ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

 

Р.Қ.Айтманбетова

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

Іскер серіктестің  қаржылық қызметі туралы ақпараттық негізгі көзі, көпшілікке жарияланған бухгалтерлік есептілік болып табылады. Нарықтық экономикадағы кәсіпорынның есептілігі кәсіпорынды қоғам және іскер серіктестер кәсіпорынның қызметі туралы ақпаратты пайдаланушылармен байланыстыратын ақпараттық буын болып, қаржылық есеп мәліметтерінің тұжырымдалуына негізделеді.

Қаржылық есептілікті қалыптастырудың орталық және неғұрлым күрделі мәселелерінің бірі шешім қабылдау үдерісін толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық есептіліктің шынайлығы қабылданатын шешімдердің сапасын, түптеп келгенде, шаруашылық субъектілері қызметінің қызметін анықтайды.

Бүгінгі таңда көптеген қазақстандық компаниялар үшін (әсіресе шетел инвестициялары барлар үшін) анағұрлым келешегі бар тәсіл – параллель есеп (конверсия) жүргізу болып табылады. Қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес құру мақсатында операциялардың параллель есебін жүргізу көп пайдалы басқару ақпаратын береді. Есептің бұл әдісі анағұрлым күрделі, бірақ дәл тәсіл болып  табылады.

Параллель есеп үрдісі (конверсия) қосарланған параллель есеп жүргізуді қарастырады. Есепті параллель жүргізудің бірнеше нұсқалары бар: толық конверсия, саты бойынша конверсия.

Инфляцияның тигізетін әсерінің салдары компанияның мүліктік және қаржылық жағдайы туралы ақпараттардың белгісіздігін айтарықтай көтеріп, қаржылық есептіліктің шынайылығын және салыстырмалығын төмендетеді, әрі осындай есептіліктің негізінде дәйекті инвестициялық және басқарушылық шешмдерін қабылдау мүмкіндігін қиындатады.

Қаржылық есептілік пайдаланушысы шынайы ақпарат алу үшін, онда есептіліктің сәйкесінше баптарының көрсеткіштеріне инфляцияның әсерін көрсету қажет.

Инфляция жағдайында компания есептілігі есеп беру кезеңінде қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелері бойынша инфляция қарқынына түзетілген болуы керек. Ақша сатып алушылық қабілетін жоғары қарқында жоғалтатыны сондай, әр түрлә уақытта тіпті бір ғана есеп беру кезеңі шегінде болған операциялар мен оқиғалардан алынған сомаларды салыстыру қаржылық есептілікт пайдаланушыларын адастыруға әкеледі деп саналады.

Ғаламдық тәсілге сәйкес қаржылық есептіліктің барлық немеесе негізгі элементтерінің бағаның инфляциялық өзгерістерінің ықпалына ілінетін бастапқы мәндері түзетіледі. Мысал ретінде  CCP, RPA, CCA және CoCoA әдістерін келтіруге болады. Таңдау тәсіліне сәйкес тек жекелеген элементтерге түзету жүргізіледі. Мысалы, активтерді ауыстыру құнының өсімін жабуға арналған резервтерді құру, активтерді қайта бағалау, қорларды бағалаудағы FIFO әдісі және амортизацияның жеделдетілген әдісі.

Инфляцияның салдарын есепке алудың қарастырылған формальды әдістерінен басқа, көптеген елдерде инфляцияның әсерін ескеруге мүмкіндік беретін формальды емес механизмдер де қолданылады. Инфляцияның бұл жағдайдағы теріс ықпалына қарсы тұра алатын екі әдіс белгілі. Бірінші әдіс негізгі құралдарды оқтын-оқтын қайта бағалауды білдіреді. Ол екі әдістің бірімен орындалады: сараптамалық бағалау әдісі және коэффиценттер әдісі.

Меншік иелері қаржылық есептерді капиталдың табыстылығын арттыру, кәсіпорын жағдайының тұрақтылығын қаматамасыз ету үшін талданады. Кредиторлар мен инвесторлар қарыздар мен салымдары бойынша өздерінің тәуекелін азайту үшін қаржылық есептерді талдайды. Қабылданған шешімдердің сапасы шешімнің талдамалық негізделуінің сапасымен толық байланысты болады.

Есептілік – бұл бухгалтерлік есеп әдісінің қорытынды элементі. Бухгалтерлік есептілікті дайындау – бұл тек қана бухгалтерия емес, кәсіпорынның басқа экономикалық және техникалық қызметтерінің де шаруасы, өйткені есептілікті түзу кезінде жұмыстар қорытындыланып, кәсіпорын қызметінің барлық аспекттері бағаланады. Есептілік ағымдағы есептің барлық: бухгалтерлік, статистикалық, шұғыл-техникалық түрлерінің негізінде түзетіледі.

Онда сандық та, сапалық та сипаттамалар, құнды және табиғи көрсеткіштер болуы мүмкін. Бухгалтерлік есептің барлық элементтері бірі бірімен байланысып, бір тұтастық, яғни есепті кезеңдегі кәсіпорын жұмысының жағдайлары мен нәтижелерін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштердің жүйесі болып табылады. Сонымен бірге, бухгалтерлік есептіліктегі мәліметтер кешенді сипатта болады, өйткені олар, әдетте, белгілі бір шаруашылық операциялар мен құбылыстардың әр түрлі көріністерін бейнелейді.

Мысалы, кәсіпорынның балансында көрсетілген (№1 нысан) мәліметтер, қаржылық нәтижелер туралы есептегі (№2 нысан) мәліметтерді толықтырады  және де керісінше.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есептілігі оның қызметі ақпаратының негізгі көзі болып табылады. Бухгалтерлік есептерді мұқият зерттеу, қол жеткізген жетістіктер, сондай-ақ кәсіпорынның жұмысындағы кемшіліктердің себептерін ашып, оның қызметін жетілдіру жолдарын белгілеуге жәрдем береді.

Есептілікті оқу барысында, есептіліктің әр түрлі нысандарының өзара байланыстылығы мен өзара себептілігіндегі көрсеткіштерді қарау өте маңызды. Атап айтқанда, кәсіпорын активтеріндегі өзгерістерді қызметтің көлемімен байланыстыру қажет. Сонымен қатар әр түрлі нысандар кәсіпорын туралы ақпаратты әр түрлі етіп көрсететіндігін есте сақтау керек. Пайдалар мен залалдар туралы есеп жыл ішіндегі үдемелі жиынтықпен қызметтің нәтижелерін бейнелейді, ал баланс 31 желтоқсан күніндегі кәсіпорынның мүліктік жағдайын мәлімдейді. Сондықтан баланс бойынша бір беталыстары, мысалы, төмендеу, ал пайдалар мен залалдар туралы есептер бойынша басқалар, мысалы, көбеюі беталыстары анықталуы мүмкін.

Беталыстардың алуан түрлі бағытталуы есептілікті түзудің әдістемесімен себептелуі мүмкін. Талдау және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін ең толық ақпаратты нысаны бухгалтерлік баланс  болып табылады. Баланстың активі кәсіпорынның мүліктік массасын, яғни шаруашылықтың тікелей иелігіндегі материалдық құндылықтардың құрамы мен жағдайын сипаттайды. Баланстың пассиві, кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында коммерциялық іске әр түрлі қатысушылардың сол құндылықтарға қатысты құқықтарының құрамы мен жағдайын сипаттайды.

Қазақстанда баланс активі құралдар өтімділігінің төмендеу тәртібімен, яғни сол активтердің айналым барысында ақшалай нысанға айналу жылдамдылығына байланысты құрылады. Мәселен, баланс активінің 2 бөлімінде ұзақ мерзімді активтер (негізгі құралдар, яғни шаруашылық айналымдағы қозғалысы өте төмен болады.)

1 бөлімде бейнеленетін активтердің элементтері есепті кезеңде көп рет өзгеріп отырады. Бұл элементтердің өтімділігі 2 бөлімдегі активтердің элементтеріне қарағанда жоғары болады. Ақша қаражаттарының өтімділігі бір бірлікке тең, яғни олар абсолютті өтімді болып келеді.

Баланстың пассиві белгілі күнге кәсіпорын құралдарының олардың қалыптастыру көздері, мақсатты тағайындалуы және өтеу мерзімдері бойынша құнды түрде бағасын көрсетеді.

Баланс пассивіндегі баптардың топтастырылуы заң белгісі бойынша беріледі. Алынған құндылықтар мен ресурстар үшін кәсіпорын міндеттемелерінің толық жиынтығы, ең алдымен, субъектілер бойынша: шаруашылықтағы меншік иелері мен үшінші тұлғалар (кредиторлар, банктер және т.б.) алдындағы міндеттемелерге бөлінеді.

Баланс пассивінің баптары міндеттемелерді өтеу (қайтару) мерзімділігі ең тұрақты бөлігі ретінде қысқа мерзімді пассивтер тұрады. Олардан соң ұзақ мерзімді міндеттемелер орналасады, және де соңында капиталдар мен резервтер орын алады.

Баланс кәсіпорын капиталы орналасуының тиімділігі, оның ағымдағы және алдағы шаруашылық қызметі үшін жеткіліктігін бағалау, қарыз алу көздерінің мөлшері мен құрылымы, сондай-ақ оларды жұмылдырудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Баланстық ақпаратты негізінде сыртқы пайдаланушылар бұл кәсіпорынмен серіктес ретінде іс жүргізудің пайдалылығы мен шарттары туралы шешім қабылдау; қарыз алушы ретінде кәсіпорынның несие қабілеттілігін бағалау; өздерінің салымдарының ықтималды тәуекелдері бұл кәсіпорынның акциялары мен олардың активтерін сатып алудың пайдалылығын бағалау мен және басқа шешімдер қабылдауға мүмкін береді.

Бухгалтерлік баланстың талдауы кәсіпорынның активтері, оның міндеттемелері мен меншікті капиталын бағалауды болжамдайды.

Пайдалар мен залалдар туралы есеп бұрынғы кезеңмен салыстырғанда есепті жылдағы қаржылық нәтижелер мен олардың динамикасын талдауға мүмкіндік береді. Бұл есепте қаржылық нәтижелерді қалыптастыру туралы ақпарат бар.
Есепте қосылған құн салығы, акциздер және басқа да міндетті төлемдерден ажыратылған өткізуден түскен түсім келтірілетіндігі оған тән болады.
Пайдалар мен залалдар туралы есепте келесі: тауарлар, өнім, жұыстар мен қызметтерді өткізудің өзіндік құны; коммерциялық шығыстар; басқару шығыстары келтіріледі.
Қаржылық нәтижелер туралы есеп кәсіпорынның пайдалылығын, өткізілген өнімнің пайдалылығы мен өнім өндірудің пайдалылығы көрсеткіштерін талдау, кәсіпорынның қарамағында қалатын таза пайданың мөлшері және басқа да көрсеткіштерді анықтау үшін ақпараттың ең маңызды көзі болып табылады.
№2 нысан кәсіпорынның қаржылық нәтижелері туралы ақпарат алуға мүмкіндік беріп, пайданы жұмсауды толығымен көрсетеді, сондай-ақ әр түрлі жеңілдіктердің есебімен кәсіпорын бюджетке жасайтын төлемдердің толық сипаттамасын береді.
Пайдалар мен залалдар туралы есепті талдау өткізудің көлемдері, кәсіпорынның шығындары, баланстық және таза пайданың мөлшерін бағалауға мүмкіндік жасайды. 
Капиталдың қозғалысы туралы есеп қызығатын пайдаланушыларға меншікті капитал мен резервтердің динамикасын бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп  - бұл ағымдағы шаруашылық қызмет сондай-ақ белгілі бір кезеңдегі инвестициялық және қаржылық қызметтер барысында ақша қаражаттарының келіп түсуі, жұмсалуы және өзгерістері бейнеленетін қаржылық есептіліктің құжаты. Бұл өзгерістер, есепті кезеңнің басы мен аяғындағы ақша қаражаттарының қалдықтары арасындағы өзара байланысты анықтауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп – бұл ақша қаражаттарының ағындары әдісінің негізінде түзілген қаржылық жағдайының өзгерістері туралы есеп. Ол, ақша қаражаттарының алдағы уақытта келіп түсулерін бағалау, кәсіпорынның өз қысқа мерзімді қарыздарын жауып, дивиденттерді жұмылдыру қажеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің мәліметтері бойынша инвестициялық және қаржылық қызметтері тұрғысындағы ақша қаражаттарының келуі мен кету динамикасын бағалауға болады.
Түсініктеме қағазы – есептіліктің бұл нысаны аналитик үшін, есептіліктің басқа нысандарына кірмеген кәсіпорын қызметінің маңызды элементтерін ашатындығымен пайдалы. Бұл жерде кәсіпорынның есеп саясатына қатысты деректер мен ұйымның қаржылық жағдайы, оның қызметінің қаржылық нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық түсініктеме қалыптастыру үшін пайдаланушыға қажет болатын басқа да мәліметтер ашылады.
Сондай-ақ түсініктеме қағазына кәсіпорында жүргізілетін қаржылық талдаудың мәліметтері бейнеленеді. Түсініктеме қағазынан пайдаланушы кәсіпорынмен қаржылық жағдайды жақсарту бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат алады.
Сонымен қоса, түсініктеме қағазында ұйымның қаржылық жағдайына елеулі әсерін тигізе алатын есепті күннен кейін пайда болған шаруашылық жағдайлар туралы дәлелдейтін есепті күннен кейінгі болған оқиғалар туралы ақпарат бейнеленіп, мұндай оқиғаның қысқаша сипаттамасы беріліп, оның нәтижелері бағалануы тиіс. Бұл оқиға есепте, демек, бухгалтерлік есептілікте де бейнеленбегендіктен қаржылық есептіліктің аналитигі не басқа да пайдаланушыға, түсініктеме қағазымен таныса келе, болжамды бағаларда бұл оқиғаның әсерін есепке алып, бухгалтерлік есептіліктің бұл нысандары негізінде жасалған тиісті қаржылық көрсеткіштер мен талдамалық бағалардың дәлелдемесін анықтау өте маңызды.
 
Подпись: Өтімділік пен төлем қабілеттілікті талдауПодпись: Қаржылық орнықтылықты талдауПодпись: Қаржылық нәтежиелер мен тиімділікті талдауПодпись: Іскерлік белсенділікті талдауПодпись: Банкроттық ықтималдылығын талдау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сурет – Кәсіпорынның қаржылық қызметі талдаудың жүйелігі және өтімділік, төлем қабілеттілік пен қаржылық орнықтылық көрсеткіштердің есептелуін талдаудың ұсынылатын нысандары

 
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау отандық экономикалық теория мен тәжірибедегі белгілі шамада жаңа құбылыс болып табылады. Бұл қажеттілік бірінші кезеңде халықаралық есепке көшумен себептеледі.
Есепті кезеңдегі кәсіпорын қызметінің басты қорытындылардың бірі, алынған пайданың (шығыстарға, қаражаттардың салынуына), оның алынуына қатысты шығындарға болған қатынасы ретінде есептен шығарылатын пайдалылықтың (қаржылық  табыстылықтың) көрсеткіштері болып табылады 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңы» 2008 жыл, 27 ақпан, №234.(№101 10.10.2008 өзгертулермен және толықтырулармен)

2. Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есеп теориясы мен тәжірибесі. Оқу құралы. Алматы. «Экономика.», 2008, 832 бет.

3. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Қаржылық есеп. Алматы, «Экономика», 2005 жыл