Педагогические  науки/5.Современные методы преподавания.

Адильбекова А.К., Макенова У.Т.

(М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университет)

 

Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарында патриоттық бағыттағы тапсырмалардың орны

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа деген сезім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты міндеті де осы...Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизм тәрбиелеуіміз керек» деп өз жолдауында айтқан. [1]

Қазақстан Республикасының бастауыш білім беру стандартында және «1–4 сыныптардың математика бойынша бағдарламасында»  негізгі мақсаттарының бірі: «Математика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мәдени мүраларымен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру» [2, 3, 4, 5].

Мұның бәрі де, жаңа жалпы қазақстандық патриотизмнің ірге тасын қалап, біздің Отанымыздың, біздің барша көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне негізді мақтаныш пен сенімділікті туындатады, – деп  Қазақстандық патриотизм жаңа Қазақстанды құрудың негізгі тірегі екеніне тоқтала отырып, халық өзінің  ерік–жігерін  тарихи ауқымдағы жобаларды  іске асыру үшін жұмылдырған  кезде жаңа  даму деңгейіне жалпықазақстандық патриотизмнің іргесі  қаланатынын атап көрсетеді.

Сонымен қатар, ұрпақ бойындағы ерлiк сезiмiн оятып, туған жерге деген  сүйiспеншiлiгiн қалыптастыруда  Аймауытов Ж., әл-Фараби,  Байтұрсынов А.,  Баласағұн Ж.,  Бөкейханов Ә.,  Гумилев Л.Н.,  Диваев Ә.,  Досмұхамедов Х., Дулатов М.,  Қашқари М.,  Құдайбердиев Ш., Левшин А., Потанин Г.Н.,  Радлов В.В.,  т.б. мәдени мұралары  шешуші рөл атқарады. [6]

Қазақстанда бiлiм мен тәрбие iсiнiң даму мәселелерi, патриоттық тәрбиенің тарихи-педагогикалық қырлары   Әлмұхамбетов Б.А.,  Бержанов Қ.Б., Беркiмбаева Ш.К., Қалиев С.Қ., Құнантаева К.Қ., Сейдахметова Л., Сембаев Ә.I., Сыдықов Ә., Тәжiбаев Т., Нұрахметов Н.Н., Храпченков Г.М., т.б. еңбектерінде баяндалған.

Патриоттық тәрбие адамгершiлiк тәрбиенiң негізгі құрамдас бөлігі екені Iлиясова А.Н., Байсерке Л.А.,  Бейсенбаева А.А., Жампейсова Х.Қ., Ким А., Көшербаева А.Н., Майғаранова Ш., Нұрғалиева Г.Қ., Орынбасарова Э.А., Төлеубекова Р.К.,  т.б. еңбектерінде зерттелген.

Тәрбие үрдісінде тұлғаны әлеуметтендiру, оның гуманистік көзқарасын және азаматтығын қалыптастыру мәселесі Арынғазин Қ.М., Аганина Қ.Ж.,  Батталханов Е.З., Криворотова Д.А., Мақатова Ж.А, Меңлiбекова Г.Ж., Менлибаев К.Н.,  т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Көп ұлтты Қазақстан халқы үшiн Отансүйгiштiк сезiмiнiң рухани саладағы тату-тәттi тiрлiк, азаматтық келiсiмге ғана емес, мемлекеттiк материалдық негiзiн нығайтуға да тiкелей ықпалы бар. Отансүйгiштiк рух - қазақ елiнiң әлемдiк өркениеттi елдер көшiне қосылып, дүниежүзiлiк қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн бiрден-бiр күш.

Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы  Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән берiлiп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы “Бiлiм туралы“ Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм“ бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика халқына  жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру  тұжырымдамаларында, “Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясында“, “Бала құқығы туралы декларацияда“  және үкiметтiң құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерiнде айқын аңғарылады. [1, 8]

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм” бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты -  “қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр. [8]

Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. «Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту»,- делінген Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында. Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек,- дейді көптеген педагогтарымыз (С. Рахметова, Ж. Адамбаева). [6, 7, 8]

Қазiргi қоғамдық-әлеуметтiк  жағдайда жеке тұлғаның  бойындағы Қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру басты міндет болып саналады.  Патриоттық тәрбиенiң  күре тамыры  Күлтегiн, Тонiкөк, ХVI-ХVIII ғасырда елi мен жерi үшiн жан аямай күрескен Жалаңтөс, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б. батырлар ісінен  бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақ бойындағы ерлiк сезiмiн оятып, туған жерге деген  сүйiспеншiлiгiн қалыптастыруда негізге орын алады.

Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда   дербес шешім жасай       алатын, ынтымақтасуға және   өзара іс-қимылға қабілетті,  ел тағдыры үшін  жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына  жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы   азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік  бағдарламасынан  және т.б. аса маңызды құжаттардан орын алуда. Тәрбие үдерісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының  Конституциясында бекітілген. [9]

Тәрбиенің мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, мектеп оқушыларының және студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы   мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық  иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Тәрбиенің міндеттері:

-        Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.

-        Балалар мен жастарды   азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен   бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер  мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.

-        Өзінің  және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік,  табиғи және мәдени ортадағы  өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.

-        Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы  балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.

-        Жеке тұлғаның өзін-өзі  іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары  жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен  өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту    бейімділігін қалыптастыру.

-        Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының  және кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын   қалыптастыру.

Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты тәрбие  мазмұнын қайта бағдарлау  даму заңдылығы болып табылады.

Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен   рухани  жағынан қалыптасуы    барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.

Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты  мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады.

Тәрбие  мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады. [10]

Қазір білім алушыларды саналуан шығармашылық іс-әрекетке тарту арқылы, соның нәтижесінде жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуы  жүзеге асатын тәрбиенің   ерекше құрамын анықтау маңызды:

-  Танымдық;                                                 - Еңбектік;

-  Құндылық-бағдарлық;                              -  Спорттық;

-  Көркемдік;                                                 - Еркін қарым-қатынастық.

-  Қоғамдық;

Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам  көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті  болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие  мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді:

-   Адам                                                  - Дос

-   Ұл (қыз)                                            -  Құқық қорғаушы

-   Аға (қарындас)                                 - Патриот

-   Немере (немере қыз)                       -  Азамат

-   Туыс                                                  -  Қорғаушы

-   Оқушы                                              - Ұлттық мәдениетті

-   Ұжым, топ мүшесі                             қорғаушы    және жасаушы

-   Көш басшы                                       - Еңбекші

-   Иегер                                                 - Әлем азаматы

-   Қалалық(ауылдық)                          - Бейбітшілік орнықтырушы

-    Көрші                                               - Эколог

-        Бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.

Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының мынадай бағыттары айқындалады:

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға,  Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. [11]

Қазіргі жағдайда тәрбиеленуші-лердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе.

Ғылыми еңбектердегі «патриотизм», «Қазақстандық патриотизм»  ұғымдарына теориялық талдау жасай келе,  «Қазақстандық патриотизм - Қазақстанды  мекендейтiн барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетi әлемдiк биiктен  көрiну жолында бiлiм, мәдениет, экономика, әлеуметтік тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, елiмiздегi бейбiтшiлiкті, бiрлiк пен тәуелсiздiктi сақтау үшiн барлық күш - жiгерiн жұмсау»,- деп тұжырым жасадық. Ал Қазақстандық патриотизмдi іске асыру  көп ұлтты Қазақстанда бiрлiк пен елдiктi сақтай отырып, демократияландырылған, әлемдiк өркениеттен орын алу идеологиясына негiзделген  стратегиялық бағыт-бағдар болып табылады.

Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сұріп, күн көріп отырған мемлекетін – «Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның заңдарына бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады. [12]

Қазақстан егемендік алғаннан кейін мерзімді басылымдарда «қазақстандық патриотизм» және «ұлттық патриотизм» жайлы сұрақтар жарияланып, оған көптеген белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар өз пікірлерін білдірген болатын.

Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің (патриотизмнің) керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.

Жаңа тарихи әлеуметтік жағдайда патриотизм жаңа сипатқа ие болды, өйткені, енді Қазақстанда өмір сүріп отырған барлық халықтар Қазақ елі атын беріп отырған «Қазақстан» деген мемлекетке бірікті. Демек, олардың мүддесі, мақсаты, күн көріс жағдайлары да бір бағыт ұстануы керек.

Қазақстандық патриотизмге келсек, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние.

Ұлттық патриотизді ұлт және патриотизм туралы екі ұғымның жадағай қосындысы деп қарауға болмайды. Сондықтан, тектілікпен туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп, нығаюы, елін, жерін шексіз сүйіп, соған қызмет ету, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау. Демек, ұлттық патриотизм дегеніміз қанмен, текпен туа бітетін, тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілетін ұлттық сипаттағы саналы іс-әрекет пен мінез-құлық. [13]

Бүгiнгi жаһандану үрдiсiнде, патриотизм ұғымы халықтар мен ұлттардың өз Отанына, мемлекетiне деген сүйiспеншiлiгiмен қатар, әлемдiк дамудың тыныштығы мен бейбiтшiлiгiн сақтау үшiн барлық  күш жiгерiн жұмсау,  яғни жалпыадамзаттық патриотизм тұрғысынан қарастырылады.

Әдебиет:

1      Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. 2012 ж 14 желтоқсан. http://www.akorda.kz/ru/page/page_poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-n-nazarbaeva-narodu-kazakhstana-14-dekabrya-2012-g_1357813742

2      Қазақстан Республикасының Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты. – Алматы: Республикалық баспа, 2005. – 223 б.

3      Қазақстан Республикасының 2005-2010 ж.ж. мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2004. -46 б.

4      Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы– Астана, 2011. – 107 б.

5      Математика бағдарламалары 1-4 сыныптар. Алматы: РОНД, 2013. - 32б.

6      Сейдахметова Л. Патриотизм ұғымдарының маңызы //Қазақстан мектебі. - №1, 2006. С. 52 – 54.

7      Иманбаева С.Т. Ұлттық философиядағы патриотизм мәселелері //Ұлт тағылымы. - 2007. - № 2. -Б. 21-25 б.

8      Иманбаева С.Т. Патриоттық тәрбие тұлғаны қалыптастырудың факторы  //Ізденіс. -2007. -№ 2. -Б. 229-232.

9     Иманбаева С.Т. Қазіргі мектепте құндылықты қалыптастыру //Білім менеджменті. - 2007. - №2.  Б. –45-48.

10  Иманбаева С.Т.  Ұлттық идея -  патриотизмнің тұғыры   //Абай атындағы  Алматы ҰУ хабаршысы.  -  2007. - № 2.  – Б. 76-80.

11   Саханова С.А. Ұлттық ойындар. //Бастауыш сынып Начальная школа. - №5, 2009. С. 11 – 13.

12   Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. Педагогика. Оқулық 2-басылым.- Астана: Фолиант, 2010. – 656 б.

Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005. – 228 б.