История/2.Общая история

 Елманова А.М.,«Тарих»мамандығының4курсстуденті

Ғылымижетекшісі:ЕралинаА.Е.,ағаоқытушы

А.БайтұрсыноватындағыҚостанаймемлекеттікуниверситеті

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қостанайдағы кәсіпорындар тарихынан.

     1941—1945 жылдары республика алдына айрықша қиын, кезек күттiрмейтiн және бiр-бiрiмен байланысты мiндеттер қойылды. Бұл КСРО-ның батыс аудандарынан көшiрiлген өнеркәсiп орындарын қабылдау, оларды тиiстi жерлерге тездетiп орналастыру, өнiм өндiрудi кiдiрiссiз жолға қою болатын. Экономиканы түгелдей соғыс жағдайына бейiмдеу, өндiрiс қуаттарын үнемi арттыру, майданды барлық керектi заттармен қамтамасыз ету қажет болды. Республика бұл мәселелердi ойдағыдай шештi. 1941 жылдың 4-тоқсанында және 1942 жылдың басында Орта Азия мен Қазақстанға көшiрiлген 250 кәсiпорынның жартысынан астамы [15]. Қазақстанға орналастырылды. Көшiрiлген және жаңадан салынған зауыттар мен фабрикаларды iске қосу нәтижесiнде жұмыс iстеп тұрған негiзгi қорлардың өндiрiстiк қуаты бiршама артты. Жаңа өнеркәсiп салалары пайда болды, олар: қара металлургия, мұнай өндіру, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, станок жасау, кен және шахта жабдықтарын өндiру, сығымдағыш-автомат шығару, шағын литражды моторлар, прокат, құбырлар, сымдар, жасанды талшық жасау, т.б. мата, жүн иеру, тоқыма заттар, шұлық, метиз-фурнитура, айна, кондитер, жемiс-консервi, темекi және шай өлшейтiн өндiрiстер жұмыс iстедi.

Мұрағаттық деректерге қарасақ,1941 жылдың аяғында Қостанайға алғашқы өнеркәсіп орындары келді. Большевичка тігін фабрикасы Қостанайға 1941 жылы 13 қазан айында қоныс аударды, фабриканы жаңартуға 92 мың сом жұмсалды. Фабриканы қайтадан қалпына келтіру қуатынынан 13 %-ға төмендеді [1].

  1942 жылы 25 ақпанда Қостанай қаласының  майдан іргесіндегі аудандарға 6 өнеркәсіп кәсіпорындары көшірілді. Соның ішінде бірінші рет «Большевичка» фабрикасы Украинаның Херсон қаласынан 1941 жылғы 4 шілдеде КСРО Халық комитетінің Лукинаның №520-ші  бұйрығымен Қостанай қаласына жеңіл өнеркәсібі келіп орналасты. Осы жылы Херсон қаласына немістер өте жақын  келген еді. Жау әскері қаланы үздіксіз бомбылады. Қиын жағдайда осы кәсіпорын мекен ауыстыруға мәжбүр болды.

Бірақ келген Қостанайдың өзінде қиыншылықтар көп еді. Қиын жағдайлардың бірі; көшіріліп келгеннен кейін жаңа кадр мамандарын даярлау болды,  яғни білікті мамандарды қажет етті: тігін машинасының механигі, киім пішуші, бақылаушы және тағыда басқалар. Ұлы Отан соғысы қарсаңында фабрика ауыр жағдайды бастан кешті.Тігін фабриканың кадр жұмысшыларының үлкен қайсарлық, сабырлық көрсетіп, бірайлық жұмысты ақылға симайтындай 3 күнде бітірді. Осы уақыт ішінде ондағы өндірілген жабдықтармен басқа да қазына-мүлік материалдарды толық Қостанай қаласына толық жеткізілді. 5 – 10 қыркүйек арасында Қостанай қаласына фабрикамен көшірілген жұмысшылар, инженер және техниктер саны 154 адам, сонымен қоса жанұялылар  саны – 173 адам [2].

    КП ОК шешімімен Николаев облысынан Тобыл қаласындағы «Петровск» атындағы №3 балалар үйінен ата-ана қамқорлығынан айырылған 1923-1927 жылы туылған 60 қызды 1940-1941 жылдары Херсон қаласынадағы фабрикаға жіберді. Қыздар жылы және аяқ киімсіз Қостанай қаласына фабрикамен бірге көшіп келді.

    Фабриканың алып келген материалдары мен жабдықтарының ішінде әртүрлі маркалы 223 тігін машинасы, оның ішінде: 31 сыныпты «Унион», «Зингер», «Госшвеймашина» фабрикаларынан 175 тігін машинасы, әртүрлі 16 сыныпты фабрикадан 10 машина, 15 сыныпты 18 машина, түйме және ілгіш тігетін 19 арнайы машиналар, бір  бүрмелеу машина, 119 шойын станинасы, 32 электромотор, 33 ажыратқыш, ара бауы, кесетін машина және т.б. келді. Фабрика өзімен бірге қосалқы қордан: түймеден – 76 мың дана, машина инесі – 1900 дана, қол ине – 6400 дана және әртүрлі жіп орауыштан – 32 мың дана әкелінген еді. Барлық шикізаттан 10 мың метрлі жұмсақ түкті мата, бөз сатинасы болды Қостанайға жеткізілді.[3]

  Көшіп келген фабрика жұмысшыларының ең алдымен орналастыру қажет еді. Сондықтан оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету ойластырылды. Қостанай облыстық атқару комитетінің Кеңес және еңбек бюросының «Эвакуацияланған тігін фабрикасын орналастыру» қаулысы бойынша, тігін фабрикасына, комсомол қалалалық комитеттің және облыстық жол бөлімінің  ветеринарлық зертханасының жер бөлімінің қора – қопсы құрлысымен 2 күн ішінде босату ұйғарылды. Бұл ғимараттар 15 қыркүйекте толық босатылып,  Аль-Фараби  даңғылында орналасқан еді.
Сонымен, қиындыққа қарамастан Қостанайда алғашқы өнеркәсіп орындар ұйымдастырыла бастады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Кустанай: вчера, сегодня, завтра.- Алма – Ата,Казахстан,1979.

2. Қостанай  облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан және тылбірлігі (құжаттар мен материалдар жинағы).Қостанай. 2010ж.; ҚОММ қ.72,т.6, іс 34, 27-28 п.

3 .ҚОММ қ.268 .т.1, іс 519.77 п. Түпнұсқа.