а.ш.ғ.д.профессор М. А.Есқара, магистрант М.Исмаилова

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті

 

АГРАРЛЫҚ САЛА ӨНІМІНІҢ  БӘСЕКЕГЕ  ҚАБІЛЕТТІЛІГІН  АРТТЫРУ ЖӘНЕ САТУДЫҢ КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУ

 

Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап елде жүргізілген аграрлық реформалардың онды тенденциялары да, теріс зардабтары да болады. Нарықтық қатынастарға көшу жөніндегі құқықтық және зандық база жасалды, мүлік пен жер үлесін жеке адамдарға бере отырып мемлекеттік меншік жекешелендірілді, көп тұрпатты экономиканы дамытудың жаңа алғышарттары, баға, несие-қаражат жүйесі жасалды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын бір мезгілде жаппай ұсақтау өсімдік және мал шаруашылықтарында қалыптасқан дәстүрлі технологиялық процестерге елеулі нұқсан келтірді. Ол шара бәсекелестіктің өсуіне, еңбекке ынтаның артуына жәрдемдеседі деп күтілген еді. Керісінше, теріс процестердің белең алуына, өндірістің құлдырауына, өнімді сақтау, өңдеу және сату салаларында монополист-делдалдардың пайда болуына апарып соқтырды. Бұл себептерінің біріне айналды.

Ауыл шаруашылық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін анықтаудың критерийі:

Тиімділік, шығындарды азайту әлеуеті.

Бәсекелелік индексі:

Ішкі рынокта, импорт бағасының ішкі рыноктағы сату бағаларына қатынасы ретінде есептеледі. Сыртқы рынокта, әлемдік және ресейлік бағалардың экспорттық бағаларға қатынасы ретінде есептеледі.

Сұраныс-ұсыныс индексі:

Ішкі рынокта, нақты қажеттіліктің отандық өндіріске қатынасы ретінде есептеледі,

Сыртқы рынокта, ішкі тұтынуды алып тастағанда экспорт көлемінің өндіріс көлеміне қатынасы ретінде есептеледі.

Бидай, мақта, күріш – тиімді, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті, ішкі рынокта ұсыныс сұранымнан жоғары, сыртқы рынокта сұраныстары бар;

Күнбағыс тұқымы, картоп, көкөніс, сүт, жұмыртқа – тиімді, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілеті нашар, ішкі рынокта сұраныс ұсыныстан жоғары, сыртқы рынокта сұраныстары бар;

Қант қызылшасы, сиыр еті, қой еті, жылқы еті шошқа еті, құс еті, жүн – тиімділігі төмен, құс етінен басқасы ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті, жүннен басқасының сыртқы рынок сұраныстары жоқ.

Қазақстан астық экспорттаудан әлемде алтыншы орынды иемденеді. Қазақстанның бірегей климаты басқа елдердің бидай ұнының қасиеттерін жақсартушы ретінде әлемдік рынокта сұранысқа ие болып отырған жоғары сапалы, құрамында протеин мол астықтың қалыптасуына  ықпал етеді.

 «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заның қабылдау астық рыногына қатысушылырдың қызметін нақты құқықтық реттеуді қамтамасыз етті.

Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау мақсатында белгіленген баға бойынша жыл сайын мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу жүргізіледі, ал 2001 жылдан бастап көктемгі егіс және егіс жинау жұмыстарын жүргізуге аванс беруді, астық бағасының демпингін болдырмауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін астық сатып алудың фьючерстік екі деңгейлі жүйесі енгізілді.

Астықтың ішкі рыногын тұрақтандыру және реттеу, нан және тоқаш ұн тағамдарының бағасы негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында көктем жаз кезеңінде астықтың сату резервтерінен интервенция жүргізіліп тұрады.

Астық қабылдайтын кәсіпорындардың астық сақтау жөніндегі беретін лицензиялаудың енгізілуі олардың қызметін мемлекеттік бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Астық қолхаттарын енгізу жөніндегі жұмыс басталып кетті, оның негізгі құралы болып табыла отырып өтімді кепілді қамтамасыз етуді ісі арқылы екінші деңгейлі банктердің кредит ресурстарын іске асыру мүмкіндік береді, бұл астық демпингін болдырмайды және маусымдық кредит беруге жағдай жасайды.

Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұқым, жанар-жағармай, минералдық тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы техникаларына қосалқы бөлшектер сатып алуы үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға лизингтік негізде жеңілдетілген кредит ресурстары бөлінеді

Астықтың мемлекеттік ресурстары қалыптаты, мұның өзі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұқымдық материалға, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының жемге қажеттіліктерін тұрақты қамтамасыз етуге, астық ішкі рыногының реттелуін және мемлекетаралық келісімдердің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осының барлығы еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, астықтың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан агроөенркәсіптік кешендерінің жұмысын жандандырып, олардағы экономикалық реформаларды жеделдету үшін терең мазмұнды және қайтарымы тез қаржы, салық, инвестициялық саясаттар жасақталуы қажет. Бұған экономикалық жағынан әлсіз шаруашылықтарға дотациялар беру, мемлекет есебінен қаржыландыру (мысалы, шаруа қожалықтарын ұымдастыруға, табиғат апаттарының шығындарын өтеуге, су шаруашылыған жүргізуге, жаңа өндірісті ұйымдастыруға, жеңілдетілген салық салу арқылы ынталандыру, селолық товар өндірушілерді қаржылық жағынан қолдау үшін мемлекеттік бюджеттік қаржыландыруды сақтау) және т.б. мәселелер жатады.  Осы аталғандар туралы заң актілері бар, тек ендігі жұмыс-олардың орындалуын, оларға қолдау көрсетілуін қамтамасыз еиуіміз қажет.

Агроөнеркәсіп кешендерінің экономикалық тиімділігін арттырудың бір жолы - әлеуметтік мәселелер тобы. Нарықтық қатынастардың дамуы ауыл шаруашылығында жұмыссыздық, кедейліктің пайда болуына, инфрақұрылымның бастапқы уақытта әлсіз болуына әкеліп отыр. Яғни, селодағы барлық өзгерістерді аяғына жеткізу үшін, «олар қуатты және нысаналы әлеуметтік саясатпен қатар жүргізілуі тиіс.» Қазіргі таңда бірінші кезекте барлық деңгейлерде шаруаны әлеуметік қорғаудың және шаруаға әлеуметік кепілдік берудің жаңа механизмдерін дайындау қажет.     Жалпы қорыта айтсақ, шаруашылықтың қандай саласы болмасын олардың тиімділігін арттыру үшін мына мәселелер шешілуге тиіс:

· Экономикалық салада – монополияны жойып, бәсекеге жағдай жасау, шағын және орта кәсіпкерлікті көтермелеу, ол үшін қаржы және банктік жүйе жасау;

· Әлеуметтік салада – қала мен село арасындағы жіктелуді баяулата отырып, ең кедей топтарды әлеуметтік жағынан қорғау;

· Саяси салада – саяси күштердің құқықтық базаны тұрақтандыру үшін сенімді, әсіресе, шешуші негізгі сәттерде келісімге келуге;

· Мәдени салада – жеке меншіктің болашағын насихаттай отырып, кәсіпкерлердің жаңа ұрпағын тәрбиелеу.

Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші кезеңіне енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеунің негізі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндіріс құлдырауы тоқтатылып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай атап көрсетті: «....барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді...». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналды.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.     Назарбаев.Н.Ә. Қазақстан 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы.1997.32-44 бет.

2.     Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 1997 жылғы шілде. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 жыл. №17-18, 216 құжат.25-34 бет.

3.     Қазақ ССР-індегі тұтыну корпорациясы туралы. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің ведомстары. №51 1990 ж. 38-44 б.