п.ғ.д., профессор Әбілдина С.Қ.

БОӘмП мамандығының 3 курс 3 жылдық сырт бөлімінің

студенті Жұмаділова С.Қ.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Қазақстан.

 

Білім беру саласында Бенджамин Блум оқыту таксономиясының

алатын орны

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясы жолдауында[1],  Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында[2], көрсетілгендей қоғамның эканомикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға дағдылану, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан республикасы жарияланған білім беру басымдылығына, «жалпыға білім беру» моделін «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделгенде жүзеге асады.

Қазіргі таңда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру бағдарламасы негізінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгерту.

Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде педагогтардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге педагогтарды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Оқытудың жаңа технологияларының принциптері – оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Демек, білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру педагогтың өзін - өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.

Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырады. Осындай әдістердің бірі – Американдық  психолог Бенджамин Блум 1956 жылы ұсынған танымдық саладағы оқыту  мақсаттарының таксономиясы. Өзге технологиялық  карталардың авторлары секілді  бізде Блум таксономиясына сүйенудің қажеттігі болып отыр.

Соған орай, А.Қ.Қисымова мен Е.Б.Нұрланов Блум таксономиясын педагогикалық технологияның бір ретінде оның даму көздерін ашып берді[3], сондай-ақ оның даму сатыларына былайша түсінік береді яғни,  таксономияның өзі ресейлік дереккөздерден ішнара алынады. Неліктен екенін білмейміз, алайда ресейлік әріптестер Б. Блумның бұл психология - педагогикалық әзірлемесін жұтаң сыптайды.

Көптеген зертеушілер Б.Блумның ағылшын тіліндегі түпнұсқа еңбегіне сілтеме жасағанымен, оның әдістемесін ашып көрсетпейді. Осы қиындық бізді Б.Блумның таксономиясы жайлы ағылшын тіліндегі материалдардан танып білуге итермеледі. Белгілі болғандай, бұл әзірлеме бас кезінде білім беру технологиясына арналып дайындалмағанын көрсетеді. Оның мақсаты оқып үйретудің әмбебап психологиялық заңдылықтары ашу болды.

Психолог Б.Блум бастаған бір топ америкалық психолог - педагогтер 1956 жылы бұл заңдылықтарды ашып, жоғары оқу орындарының практикасында қолдануға ұсынды. Өнер табыс іргелі ғылымға сүйсінгендіктен өзге білім беру деңгейлерінде қолдануға болатындығын көрсетті.

1950-жылдардан бері білім беруде жасалған өзге жүйелер мен иерахиялардың ішінде Б.Блум таксономиясы түсініктілігімен әрі заманауи білім беру парадигмасы жағдайында кеңінен қолдануға жарамдылығымен ерекше болды. Б.Блумның танымдық саладағы оқыту мақсаттарының таксаномиясын сабақ, тақырып  шеңберінде когнитивті (танымдық) процесс кезендерінің ретін көруге, әрбір кезеңге  шығу белгілерін анықтауға арналған педагогикалық стратегия деуге болады. Стратегия  оқу  іс-әрекеттерін  ауқымды да терең жоспарлауға (жобалауға) көмегін  тигізіп, күтілетін нәтиже мен ұстаз міндеттерін айқын тұжырымдауға мүмкіндік  береді.

Танымдық саладағы педагогикалық мақсаттар таксономиясының оқыту   қызметінде пайдаланудың мүмкін әрі жөн екенін шын мәнінде түсіну үшін сабақтың технологиялық картасы «Мұғалімге ақпарат» бөлімінің «Күтілетін нәтиже» тармағында беріліп отырған кестені қолданудың мына бір әдістемесін ұсынды. Әдістеме Б.Блумның әдістемелік нұсқауларына (Bloom,B.S. 1956. Taxonomy of Educational Objectives, Handbook I: The Cognitive Domain. New York: David MeKay Co Inc.) сәйкес берілген мәлімет болып саналады.

Б.Блум бойынша танымдық салаға білім әрі ақыл-ой дағыдыларын дамыту процесі жатады. Бұл саланың құрамына ерекше фактілерді, рәсімдер үлгілері мен ұғымдарды еске түсе оларды тану секілді қызметтер кіреді, бұлар ақыл-ой қабілеттері мен дағдыларын  дамытады.

Төмендегі кестеде әр алуан мінез-құлықтар алты ірі категорияларды қиындық деңгейлер деп түсінсе болады, өйткені әрбір келесі деңгейге өту үшін оның алдынғысын меңгеріп алуқажет етеді.

 

 

 

Танымдық саласындағы оқыту мақсаттарының таксономиясы

 

Катеогрия

Мысылы мен  түйінді  ұғымдары

Білім деректерді не ақпаратты  еске  түсіру.

Мысылдары: Стратегияны баяндау. Сатып алушыға тауарлардың бағасын жатқа айту. Қауіпсіздік технологиясын  білу.    

Түйінді ұғымдары:анықтайды, сипаттайды, ұқсатады, біледі, қайсыбір категорияға жатқызады,атап шығады, таниды, жаңғыртады, іріктейді, тұжырымдайды.

Түсінік: Мағананы, мәліметті бір өлшем бірлігінен екіншісіне аударуды, нұсқаулар мен проблемалар түсіндірмесін ұғу. Проблеманы өз сөзімен  сипаттау.

Мысылдары: Жазбаша бақылау жұмысының ережелерін қайта қарау. Күрделі тапсырманы орындаудың қадамдарын өз сөзімен жеткізу. Теңдеуді компьютердің электронды кестесіне көшіру.

Түйінді ұғымдары: түсінеді, жақтайды, айырып  таниды, жуықтап бағалайды, түсіндіреді, кеңейтеді, жинақтап қорытады, мысал келтіреді қорытынды шығарады, түсіндірмесін береді, парафразалайды, болжайды, қайта қарайды, түйіндейді, аударады.

Қолданыс:  Ұғымды  жаңа жағдайда  пайдалану, я болмаса абстракцияны еш жәрдемсіз қолдану. Сынып бөлмесінде (аудиторияда) үйренгенді жұмыс орында отырып бейтаныс жағдайға  байланысты қолдану.

Мысаддары: Анықтаманы пайдалана отырып, қызметкерлердің демалыс уақытын есептеп  шығару. Жазбаша тестінің сенімділігін  бағалауда  стастика  заңдарын  қолдану.

Түйінді ұғымдары: қоладанады, өзгертеді, есептеп шығарады, құстарды көрсетеді, сырын ашып біледі, қолмен шеңбер жұмыс істейді (манипуляция жасайды), түрлендіреді, әрекет етеді, болжайды, әзірлейді,жасап шығарады,байланысын анықтайды,танытады, шешеді, пайдаланады.

Анализ: Заттық нәрсенің я идеяның құрылымы түсінікті болу үшін оларды  бөлшектеп  қарастыру. Фактілерді ой-тұжырымдардан айырып  тану.

Мысалдары: Жабдықтың қайсыбір бөлшегіндегі ақауын дедукциялық әдістің көмегімен тауып, жөндеу. Дәлдеме қисынынан қате ойды көру. Бөлімшеден (мекемеден) келіп түскен мәліметті жинақтап,оның ішінен орындалып бітуі үшін ізденуді  қажет  ететін тапсырмаларды  іріктеу.

Түйінді ұғымдары: талдайды, бөлшектеп қарастырады, салыстарады, қарсы қойып салыстырады, сызба нұсқа түрінде бейнелейді, бар құрылымды бөлшек-бөлшекке ажыратады (деконструкциялайды), саралайды, ерекшелейді, айырып таниды, ұқсатады, суреттейді, қорытынды шығарады, бейнелеп айтады, байланысын анықтайды, іріктейді, ұсақтап бөледі.

Синтез: Құрылымы я үлгіні алуан түрлі элементтерден жасау. Құрамдас бөлшектерді біріктіріп, жаңа мағананы, я болмаса құрылымды шығаруға баса назар аудару.

Мысалдары: Компания операциялары немесе технологиялық процесі жайлы нұсқаулық жазу. Ерекше бір тапсырманы орындау мақсатында мәшине жобасын (механизм) жасап шығару. Проблема шешу үшін бірнеше дереккөзден алынған оқу материалын кіріктіре  пайдалану.Алынған нәтижені жақсарту үшін оны өңдеп түзету.

Түйінді ұғымдары: категорияларға бөледі, қиыстырады, компиляциялайды, тұтастырады, жасайды, ойлап табады, жобалайды, түйсіндіреді, қозғау салады, түрлендіреді, ұйымдастырады, жоспарлайды, қайта топтастырады, қайта қарайды, түйіндейді, сөйлейді, жазады.

Баға: Идеялардың не заттық нәрселердің құндылығы жайлы пікір қалыптастыру.

Мысылдары: Ең тиімді деген шешімді таңдау. Ең білікті деген кандидатты жалдау. Жаңа бюджетті түйсіндіріп негіздеу.

Түйінді ұғымдары:  есептейді, салсытырады, шешім қабылдайды, қарсы қойып салыстырады, сынайды, сыни талдау жасайды, жақтайды, сипаттайды, ерекшелейді, бағалайды, түсіндіреді, түсіндірместен береді, негіздейді, байланысын анықтайды, түйіндейді, қолдайды.

 

 

Міне, көріп отырғаныңыздай, Блумның классикалық түсіндірмесі «біз білетін Блумнан» әлдеқайда нақтырақ десек болады. Тағы бір назар аударатын жайт, Блум ажыратқан категориялардың мағынасын Блумша түсіну аса қажет етеді. Мәселен, «Блум» категориясын Блум көрсеткендей» деректерді не ақпаратты еске түсіру» деп тар мағанасында ұғыну керек. Содан соң осы категорияның мағанасына сай, сабақ тақырыбына қисыны келетін  «түйін ұғымдарды» таңдап алуға мегзейді.

Қорыта келгенде, әрбір мұғалім өзі беретін оқу пәндеріне таксономияны реті пайдалану мүмкіндігіне жеткенде ғана тиімді болмақ.

 

Әдебиеттер:

 

1.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы». Алматы: Дәуір, 1997 

2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан Астана, Ақорда, 2007

3.Қисымова А.Қ., Нұрланов Е.Б. Біртұтас педагогикалық процесте сабақтың технологиялық картасын құрудың үлгісі. // Әлеуметтік жаңғырту жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру. Халықаралық ғылыми практикалық конференциясының материалдар жинағы.(Астана, 6-7 желтоқсан, 2013). Б.341-346