Экономические науки” / 13.Региональная экономика

Аға оқытушы Утебалиева Д.Б.

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ Қазақстан

ҚР-ғы тұрғын үй құрылыс секторының дамуы

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау, құрылысын дамыту жолдары сенімді, әмбебап заң актілерін, нормативтер мен стандарттарды құру мен оларды бекіту процестері арқылы жүзеге асуда. Жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау терең әлеуметтік – экономикалық нәтижеге ие. Яғни бұл мәселенің жан-жақты талқылану қажеттілігін күшейтіп, ұлттық тәжірибені зерттеуді талап етеді.

Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға 2011 жылы республикалық бюджеттен 28,1 млрд. теңге, оның ішінде Ақмола облысында Астана қаласының серіктес қаласы ретінде Қосшы селосын дамыту жөнінде алдын ала жұмыстар жүргізуге – 3,8 млрд. теңге және Алматы облысында Алматы қаласының төрт серіктес қаласын салу жөнінде алдын ала жұмыстар жүргізуге – 4,0 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді. Нәтижесінде республикада 1162,7 км инженерлік желілер, оның ішінде 564,3 км электрмен жабдықтау желілері, 50,5 км жылумен жабдықтау желілері, 128,5 км сумен жабдықтау желілері, 144,7 км кәріз, 217,1 км газ құбыры және 57,6 км кіреберіс жолдар салынды. Ал 2013 жылы тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға республикалық бюджеттен 36,6 млрд. теңге сомаға нысаналы трансферттер бөлу көзделген.

Тұрғын үй құрылысы кәсіпорындарының шаруашылық қызметтері тұрғын үй құрылысы кешендерінде жаңа негізгі қорларды құру мен қолданыстағы негізгі қорларды дамытуда нақты инвестициялық салымдардың  құйылуымен байланысты. Республикада инвестиция және құрылыс қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша үлесі мен серпінін талдау барысында, негізгі капиталға  бағытталған   инвестициялардың үлес салмағы соңғы салыстырылып жатқан жылдар ішінде 119%-ға, ал тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 137%-ға артқан.

Кесте-1

Негізгі капиталға және тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар көлемі, млн.теңге

Жылдар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар

2009

4585298

310848

2010

4653528

335655

2011

5010231

421013

2012

5473161

428241

 

Кесте-2

Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі   

 

 

2010

2011

2012

Ауытқу

2010/2011

 

Ауытқу

2011/2012

Қазақстан Республикасы

335 655

421 013

428 241

125

101

Ақмола облысы

6 571 

8 620    

11 833

131

137

Ақтөбе облысы

19 307   

23 694    

31 459

122

132

Алматы облысы

69 176   

82 151    

74 002

118

90

Атырау облысы

20 192    

23 129    

25 778

114

111

Батыс Қазақстан

7 726

11 961

14 432

154

120

Жамбыл облысы

6 021

7 556

9 738

125

128

Қарағанды облысы

12 865

20 236

17 598

157

87

Қостанай облысы

12 773

13 411

16 115

104

120

Қызылорда облысы

8 482

9 722

13 980

114

143

Маңғыстау облысы

18 081

21 285

25 443

117

119

Оңтүстік Қазақстан

11 039

13 363

15 438

121

115

Павлодар облысы

2 999

6 221

7 355

207

118

Солтүстік Қазақстан

4 334

4 665

6 247

107

133

Шығыс Қазақстан

11 004

13 371

20 211

121

151

Астана қаласы

68 869

75 142

64 460

109

86

Алматы қаласы

56 216

86 486

74 152

153

86

 

2010 жылмен салыстырғанда, 2011 жылы тұғын үй құрылысына инвестициялар көлемі 125% өсті (үштен бір бөлігінен артық), ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 101%-ға артып отыр. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі аса үлкен үлес салмағы Астана қаласына (барлық көлемінің 15%-ы), Алматы қаласы мен Алматы облысына (17%), Атырау және Маңғыстау облыстарына (6%)   тиесілі. Салыстыру үшін айтсақ, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Павлодар облыстарының үлесіне, барлығын бірге алғанда, барша инвестициялардың  1,2% -і ғана тура келеді.

2010-2012 жылдарда облыстарда тұрғын үй құрылысына салынатын инвестициялар көлеміне назар аударсақ. Республика аймақтарының барлығында дерлік 2011 жылы тұрғын үй құрылысына салынатын инвестициялар көлемі өскен. Ол кезде айтарлықтай өсу: Алматы қаласы (53%), Павлодар облысы (107%), Қарағанды облысы (57%), Батыс Қазақстан (54%), Ақмола облыстарында (31%) байқалды.

2012 жылы 2011 жылға қарағанда облыстар бойынша тұрғын үй құрылысына салынатын инвестициялар көлемінде төмендеу байқалады. Олар Алматы, Астана қалалары (14%), Қарағанды облысы(13%) ал Алматы облысы (10%).

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша республиканың тұрғын үй секторының жалпы алаңы   2010 жылы    271,7 млн. шаршы метрді, ал 2012 жылы 303,3 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 264,9 млн. шаршы метр немесе 97,5 % тұрғын үй жеке меншікке тиесілі.

Жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) деректері бойынша КПТҮ-ге жататын тұрғын үй қорының 50,1 млн. шаршы метрі немесе 32 % күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуді талап етеді, ал 3,8 млн. шаршы метр (2 %) бұзылуға жататын, одан әрі пайдалануға жарамсыз авариялық тұрғын үйлер.

2013 жылғы қаңтар-маусым айларында пайдалануға берілген жаңа ғимараттардың жалпы көлемі 3866,0 мың ш.м. болды. Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы көлемі 2012 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 4,1% азайып, 2 912,6 мың ш.м. құрады. Тұрғын үй ғимараттарының жалпы санынан 11 612 жеке меншік үй, 231 көппәтерлі үй пайдалануға берілді.

 

Сурет 1.ҚР-да пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы көлемі

Тұрғын үйдің көп бөлігін – 2609,8 мың ш.м. немесе 89,6%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде халық – 1792,8 мың ш.м. пайдалануға берді, бұл пайдалануға берудің жалпы көлемінің 61,5% құрайды.

Барлық инфрақұрылымды жаңғырту және тиімді тұрғын үй қатынастарының үлгілерін жасау азаматтарға сапалы қызметтер алуға және коммуналдық кәсіпорындардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал, тұрғын үй саласындағы инновациялық технологиялар ресурстық және энергоүнемдеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 Қаулысы

2.«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жылғы 28 қаңтар

3. У.А.Аманбаев. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. Алматы: «Бастау», 2012.