Экономические науки/6.Маркетинг и менеджмент
Аға оқытушы,
экономика магистрі Теңізбаева Д.С.,
менеджмент магистрі Рахымберді
А.Б.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ТУРИЗМДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ: МӘНІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстандағы туризмнің дамуының тарихы
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы, ол б.э.д.
үшінші мыңжылдықтан бастау алады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан
бастап туристік қызметтің
реттелуіне негізі қаланды. Үкімет
Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында
туризмді болашағы бар сала ретінде анықтады.
Қазақстан Республикасының қай жерін алмасақта
туризмді дамытуға өте қолайлы аймақтар. Соның
ішінде біздің айта кететін аймағымыз Жамбыл облысы мен оның
тарихи мәдени ескеткіштері мен саяжайлары.
Жамбыл облысы тартымды климаты, таза ауа, аса бай табиғи ландшафты
және биологиялық сан түрлі бағалы, сирек,
эндемикалық, ерекше өсімдік, хайуанаттар әлемі, ғылыми,
экономикалық және табиғи туризм үшін тартымды
аумағы.
Жамбыл облысында
1 080 тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Олардың
арасында 844-і археология ескерткіші, 111-і - тарих, 97-сі - сәулет,
28-сі - монументтік ескерткіштер.
Соның ішінде
«Қарахан», «Айша бибі», «Бабажан қатын», Тектұрмас
кесенелері, Ақыртас кешені, Қарақожа, Әбдіқадыр
мешіттері, Меркі ауданының тауларындағы «Жайсаң
ғибадатханасы» мәдени-мемориалдық кешендері кеңінен
танымал.
Қазақстан республикасы бойынша туристік фирмалар саны 2012-2013
жылдарға көрсетілген. ҚР бойынша 2012 жылы 1994 бірлік, 2013
жылы 1712 бірлік. Соның ішінде Жамбыл облысында 2012 жылы 27 бірлік, 2013
жылы 32 бірлік, яғни есепті жылы 5 бірлікке артқан.
Дегенменде
Жамбыл облысында туризмді дамыту, соның ішінде, оны басқару
жұмыстары көңіл көншітер емес. Көптеген туристік
маршруттарды дамытуға қаражаттың аздығымен нашар
инфрақұрылым кедергі келтіруде.
Туризммен
менеджмент бірге жұмыс атқарған жағдайда ғана
жемісті еңбектердің нәтижесін көре аламыз. Енді
екеуінің арасындағы байланысқа тоқталайық.
Кез келген жұмыстағы басты фактор- адам.
Ғылыми техникалық прогрестің дамуымен қатар еңбек
ресурстарында дамыту алдыңғы қатарлы мәселелердің
бірі. Әсіресе туризм саласында еңбек ресурсы барлық
жұмыстарға тікелей қатысады. Сондықтанда туристік
саладағы мамандардың жоғары біліктілік деңгейі,
психологиялық жай куйі аталған саланың дамуына тікелей
ықпал жасайды. Оларға әлеуметтік-экономикалық
жағдай жасау еңбек өнімділігін арттырып, мемлекетке
көптеген пайда әкеледі.
Қазіргі
уақытта біздің сөздік қорымызға «менеджер»,
«менеджмент» сөздері енді. «Менеджмент» сөзін
қазақшаға дәл аударар болсақ, онда «басқа
біреу арқылы өз мақсатына жету» деген мағынаны
білдіреді. Яғни кез келген туристік кәсіпорын – ең алдымен
адамдар, ал менеджмент – бұл осы адамдардың, дәлірек
айтқанда қызметкерлер ұйымының жұмысын
түрлі әдіс-тәсілдер арқылы тиімді басқару.
Қызметкерлер ұйымын басқару – бұл кез келген туристік
ұйымның тиімді әрі қарқынды дамуын
қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін
шешудің ережелері мен процедураларының жүйесі. Туризмдегі
қызметкерлер ұйымын басқарудың басты мақсаты–ұжымда
оң әлеуметтік-психологиялық жағдай қалыптастыру,
оның салдарынан айтарлықтай мөлшерде
ұйымдастырушылық және экономикалық мәселелер
шешіледі. Басқаша айтқанда, туристік кәсіпорынның
алдына қойған мақсаттарына ұжымды тиімді түрде
басқару, дұрыс ұйымдастыру арқылы жету. Туристік
кәсіпорындағы қызметкерлер ұйымын дұрыс
басқара білу өз кезегінде туристік ұйымдар мен кәсіпорындар
үшін нарықта өзінің қызметтерін тиімді
өткізіп, туристерге ұнамды да, ыңғайлы қызмет
көрсете отырып, өздерінің басты пайда табу мақсатына
тиімді жолмен қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кез келген туристік
ұжымның өркендеуі үшін ең алдымен
қызметкерлер ұйымын басқарудың ең тиімді де,
қолайлы әдісін таңдай білу өте маңызды.
Туристік
кәсіпорындағы қызметкерлер ұйымын басқаруда
басқарудың дұрыс стилін таңдай білу
әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең өзектісі.
Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне ғана
тән стильде қызмет атқарады. Адамдардың
қарым-қатынасында, соның ішінде басқару қызметін
жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд «стиль–ой
дүниесі» десе, Бьюфурон «стиль–адамның өзі» деп
тұжырымдайды. Басқарушының жұмыс стилі–оның
басқару процесінде пайдаланатын тәсілдерінің,
амалдарының, іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының
стилі–бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма
беру әдісі. Туристік ұжымды басқарушының дербес стилі
алуан түрлі обьективтік факторлардың ықпалымен
қалыптасады: Іс-әрекет сипаты; Басшы мен бағыныштылар
арасындағы өзара байланыс; Психологиялық қасиеті;
Орындау тәртібінің жағдайы, т. б.
Туристік
ұйымды басқару стилінің типі түбегейлі
қалыптаспаған.
Тәжірибеде
көбінесе туристік ұйымды басқарудың классикалық 3
стилі кездеседі: Либеральдық стиль; Авторитарлық стиль;
Демократтық стиль.
Басқарушы
туризм менеджері–бұл жауынгер. Оның үрейленуге және
қателесуге қақысы жок, өзінің
жанұясы–туристік фирманың гүлденуі үшін күресуге
әзір болуы тиіс. Жалпы, туризм менеджерінің туристік
кәсіпорында атқаратын белгілі бірнеше аса маңызды міндеттері
бар. Оның біріншісі–қолда бар ресурстардан «нағыз
тұтас» өндірістік бірлік құру.
Туризм
саласының қызметкерлер ұйымын басқара білу ұжымда
оң әлеуметтік-психологиялық жағдай қалыптастырып,
кәсіпорынның алдына қойған мақсаттарына
жұмыстың тиімділігі мен сапасының басты критерийі–
адамдық фактордың көмегімен қол жеткізуге
мүмкіндік береді. Жалпы, туризмдегі менеджмент туризм саласының
қызметкерлер ұйымын басқару үрдісінде адамдардың
өзара қарым-қатынасын зерттейтін басқарудың
маңызды бөлігі болып табылады. Ал, қағида
түсінігі жалпы басқару немесе ұйымдастыру процесіндегі
белгілі бір заңдылықтар мен шектеулерге сай, яғни оларды
ұстану арқылы алға қойған мақсаттарға
тиімді жету болып табылады. Сондықтан туризмдегі қызметкерлер
ұйымын басқару процесіндегі басқарудың
қағидалары–бұл басқаруды ұйымдастыруға,
оның құрылымына және жүйесіне қойылатын
негізгі талаптарды анықтайтын басшылықтың басты
ережелерінің бірі болып табылады. Басшының «адамдық факторды»
есепке ала білуі туристік ұжымға мақсатты
бағытталған әсер етуге және еңбек үшін
қолайлы жағдай тудырып, ақыр соңында ортақ
мақсатты, біріккен ұжым қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
Әдебиеттер:
1.ҚР-да
туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту
жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама. www.egov.kz
2.Саак А.Э. Менеджмент в социально-культурном сервисе и туризме. – М.:
Питер, 2007.
3.Статистический сборник. Туризм в Казахстане, Б.: Нацстатком РК, 2014г.
4.Информационные данные Агентства Республики Казахстан по туризму.
news.caspianworld.com/ru/