Бала - отбасының берекесі,
ұрпақ жалғасы, мемлекет болашағы. Баланың
құрсаққа бітуінің өзі бір қуаныш
болса, оның өмірге келуі, тәтті қылықтары,
үлкейіп, азамат болғанын көру бір бақыт. Баланың
баласы немерені сүю барлық ата-ананың арманы. Отбасының
көркеюі, өркендеуі - адам баласына Аллаһтың берген
үлкен сыйы.
Өкінішке орай, қазір
қоғамда кейбір ата-аналар өмірге келген балаларына
қуанып, ұлан асар той жасап жатса, келесі бойға біткен
баласын жасанды жолмен түсіріп, өз қолдарымен өлтіруде.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде «......Аллаһтан қорқыңдар,
балалардың арасында әділетті болыңдар» (Қ.
Бағашар Ала жіпті аттама. Алматы, 2012. 46-бет) деп, балалардың
бәріне бірдей қарауды дініміз насихат етуде. Ислам
дінінде дүниеге келген бала
жақсы тәрбие, білім алуға құқылы болса,
құрсақтағы бала өмірге келуге
құқылы. Оның өмірге келуі Аллаһ
Тағаланың қалауы болса, оны қасақана
өлтіруге кімнің қақысы бар? «Жасанды түсік
жасатамын» деп артынан бұл ойынан бас тартқан ата-аналар да
жоқ емес. Бала өмірге келгеннен кейін оның тәтті
қылығын көріп, бұл баланы қалай өлтіре
жаздағандары естеріне түсіп, өз ойларынан өздері
түршігіп кеткендерін жасырмайды.
Кейде жанұяның
қаржылық тапшылығы немесе баспананың жоқтығы осындай
іс-әрекетке мәжбүрлеуі мүмкін. Ислам дініне дейін,
тіпті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманында да бұндай
жағдайлар орын алған болатын. Құран Кәрімде. «Бір
де кедейшіліктен қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер.
Біз оларды да, сендерді де қоректендіреміз. Расында оларды өлтіру
зор қателік» (Исра, 31), деп
Аллаһ Тағала адам өміріне балта шабуға қатаң тыйым салған.
Жасанды түсік жасату қазір
бойдақ қыз-келіншектердің арасында көп кездеседі. Ойнап
жүріп от басқан жас қыз
келіншектер өз абыройларын ойлап, кінәсіз баланы
құрбан етуде. Бір күнәнің арты екінші
күнәға жетелейді демекші, ұрлық жасаған
адам ұрлап бір күнә істесе, оны «алмадым» деп өтірік айтып, екінші күнәні жасайды.
Сол сияқты, некесіз қосылып бір күнә жасаса, бойына
біткен баладан құтылмақ болып екінші күнәға
барады.
Құрсақтағы баланың өмірі оның
ана жатырына түскен кезден бастап жарық дүниенің есігін
ашқанға дейін жалғасады. Осы кезде бала мына
хақтарға ие болады: өмір сүру
құқығы, ата-тегін айқын білу
құқығы, өсиет арқылы немесе сыйға
тарту етілген нәрсеге ие болу құқығы. Егер бала
аман есен туылса, осы хақтарға бірден иеленеді. Ханафи
ғалымдарының көзқарасы бойынша жатырдағы
балаға тиесілі дүние-мүлік сенімді кісігі тапсырылады.
Бірақ бұл дүние-мүлік тек қана
қорғауға алынып, арттыру көзделмейді. Жатырдағы
сәби үшін уәли , яғни жанашыр белгілініп,
дүние-мүлік соған аманатталады.
Құрсақтағы сәби жан бітпеген кезде болса да
адамзаттың санатына жатқызылып, Ислам діні тарапынан
қорғауға алынып, маңызды себеп болмайынша
әдейілеп түсіруге болмайды. (Ш. А. Әділбаева. Исламда отбасы.
Алматы, 2013. 196- бет).
Төртінші
айдан, яғни бала көтергеннен аттай жүз жиырма күн
өткен соң себепсіз түсік тастаудың харам екендігіне
қатысты ғалымдыр арасында ауызбірлік бар. Бұл сонымен
қатар түсікке қатысты құн төлейтін
қылмыс болып саналады. Өйткені бұл жерде денеде жаны бар бір
адамды өлтіру деген сөз.
Әйтсе де
ғұлама Зуһайли баланы көтерген сәттен бастап
түсік тастаудың дұрыс еместігін және оның да қылмыс екендігін алға
тартады. Ал бала көтерген әйел тек әлде қандай себебі
болса ғана, түсік тастай алатынын айтады. Мысалы: айықпас
дерт, жұқпалы ауру не болмаса омыраудағы баласы болып
сүт ананы таба алмаса, немесе сүт ана тапқан күйде де
әкесі сүт анаға ақысын өтей алмаса т.б.
осыған ұқсас жағдайлар үзірге жатады.
Ғұлама Зуһайли: «егер әдейі себепсіз
алғашқы күндерде-ақ түсік тастайтын болса, онда
бұл баланы тірі көмгенмен бірдей» деген Имам Ғазалидің
пікіріне қосыламын дейді. (Ата әс-Сынбати, Мұхитдин Исаұлы, Отбасы ғылымхалы,
Алматы, 2011. 234 бет) Ханафилер бойынша әлі
баланың дене бітімі жаралмаған болса, онда бұл кезеңде себебіне байланысты
түсік тастауына болады. Олар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
«құрсақтағы балаға жүз жиырма күннен
соң рух үрленіп жан бітеді» деген хадисіне сүйенеді.
Бұл кезеңге дейін ұйыған қан болса да адам емес.
Сондықтан себепсіз осы уақыт аралығында түсік тастау
мәһрүк амалға жатады. Егер себепсіз түсік тастаса,
онда күнәһар болады. Жоғарыда айтылған себептер
осыған жатады.
Мәликилер бойынша, қырық күннен бұрын
болса да түсік тастау харамға жатады. Сондай-ақ,
қырық қүннен бұрын түсік тастауды мәкрүһ
дегендер де бар. Егер балаға жан бітсе, онда түсік тастау
харамға жатады. Олар балаға жан біту қырық күннен
кейін болады деген хадисті негізге алады.
Шафиғилар бойынша, бала
көтергеннен бастап алғашқы қырық күн
аралығында себепсіз түсік тастау - мәкрүһ болумен
қатар мүбаһ. Бірақ мұның ерлі-
зайыптылардың ризалығы болуы және сонымен қатар бала
көтерген әйелдің зиян шекпеуі қажет. Ал
қырық күннен соң себепсіз түсік тастау
сөзсіз харамға жатады.
Ханбалилер болса,
бұлардың көзқарасы Ханафилердің пікірімен
бірдей. Ғұламалар себепсіз
түсік тастағанда әйелді бедеу қылатын барлық іс
әрекеттердің харам екендігін айтады. Бұл баланы тірідей жерге
көмгенмен бірдей. Алайда ұрпағына жалғасатын
қауіпті дерт болатын зәру жағдай бұл
қағидадан бөлек екендігін айтады. Мұнда
жамандықтың алдын алу бар. Сондықтан ауыр
науқасқа шалдыққан әйелдің бедеу
қалуына кедергі жоқ. (Ата әс- Сынбати
М. Исаұлы. Отбасы
ғылымхалы. Алматы, 2011. 235-236 беттер). Ислам дінінде жасанды түсік тастау
үлкен күнә болып саналады. Егер жүктілік немесе босану
болашақ ананың өміріне қауіп төндірсе немесе осы
секілді маңызды себептер белгілі болса,
жүктіліктің қай кезеңінде болса да жасанды
түсік жасатуға рұхсат беріледі.
Жасанды
түсік жасату 19 жастан соң өседі және 20-24, 25-29 бен
30-34 жас тобындағы әйелдерде шамамен бірдей дерлік деңгейде
сақталады.Қазақстанда жасанды түсіктерді жиынтық коэффициенті бір әйелге шаққанда 0,26
құрайды, ал жасанды түсіктердің жалпы коэффициенті 1000
әйелге шаққанда 6,9 құрайды. Елімізде 36,7 пайыз
жағдайда жасанды түсік жасату жөніндегі шешімді қабылдаушы
адам әйелдің өзі болып табылады. Сонымен қатар,
әрбір үшінші әйел (31,2) медицина қызметкерінің
шешімінің ықпалында болса, әрбір төртірші респондент
әйел (26,3) мұндай шешімді күйеуімен немесе серіктесімен
бірге қабылдайды.(Көптеген
көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеу 2010/2011. Астана, 2012.
137-бет). Сонымен қатар, 15 жасар
қыздардың да жасанды жолмен түсік жасататыны жайлы
статистикалық деректер бар.
Кейде жасанды түсік жасату сәтінде
жатырдың тесілуі, қан кету және басқа да жасанды
түсіктің асқынуы сияқты жағдайлар орын алуы
мүмкін. Ал мұның арты бедеулікке әкеп соғуы
ықтимал, яғни жасанды түсік жасату ана өміріне немесе
оның болашағына қауіп
төндіреді.
Қазір
жоспарланбаған бала көтеруден құтылудың жолдары
деп жастарға түрлі әдістерді (арнайы қап кию,
дәрі ішу т.с.) ұсынуда. Алайда бұл тығырықтан
шығудың жолы емес. Балаға
жанұяда кішкене кезінен бастап үлкен күнәлар
туралы түсініктер беріп, жақсы мен жаманды айыруларына бағыт
бағдар көрсетіп отыру ата ананың борышы. Балаға
берілетін діни тәрбие аталған қоғамдық
қасіретті алдын алып, баланың күнәға батуына жол
бермейді. Сол үшін отбасындағы тәрбиені күшейтіп, балаларымызды тозақ отына
түсуден сақтайық!
Қорытынды
Әлемдік
діндердегі отбасылық құқық туралы салыстырмалы зерттеу жұмысын жүргізу барысында Будда, Христиан,
Ислам діндеріндегі неке мен оның
маңызы, әрлі зайыптылардың, ата аналар мен балалардың
өзара құқықтары мен міндеттерін
қарастырдық. Осы тақырыптарға байланысты әлемдік
үш дінде көтерілген мәселелердің ұқсас
жақтары мен айырмашылықтарына тоқталамыз. Қазіргі
уақытта қоғамның айықпас дертіне айналып
отырған мәселелерді әлемдік діндер бұдан бірнеше ғасыр бұрын талдап,
болашақ ұрпақты оның зияндарынан қорғау
мақсатында сол күнәлі
істерге өзілді кесілді тыйым салған. Қоғамдағы
адамдардың зайырлы өмір сүрулері үшін отбасындағы
тәрбие жүйелі тәртіпке қойылып, оның орындалуына
үлкен мән берілген. Әлемдік үш діндегі отбасы өміріне қажетті
мәселелер төмендегі тақырыптардан көрініс тапқан:
1. Некенің маңыздылығы, тұрақтылығы,
құндылығы туралы көзқарастары;
2. Жанұя мәселелеріне қатысты жасанды жолмен түсік
жасатуға, зина жасауға, мас қылатын ішімдіктерді ішуге, ерлі
зайыптылардың бір біріне дөрекілік танытып, қорлауына, арам
жолмен нәпақа табуға тыйым салуы;
3. Ерлі зайыптылардың бір
бірінің алдындағы құқықтары мен міндеттері,
ата ана мен баланың міндеттері мен құқықтары
туралы өсиеттер жанұяның тыныштығы мен беріктігіне
бағытталуы;
4. Баланы адамгершілік қасиеттер
мен адами құндылықтарды басшылыққа ала отырып
тәрбиелеу, білім алуына, бақытты отбасында өмір сүруіне
жағдай жасау мәселелерін басты орынға қоюлары;
5. Адам баласының істеген күнәсі үшін жазасыз
қалмайтындығы, күнә жасаудан сақтандыру жолдары;
6. Адамның ішкі тазалығының, жан дүниесінің
сұлулығының, көркем мінез
құлықтың, адам бойына лайық жақсы
қасиеттердің дәріптелуі;
7.
Қорытынды
талдау кезінде діндердің
ұқсас жақтарымен қатар өзара ерекшеліктеріне сыни
тұрғыдан да шолу жасамақпыз. Мысалы, Будда діні дүниелік ләззаттан бас тартып,
қиындықтарынан құтылу жолдары, Нирвана дәрежесіне
жету, медитаия түрлері туралы жан жақты қарастырады.
Отбасылық өмірді тәрк етіп, монахтық
(монахинялық) жол Будда
дінінің басты бағыты болып есептеледі. Будда іліміне арналған
кітаптардың көпшілігі монахтар мен монахинялардың өмір
сүру ережелері мен монастыр тәртібіне, Сегізқырлы Жолдың ізімен Нирвана дәрежесіне
жету, медитаия сияқты тақырыптарға арналады. Алайда, отбасындағы бала тәрбиесі, ажырасу,
мирас туралы мәселелер жайында жазылған кітаптар жоқтың
қасы. Аталған мәселелер туралы деректерді V-VI
ғасырларда өмір сүрген, Будда дінінің негізін салушы
Будда Шакьямунидің өсиеттерінен табуға болады. Бұл
өсиеттерде адамгершілік
қағидалар, ескертулер, ақыл ой, қайғы,
зұлымдық т.б. тура жалпылама айтылып, философияға
негізделеді. Будда дінін ұстанушы миряндықтар (қарапайым
буддистер) осы өсиеттерден қажетті мағлұматтарды ала
отырып, бала тәрбиесіне, өзін өзі тәрбиелеуге,
адамдармен, отбасы мүшелерімен қарым қатынас кезінде
ұстанады. Ал, ерлі зайыптылардың ажырасулары кезіндегі
олардың құқығы, ажырасу үкімдері,
бұндай жанұядағы баланың
құқығы, балаларға бөлінетін мирас
көлемі сияқты мәселелер қарастырылмаған.
Христиан дінін
ұстанушылар жанұяға байланысты ақыл кеңестерді
Таурат пен Інжіл жазбаларынан
және канондық ережелерден алады. І
Жасанды жолмен
түсік жасау әлемдік үш дінде де мақұлданбайды.
Будда дінінде адам тұрмақ
жәндікті өлтіруге қатаң тыйым салынса, жасанды
түсікке Христиан (Мәсиһи) діні де қарсы.Үзірлі
бір себебі болмаса, бойдағы баланы өлтіру үлкен адамды
өлтірумен тең деп санайтын Ислам діні де бұл
күнәні жасаған адам қатаң жазаланатынын
ескертеді. Ал қазіргі статистикалық зерттеулер бойынша жүз
әйелдің
өз бойындағы шара
.