БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ РЕФЛЕКСИВТІ ҚҰЗЫРЕТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Ғылыми жетекші: п.ғ.д., профессор Асанов Н.А.

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»

мамандығының 2 курс магистранты Жуасбай А.С.

 

            Қазіргі таңда сапалы маман даярлау мәселесі өзекті болып отыр. Өз ісінің маманы болу – әр маманның кәсіби міндеті. Сондықтан да әр білім алушы «мен болашақта өз ісімнің шебері боламын» деген мақсат болу керек. Мұндай позициядағы білім алушы қоғамымызға пайдасын келтірері сөзсіз. Осы мәселені шешуде болашақ маман даярлаудағы рефлексивті құзыреттіліктің орны ерекше деп есептейміз.

Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге  қолдана алу қабілеттілігі.

Құзыреттілік теориясы  В. Шепель Г.В. Вайлер, Дж.Равен, Ю.В. Койнов, В.А. Кальней, Я.И. Лефстед, Н. Розов, И.Я. Зимняя, А.К. Маркова, В.В. Сериков, А.В. Тихоненко, А.В. Хуторской, В. Чинапах т.б., қазақстандық ғалымдар Қ.Қ. Жампейсова, Ү.Б. Жексенбаева, К.С. Құдайбергенова, Л. Қалабаева, Г.Құлжанбекова, А.О. Серикбаева т.б. еңбектерінде негізделген. Осындай зерттеуші ғалымдардың бірі В. Шепель құзыреттілік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-тәжірибелік дайындық ретінде анықтама береді.

Ғылыми білімнің түрлі аймағында рефлексия феномені генезисі салыстырмалы талдау жүргізе отырып, педагогтың кәсіби іс-әрекетінде «рефлексия» түсінігін зерттейміз. Психологиялық әдебиетте бұл түсінік түрлі анықтамаларға ие. Рефлексия педагогтың кәсіби іс-әрекетінде кәсіби өзін-өзі танудың құрамды бөлігі ретінде (Н.В. Кузьмина, Я.А. Коломинский, Г.С. Сухобская, С.Г. Вершловский, А.Д. Алферов, О.А. Полищук, Б.Д. Брагина және т.б.), педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің элементі ретінде (Е.Н. Шиянов, И.Б. Котова, Л.М. Митина, Ю.Н. Кулюткин және т.б.),  тұлғалық (М.А. Вислогузова, Ф.Б. Сушокова, Т.Н. Щербаков, т.б.) және кәсіби даму ретінде (А.К. Маркова, Н.В. Кузьмина, А.А. Реан, Е.И. Рогов, М.В. Кларин, И.П. Раченко, Н.Ю. Постилюк, т.б.) болуы мүмкін. Төмендегі кестеде олардын сипаттамаларына толығырақ тоқталамыз.

 

Кесте – 1. Психологиялық-педагогикалық зерттеу жүйесінде рефлексия мәселесіне түрлі анықтама беру тұрғысынан салыстырмалы сипаттама.

I.         Субъектілік-тұлғалық аспект

 

Негізгі тұғыр

Тұжырымдама авторлары

1

2

Тұжырымдама мазмұны

Өзіндік рефлексивті тұғыр

М.А. Вислогузова, Ф.Б. Сушкова және т.б. 

Өзіндік рефлексия ЖОО оқытушысының өзін-өзі жүзеге асыруының ішкі тұлғалық жағдайы ретінде қарастырады. Ол аналитикалық-рефлексивті, конструктивті-болжамдық, ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік, бағалаушы-ақпараттық және түзетуші-реттеушілік міндеттерді шешудің тәсілдерін тануға студент көзқарасы тұрғысынан оқу-тәрбиелік жағдайларды қабылдауға бағытталған. Өзіндік рефлексия студентті педагогикалық процестің объекті ғана емес, сондай-ақ субъектісі ретінде қарауға, субъект-субъект өзара қатынасының мәнін түсінуге көмектеседі. Өзіндік рефлексияда педагогикалық рефлексияның трансформациясы кәсіби мәдениеттің жоғары  деңгейін, педагогикалық іс-әрекетке деген саналы, шығармашылық қатынасын көрсетеді.

1.      Тұлғалық тұғыр

Т.Н. Щербакова

Тұлғалық рефлексияға педагогтың өзінің кәсіби стереотиптерін тасымалдаушы және жүзеге асырушы ретінде критикалық түрде түсінуін жатқызуға болады.

 

 

 

II.      Кәсіби-педагогикалық аспект

 

Іс-әрекеттік тұғыр

И.Б. Котова, Ю.Н. Кулюткин,Л.М. Митина, Г.С. Сухобская, Е.Н. Шиянов

Рефлексия іс-әрекет тұрғысынан қарастырылады. И.Б. Котова мен Е.И. Шияновтың «Педагог: прфессия и личность» кітабында рефлексияны педагогикалық рефлексивті қабілеттіліктердің ерекше тобын айтуға мүмкіндік беретін индивидтің өзінің жеке іс-әректін түсінуге бағытталған теориялық іс-әрекеттің арнайы формасы ретінде қарастырады. Олар рефлексияны педагогикалық іс-әрекетте субъектінің яғни өзін-өзі жай ғана білуі мен түсінуі ретінде ғана көрсетпейді, сондай-ақ басқалардың студенттердің, әріптестерінің, ата-аналарының сыртқы әсерге жауап қайтаратын оның тұлғалық ерекшеліктерін, эмоциональды жауап қайтаруы мен когнитивті түсініктерін білуі мен түсінуін анықтайды. Мұндай анықтама рефлексияның үш тұғырлы сипаттамсының   - тұлғалық (өзін-өзі түсінуі), пәндік-фунциональдық (өзінің іс-әрекетін түсінуі), коммуникативтік, тұлғааралық (өзінің іс-әрекетін басқалар арқылы студенттер, ата-аналар, ұжым) тануы тезисін көрсетеді. 

 

Креативті тұғыр

Ю.Н. Кулюткин, Н.Ю. Посталюк, И.Л. Семенов, Г.С. Сухобская, С.Ю. Степанова, И. П. Реченко, М.В. Кларин және т.б.

Осы тұжырымдамаға сүйене отырып, М.В. Кларин шығармашылық ойлаудың ерекшеліктерін аша отырып, өзінің тәжірибесін түсінуге мүмкіндік беретін оның мазмұнын рефлексиямен байланыстырады. Бұл контексте рефлексия өзіне тысқары ой тұжырымдардан, жинақтаудан, аналогиялардан, салыстырулардан және бағалаудан, сондай-ақ күйзелу, еске алу және мәселелерді шешуден тұрады. Ол интерпретация, анализ, іс-әрекеттерді жүзеге асыру мен талқылау немесе бағалау мақсатында сендіруге қатынасты да қамтиды. М.В. Кларин рефлексияны, психикалық күйге ауытыра отырып ойлаудан бөліп қарастырады. Мұндай тұжырымдама адамның жалпы іс-әрекетінің контестінен педагогикалық іс-әрекетті қарастыру мүмкіндігінің шектеулігін игере отырып, нақты түсінік туралы түсінікті байытады.

И.П. Раченконың ойынша, рефлексия шығармашылық жолмен педагогикалық міндеттерді шешуде көрінеді. Шығармашылық іс-әрекеттің алгоритмі келесідей: алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті тәжірибелік  әсі-әрекеттің заңдылықты бірізділігін оз ойында тіркеп қою керек; (білім трансляциясынан ой іс-әрекетіне); сабақтың репродуктивті бағыттылығын продуктивті, шығармашылыққа ауыстыру. Соңғысы  оқытушыға қойылады және іс-әрекет  мазмұнында өз көрінісін табады. Оқытушының педагогикалық еңбектің ғылыми ұйымдастырылуының негіздерін меңгеруі, оған Оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыруға бағытталған, сонымен қатар студенттердің дамуының негізгі формасына ғана айналдырып қана қоймай, өзінің біліктілігін арттыру жүйесінің өзегіне айналдыра отырып студенттермен бірлескен шығармашылық ізденіске жол ашады.

 

III.    Кәсіби-тұлғалық аспект

 

1.      Перспективті-

рефлексивті тұғыр

А.К. Маркова, Н.В. Кузьмина, А.А. Реан, Е.И. Роговю және т.б.

А.К. Маркованың пікірінше, кәсіби іс-әрекеттегі рефлексия – бұл педагогтың студенттің көзімен ситуация бейнесін ойша елестете алу және осы негізде өзіне түсінікті бекіту.

     Н.В. Кузьмина қабілеттіліктің екі түрін көрсетеді: перцептивті-рефлексиялық және жобалық. Бұл қабілеттіліктер сезімталдылықтың үш түрінен тұрады: объект сезімі, өлшем немесе такт сезімі, қатыстылық сезімі. Объект сезімі студенттердің қажетттілігі мен оларға қойылатын талаптардың сәйкес келуінің эмпатиясымен, бағалауымен сипатталады. Педагог бойында өлшем немес такт сезімі педагогикалық ықпал әсерінен студент бойында, іс-әркетінде, мінез-құлқында жүретін өзгерістерге қарым-қатынасы. Педагогтың қатыстылық сезімі өз іс-әрекетінің жетістігі мен кемшіліктерін сезуі арқылы көрінеді.

А.А. Реанның «Социальная педагогическая психология» кітабында рефлексияны педагогикалық әсер етуде субъективті-объективті қарым-қатынас түсінігінде қамтылатын рефлексивті-перцептивті қабілеттер контекстінде қарастырады және педагогтың өз жеке тұлағсына және студент тұласына арнайы сезімталдылықпен байланысты. Атап көрсетілген қабілеттіліктерден, оның пікірінше, педагогтың өзін-өзі тануы мен басқа адамды тану эффективтілі тәуелді. А.А. Реан рефлексивті-перцептивті қабілеттіліктерде екі құраушы бөлікті көрсетеді: рефлексивті-перцептивті ептілік және рефлексивті-перцептивті дағдылар. Біріншінің көмегімен педагог жеке индивидуальды-психологиялық ерекшеліктерді таниды, өзінің психологиялық күйін бағалайды, студент  тұлағсының жан-жақты қабылдауы мен адекватты тануын жүзеге асырады. Екіншінің көмегімен педагог студент тұлағасын танумен байланысты кейбір әрекеттерді жүзеге асырады. А.А. Реан оның құрылымының келесідей компоненттерін бөліп көрсетеді: әлеуметтік-перцептивті, рефлексивті, интеллектуальдық.

Е.И. Рогов «Личность учителя: теория и практика» кітабында: рефлексияны рефлексивті қабілеттіліктрмен теңестіреді. Ол оның құрылымында педагогтың өзінің іс-әрекет талдауына бейімді негізгі мақсаттары мен іс-әрекет мотивтерін  көрсетеді. Рефлексивті қабілеттіліктерді меңгере отырып, педагог өзінің тұлғасын және студент тұлғасын тануға қабілетті; белгілі өмірлік жағдайларда студенттердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін болжау және олардың әрқайсысының ары қарайғы дамуын бағыттау.

2.      Мотивациялық тұғыр

Н.В. Кузьмина, Г.А. Томилова, Ю.Н. Кулюткин, Я.А. Коломинский, Ф.Н. Гоноболин, А.И. Щербаков, В.А. Сластенин, А.Н. Леонтьев, Г.С. Сухобская, С.Г. Вершловский және т.б.

         Отандық психологиялық зерттеулерде педагогикалық бағыттылық мәні мен құрылымын анықтаудың үш позициясын ашып көрсетеді: педагог кәсібіне эмоциональды-құндылықтық қатынас (Н.В. Кузьмина, Г.А. Томилова, Я.А. Коломинский және т.б.) педагог тұлғасының кәсіби-маңыздылық сапасы (Ф.Н. Гоноболин, А.И. Щербаков, В.А. Сластенин, А.Н. Леонтьев және т.б.) ; және студенттердің дамуын рефлексивті басқару (Ю.Н. Кулюткин, Г.С. Сухобская, С.Г. Вершловский, Л.А. Регуш және т.б.).

 

Үшінші бағыттың арнасында Ю.Н. Кулюткин, Г.С. Сухобская педагогикалық еңбекті рефлексивті басқару процесі деп көрсетеді. Басқарудың гуманистік бағыты рефлексияны педагог көзімен студенттің ішкі әлемін көруі деп көрсетеді. Ол педагогқа студент көзқарасын ескеруге, оның іс-әрекетінің мотивтерін түсінуге, уайымдауға мүмкіндік береді. Рефлексивті басқару болжамсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Студент көзқарасын қолдамас бұрын(оның ойымен ойлап, оның уайымы мен қарым-қатынасын елестету керек) студентті өте жақсы білу керек.  Рефлексия – басқа адамның ішкі дүниеснің көрінуі және бір мезгілде осы көрініс негізінде құрылған тұспалдану, рефлексия есебімен мұғалім өз мінез-құлқы мен оқушының қызметін ұйымдастырады.

Басқарушылық тұғыр

А.Д. Алфереов, Я.И. Украинский, О.А. Полищук, В.А. Сластенин, М.И. Лукьянова және т.б.

       Психологиялық-педагогикалық әдебиетте кәсіби құзыреттіліктің біршене түрі бар: психологиялық, педагогикалық, психологиялық-педагогикалық рефлексивті. Бірақ бұлар арқайсысында рефлексия бар [1].

           

Рефлексивті құзыреттілік мәселесіне тоқталсақ, қазіргі кездегі зерттеушілердің бірқатар еңбектері рефлексивті құзыреттілік және кәсіби іс-әрекет рефлексия мәселесіне арналды: Ю.  Бабаян, О.  Байдарова, А.  Гаврилов, М.  Марусинец, К.  Нор, О.  Полищук, Г.Полякова, С.  Степанов, И.  Семенов, С.  Сидоров, И.  Стеценко және т.б.

            С.Ю. Степановтың анықтамасы бойынша, рефлексивті құзыреттілік – бұл рефлексивті үдерістерді аса тиімді және тепе-тең  түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, даму мен өзін-өзі дамытуды қамтамасыз ететін, кәсіби қызметте шығармашылық тұғырға сәйкес келетін тұлғаның кәсіби сапасы. [2]. Ол маманның өз тәжірибесін талдау арқылы дамуды ынталандыратын жаңа кәсіби эталондар мен стандарттарды белгілеудегі ролін арттырады.

Рефлексиялық қабілеттері дамыған маманда оған деген тұрақты қажеттілік сезіліп тұрады. Кез келген істі ол өзіне-өзі сұрақ беруден бастайтындай дәрежеге жетеді. Бұл кәсіп иесінің шығармашылық әрекетке қосылуының құралдарының бірі-одан өзіне қатысты белсенді позицияны таңдауды талап ететін рефлексиялық өзіндік диагностика жасауға мүмкіндік береді.

 Болашақ әлеуметтік педагогтарды даярлау мәселесінде рефлексивті құзыреттілікті қалыптастыру  маңызды. Әлеуметтік педагогтың тұлғалық және кәсіби сапаларын сипаттауда рефлексивті құзыреттіліктерінің элементтеріне нақтырақ тоқталып өтсек.

Әлеуметтік педагогтың белгілі бір педагогикалық мәселелер туралы барлық ақпаратты жинақтай алуы, оның тиімдісін таңдай білуі, нақты жағдайды шешуге байланысты оған өзіндік қолтаңбамен өзгерістер енгізе білуі, осылайша мәселені шешудің өзіндік жолын таба білуі сыни ойлау нәтижесінде жүзеге асады. Бұл жағдайда сонымен бірге тапқырлық пен өнертапқыштық сияқты сапалар қатар дамуға мүмкіндік алады.

Рефлексияға өзінің қабілеттілігін дамыту үшін келесілер қажет:

·        басты қағидаларға, қиын жағдайларға, мүлтіксіз шешімдерден кейін

өзінің әрекетін талдауға қайта оралып отыру.

·        әр жұмыс күнінің біткен уақытысында талдау жасау; өткен жұмыс

күнінің барысына сыртқы бақылаушы ретінде баға беру;

·        басқа адамдар туралы өзінің көзқарасын, баға беруін тексеріп отыру;

қарым-қатынасты жоғарылату;

·        қарым-қатынастары, көзқарасы басқалардан өзгеше, яғни қарым-

қатынасы қиын адамдармен қарым-қатынас орнату;

·        нақты жағдаятта  өзінің әрекетіне талдау жасай білу.

Рефлексивті іскерлік педагогтың өзіне бағытталған бақылау-бағалау іс-әрекетін жүзеге асыруда қолданылады. Рефлексия - өзімізді, әрекеттерімізді талдауға бағытталған теориялық іс-әрекеттің ерекше түрі. Рефлексия латынша өткенге қайта оралу дегенді білдіреді.

Әлеуметтік педагогтың жұмыс бағыттарында рефлексивті құзыреттіліктің элементтерін көруге. Мысалы, аналитикалық-диагностикалық жұмыс бағытында рефлексивті құызерттіліктің талдау, болжау, бағалау, т.с.с. сынды негізгі элменеттері кездеседі.

«Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша кадрларды дайындаған кезде: орта арнаулы оқу орындарында жеке тұлғаның мамандыққа сәйкес келетін жеке тұлғалық кәсіби қызметінің жалпы кәсіби шолуын жүргізу қажет, жоғары орындарында дайындықты нақтылау керек және әлеуметтік педагогтың белгілі бір қызмет түрінде мамандану қажет, сондай-ақ топтарды жинақтаған кезде, болашақ әлеуметтік педагогтың жеке тұлғалық қасиеттерін есепке алу мақсатында тест жүргізу керек.

            Кәсіби дайындықтың негізін маманның біліктілік сипаттамасы қалайды. Жоғары оқу орындарында әлеуметтік педагогтарды дайындау, бір жағынан, академиялық болуы керек, ал екінші жағынан, тәжірибеге бет бұрған болуы керек, жалпы мемлекеттік те, аймақтық та құрама бөлшекті де, жалпы кәсіби сипаттамаларды да, болашақ педагогтардың мамандануын да есепке алуы тиіс.

Әлеуметтік педагог Климов жіктеуіндегі «Адам-адам» санатындағы кәсіптің иесі екенін  және оның жеке сипаттамаларының құрамына кіретінін де ескеру керек.

            Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет көп қырлы және сан алуан. Әлеуметтік педагог қайда, қалай, қандай контигентпен жұмыс істесе де, рл адамдармен жұмыс істейді, соның ішінде балалармен жұмыс істеудің де өзіндік ерекшелігі бар. Оның кәсіби біліктілігі зердесімен ғана емес, сондай-ақ эмоционалды ұстамдылығы және еңбекшілдігімен де бағаланады. Эмоционалды сфераға – эмоциясының мығымдығы, оң ниетінің басым болуы, күдіктілігі мен күмәнділігінің орынды дәрежеде болуы, психологиялық сілкіністер мен қақтығысты ахуалдарды шұғыл да ұтымды шеше білуі кіреді.

            Әлеуметтік педагогтың тұлғалық сапаларын саралап айтатын болсақ, олар мыналар:

-         ізгілікті – адамгершілігі мол, альтруист,  жеке басының мүддесінен бұрын

басқаларға жақсылық ойлауы, өзгеге қамқорлық жасауы;

-         психологиялық сипаты – психикалық үрдістерінің икемділігі, ерік күші

мен ырықтылығы, эмоциясының тұрақтылығы;

-         психикалық талдау жүргізе білуі, өзіндік қасиеттерін анық пайымдауы –

өзін бағалауы, өзін бақылай алуы, салыстыра білуі және өз күшін шамалауы;

-         педагогикалық біліктілігі – қарым-қатынас орната білуі, эмпатиясы,

бетпе-бет сөйлесуден тайынбауы, сыртқы көрінісінің нанымдылығы, перцепция: басқаларды қабылдау мүмкіндігі мен сөз өнерін жетік меңгеруі;

            Әлеуметтік педагогтың кәсіптік біліміне мыналарды жатқызуға болады:

-         бала, жасөспірім, ересек адам, т.б. туралы талдаулар жүргізе білу;

баланың қал-жағдайын, ішкі жан дүниесіндегі құпия қозғалыс-қимылдарын аңғару, түсіну, әлеуметтік ортаның ықпалын талдау, оның мәнін анықтай білу;

-         болжау: алдын ала көре білу және түйсініп, сезіну; алдына қойған

мақсатты жүзеге асыру, тапсырманы орындау, қорытындысын болжау, баланың іс-қимылын жоспарлау, уақытты тиімді пайдалану;

-          алдын ала жоспарлай білу: баланың сұранысын, талаптарын,

қажеттілігін, мүддесін ескере отырып жұмысты ары қарай жүргізу әдістері мен тәсілдерін жоспарлай білу;

-         рефлексиялық біліктілігі: өткен тәжірибелерді ескеру, кері байланыс

орната білуі, жұмыстың пайдалы және зиянды жақтарын, оның әсер ету дәрежесін, қорытындысын, балаға тигізген ықпалын талдау;

-         қарым-қатынас орната білуі: баламен ашық сөйлесу, оның басына түскен

қиыншылықтар мен күрделі жағдайды ұғынып-түсіну, оны жеңілдетуге көмектесу, байқап бақылау, көңілін көтеру, т.б. болып табылады. [3].

Рефлексивті-талдау міндеттері:

-         оқу-тәрбие үдерісінің негізгі өзектілігін таба білу;

-         нақты педагогикалық жағдайды талдап, рефлексиялай білу;

-         атқаратын іс-әрекетіндегі қиыншылықты талдап, рефлексиялай білу;

-         нәтижеге қол жеткізу үдерісі мен оның тәсілдерін талдай алу;

-         іс-әрекетті талдай алу;

-         өз әріптестерінің іс-әрекетін талдай және рефлексиялай білу және олардан өзіне жақсы тәжірибе қалыптастыру [4].

     Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып қорытындыласақ, рефлексияның, құзыреттілік, рефлексивті құзыреттіліктің ұғымдарының мәні мен мазмұны ашылып көрсетілді. Болашақ әлеуметтік педагог мамандарының кәсіби сапасы мен қызметінде рефлексивті құзыреттіліктің орны анықталды. Маманның өз қызметін жүзеге асыруда рефлексияның барлық бөліктерін көре аламыз. Олар: өзін-өзі тану, түсіну, тексеру, бақылау, бағалау және ойлау.

Болашақ әлеуметтік педагог мамандарының рефлексивті құзыреттілікті қалыптастырудың маңызды екенін көрсете отырып, отандық ғалымдардың осы  мәселенің  әлі де жеткіліксіз деңгейде зерттелмегендігін байқауымызға болады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.      Погребная Оксана Сергеевна. Рефлексия как условие формирования

адекватной "Я-концепции" педагога : диссертация ... кандидата психологических наук : 19.00.13 / Погребная Оксана Сергеевна; [Место защиты: Сев.-Кавказ. гос. техн. ун-т].- Ставрополь, 2007.- 234 с.: ил. РГБ ОД, 61 07-19/864

2.      Степанов С. Ю., Похмелкина Г. Ф. Принципы рефлексивной

психологии  педагогического творчества // Вопросы психологии. 1991. № 5. С. 35–38

3.      Байғожина Ж.М. Гернаиядағы әлеуметтік педагогтарды

дайындаудың ерекшеліктері (салыстырмалы-педагогикалық аспектісі) Алматы, 2005

4.      Баширова Ж.Р. Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасы: Оқу

құралы,  - Алматы: Срочная типография, 2010. – 121 бет.]