Экономические науки/15. Государственное регулирование экономики

 

магистр экономики,  Бекбергенова Ж.Т.

 

Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті, Қазақстан

 

Қазақстан   Республикасындағы   қаржылық   лизинг   қатынасының қалыптасу  жағдайлары

 

Республикада алғашқы лизингтік компаниялар коммерциялық банктердің және жабдықтаушы ұйымдардың қатысуымен құрылды. Олар акционерлік қоғамдар түрінде қызмет түрлерінің кең саласымен, яғни құрал-жабдықтарды сату-сатып алумен және оны лизингке берумен шұғылданды.

Қазақстанда лизинг рыногы жемісті дамуы үшін лизинг саласындағы заңды дамытумен  қатар, мемлекет тарапынан ынталандыру шараларын қабылдамайынша, лизингтік бизнестің ттиімді және тез қарқынмен дамуына қол жеткізу мүмкін емес.

           Сонымен, қаржылық лизинг:

§            мүліктің кепілсіз болуына немесе лизингтік операцияларды қаржыландыру кезінде оның көлемінің қысқаруына мүмкіндік береді, себебі лизингтің өзі кепіл қызметін атқарады;

§            несиелендіруге қарағанда, қарызды өтеу мерзімі мен кезеңді төлемдер шартын икемді  пайдалануға мүмкіндік береді;

§            өнімнің өзіндік құнын лизингтік төлемдердің  барлық сомасына қатыстыруды болжайды;

§            инвестициялық жобаларға өзгерістерді енгізу процесінде лизингтік компанияның экспертизасын енгізуге мүмкіндік береді;

§            тауарлы келісімдерге отыру мен оны орындауға байланысты барлық

тәуекелділіктен босатады, себебі олардың барлығы лизингтік компанияға  аударылады.

Қазақстан Республикасында қаржылық  лизинг қатынастары төрт жолмен дамуда:

· агроөнеркәсіп жиынындағы облыстық, аудандық «Агропромтехника» кәсіпорындары мен көтерме делдалдық фирма және «Казконтракт» корпорациясының компониялары аймақтық қарауындағы техникалық құралдарды жалға беру бойынша кәсіпорындары мен қызмет етуші пунктері;

· Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары;

· Қайтадан құрылған арнайы мамандандырылған лизингтік операциялар;

· Республикада шетелдік лизингтік компаниялардың қызметі мен шетелдік кәсіпорындарымен бірлескен отандық кәсіпорындарының қатысуымен лизингтік өтемдік, импорттық, экспорттық, яғни халықаралық түрін дамыту.

Лизинг нарығы 2013 жылы нақты өсу қарқынын көрсетті, бірақ жалпы экономика көлемінде әлі де болса еркін және шағын болып отыр. Жаңа келісімшарт көлемі лизинг нарығында 2013 жылы 38%-ға өсті және 90 млрд.тенгегі құрады. Бұл көрсеткіштерді кесте 1-ден көруге болады.

 

Кесте 1

Қазақстан лизинг нарығының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Ағымдағы лизинг қоржынының көлемі, млн тенге

134 825

143 466

170 925

192 537

Өсу қарқыны

-

6,4%

19,1%

12,6%

Жыл ішіндегі жаңа бизнестің көлемі (қаржылық лизинг және оперативтік лизинг), бірлік

42 459

55 383

67 782

93 276

Өсу қарқыны

 

30,4%

22,4%

37,6%

Жыл ішіндегі лизингтік келісім шарттың саны, бірлік

1 002

1 767

2 495

2 929

Өсу қарқыны

 

76,3%

41,2%

17,4%

Алынған лизингтік төлемдердің көлемі, млн тенге

37 738

37 778

34 527

40 757

Өсу қарқыны

 

0,1%

-8,6%

18,0%

Қаржыландырулар есебі, млн тенге

43 415

45 554

62 792

88 504

Өсу қарқыны

 

4,9%

37,8%

40,9%

ЖІӨ, млрд тенге

21 816

27 572

30 347

34 140

Алғашқы жылға ЖІӨ-нің физикалық көлемінің индексі

107,3%

107,5%

105,0%

106,0%

Е с к е р т п е - «Эксперт РА Қазақстан» мәліметтері негізінде құрастырылды

 

Нарық  көлемінің шағындығын ескере отырып және ойыншылар санының аздығын есепке алсақ, жалпы көрсеткіштер нарық бойынша артықшылықтарды көрсетеді. Дегенмен, 2013 жылды табысты деп есептеуге болады: көптеген компаниялардың лизингтік қоржыны оның жалпы көлемінің 192,5 млрд тенгеге өскендігін көрсетеді. 

 

 

Сурет 1.  Қаржылық және оперативтік лизингтің қарқыны.

 

Лизингтік нарықтың өсу қарқыны және құрылымын мемлекеттік лизингтік компаниялар құрауда. Олар бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында қаржыландаруды өсіруде.

Жалпы нарық бойынша жылдан жылға қаржыландыру үлесі мемлекеттік лизингтік компаниялар есебінен өсу қарқынын көрсетіп отырса, онда мемлекеттік емес лизингтік компаниялар жеке қарастырғанда: 2013 жылғы қаржыладырулар көлемі 2013 жылы бірден 42%-ды көрсетіп отыр. Бірақ бұл өсу көлемі соңғы жылдардағы төмендеулемен салыстырғанда аздық етіп отыр. Соңғы екі жылда ірі компаниялардың қызметін жоюы есебінен қысқарса, жаңа жас компаниялар есебінен лизингтік нарықтың  өсу қарқыны байқалуда. Сонымен қатар, жеке лизинг берушілер есебінен лизинг алу төлемдері –15%-ға өсу қарқынын көрстетті.

Аймақтар бойынша мемлекеттік лизингтік компанияларды есептемегенде жаңа мәмілелердің жартысы Алматы қаласының еншісінде, қалған 17%-а Астана қаласының үлесіне тиісті. Мемлекеттік лизингтік компаниялардың географиялық қызмет аясының шоғырлануы төмен дәрежеде. Аймақтар бойынша жаңа бизнестің құрылымын кесте 2-ден көруге болады.

Кесте 2

Аймақтар бойынша жаңа бизнестің құрылымы

Аймақтар

2012 ж.

2013 ж.

млн тенге

үлесі

млн тенге

үлесі

1

Акмола обласы

6 201

9%

23 275

25%

2

Алматы обласы

2 870

4%

11 314

12%

3

Қостанай обласы

20 710

31%

8 976

10%

4

Солтүстік Қазақстан обл

9 869

15%

8 595

9%

5

Шығыс Қазақстан обл.

3 219

5%

7 204

8%

6

Алматы қаласы

2 759

4%

6 292

7%

7

Оңтүстік Қазақстан облысы

5 234

8%

5 279

6%

8

Қарағанды облысы

5 783

9%

4 295

5%

9

Актөбе облысы

3 058

5%

3 737

4%

10

Қызылорда облысы

1 178

2%

3 105

3%

11

Батыс Қазақстан обл.

1 054

2%

3 000

3%

12

Павлодар облысы

2 382

4%

2 815

3%

13

Астана облысы

1 262

2%

2 664

3%

14

Жамбыл облысы

1 097

2%

1 382

1%

15

Атырау облысы

807

1%

1 182

1%

16

Маңғыстау облысы

337

0%

247

0%

Е с к е р т п е - «Эксперт РА Қазақстан» мәліметтері негізінде құрастырылды

 

Лизингтік мәмілелер үш ірі аймақта шоғырланған, олар Алматы, Астана, Қостанай областырының үлесіне барлық мәмілелердің 2013 жылы 42%-ы жасалған. «КазАгроФинанс» компанияның қызметі арқасында солтүстік аймақтар жаңа бизнестің жалпы көлемінде алдынғы қатарда келді.

 

Сурет 2. Аймақтар бойынша жаңа бизнестің құрылымы

Аймақтардағы лизинг қызметінің 2012-2013жж көрсеткіштерін сурет 2-ден көруге болады.

Шығыс Қазақстан және  Алматы облысыдағы  мәмілер саны  2013 жылы, өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға жоғары. Оңтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 2%-ға төмендесе, Қарағанды облысында 4%-ға, Актөбе облысында 1%-ға төмен көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіштер бойынша лизингтің жалпы дамуы біркелкі емес, бұл лизингті пайдаланушылардың географиялық орналасуына байланысты. Сонымен қатар лизингті Батыс областарда пайдалану қарқыны өте төмен екендігін көруге болады. Бұл осы аймақтардағы шағын бизнестің нашар дамығандығының әсері деп айтуға болады.

Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласы болып табылады. Лизингті белсенді енгізетін болса, мүмкіншіліге қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономиаксын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тынысы болып отыр.

Сондықтан да, біздің қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастарды мемлекеттік деңгейде басқарудың кейбір тетіктерін сапалық жағынан келесідей бағыттар бойынша қажет екендігін ұсынамыз:

1. Лизингтік қатынастарды әр түрлі келісім шарттық қатынастардың элементтерінен тұратын инвестициялау тетігі ретінде оның әлеуметтік-психологиялық аспектілерін түсіндіруге мүмкіндіктер беретін қосымша заңнамалық нормативтік базаны қалыптастыру қажет. Ол үшін лизингтік қатынастарға байланысты қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан заңнамалық құжаттарды түсіндіретін «төменгі»  деңгейдегі, яғни әдістемелік нұсқаулар жасап оларды қолданысқа енгізу керек.

2. Қазақстан Республикасында лизингтік қатынастарды құру қағидаларын толық қалыптастыруға жауап беретін құқықтық реттеу тетіктерін жасау және оларды нақты қолданысқа енгізу керек . Бұл жерде ең алдымен , «қаржылық лизинг» түсінігінен белгілі бір ерекшеліктері бар «оперативті лизинг» деп аталатын жаңа тетікті қолдануға өту үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастыру керектігі айта кеткен жөн. Себебі, шетелдік тәжірибе көрсетіп оырғандай кейбір объектілерді әсіресе, құрылысты жүргізуге қажетті құрылғыларды оперативті лизинг негізінде  пайдалану қаржылық  лизинг қарағанда неғұрлым тиімді болып келеді. Сондықтан да қазіргі кезде лизингтік қатынастарды оперативті лизинг арқылы дамытуға көп көңіл бөліну керек.Осы мақсат үшін оперативті лизинг тетіктерін пайдалану қағидалары мен тәртіптерін түсіндіретін және реттейтін заңнамалық актілер қабылдау қажет.

Қорыта атқанда,  лизингтік компаниялардың қосымша қызметтер атқаруын дамыту механизмі арқылы лизингтік қатынастарды жетілдіруге ешқандай ерекше жаңалық енгізілген жоқ. Бірақ лизингті өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары  қаржыландыру құралы ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін ерекшеліктердің бірі ретінде лизингтік келісімді бекіту лизингтік компаниядан басталу керек. Себебі бұл жағдай лизингтік қызметтің  осы сегментін дамытуға кедергі жасайтын негізгі мәселені шешуге көмектеседі.

 

Әдебиеттер:

1. Исабаев Б.Т. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің тнновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері. Оқу құралы,  2009 ж. 300-б.59-60 б.

2. Эксперт Казахстан. Специальное приложение. №20 12-18 май, 2014г. 105 стр. С 49-57

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «18» ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген  Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы. 82-б. 66-68 б.

4. Қаржылық менеджмент : оқу құралы / Э. С. Мадиярова, С. Н. Сүйеубаева. - Алматы : Экономика, 2009. - 261 б. 90-94 б.