История /Всеобщая история

Шахметова А.,«Тарих»мамандығының4курсстуденті

Ғылымижетекшісі:ЕралинаА.Е.,ағаоқытушы

А.БайтұрсыноватындағыҚостанаймемлекеттікуниверситеті

Қостанай  өңіріндегі 1920-1930 жылдардағы мәдени өзгерістер

 

      Қостанайда 30 шамасыңда мәдениет мекемелері бар. Олардың ішінде — орыс және қазақ драма театрлары, кинотеатр, филармония, екі мұражай. Өлке тану мұражайдың ауласында адамның жан толғанысына әсер ету күші бойынша бірегей ескерткіші бар -Қостанайдағы Ату деп аталатын, октардың іздері қалған қабырға. Оның жанында 1919 жылдың сәуірінде колчактілер қостанайлық  көтерілісшілердің жаппай көпшілік атуын жүргізген.

Қаладан 7 километр жерде, Тобыл өзенінің оң жағасында Ыбырай Алтынсариннің бейіті бар, оның ынтасы бойынша XX ғасырдың басында облыста бірінші орыс-қазақ мектептері ашылды. Мазардың қасындағы ағаш ленталармен шұбарланады, онда келушілер тілектерін ойлап, киелі жерде қалдырады.

1879 жылы негізі салынған кішкентай елді мекеннен Қостанай 200 мыңнан астам халқымен қазіргі заманғы қалаға айналды. Оның аумағында 100 шамадай ұлттар мен халық тату-тәтті тұрады, олардың өзіндік шығармашылығымен Достық Үйінің көрме залында танысуға болады. Ол сәулет өнерінің ескерткіші болатын ғимаратта орналасқан.

1918 жылдың мамыр айында Халық Ағарту комиссариатының құрамында ескерткіштерді қорғау мәселесіне жетекшілік ететін музей бөлімі құрылды. Қазақстанда музейлердің құрылуы мен дамуы өзіндік сипатта және күрделі жағдайда өтті. 1918-1920 жж болған азамат соғысы, өзара тартыс пен күрделі саяси-экономикалық жағдайлар музейлердің құрылуы, жұмыс істеу сипатына әсер еткені белгілі.

1918 ж. Халық ағарту комитетінің құрамында арнаулы музей ісі, ескерткіштерді қорғау бөлімі құрылды. Олар жер-жерлерден көркем, тарихи құнды заттарды іздестіріп, маңызын анықтап, есепке алды. Жаңа музейлер құруға ықпал жасады. Құнды жәдігерлерді жинау өте қиын азамат соғысы кезінде, аштық, ауыр экономикалық қиын жағдайда жүргізіліп, жұмыс жасалды.

1918 ж. мұражай ісін басқару құрылымында ерекше бөлім – Мемлекеттік музей қоры құрылды. Ол мұражайлық маңызы бар жеке заттар мен коллекцияларды сақтау, инвентарлау, бөлумен айналысты.

1920 жылы «Қырғыз (Қазақ) АССР-ін құру туралы» декретке қол қойылғаннан соң, 1920 жылы 31 тамызда Қырғыз (Қазақ) Халық ағарту комиссариаты мен Орынбор губерниялық халық ағарту бөлімінің біріккен Кеңесінде Орынбор Өлкелік музейінің Қырғыз халық ағарту комиссариатының қарамағына беру мәселесі қаралды. [1]

1920 ж. 26 тамызда Жалпы ресейлік атқару комитеті мен РКФСРО Халық комиссариаты Қырғыз (Қазақ) социалистік Кеңестік Автономиялық Республикасының құрылуы туралы декрет қабылдады. Қазақстанда мұражайлардың  құрылуы мен өркендеу процесі қиын жағдайда өтті. 1920 ж. 30 тамызда Қырғыз (Қазақ) АССР-ін құру туралы декретке қол қойылғаннан соң Қырғыз (Қазақ) Халыққа білім беру Орынбор губерниялық бөлімі өкілдерінің мәжілісінде Орынбор өлкесі музейін Қырғыз (қазақ) халық-ағарту комиссариатының қарамағына беру мәселесі қаралды. Музей және ғылыми-ағарту қоғамдары 1917ж. кейінгі он жылда он есеге ұлғайды.

1921 жылы 7 ақпанда ҚАССР Халық ағарту комиссариаты «Көне ескерткіштерді қорғау туралы» бұйрық шығарды. Жергілікті жерлерде көне ескерткіштердің қазылып, талан-таражға салынуына тыйым салынды. Дегенмен бұл өте қиын мәселе болды және мұны өлкетанушылар қолдады. 20-шы жылдары аудандық, аймақтық, облыстық өлкетану бюроларының жанынан өнер, тұрмыс, көне ескерткіштерді қорғау комиссиялары құрылды. Өлкетанушылар жергілікті баспасөз беттерінде мақалалар жариялар, баяндамалар жасады, материалдық мәдениет туындыларының көрмелерін дайындады. Мұндай іс-шаралар көпшілік қауымның тарих пен мәдениет ескерткішіне деген назарын аударуға көмектесті. [2]

1922 жылы Республиканың Халық Ағарту комиссариаты Орталық Өлкетану музейі туралы қарарды бекітті. Бекітілген құжатта музей қазақ халқының рухани өмірін бейнелейтін барлық заттарды жинап, сақтауға, жиналған материалдарды көрсетуге, губерниялық музейлермен тығыз байланыста болу қажеттілігі айтылады. Осы кезеңдерде табиғатты, шаруашылық тарихымен, тұрмыс пен мәдениетті зерттеу, оларды тұрғындар арасында насихаттаумен тарихи-өлкетану музейлері айналысты.

        1926 ж. Мәскеуде мұражай қызметкерлерін қайта даярлау курстары ашылды. 1927 жылы Қазақстанда тоғыз өлкетану музейі жұмыс жүргізді. Олардың қатарында 1883 жылы құрылған Семей, 1915 жылы құрылған Қостанай, Орал, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Жетісу, Шымкент, Қазақстан Орталық тарихи-өлкетану музейлері болды. Қазақ халқының тарихы, этнографиясы мен мәдениетіне қатысты экспонаттар, яғни барлық экспонаттардың үштен екісі Орталық музейдің дербес қорына жинақталды. Экспонаттарды бөлу 1927 жылы аяқталды.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ғылыми-зерттеу және бос уақытты мәдениетті өткізу мекемесі, аймақтық әдістемелік орталық болып табылады. Мұражайдың Меңдіқара ауданы Боровской кентінде, Жітіқара ауданының Тоқтаров кентіндегі секторымен бірге Жітіқара қаласында филиалдары бар. [3]

Мұражай 1915 жылы 1 тамызда ашылды. Өлкеміздегі революциялық оқиғалар мен азамат соғысының тарихы бойынша қарулар жиынтығы мен фотоқұжаттар қорының негізі 1925 жылы қаланды. 1936 жылдың 1 шілдесінен бастап мұражай облыстық мәртебе алып, экспозициялық-көрмелік жұмыс белсенді жүргізілді. 1930-1940-шы жылдары аймақтағы ғалымдардың, өлкетанушылардың, геологтардың, археологтардың қарқынды жүргізген зерттеулері қор жиынтығының жүйелі қалыптасуына жол ашты.

Мұражайдың қазіргі экспозициясының негізгі бөлімдері: «Өлкенің ежелгі тарихы» археология залы, «Өткеннің тылсым тіршілігі» (2008 жылы ашылды) палеонтология залы, «Қостанай облысының табиғат байлықтары», «Туған жер тарихы», «Өлке халықтарының мәдениеті мен тұрмысы», «Қостанай қаласының тарихы», «Қостанай облысының тарихы», «Қостанай облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» (екі зал), «Қостанай жерінің мақтаныштары» (2008 жылы ашылды) залдары, сонымен қатар мұражайдың көрме залы.

1927 ж. Орталық Өлкетану музейінің директоры болып А.Махонин тағайындалды.1928 ж.15 наурызда музей кеңесінде экспонаттарға байланысты мәселелер қаралды. Республиканың жаңа астанасына музей 1929 жылы ауыстырылды. 1927 ж. 2 наурыздағы Халық Комиссарлар кеңесінің қаулысына сай Республика астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. Бұл салада, музей қорын Орынбордан Алматыға көшіріп, орналастыруда, 1927 жылдан музей директоры болған А.С.Махонинннің еңбегі ерекше болды. Осыған сай Қазақстан Орталық Өлкетану музейі, музейдің тәжірибелі мамандары А.Четыркина, П.Зарецкий, П.Рыжков, Г.Мотылев, И.Костиков, т.б. Алматыға көшірілді. 1929 ж. шілдеде Қазақстан Орталық Өлкетану музейі Алматыға көшіріліп, 13 шілдеде музей кеңесінің отырысы Қазақстан Орталық Өлкетану музейін Қазақстанның орталық музейі деп атауға шешім қабылдады [4,128 б ]. 1929 ж. музейде жергілікті жануарлар және өсімдіктер дүниесін бейнелейтін мол экспонаттар жиналды. Музей директоры А.Махонинмен, ғылыми қызметкерлер жануартану, өсімдіктану саласы бойынша 3 мың экспонат жинады. 1930 жылы «Қазақстан Орталық музейінің Жаршысының» бірінші саны Қазақстан музейлері, басқа республикалар музейлері арасындағы байланысты нығайтты. Басылым музейлердегі ғылыми жинастыру, зерттеулерді жүргізуде бірлесуге шақырды.

Қазақстандағы Өлкетанушы қоғамдарының жұмысы кең қанат жайып, өлкені жан-жақты зерттеуге ден қойды. Осы ұмтылыстардың нәтижесі Қазақстандағы өлкелік музейлердің ашылуының бірден-бір түрткісі болды деуге болады. Өлкетанушылардың жинаған материалдары музейлердің ашылуына үлкен мүмкіндіктер берген еді. 1927 ж. Үшінші Бүкілресейлік Өлкетану конференциясында «музейсіз, музейлер торабынсыз өлкені тану, білу мүмкін емес» деген тұжырымдар айтылды. [5]

 Аталмыш музейлердің біртекті құрылымы мен экспозицияларының ұстанымдарын жүйелеу мәселелерін шешу қажеттігі болды. Сол кезеңдегі белгілі идеологиялық көзқарастар мен саяси көзқарастардың талаптары бұл мәселенің шешуінде белгілі қиындықтар туындатты.

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. ІҮ том. «Ғылым» баспасы». – Алматы, 1981. — 676 бет.

2.Жұртбай Т. Ұраным Алаш. – Алматы: «Ел-шежіре», 2008. 472 б.

3. Шоқай Мұстафа, 1917 жылғы естеліктерден үзінді // Түркістанның қилы тағдыры. А„ 1992, 141, 142, 143-6. Алаш-Орда. Сборник документов, А., 1992, 138-6. Нурпеисов К. 14.Алаш и Алашорда (на каз. языке). А., 1995, 156-6.

4.Бөкейханов А. Шығармалар. А., 1994.

5.Алаш-Орда. Сборник документов, А., 1992, 138-6.