Әбілқасым А.Б., Таласов М.Ж., Аширхан Ж.А.

ХГТУ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 

Бүгінгі таңда отандық тәжірибеде оның алуан түрлі анықтамалары бар, біразы шетелдік тәжірибеден алынған. Түрлі дерек көздерінен алынған бірнеше бизнес-жоспардың анықтамаларын қарастыра көрелік:

«Инвестициялық жоба фирманың ішкі жоспарлау құжаты болып табылады, мұнда кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық қызметінің барлық негізгі жоспарларының аспектілері баяндалады, қаржы шаруашылық мендеттерді шешуге тиімді тәсілдер мазмұндалады».

«Инвестициялық жоба – кәсіпорынның, фирманың өзіндік кәсіпкерлік қызметіне берілетін шынайы баға, сонымен қатар ол нарық қажеттіліктерімен қалыптасқан жағдайға сәйкес жобалық – инновациялық шешімдерінің қажетті құралы».

«Нарықтық экономикада инвестициялық жоба жұмыс істеп тұрған фирмалар мен жаңа құрылып отырған фирмалар үшін кәсіпкерліктің барлық саласында пайдаланылатын жұмыс бағдарламасы болып табылады».

Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан экономикасында инвестициялық жоба жасау қажеттілігі туып отыр, себебі инвестициялық жоба керекті кәсіби тәжірибесіз кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін құрал болып отыр.

Инвестициялық жоба тек инвестиция, несие алу үшін ғана емес, сонымен қатар ойдың өміршеңдігін анық көре алу үшін де керек.

Сонымен қатар бірдей бизнес және бірдей инвестициялық жоба мүмкін емес екенін атап кеткен жөн. Олар түр бойынша ұқсас болу мүмкін, бірақ мақсаты, міндеті және мазмұнына қарай және бизнестің бағытына қарай белгілі-бір бөлімдері әр түрлі болып, құрылымында айырмашылықтар болады.

Еркін кәсіпкерлік пен бизнес жоспарлаудан құралады. Ешкім де бизнесменді өзінің бизнес операциялары үшін жоба немесе жоспар жасауға мәжбүр етпейді. Мұны өмірдің өзі тәжірибе, тәуекел қорқынышы, алдын-ала келіп білмеген салдарлар мәжбүрлейді.

Нарықтық экономикада инвестициялық жобалардың түрлері, мазмұны, құрылымы және тағы басқа белгілері бойынша көптеген үлгілері бар (2-сурет).

Инвестициялық жоба тұлғаның негізгі ойын, пайда әкелетін кәсіпкерлік операциясын іске асырудың ортақ идеясын білдіреді. Жобада белгіленген операцияның мазмұны мен бағыттылығы суреттеліп, негізделеді, күтілуші нәтиже есептеледі. Әдетте, кәсіпкерлік жобалар ірі, ұзақ мерзімді операциялар үшін қажет, өйткені көптеген аз ауқымды мәмілелер үшін ойластыру мен бағалау есептерін іске асырудың өзі де жеткілікті.

Жобалар негізінде іс-әрекет бағдарламасы немесе үрдістердің орындалу жоспарлары әзірленеді.

Бірқатар жағдайларда инвестициялық жобада іс-әрекеттер бағдарламасы мен жоба біріктірілген. Операцияның инвестициялық жобаны дайындау кәсіпкерліктің барлық нұсқалары мен түрлеріне тән болып келеді. Егер инвестициялық жоба құжат түрінде пайда болмаса, онда ол ең болмағанда кәсіпкердің ойында өмір сүруі тиіс. Ірі көлемді қымбат кәсіпкерлік жобалар жасау үшін, операция басталғанға дейін инвестициялық жоба құру қажет, бұл кәсіпкерлік қызмет үшін норма болып саналуы керек. Егер сіздің инвестициялық жобаыңыз болмаса, онда бизнес-операцияны қаржыландыруға несие беруге келісім беретін адамды таба қоюыңыз қиын болады.

Инвестициялық жоба құрылымы мен мазмұнында қатаң тәртіп жоқ, бірақ теория мен экономикалық тәжірибелермен белгіленген талаптар мен ережелерге бағынады.

Сіз өз бетіңізше алдын-ала инвестициялық жоба жасай аласыз. Ол үшін мынаны ескеру қажет, капиталды инвестициялардың бастапқы шарты – болашақта алғаш инвестициялаған капитал шығынының орнын толтыруға жеткілікті болатын ақша түсімдері түріндегі экономикалық қайтарым алу, белгіленген мерзім ішінде инвестициялық жобаны іске асыру.

1-суретте гипотезалық инвестициялық жобаның қаржылай профилі келтірілген.

 

                                                                                       

                         шаруашылық қызметтен келетін

Подпись: ақша бірліктері                              ақша түсімдері                                  ликвидтік құн

 

 

 

   

       

         инвестициялардың

    өзін сақтау мерзімі                                                  интегралдық 

                                                                                      экономикалық

                                                                                      нәтижелілік

 

                                                                                     

уақыт

                бастапқы  инвестициялар

 

        инвестициялардың экономикалық өмір сүру мерзімі

 

1 сурет - Гипотезалық инвестициялық жобаның қаржылай профилі

 

Кез келген инвестициялық жобаның тартымдылығы туралы әңгімелегенде, төрт элементті қарастыру қажет:

-   шығындар көлемі – инвестициялар (investment);

-   шаруашылық қызметтен келетін ақша түсімдері түрлеріндегі әлеуметтік пайдалар (operating cash teows);

-   инвестициялар өмірінің экономикалық мерзімі, яғни инвестициялық жоба кіріс әкелетін уақыт кезеңі (economic);

инвестицияның экономикалық өмір сүру мерзімі соңында капиталдың кез келген босатылуы – ликвидтік құн (termina value).

Микроэкономикада инвестиция жаңа капитал жасау процесі (өндіріс құралдары мен адам капиталын қоса алғанда) ретінде анықталады.

Қаржы теориясында инвестиция деп шынайы немесе қаржы активтерін жасау процесі ұғынылады, яғни ол бүгінгі таңдағы белгілі бір құнның шешімін емес болашақтағы құнына алмасу болып түсіндіріледі.

Қаржылық – экономикалық сөздікте келесі анықтама беріледі: «Инвестиция дегеніміз – кіріс алу мақсатында негізгі және айналым капиталына салым салу». Материалдық активтерді инвестициялау деп жылжитын және жылжымайтын мүлікке (жер, ғимарат, жабдықтар т.б.) салым салуды айтамыз. Қаржылай активтерді инвестициялау – құнды қағаздарға және басқа қаржы құралдарына салым салу болып табылады.

Жалпы алғанда, инвестиция дегеніміз – пайда алу және (немесе) басқа да пайдалы нәтижелерге қол жеткізу мақсаттарында кәсіпкерлік және басқа да қызмет объектілеріне салынатын ақша қоры, құнды қағаздар, ақшалай бағаға ие басқа да құқықтар.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.     Москвин В.А. Кредитование инвестиционных проектов: Рекомендации для предприятий и коммерческих банков./ - М.: Финансы и статистика, 2011. –С.240.

2.     Бобаканова Ж.О. Кредитные риски в банковской сфере и критерии рейтинга банков.//Банки Казахстана. – 2013. - № 7. – С. 13-20.

3.     Дауранов И. Микро финансирование: зарубежный опыт и ситуация в Казахстане.//Вестник предпринимателя. – 2013. - № 9. –С. 31-36.