертон Миллермен бірге қаржы теориясы бойынша жұмыстары үшін  Нобель премиясымен марапатталды.

50-ші жылдардың аяғында қаржылық активтер бағасымен капитал нарығындағы ақпаратарасындағы байланыс зерттелген Юджин Фамнның мақаласы шықты. Қор нарығының тиімділігінің гипотезасына сәйкес омы уақыттағы акция бағасы оның нақты құнының ең тиімді бағасы болып есептеледі. Тиімді нарық жағдайында кез келген жаңа ақпарат қаржы активтерінің бағаларында бейнеленеді. Бірақ, идеалды тиімді нарық анығында болмайтынын түсіне отыра, автор капитал нарығының тиімділігінің 3 пішінін бөлді: мықты, орташа және баяу.

1958 жылы Франко Модильяни и Мертон Миллер кез келген фирманың құны оның болашақ пайдаларымен анықталады және оның капиталының құрамына байланысты емес екенін дәлелдейтін жұмыс шығарды [1] .

Бұл қорытынды қазіргі уақытта Модильяни-Миллердің теоремасы ретінде белгілі корпоративтік қаржының замануи теориясының негізі болып есептеледі.   Оларды теориялары бір шама шектеулерге негізделгеннен, оларды әрі қарай зерттеу бұл салада осы шектеулерді азайту мүмкіндіктеріне арналды. Солай, теорияға салық салу, шығындар және банкроттық факторлары еңгізілді. 
Осы жаңалықтар арасынан 2 бағыт – қоржые теориясы мен капитал құрамының теориясы – қаржылық менеджменттің негізін құрайды, яғни екі негізгі сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді: қаржылық құралдарды қайдан алып қайда салу?

Ковалев В.В. айтуы бойынша: «Қаржылық менеджмент тәжірибеде – корпорацияда қаржы ресурстарын тарту және қолдану жайында пайда болатын қарымқатынастар жүйесі» [2].

Стоянова Е.С. «Қаржылық менеджмент» атты оқулығында қаржылық менеджмент замануи әдістерді қолдану негізінде іс-әркет жасайтын фирманың қаржы-шаруашылық қызметін басқаруға бағытталған мамандандырылған істің түрі [3].

Қорыта келе, қаржылық менеджмент қазіргі жағдайдағы экономика үшін ерекше маңызды мағынасы бар заманауи басқару жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып есептелетінін айта кетуге болады.

Қолданылған әдебиеттер:

1.       Кадерова Н. Корпоративные финансы: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2008. 

2.       Ковалев В. В. «Введение в финансовый менеджмент» - М.: «Финансы и статистика» - 2004.

3.       Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент: Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика. – 2006.